Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 / 2015



жүктеу 2,17 Mb.
Pdf просмотр
бет22/68
Дата10.11.2018
өлшемі2,17 Mb.
#18800
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   68

     
 
 
48 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын 
дауларды  шешуге  қолданылады.  Медиация  рәсімі  оған  қатыспайтын  үшінші 
тұлғаның  және  әрекетке  қабілетсіз  деп  танылған  адамдардың  мүдделеріне  қатысты 
болған  жағдайда  қолданылмайды.  Сонымен  қоса  медиация  тараптардың  бірі 
мемлекеттік  орган  болып  табылатын  дауларға,  сыбайлас  жемқорлық  қылмыстар 
және  мемлекеттік  қызмет  пен  мемлекеттік  басқару  мүдделеріне  қарсы  өзге  де 
қылмыстар туралы істер бойынша қолданылмайды. 
Негізінен,  медиацияның  басты  мақсаты  –  өзара  тиімді  әрі  өзара  қолайлы 
келісімге келу. Ең алдымен, медиация процедурасы уақытты өте үнемді пайдалануға 
бағытталған. 
Медиацияның артықшылықтары: 
– үйреншiктi емес және солқылдақ процедура; 
– медиация тараптардың арасындағы қатынасты сақтайды; 
– тараптардың (уақыт, ақша) қорларын сығымдап ұстайды; 
– екi жақтардың мүдделерiнiң қанағаттандыруына көмектеседi; 
– шешiм ерiктi түрде орындалады. 
Сот  өндірісінен  оның  айырмашылығы  –  медиацияның  нәтижесінде 
«кінәлілер»  мен  «кінәсіз»  деген  тараптар  болмайды.  Медиация  сонымен  қатар 
тараптарға қажетті құпияны жария етпеуге мүмкіндік береді. 
Қазақстан  Республикасының  «Медиация  туралы»  Заңы  бойынша  дауларды 
жеке  қарсылық  аясынан  шығарып,  мүдделі  пікірталас  аясына  беру  көзделген. 
Мүдделі азаматтар мен ұйымдарға дауларды сотқа жүгінбестен, сотқа дейінгі сатыда 
қарау барысында шешу іс-әрекеттерін бір жүйеге келтіру қамтылады. Медиацияның 
арқасында  соттарда  қаралатын  істердің  саны  да  айтарлықтай  азаймақ.  Бұған  қоса, 
Заңның әлеуметтік бағыты да баршылық. Себебі жергілікті қауымдастық деңгейінде 
пайда  болған  кейбір  жанжалдарды  медиация  арқылы  шешу  мүмкіндігі  Заңмен 
көзделіп  отыр.  Дауларды  сотқа  жеткізбестен,  өзара  бітімгершілікпен  аяқтау 
судьяларға  жүктемені  азайтып  қана  қоймайды,  қоғамда  орын  алып  отырған 
даулардың  шешімін  табуға  септігін  тигізіп,  мемлекеттік  мекеме  атына  айтылатын 
сынды  да  азайтпақ.Медиатор  қызметіне  нақтырақ  тоқталатын  болсақ,  қырық  жасқа 
толған  және  кәсіпқой  емес  медиаторлар  тізілімінде  тұрған  тұлғалар  медиатор 
қызметін кәсіби емес негізде жүзеге асыра алады. 
Медиатор  болу  үшін  Қазақстан  Республикасы  Үкіметі  айқындайтын 
тәртіппен даярлау бағдарламасын өткендігі жөнінде сертификат алуы, жоғары білімі 
болуы шарт. 
Ол адамның жиырма бес жасқа толуы және кәсіпқой медиаторлар тізілімінде 
тұруы қажет. Медиаторлар тәуелсіз және бейтарап болуы тиіс. Медиация тараптары 
тең құқылы болады, медиация рәсіміне араласуға болмайды, медиатор өзіне белгілі 
болған  құпиялықты  сақтауға  тиіс.  Медиация  туралы  заңда  медиаторға  қарсылық 
білдіру, медиациядан бас тарту сияқты талаптар қарастырылған. 
Медиация  туралы  заңның  9-бабына  сәйкес  тәуелсіз,  бейтарап,  істің 
нәтижесіне  мүдделі  емес,  медиация  тараптарының  өзара  келісімі  бойынша 
таңдалған,  медиаторлар  тізіліміне  қосылған  және  медиатордың  функцияларын 
орындауға  келісім  берген  жеке  тұлға  медиатор  бола  алады.  Медиатордың  қызметі 
кәсіби  негізде  (кәсіпқой  медиатор)  және  кәсіби  емес  негізде  (қоғамдық  медиатор) 
жүзеге асырылуы мүмкін. 
Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының 13-бабына сәйкес 
медиаторлар ұйымдары медиаторлардың бастамасы бойынша  «Коммерциялық емес 
ұйымдар  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңында  көзделген  ұйымдық-
құқықтық  нысандарда  құрылған  коммерциялық  емес,  мемлекеттік  емес,  өзін-өзі 
қаржыландыратын және өзін-өзі басқаратын ұйым болып табылады. 


     
 
 
49 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
Бүгінде  Қазақстанда  «Медиация»  атты  медиацияның  және  келiсiмге 
келтiрудің біртұтас орталығы құрылып, медиацияға оқыту жүзеге асырыла бастады. 
Аталған  орталық  азаматтық,  еңбек,  жанұя  және  өзге  де  құқықтық  қатынастардан 
туындайтын  медиация  процедураларын  жүргізеді  және  сонымен  байланысты 
келесідей  міндеттер  атқарады:  төрелiк  үшiн  жаңа  мүмкiндiктер  жасау,  даулы 
тараптардың  арасындағы  қайшылықтарды  шешу,  бiр  тараптың  басқаны  басуы 
арқылы емес, өзара тиiмдi нәтижеге, табысқа бағытталған iстестiктi негiз ету. 
Медиация  тәсілі  сот  ісіндегі  тазалықты,  әділ  төрелікті  қамтамасыз  етудің 
негізгі тәсілдерінің бірі. Біздің ата-бабаларымыз бұрын бұл тәсілді тиімді қолданып, 
түрлі  дауды  билер  соты  арқылы  бітімгершілікпен  шешіп  келгендіктен,  бұл  Заң 
қазаққа  жат  емес.  Жеке  және  заңды  тұлғалар  қатысатын  азаматтық,  еңбек, 
отбасылық  және  өзге  де  құқық  қатынастарынан  туындайтын  дауларды  реттеу 
кезіндегі медиация сотқа жүгінгенге дейін де, сот талқылауы басталғаннан кейін де 
қолданылуы  мүмкін.  Қылмыстық  сот  ісін  жүргізу  барысындағы  медиация 
қылмыстық процессуалдық заңында белгіленген сотқа дейінгі және сотта іс жүргізу 
мерзімдерінде жүзеге асырылуға тиіс.      
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 14 желтоқсан 2012 жылғы «Қазақстан – 2050» 
стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  аты  Қазақстан  халқына 
Жолдауында:  «Құқықтық  саясаттың  маңызды  мәселесі  азаматтардың  Конституция 
кепілдік  беретін сот  арқылы  қорғалу  құқын  жүзеге  асыруы болып  табылады  [4,1]. 
Бұл  үшін  сот  төрелігін  жүзеге  асыру  процесін  оңайлату,  оны  басы  артық 
бюрократиялық  рәсімдерден  арылту  керек.  Жаңа  ақпараттық  технологияларды 
белсенді енгізген жағдайда мұны істеу қиын емес. Сонымен бір мезгілде соттардың 
жұмысын  жеңілдету  мақсатында  дауларды  соттардан  тыс  реттеу  институттарын 
дамытуды  жалғастырған  жөн.  Болмашы  мәселелер  бойынша  дауларды  шешу 
соттардан  тыс  тәртіппен  жүргізілетіндей  тетіктер  қарастыру  қажет.  Сот  билігінің 
беделі  орындалмаған  сот  шешімдерінен  төмендейді.  Осыған  байланысты,  бұл 
жағдайды  түбегейлі  өзгерту  жөніндегі  шаралар  қабылдануға  тиіс»  деп  тікелей 
көрсетілген.  Елбасымыздың  Жолдауын  алға  ұстана  отырып,  Қазақстан 
Республикасындағы сот реформасын жоғары деңгейге жеткізуді алға мақсат тұтқан 
жөн. 
Сондай-ақ,  бітімгершілік  қазаққа  жат  емес.  Медиация  мәселесінде  түгел 
сөздің түбі  бір,  түп атасы Майқы бидің, көріпкел-абыздар Аяз би, Мөңке би, Едіге 
би, Асанқайғы, Әз Жәнібек би мен Жиренше шешен, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек 
би, Әйтеке би және ұлы ойшыл Абайдың орындары ерекше. Абай өзінің үшінші қара 
сөзінде:  «Би екеу болса, дау төртеу болады. Оның мәнісі  – тақ болмаса, жұп билер 
таласып, дау көбейте береді деген сөз. Өйтіп би көбейткенше, әрбір болыс елден то-
лымды-білімді үш-ақ кісі билікке сайланса. Ол билерге даугер адамдар қалмай, екеуі 
екі  кісіні  билікке таңдап алып, үстіне біреуді  посредникке сайлап алып, біте берсе; 
егер  оған  да  ынтымақтаса  алмаса,  бағанағы  үш  бидің  біреуін  алып,  яки  жеребемен 
сайлап алып жүгінсе, сонда дау ұзамай бітім болар еді», – депті [5,45].  
Қазақ  елінің  дәстүрлі  құқығының  негізінде  мыңдаған  жылдар  бойы  ұстанып 
келе  жатқан  жолы  татулықты  көксеген.  Қазақ  халқы  үшін  бітімге  келу  –  билік 
айтудың  ең  озық  өнегесі.  Яғни,  Қазақстан  Республикасының  «Медиация  туралы» 
Заңы  қазақстандықтар  үшін  жат  дүние  емес.  Бұл  «алдыңа  келсе  атаңның  да  құнын 
кеш»  деген  қағиданы  басшылыққа  алған  дарабоз  билердің  дәстүрлі  билік  жүргізу 
тәсілінің заңды жалғасы деп есептеймін. 
 
 
 
 


жүктеу 2,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау