6.Практикалық сабақтардың жоспарлары.
№
|
Тақырыбы
|
Практикалық сабақтың мазмұны
|
апта
|
әдебиет
|
1
|
Молекулалық жуйе ретіндегі идеал газ
|
Молекулалық жуйе ретіндегі идеал газ.
|
1
|
(13) № 1-5
|
2
|
Жүйе энергиясы. Энергияның дисперсиясы мен флуктуациясы.
|
Жүйе энергиясы. Энергияның дисперсиясы мен флуктуациясы.
|
2
|
(13) № 8-13
|
3
|
Молекула жылдамдығының Максвелл тарауын кинетикалық теорияның негізгі теңдеуінен шығару.
|
Молекула жылдамдығының Максвелл тарауын кинетикалық теорияның негізгі теңдеуінен шығару.
|
3
|
(13) № 16-20
|
4
|
Молекуланың еркін дәрежесі бойынша энергияның таралуы. Газдардың жылусыйымдылығының классикалық теориясы.
|
Молекуланың еркін дәрежесі бойынша энергияның таралуы. Газдардың жылусыйымдылығының классикалық теориясы.
|
4
|
(13) № 21-24
|
5
|
Жүйенің энергиясы. Гамильтонның канондық теңдеуі.
|
Жүйенің энергиясы. Гамильтонның канондық теңдеуі.
|
5
|
(13) № 29-33
|
6
|
Гиббс бойынша канондық таралуы
|
Гиббс бойынша канондық таралуы
|
6
|
(13) № 39-44
|
7
|
Фазалық кеңістікте жүйені сипаттаудың мысалдары.
|
Фазалық кеңістікте жүйені сипаттаудың мысалдары.
|
7
|
(13) № 47-49(13) № 47-49
|
8
|
Көп бөліктен тұратын жүйенің еркін дәрежесі мен координатасы.
|
Көп бөліктен тұратын жүйенің еркін дәрежесі мен координатасы.
|
8
|
(13) № 55-60
|
9
|
Молекуланң статистикадан шыққан газ заңдары. Молекула энергиясы және температура.
|
Молекуланң статистикадан шыққан газ заңдары. Молекула энергиясы және температура.
|
9
|
(13) № 61-65
|
10
|
Микро және макрокүйлер. Ықтималдық күй.
|
Микро және макрокүйлер. Ықтималдық күй.
|
10
|
(13) № 68-70
|
11
|
Больцманның Н-теориясы.
|
Больцманның Н-теориясы.
|
11
|
(13) № 76-78
|
12
|
Фазаның кеңістіктің негізгі элементтері.
|
Фазаның кеңістіктің негізгі элементтері.
|
12
|
(13) № 81-84
|
13
|
Фазалық кеңістікте жүйелердің микроканондық таралуы.
|
Фазалық кеңістікте жүйелердің микроканондық таралуы.
|
13
|
(13) № 89-90
|
14
|
Энергияның еркін дәреже бойынша таралуы.
|
Энергияның еркін дәреже бойынша таралуы.
|
14
|
(13) № 95-99
|
15
|
Сәуле шығару процессінің статискасы.Рэлей- Джинс және Планк формулалары. Кванттық теорияның басталуы.
|
Сәуле шығару процессінің статискасы.Рэлей- Джинс және Планк формулалары. Кванттық теорияның басталуы.
|
15
|
(13) № 111-120
|
7. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Дәрістерге дайындалғанда мына нәрселерді ескерген дұрыс:
Алдағы дәріс тақырыбына сәйкес:
а) өткен дәрістердің материалдары бойынша конспектіні және оқулықты қарап шығу.
б) осы тақырып бойынша мектепте не зерттелгенін еске түсіру.
Дәрісте баяндалған материалды мұқият түсіну (бақылаулар, тәжірибелер, гипотезалар, теориялар, түсініктер, шамалар, заңдар және т.б.).
Дәріс берген мұғалімнің қойған мәселелерінің шешілуіне қатысу.
Сұрақты тек дәріс тақырыбына сәйкес қою.
