өмір тарихының ерекшеліктері
Зардап шегушіде бұрын травма болған-болмағанын анықтау қажет.
Егер сәл жарақаттан сүйек сынуы жиі кездесетін болса, сүйектің
патологиялық нәзіктігінің немесе ұзақ гормонмен емдеуден болатын зат
алмасулық бұзылыстардың (гиперпаратиреоз) орын алып отырғанының
белгісі болуы мүмкін. Сонымен қатар, патологиялық сынықтар жөнінде де
білген дұрыс (ісіктер, остеомиелит, метастаздар). Сондықтан, науқаста ісік
ауруларын, мерезді, туберкулезді, остеомиелит ауруын алдымен жоққа
шығарып алу керек.
Бұрынғы сынықтардың қалай бітісіп, жаралардың қалай жазылғанының
және ауырлататын жағдайлардың (қантты диабет, иммунодефицит, анемия,
қан айналысының шамасыздығы) маңызы ерекше.
Достарыңызбен бөлісу: |