17
І.
Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
Белсенді әдістердің белгілері: проблемалық, проблеманы шешуде оқушының
білімдері жеткіліксіз болған сон оларды проблемалық жағдайларға келтіру. Оқушы
өзінің болған білімімен, тәжірибесіне сүйеніп, мұғалімнің және басқа оқушылардың
көмегімен сол проблеманы шешу жолдарын іздестіреді. Белсенді әдістердің негізгісі
– ол ұжымдық іс-әрекет және пікір арқылы проблеманы шешу. Оқу-танымдық іс-
әрекетті ұйымдастыру талабына оқушылардың жеке қабілеттерімен олардың
мүмкіндіктерін есепке алу қажеттілігі жатады.
Белсенді әдістерге дәріс, баяндама, семинар, дискуссиялар, тәжірибе мен
ситуацияларға сүйеніп оқыту, имитациялық үлгілер, ойындар, арнайы құралдар
жатады.
Тәртіптілікті қалыптастыру үшін болашақ Отан қорғаушы өзін-өзі бағалауға
үйрену керек. Ол
басқаларға баға беріп, өзінің іс-әрекетіне де баға беруге үйренеді.
Өзіне баға беруге әдеби шығармалар, радио- және телебағдарламалар, кино-
және бейнефильмдер үлкен көмек көрсете алады.
Сананың ен жоғары деңгейі – ол өзін-өзі талдау. Бұл жағдайда болашақ Отан
қорғаушы өзінің іс-әрекетін ой арқылы бөлшектейді, өзінің әрекеттерін, тәртібін
және оларға баға береді.
Болашақ Отан қорғаушы қарапайым бағалармен шектелуге болмайды: «мен
жақсымын не болмаса жаманмын». Оған толық жауап алуға мүмкіндіктер тұғызу
керек. Мысалы, неге ол жаманшылықтар жасайды, неге олай болып жатыр, бұл
жағдайларды қалайша түзетуге болады. Маңызды түрде өзін-өзі талдауда жағымсыз
жағдайлармен жағымды жағдайларды қарастырды. Ондай кезде ол жабылмайды
және өзімен өзі
болмайды, өзінің кемшіліктерімен күресуге тырысады.
Өзінің жағымсыз жақтарын тауып, оларға себептерді іздей бастаса, ендеше ол
одан тәжірибе алады, келесі де сонда болмауға тырысады.
Өзімен жұмыс жасауда өзін-өзі бақылау да маңызды роль атқарады – өзінің
іс-әрекеттеріне сын көзбен қарау және өзінің кемшіліктерін байқау, оларды түзету
жолдарды іздестіру.
Ұжымда мүшелердің бір-біріне талаптары жоғары болса, ендеше әр өзіне
жоғары талап қояды. Өзін-өзі бақылауда тәртіпті сақтауға байсалдықпен
ұстамдылық маңызды. Осы сапалар моральдік-ерлік ұстанымның негізінде болып
жатыр. Себебі болашақ Отан қорғаушылардың білгендері қажет: әскери бөлімде
нақты жарғы тәртіп, мінетілген әскери дайындық үрдісі, қарауыл қызметін қырағы
орындау. Тәртіптілікті тәрбиелеуге пір тұтқан, арман, өмірлік мақсат,
қызғушылықтар көмек көрсетеді. Олар адамның өміріне бағыт береді, тік жолдан
бұрылмауға көмек көрсетеді.
Өзін-өзі жаттықтыруға анықталы сапаларды, мінезді, дағдыларды және
іскерліктерді қалыптастыру мақсатында саналы түрде көп рет жоспарланған іс-
әрекеттер жатады. Ережеге сай оның өзінің реті бар:
- өзінің тәртіп сапасы мен дағдыларың талдауы және бағалауы;
- іс-әрекет ұстанымды
қалыптастыру;
- өз ішіне жеңілген іс-әрекеттерді
қарастыру;
- оны бөлшектеп не болмаса тұтас орындау;
- өзінің іс-әрекеттеріне бақылау жасау және бағалау, қайта орындауға өзіне
тапсырма қою,
олардың сапасын көтеру;
Өзін-өзі сендіру өзінің тәртібімен іс-әрекеттеріне дәлелдеу жасауға көмек
көрсетеді. Мұнда дәлел және дәлелге қарсылықтар қарастырылады, олар тәжірибеде
тексеріледі. Өзін-өзі сендіру жиі
ішкі полемика ретінде,
өзімен-өзі ішкі талас арқылы
болады. Ол тағы өзін-өзі түсіндіру, өзіне дәлелдеу, өзіне қарсы, өзіне сын, өзін
жұату, өзін жазалау ретінде болады.
Өзін-өзі сендіру өзіні психикалық және дене жағдайына әсер ету мақсатында
18
І.
Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
қысқаша сөз формуласы бойынша болады. Мысалы, «көп сөйлеме», «артық қимыл
жасама», «жинақы бол», «әлі күш бар» т.б. Солай нерв жүйесі орынға келеді,
шаршаудан,
қиыншылықтардан басын тартады, тәртібінің кемшіліктері жойылады.
Өзін-өзі сендіру жігерлікке, міндетті түсінуге, оны орындауға байланысты.
Өзін-өзі бағындыру өзіне бақылау жасау, өзін сендіру, өзін мадақтау не болмаса
жазалау бойынша иландыралады. Әскери тәртіптің жоғарланғаны және олардың
тәртіптерін байқауға болады. Олардың қызмет сапаларын жоғары деңгейге көтеру –
ол бүгінгі күндегі қажеттілік.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Аманжолов К., Тасболатов А., Майхиев Д., Аманжолова Б. Алғашқы
әскери дайындық. 10-сыныбына арналған оқулық. –Алматы. Мектеп, 2006. -367 б.
2. Сухомлинский В.А. Избранные педагогические сочинения: в 3 т. – М.,
1979. – Т. 1 – 569 с.
3. Зверева М.В. О понятии “дидактические условия”. // Новые исследования в
педагогических науках. -М.: Педагогика, 1987, N1.
4. Алимбаев А. «Педагогикалық шарттар» ұғымы жөнінде. /Научный мир
Казахатсана. №3 (37) 2011. С.188-191.
5. Әлімбекова С.Ш. Мектептің еңбекке дайындау бағытында 5-9-сыныптың
оқушы-қыздарының этностық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық
шарттары: пед.ғыл.канд.дисс. - Түркістан. 2008. 162 б.
6. Шарипбаева Г.Т.Студенттердің өзін-өзі тәрбиелеудің педагогикалық
шарттары. /Ақтөбе Дүние университетінің хабаршысы. 4(20) 2011. С.69-72.
7. Сыдыков М.Е. Сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік
құндылықтарын
қалыптастырудың
педагогикалық
шарттары.
Автореферат.-
Түркістан, 2008.
8. Сиргебаева С.Т. Жоғары оқу орындарында ақпараттық технологияны
қолданудың педагогикалық шарттары. Автореферат. - Алматы, 2010.
9. Сабденалиева Г.М. Экологиялық тәрбие берудің педагогикалық шарттары:
оқу құралы. – Алматы, 2001. - 110б.
10.
Маженова Р.Б. Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-
мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары. Автореферат.
Қарағанды, 2007. - 30 б.
11.
Самашова Г.Е.Ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс
қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттары. Автореферат. Қарағанды,
2007. - 28 б.
12.
Құрсабаев М.Қ.Мектептегі оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие
берудің педагогикалық шарттары. Автореферат. - Қарағанды, 2008. - 24 б.
13.
Ешмұратов Д.С. Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие
берудің педагогикалық шарттары. Автореферат. - Қарағанды, 2009. - 30 б.
14.
Исабекова
А.О.
Қазақ
этнопедагогикасында қыз балаларын
тәрбиелеудің педагогикалық шарттары. Авторефераты. Түркістан, 2007. - 26 б.