Физика курсын жақсы меңгеру үшін және жоғарғы оқу орнында оқуға әзірлену үшін ең алдымен сабақтың әдістемесін жасап алу керек. Жетістіктің негізгі шарты – жүйелі түрде оқу. Кез келген кітапты оқи беру пайдасыз, оны конспектілеу қажет. Яғни өзіңе керегін, яғни өзіңнің түсінгеніңді жазып алу керек. Кітапты тұтас көшіруге болмайды. Ал түсінбей қалған нәрселеріңді келесі сабақта мұғалімнен сұрап алып, қайта қосымша конспектілеу керек. Егер кітаптың белгілі бір тарауы түсініксіз болып қалса да, бұл сіздің қабілетіңіздің көрсеткіші емес, бұл тек өзіңізге және басқа адамдарға сұрақ қоя білмегеніңізден. Орта мектептің көлемінде де «неге?», «не үшін?», «қайдан?» деген сұрақтарсыз оқуға мүмкін еместігі белгілі.
Курста кездесетін қорытындыларды өз беттерімен жасау қажет (белгілі бір уақыт өткеннен кейін, конспектіге қарамай немесе оқулыққа қарамай жасауға тиісті.)
Сіз физикалық және грамматикалық дұрыс анықтама беріп үйренгеннен кейін, физикалық заңдарды жазып және олардың, қайда және қалай қолданылатындығын түсіндіріңіз, өздігіңізден зертханалық жұмыстарды істеп, жоғарыда көрсетілген сұрақтарға жауап беріп, қорытынды жасап және есептер шығаруын үйренуіңіз керек. Бұл жағдайда, берілген тарауды оқып үйрену, аяқталған деп есептеуге болады.
Қорытындыларды, анықтамаларды және тұжырымдамаларды жаттап алуға үйренбеу керек. Олардың мәнін түсіну қажет.
Қажетті жағдайда, түсінілген және бекітілген оқу материалы жадымызға енеді. Оқу материалын меңгеру үшін әртүрлі оқулықтарды пайдалану тиімді. Ал, емтиханға әзірленген кезде, студенттің өзінің конспектісі жеткілікті. Практикалық сабақтар төрт компоненттен тұрады: дәріханадағы жұмыс, үй жұмысы, жеке жұмыс және бақылау жұмысы. Барлық компоненттерде де есеп шығарылуы тиісті.
Есеп шығару дегеніміз – берілген кестелік шамалар арқылы, белгісіз шаманы анықтау.
Салыстырмалы түрде есепті жеңіл шығару үшін, есепті шығарудың стандартты ретін ұстауларын қажет етеді:
Есепті мұқият оқып шығып, оның математикалық шарттарын жазып алу керек. Сонымен бірге бірдей шамаларды ұқсас әріптермен белгілеу керек. (Бір шаманың әр түрлі мәндерін индекстері әр түрлі бір әріппенен белгілейді, ал бірдей индекстермен бірдей объектіге (күйге) қатысты әріптерді белгілейді.
Барлық берілген шамаларды бір өлшем бірліктер жүйесіне көшіру қажет. Бұл жағдайда нәтижені есептеу керек емес. Себебі, әрбір жауапқа әрекеттердің бөлігін қойған кезде, басы артық болуы мүмкін, есептің шартында және жауабында физикалық шамаларды олардың аттарымен жазу керек. Әрекеттерді орындаған кезде, барлық шамалар өлшемділіктеріменен қойылады.
Қажет тұрғызулармен суреттерді жасаңыздар.
Есептің шартын ойлаңыздар. Есепте қандай процестер жүзеге асады және олар қандай заңдылықтарға бағынады. Есепті шығару жолының мысалын көрсетіңдер. Бұл жағдайда белгісіз шама – сізді алға жетелейді, ал белгілі – есепті шығарудың белгілі тәсілін ойыңызға түсіреді.
Анықталатын шама енетін сәйкесті өрнек қажетті жағдайда, кітапты немесе конспектіні пайдалану арқылы өтілген материалдардан таңдап алынады. Таңдап алу, шығармашылық процесс. Есепті шығарудың ең тиімді жолын таңдап алуымыз керек. Бұған студенттерді үйретуге болмайды. Себебі есептерді шығарудың жолдары, есептердің өздерінен бірнеше есе артық. Бірақ бұған жеткілікті түрде есептердің санын шығару процесінде және кездесетін барлық сұрақтарды анықтаған кезде, үйренуге болады (есеп негізделген теорияны түсіндірген жағдайда, ал теория меңгерілмеген жағдайда, мұндай есептерді шығару ерте.) Таңдап алынған қатынастың түрлерін жазып алыңыздар.
Сіздің есепте берілген нақты процесске қатысты таңдап алынған қатынасты берілген және іздеп отырылған шамалардың белгіленулерін мүмкіндігінше пайдаланып жазыңыздар. Қатынасты қарапайым түрге келтіріңіздер.
Алынған теңдеуді қарастырыңыздар. Егер онда бір белгісіз шама болса, оны табыңыздар, сонда сіз есептің әріптік жауабын шығарып аласыңдар, яғни іздеп отырылған шаманы берілген және кестелік шамалар арқылы шаманы өрнектеу арқылы.
Егер, есепте белгісіз шамалар бірнешеу болса, онда заңды анықтаманы жалпы түрде немесе жалпы формуланы тағы да таңдап алып, жазу қажет. Одан басқа белгісіз шаманы табуға болады (Берілген есепте, мұндай жазу болмаған жағдайда) 6 пункттағы әрекеттерді қайталаңыздар және алынған теңдеулердің жүйесін қарастырыңыздар.
Егер, белгісіз физикалық шамалардың саны теңдеулердің санынан артық болса, толық теңдеулер жүйесін алғанға дейін қайталау керек, яғни белгісіз шамалардың саны теңдеулердің санына тең болғанша.
Ізделініп отырған шамаға қатысты теңдеулердің толық жүйесін белгілі бір алгебралық тәсілмен шығару қажет.
Есепті шығарудың осындай деңгейінің қажеттілігі өте үлкен. Себебі, осы жерде жіберілген қате есептің дұрыс шығармауына әкеп соқтырады. Сонымен бірге, бұл жерде математикалық білімді тек қана дұрыс қолдану қажеттілігін ойламау қажет.
Кей жағдайда, теңдеулер жүйесін құрастырудың орнына, әрбір белгісіз шаманы тауып, ізделініп отырған шаманың теңдеуіне қойған оңай болады. Сөйтіп, бұл теңдеуде, жаңа белгісіз шамалар пайда болуы мүмкін. Оларды, бұрынғы әдістермен іздейді. Ақырында теңдеуде, белгісіз шама қалмайды. Пайда болған бір белгісіз бар теңдеуді шешу арқылы есептің таңбамен берілген жауабы шығарылады. Жауапта кейбір берілген шамалар қатыспауы мүмкін. Себебі, есепті басы артық берілгендер болады.
Таңбалық жауапқа берілген және кестелік шамалардың сан мәндерін және өлшемділіктерін қойыңыздар. Егер соның нәтижесінде дұрыс емес өлшемділік шықса, ол жіберілген қателікті тура көрсетеді. Ал, дұрыс өлшемділік есептің дұрыс шығарылғандығының дәлелі емес. Есептеулерді логарифмдік сызғышты пайдаланып шығарады және оның дәлдігімен, яғни үш мәнді цифрмен шектеледі. Мүмкіндігінше, аралық шамаларды есептеудің қажеті жоқ. Мысалы, таңбалы жауапты әрекет көбейту мен бөлумен шектелетін болса, онда бірден жауап есептелінеді.
Жуық шамаларды төрт мәнді цифрға дейін дөңгелектейді немесе мәнді цифрлардың санына дейін, яғни ең аз берілген жуық шамадан бірге артық цифрға дейін соңғы жағдайда, сандық жауапты ең аз дәл берілген шаманың мәндік цифрының шамасына дейін дөңгелектейді. «Дәл» берілген шамаларды, негізінен жеткілікті дәлдікпен, яғни төрт мәнді цифрға дейін шамалар ретінде қарастырады.
Көптеген есептерде, үш мәнді цифрлармен алынған жауапты жеткілікті дәл деп есептеуге болады. (Егерде ол дұрыс болса).
Есепті былайша өрнектеген ыңғайлы: дәптерді сол жағында баған бойынша, есептің математикалық шарты және бірліктерді бір жүйеге келтіру жазылады. Оң жағынан, тізбектің суретін сызылады. Оның оң жағына, жалпы формулалар (заңдар, анықтамалар) үшін орын қалдырылады. Себебі, солардың негізі арқылы есеп шығарылады. Есепті шығаруды, ізделініп отырған шамадан басталатын және оның таңбалық жауаппен аяқталатын тізбек түрінде жазуға болады. Басқа жағдайларда, есепті шығару толық теңдеулер жүйесін құрайды және одан таңбалық жауап алынады.
Есептер әр түрлі болады: қиын, жеңіл. Есептің күрделілігі – қиындығы, ондағы әрекеттердің санының артуына байланысты. Ал, санның артуы берілген есепте пайдаланылатын теориялық мағлұматтардың аймағының кеңейуімен байланысты. Бірақта осыған қарамастан есептің шығарылу әдісі бұрынғысынша қалады.
Есепті өз беттеріңізбен шығарыңыздар. Шығару барысында кітапқанемесе конспектіге үңілуге болады. Есепті шығару барысында, математикалық қателіктер жіберуге болмайды.
8. Зертханалық сабақтар үшін әдістемелік нұсқаулар - --
9.СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА (СӨЖ) АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
СӨЖ – дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға, танымдық қабілетті арттыруға және белгілі бір ғылым саласысына байланысты білімін толықтыруға негізделген оқу процесінің ерекше бір түрі.
СӨЖ шығармашылық белсендікті, логикалық ойлауды дамытуды қамтамасыз ететін практикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты болып табылады.
СӨЖ оқытушының қатысуымен (ОЖСӨЖ) аудиториядан тыс және оқытушысыз аудиториядан тыс (СӨЖ) сабақтардан тұрады.
СӨЖ материалдарының түрлері кафедраның профессор-оқытушылар құрамымен жасалып, келесі құжаттарды қамтиды:
пәннің оқытылу кезеңін түгел қамтитын сөж кестесі
типтік және жұмыс оқу бағдарламарының негізгі бөлімдеріне сай келетін тапсырмалар жүйесі
рефераттардың, баяндамалардың, шығармашылық жұмыстардың тақырыптары
негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі
кеңес түрлері
бақылау түрлері
бағалау критериялары, орындалатын жұмыстың көлемі және оны тапсыру уақыты т.б.
СӨЖ-дің ұйымдастырылуы
библиографиялық мәліметтерді өңдеумен (картотеканы дайындау),
жазбаша жұмыстарды дайындаумен (реферат, баяндама, бақылау тапсырмалары, аннотация),
ғылыми жобаны өндеумен (семестрлік, курстық, дипломдық жұмыстар, проблемалық мақалалар),
виртуальдық жұмыстарды іздестірумен (интернет жүйесі және локальды желі арқылы),
электрондық курстың материалын меңгерумен (компьютерлік жүйе арқылы),
лабораториялық тәжірибені енгізумен
байланысты.
ОЖСӨЖ-де де, СӨЖ-де де студент өз бетімен жұмыс істеу керек, өз бетімен мәселе қойып, оны шешу жолдарын іздестіруді үйрену керек.
Материалды дұрыс жаза білуі қажет, яғни мақсатын, қоятын мәселелерін, оларды шешу жолдарын, қорытындыларды және т.б. келтіре алуы керек.
Тақырыптары, тапсырмалары, түрлері, сағат саны көрсетілген өзіндік жұмыстар силлабусқа енгізілген.
Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары (реферат, баяндама, курстық жұмыс т.б.)
ГЛОССАРИЙ
Пәні бойынша глоссарий
|
10. Сарамандық практиканың материалдары.
Оқу жоспары бойынша кәсіби сараман көрсетілмеген.
11.Оқушылардың жетістіктерін қадағалау және бағалау материалдары.
Білімді бағалау жөніндегі мәлімет
Білім бағалау мәліметінде білім бағалау шкаласы, критериясы, жұмыс түрлерінің тізімі және осы жұмыстарды орындау талаптары беріледі.
Әдетте силлабуста келесі мәліметтер көрсетіледі:
барлық жұмыс түрлерін бағалау ережесі (максималды балл, айыптық және көтермелеу балдары);
қорытынды (емтихан) бағасын қою критериялары және аппеляция ережесі;
сабаққа кешігу, сабақты қалдыру, дәрісханадағы тәртіп, жұмысты кеш тапсыру, емтиханға қатыспау т.б. мәселелер.
Бағалау саясаты
Бағалау саясаты келесі принциптерге негізделу керек: шынайлық, әділдік, айқындылық, икемділік, жоғары дифференциация.
Қорытынды бағалауға рейтингтік бақылау және емтихан кіреді.
Ќорытынды бағалау мен рейтингті бақылау
Семестрдің 7(8) аптасында (1-7 апта нәтижесі бойынша) және 15 аптада (8-15 апта нәтижесі бойынша) оқытушы 100 балдық шкала бойынша рейтингті бақылау нәтижелерін шығарады және оқытушы өткізген рейтингке қойылатын баға, ағымды, рубеждік бақылау балдарының сомасын көрсетеді.
Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі
U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4
P1 - бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті
P2 - екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті
Е – емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті
Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан).
Студенттің сабаққа кешігуі, аудиторияда тәртіпті бұзуы үшін:
-0,5 балл шегертіледі.
Ұялық телефонды қосқаны үшін:
-1 балл шегертіледі.
Білімді және оқушының еңбегін бағалау кестеге сәйкес жүргізіледі. Онда жұмыстың әр түріне сәйкес баллдың максималды мүмкін мәндері көрсетілген.
Қорытынды емтихан 450 сұрақ бойынша тестілеу түрінде өтеді. Сұрақтар мынадай бөлімдермен топталады:
І. Ұғымдар, физикалық шамалар, оларды өлшеу бірліктері, заңдар, электр және магнетизм курсынан негізгі формулалар.
ІІ. Есептер, тәжірибелер, әдістер.
Емтиханның сұрақтары төрт бөлім бойынша топтастырылады:
Негізгі түсініктер, құбылыстар.
Заңдар.
Сапалық және жартылай сандық есептер.
Сандық есептер
«Пән бойынша білімді бағалау кестесі»
Бағалау саясаты:
№
|
Бағалау критериі
|
Бағалау түрі
|
Апта
|
% жұмыс үшін
|
%
барлығы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
1
|
Дәріске қатысу
|
0,1
|
1,5
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
2
|
ОЖСӨЖ тапсырмасын орындау
|
1
|
15
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
3
|
Практикалық сабақтардағы белсенділігі
|
0,5
|
7,5
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
4
|
Бақылау жұмысы
|
5
|
10
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
|
|
|
|
+
|
|
5
|
Коллоквиумдер
|
5 (1)
6 (2)
|
11
|
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
|
|
+
|
|
|
6
|
Инд. есеп
|
5
|
10
|
|
|
|
|
+
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
+
|
7
|
Реферат
|
5
|
5
|
|
|
|
|
|
|
+3,8
|
|
|
|
|
+1,2
|
|
|
|
8
|
Емтихан
|
|
40-100%
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
9
|
Барлығы
|
|
100%
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Балл
|
30
|
29
|
28
|
27
|
26
|
25
|
24
|
23
|
22
|
21
|
20
|
19
|
18
|
17
|
16
|
15
|
Пайыз %
|
100
|
97
|
93
|
90
|
87
|
83
|
80
|
77
|
73
|
70
|
67
|
63
|
60
|
57
|
53
|
50
|
Балл
|
14
|
13
|
12
|
11
|
10
|
9
|
8
|
7
|
6
|
5
|
4
|
3
|
2
|
1
|
0
|
|
Пайыз %
|
47
|
43
|
40
|
37
|
33
|
30
|
27
|
23
|
20
|
17
|
13
|
10
|
7
|
3
|
0
|
|
Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15 апталарда.
фыАралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).
Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.
Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.
Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)
Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:
Бағалау
|
Бағаның әріптік баламасы
|
Бағаның сандық баламасы
|
Бағаның проценттік баламасы
|
Бағалаудың дәстүрлі жүйесі
|
A
|
4,0
|
95-100
|
өте жақсы
|
A-
|
3,67
|
90-94
|
B+
|
3,33
|
85-89
|
жақсы
|
B
|
3,0
|
80-84
|
B-
|
2,67
|
75-79
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
қанағаттанарлық
|
C
|
2,0
|
65-69
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
қанағаттанарлықсыз
|
Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)
Студенттерге қойылатын талаптар:
Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша)
1. Сабаққа қатысу
Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Студент пәннің сабақтарының 1/3 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.
2. Аудиториядағы тәртіп
Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.
3. Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.
4. Жеке тапсырмалар
Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.
5. Бақылау жұмысы.
Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.
6. Практикалық сабақта белсенділігі.
Практикалық сабақта белсенділігі студенттің сабақта есеп шығару жұмысы және тақтада есеп шығаруы бойынша анықталады.
7.Зертханалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар бойынша балл тек тапсырылған жұмыстардың саны бойынша анықталады.
8.Коллоквиумдар.
Коллоквиумдар микроэкзамен түрінде, яғни ауызша сұрау арқылы қабылданады. Олар семестрде екі рет, аттестация алдында ОЖСӨЖ-де өткізіледі. Мақсаты: Өтілген материалды тәмамдап, талқылау, тиянақтау.
9.Пікірлесу.
Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.
Оқу сабағын бағдарламалық және мультемедиалық қостау.
Корпус№1 Ауд.№ 305,
13. Арнайы аудиториялардың, кабинеттердің, лабораториялардың тізімі.
Ауд.№304, 305-306, корпус№1
Достарыңызбен бөлісу: |