Жарақаттар хирургиясы травма және травматизм жөніндегі түсініктер


Науқасты объективті тексерудің ерекшеліктері



жүктеу 436,98 Kb.
бет10/14
Дата16.01.2022
өлшемі436,98 Kb.
#32531
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Жарақаттар

Науқасты объективті тексерудің ерекшеліктері

Ең алдымен зардап шегушінің жалпы жағдайына назар аудару қажет.

Диагноз қойғанға дейін, жарақаттың, шұғыл көмек қажет ететін, негізгі үш

қауіпті асқынуларының дамуы мүмкін екенін есте тұтқан дұрыс:

1. Қан кету;

2. Жарақаттық шок;

3. Ішкі ағзалардың зақымдануы.

Пациент өміріне төнген қауіп анықталған сәттен бастап оны жоюға

бағытталған шұғыл әрекеттерді талап етеді: қан кетуді тоқтату, шокқа қарсы

шаралар, пневторакс кезінде плевра қуысына түтік қою (дренаждау),

трахеостомия және реанимациялық шаралар.

Жергілікті тексеру кезінде клиникалық симптомдарды мейлінше толық

анықтап науқастың жарақатын ауыртпауға және жарақатты одан әрі

ауырлатпауға тырысу қажет.


Қарау.

Жарақаттанған жерде пішінінің өзгеруі (деформация) немесе ісіну бар-

жоғына назар аударады. Аталған өзгерістерді дәлірек анықтау үшін дененің

жарақат алған жерін сау жерімен салыстыра отырып тексерген жөн. Аяқ-

қолдың мәжбүрлік жағдайын, олардың ұзаруын немесе қысқаруын

анықтайды.

Қанталау, тері жамылғысының тұтастығының бұзылуына баса назар

аударады. Сипау (пальпация) арқылы ауырсыну сезімінің таралу дәрежесін,

осьтік ауыртпалық кезінде пайда болуын анықтайды. Сипауды ақырындап

жүргізу керек, өйткені шамадан тыс күш салу ауырсыну сезімін күшейтіп

қана қоймай, сүйек сынықтарының ығысуын ұлғайтып жіберуі мүмкін.

Жергілікті тексеру кезінде бірқатар спецификалық белгілер

анықталады: сүйек сытыры (крепитациясы), патологиялық жылжу, тері

асты эмфиземасы және т.б.

Жергілікті тексеру кезіндегі тағы бір маңызды сәт – буындағы


жүктеу 436,98 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау