Механикалық жарақаттар тірі тіндерге мехникалық күштің әсерінен
пайда болады. Бұл жарақаттардың сипаты басым көпшілігіне жарақаттаушы
агенттің түріне (доғал немесе өткір зат па) және әсер ету механизміне
(соққы, кесілген, тесілген жаралар) байланысты.
Физикалық жарақаттар организм тіндеріне жоғары немесе төменгі
температуралардың (үсу немесе күю), электр тогының, әртүрлі
спецификалық сәулеленудің әсерінен болады.
Химиялық жарақаттар тіндерге химиялық заттардың (қышқылдар,
сілтілер), улауы заттардың, организмнің физиологиялық және патологиялық
бөлінділерінің (зәр, асқазан сөлі) әсерінен туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |