Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 / 2015



жүктеу 2,17 Mb.
Pdf просмотр
бет21/68
Дата10.11.2018
өлшемі2,17 Mb.
#18800
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   68

     
 
 
46 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
ӘОК 347.78 
 
АЗАМАТТЫҚ ДАУЛАРДЫ ШЕШУДІҢ ЖАҢА ЖОЛЫ РЕТІНДЕ 
МЕДИАЦИЯНЫҢ ДАМУ ЖОЛЫ  
 
Амирова Бота Кыдырханқызы, з.ғ.м., аға оқытушы  
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы,  
botaa_1981@mail.ru    
 
Мақалада  Қазақстан  Республикасында  кейінгі  кезде  қолданыста  жүрген 
медиация институтының қалыптасуы және тараптар арасындағы даудың соттан тыс 
өзара келісімге келу арқылы шешу жолдары туралы айтылды.  
В  статье  рассматривается,  вопросы  относительно  расширение  сферы 
примирительных  процедур,  включая  медиацию  в  Республике  Казахстан,  даются 
мнения  авторов  по  этому  поводу.  Это  процедура  урегулирования  разногласий  с 
помощью  незаинтересованного  лица,  который  помогает  сторонам  в  ведений 
переговоров и способствует достижению между ними соглашения. 
The article discusses questions about expanding conciliation procedures, including 
mediation  in  the  Republic  of  Kazakhstan,  given  the  authors  '  views  on  this.  This  is  a 
procedure  for  settling  differences  through  a  neutral  person  who  assists  the  parties  in 
negotiating and contributes to the reference between them. 
 
Кілт  сөздер:  Медиация,  Бітімгершілік,  Елбасы,  Би,  Заң,  Қоғам, 
Конвергенция  
Азаматтық  қоғам  институттарының  жан-жақты  дамуы,  мемлекет  пен  қоғам 
қатынастарының үйлесімділігі бағдарының нәтижесінде мемлекеттік және қоғамдық 
институттардың  неғұрлым  белсенді  өзара  іс-қимылына  конституциялық  тыйымдар 
мен  шектеулер  алып  тасталды,  бүгінде  біздің  елдің  ішкі  жағдайы  мен 
қажеттіліктеріне  толықтай  сай  келетін  жергілікті  өзін-өзі  басқару  жүйесі 
жаңартылды. 
Сот  төрелігін  іске  асыру  кезінде  соттардың  тәуелсіздігін  нығайтуға 
бағытталған  сот-құқықтық  реформаның  жаңа  кезеңіне  конституциялық  деңгейде 
қарқын берілді. Жүргізілген реформа осылайша мемлекет пен қоғам институттарын 
одан  әрі  демократияландыруға  бағытталған.  Конституцияда  танылған  осы  жүйелі 
шешімдердің  барлығы  Қазақстан  Республикасының  ағымдағы  заңнамасында  одан 
әрі іске асуға тиіс. 
Сонымен  қатар,  әлемдік  экономика  мен  саясатта  болып  жатқан  іргелі 
өзгерістер, жаһандану процестері, сондай-ақ елдің ішкі даму серпіні қол жеткізгенге 
тоқмейілсуге  мүмкіндік  бермейді.  Ұлттық  құқықтың  уақыттың  жаңа  талаптарына 
сәйкестігін  қамтамасыз  ету,  оның  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру  мақсатында  ХХІ 
ғасырдың  перспективаларына  сай  келмейтін  құқықтық  догмалардан  түпкілікті 
арылып,  мемлекеттің  норма  түзушілік  және  құқық  қолдану  қызметін  одан  әрі 
жетілдіру қажет. 
Қазақстан  үшін  батыл  мақсатты  айқындау  –  2050  жылға  қарай  әлемнің  ең 
дамыған 30 мемлекетінің қатарына ену – адам, қоғам өмірінің сапасын арттыру және 
мемлекеттілікті  нығайту  үшін  елдің  жүргізіп  отырған  бағытын  тиімді  қамтамасыз 
етуге тиіс ұлттық құқықтық жүйеге жоғары талаптар қояды [1].  
Сондықтан  қазақстандық  құқықтық  жүйе  құқықтарды  қорғауды  қолданудың 
қолайлы әрі сенімді болуы мәселелерінде әлемнің дамыған елдерінің заңнамасымен 
тең  бәсекеге  түсе  алуы  тиіс.  Жалпы  жаһандану  және  әлемдік  бәсекелестіктің  өсуі 
жағдайында  көптеген  елдер  құқықтық  жүйелерін  жаңғырту  және  оларды  адамның 


     
 
 
47 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
мұқтаждары  мен  қажеттіліктеріне  және  инвесторлардың  мүдделеріне  барынша 
жақындату  қажеттігімен  бетпе-бет  келді.  Бәсекеге  қабілетті  құқықтық  жүйе  өз 
құзырына бизнес пен инвестицияларды көбірек тартатыны, оның жемісі осы идеялар 
іске асқан елге дивидендтер әкеліп, кейіннен бүкіл әлем пайдаланылатын, батыл да 
озық идеяларды іске асыруға ықпал ететіні белгілі. 
Сондықтан  қазіргі  кезеңде  басым  ұлттық  жобаларды  табысты  іске  асыру, 
қоғамдық  маңызы  бар  өзекті  міндеттерді  шешу  теңгерімді  құқықтық  саясат 
жүргізуден  тікелей  туындайды,  бұл  үшін  тек  өз  тәжірибесі  мен  практикасын  ғана 
ескеріп  қана  қоймай,  қажет  кезде  біздің  құқықтық  жүйемізге  дәстүрлі  түрде  тән 
болмаса  да,  іс  жүзінде  өзінің  тиімділігін  дәлелдеген,  біздің  ұлттық  мүдделерімізге 
сай  келетін  басқа  да  институттарды  пайдаланатын  барынша  прагматизм  талап 
етіледі.  Мұндай  пайдалану  түрлі  құқықтық  жүйелердің  әлемде  болып  жатқан 
конвергенциясы  процестерінде  ұлттық  құқықты  жаңғырту  үшін  пайдалы  болуы 
мүмкін.       
Құқық  шығармашылығы  қызметін  құқық  салаларының  және  құқықтық 
жүйенің  даму  үрдістеріне  ұдайы  мониторингке,  нормативтік  құқықтық  актілерді 
қолдану  практикасын  талдауға  негізделетін  болжамды-талдаулы  қамтамасыз  етуге 
ерекше көңіл бөлу керек.      
Бұл  реттеу  мазмұны  мен  әдістері  бойынша  норма  түзушілік  және  құқық 
қолдану  қызметінің  әрбір  актінің  -  оны  әзірлеу,  қабылдау,  қолдану,  өзгерістер  мен 
толықтырулар енгізу, күші жойылды деп тану не жаңа акт әзірлеу жөніндегі барлық 
кезеңін айқын көрсететін қазіргі заманғы жүйе жасауға мүмкіндік береді. 
Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаев  «Қазақстанның  әлеуметтік  жаңғыртылуы: 
Жалпыға  Ортақ  Еңбек  Қоғамына  қарай  20  қадам»  атты  тұжырымдамалық 
бағдарламасындағы  8-тапсырмада  медиация  институтын  дамытуға  бағытталған заң 
аясындағы  құқықтық  базаның  қабылдануын  қамтамасыз  етілуін  және    даулар  мен 
жанжалдарды  соттан  тыс  реттеудің  осы  тетіктерін  дамыту  мақсатында 
медиаторлардың  ұлттық  конференциясын өткізуге  бастамашылық  жасауды  басты 
талап  ретінде  көрсетіп  медиация  құрылымы  мен  үдерісін,  соның  ішінде,  оларды 
еңбек қатынастары саласында құру және пайдалану жөніндегі жұмыстарды күшейту 
қажет екенін баса айтты [2].  
«Соттасудан аулақ болыңыздар. Қарсыласыңызға мәмілеге келуді ұсыныңыз» 
Оған соттағы жеңіс қаржылай шығын мен уақытты жоғалту екендігін ескертіңіз» деп 
Авраам  Линкльн  айтпақшы,  шынымен  медиация  шарты  уақытты  үнемдейтіні 
белгілі.  
2011  жылғы  5  тамызда  заңды  күшіне  енген  «Медиация  туралы»  Заң  біздің 
мемлекетіміздің  сот  жүйесіндегі  басты  жаңалықтардың  бірі  болды.  Медиация  – 
тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы 
шешімге  қол  жеткізуі  мақсатында  медиатордың  жәрдемдесуімен  тараптар 
арасындағы дауды реттеу рәсімі. Медиатор  –  заң талаптарына сәйкес кәсіби және 
кәсіби емес негізде медиация жүргізу үшін тараптар тартатын тәуелсіз жеке тұлға 
[3].  Медиацияны,  қарапайым  тілмен  айтқанда,  бітімгершілік  деп  түсінуге  болады. 
Яғни,  қандай  да  бір  мәселе  бойынша  тараптар  арасында  келіспеушілік  туған  жеке 
азаматтар  немесе  заңды  тұлғалар  оны  соттан  тыс,  өзара  келісім  жағдайында  шеше 
алады.  
Қазақстан  үшін  батыс  елдерімен  салыстырғанда,  медиация  –  мүлдем  жаңа 
процедура.  Бұл  заң  Қазақстан  Республикасында  медиацияны  ұйымдастыру 
саласындағы  қоғамдық  қатынастарды  реттейді,  оны  жүргізу  қағидаттары  мен 
рәсімін,  сондай-ақ  медиатордың  мәртебесін  айқындайды.  Жаңа  қабылданған  Заң 
жеке  және  заңды  тұлғалар  қатысатын  азаматтық,  еңбек,  отбасылық  және  өзге  де 
құқық  қатынастарынан,  сондай-ақ  онша  ауыр  емес  және  ауырлығы  орташа 


жүктеу 2,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау