Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 / 2015



жүктеу 2,17 Mb.
Pdf просмотр
бет62/68
Дата10.11.2018
өлшемі2,17 Mb.
#18800
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   68

     
 
 
132 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
психофизиологиялық  қызметіне  жағымсыз  әсер  ететіндей  қозғалыстар  қимылын 
іріктеп, яғни тиімсізін алып тастауға мүмкіндік береді.  
Дене  тәрбиесін  педагогикалық  жүйе  ретінде  сипаттайтын  заңдылықтардың 
көп  түрлілігіне  байланысты,  принциптер  үш  өзара  байланысты  мына  топтарға 
бөлінеді:  оқыту  припциптері  немесе  арнаулы  білім  мен  қозғалыс  дағдыларының 
заңдылықтарын қалыптастыратын принциптер; дене мүмкіншіліктерін тәрбиелейтін 
принциптер  немесе  кушті,  шапшаңдыңты  т.б.  арттыратын,  сонымен  бірге 
заңдылықтарды ашатын принциптер; дене жаттығуларымен шұғылдану кезіпде жеке 
тұлга ретінде баланы тәрбиелеу принциптері. Педагогиканың негізгі бір бұтағы бола 
отырып, дене тәрбиесінің үйрету материалдарының ерекшеліктерін есептей отырып 
жүзеге асырады. 
Балалардың  оқуға  деген  саналы  түрде  және  белсенді  көзқарасын 
қалыптастыру  қажеттілігі  саналылық  және  белсенділік  принциптерінде  қаралған. 
Қызметтік  мүмкіншіліктерінің  ұқсастығы  негізінде  оларды  көзқарас  принциптері 
тобына біріктірген жөн. 
Оқу  жүйесінің  нәтижесін  нақты  бағалау  қажеттілігі  беріктік  және  ғылыми 
принциптерінде  қарастырылған.  Қызметтік  мүмкіндіктерінін  ұқсастығы  негізінде 
сұрыптау, бағалау принциптері тобына бірігеді. 
Оқу  материалының  ең  тиімді  құрылымын  жасау  қажеттілігі  қайталау
жүйелілік,  реттілік  және  бірте-біртелік  принциптерінде  қарастырылған.  Бұлар 
қызметтік мүмкіншіліктердің ұқсастық негізінде құрылым принциптерін құрайды. 
Принциптер көп түрлі, бірақ олар жеке тұлға есебінде балаға педагогикалық 
әсер етудің әр түрлі жақтарын белгілейді. 
Кез  келген  жастағы  адамдардың  дене  дайыңдығының  әр  түрлі  деңгейінде 
және  балаларды  оқытып  үйрету  кезінде  үйретуші  жоғарыдағы  айтылған 
принциптерді  жүзеге  асыруға  міндетті.  Алайда  кейбір  жағдайда  оқытудың  нақты 
міндеттері  бір  немесе  өзге  принциптердің  маңызын  арттыруы,  сонымен  қатар  оны 
жүзеге  асыру,  әдістерінің  түрін  өзгертуі  де  мүмкін.  Мысалы,  жоғары  деңгейде 
маманданған  спортшыны  даярлауда  дербес,  жекелей  оқытып  үйрету  өте  маңызды 
орын  алады.  Қарапайым  қозғалыс-қимылдарына  үйрету  кезінде  көрнекілік 
принципін жүзеге асыру, бейнелеп түсіндіру және көрсетумен шектелуі мүмкін. Ал 
өте күрделі қимылдарды меңгеруде кино қойылымға жүгінуге тура келеді. 
Кейбір принциптерді жүзеге асыру, оқытып үйретудің белгілі бір ережелерін 
орындау 
арқылы 
жүзеге 
асырылады.Біз 
өзіміздің 
зерттеуімізде 
оқыту 
қағидаларының  саналылық,  қайталау,  жүйелілік,  реттілік  түрлерін  ашып  көрсетуге 
тырысамыз. 
Дене  жаттығуларын  үйретуде  саналылық  принципінің  таратылуына 
айтарлықтай  үлес  қосқан  атақты  орыс  ғалымы  П.Ф.Лесгафт  болды.  Ол  "мектеп 
жүйесінде  оқып  жүрген  баланың  күшін  ғана  дамытып  қоймау  керек,  ең  бастысы 
өзін-өзі  басқару  дағдысын,  сонымен  қатар  оны  өз  қызметінде,  өмірінде  тиімді 
пайдалану  дағдысын  қалыптастыру  керек",  -деп  атап  көрсетті.  Сондықтан  да  әуелі 
баланы саналы түрде адам ағзасындағы бар әр түрлі қозғалыстарды жасауға үйрету 
кажет.  Оқытып  үйрету  әдісі  балалардың  ақылының  дұрыс  даму  кезеңінде 
қолданылатын әдіске сәйкес келуі керек. 
Принциптерді  жүзеге  асыру  шағында  мүғалім  балаларды  мына  сұрақтарға 
жауап  беретіндей  дәрежеге  жеткізуге  міндетті:  дене  жаттығуларымен  шұғылдану 
неге  қажет?  Дене  жаттығуларының  қайсысын  орындау  қажет?  Дене  жаттығуларын 
қалай  орындау  керек?  Неге  тек  осылай  ғана  орындау  қажет?  Мұндай  сұрақтарға 
жауапты  балалар  оқытып  үйретуге  дейінгі  ұйымдасқан  жағдайда  ғана  ала  алады. 
Біріншіден, балалар өздерінің оқу қызметінің мақсатын түсінуі керек. Ол үшін, бұл 
қызметтің саналы түрде қажеттілігі тәрбиеленуге тиісті. Ондай қажеттілігінің болуы 


     
 
 
133 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
мүғалімге  баланың  қозғалысқа  деген  ынтасының  бар  немесе  жоқ  екендігін  білуін 
міндеттейді. 
Оқушының  дене  тәрбиесімен  шұғылданудағы  мақсаты  мұғалімнің  алдына 
қойған  мақсаттармен  дәл  келе  бермейтіндігі  түсінікті.  Оқушы  жасайтын  істі  (оның 
мақсаты  жекелеген  дене  жаттығуларын  орындағаны  үшін  жоғары  баға  алумен 
шектелуі  мүмкін)  мұғалім  ең  жоғары  деңгейдегі  қоғамдық  маңызы  бар  мақсатты 
үнемі алға қояды (оның ең жоғарғысы -өсіп келе жатқан жас буынды жоғары өнімді 
еңбек етуге және Отанды қорғауға даярлау). Кейбір жағдайларда мақсаттардың дәл 
келетіндігі  де  жоққа  шығарылмайды.  Мысалы,  мүғалім  оқушыларды  сынакқа 
дайындау  мақсатын  өз  алдына  қояды,  ал  сол  сынақты  тапсырам  деуші  оқушылар 
оған  дайындалады.  Осындай  үйлесімділік  өте  қажет,  бірақ  оған  қол  жеткізу  қиын, 
әсіресе,  жоғарғы  қоғамдық  маңыздылығы  бар  мақсат  болса,  онда  ұзақ  уақыт  бойы 
тәжірибелік  әсер  етуді  қажет  етеді.  Мақсатты  принциптердің  сәйкес  келмеген 
уақытында мұғалім оқушының нақты мақсатты бағытын пайдалана отырып, жоғары 
деңгейдегі  оған  жетудің  уақытша  мерзімін  белгілеуі  тиіс.  Осыған  байланысты 
болашақ  Президенттік  сынамаларын  тапсыруға  дайындау  және  жақын  кезеңге 
белгіленген  мақсаттарды  айыра  білу  жөн  (мысалы,  бірінші  тоқсанда  мектеп 
бағдарламасының  талаптарын  орындауға  дайындалу).  Осындай  бөлудің  барлық 
шарттылығы  әр  оқушының  жақын  арадағы  мақсаттарын  тиімді  пайдалану  арқылы 
оны болашақ ұжымдық мақсаттарға жеткізуге мүмкіндік береді.  
Екіншіден,  оқушылар  қойылған  мақсатқа  жету  үшін  іске  асыруға  тиісті  оқу 
міндеттерін  саналы  түрде  түсінуі  керек.  Егер  балада  өзінің  қажеттілігін 
қанағаттандыруға  ұмтылыс  нәтижесі  есебінде  бір  не  өзге  мақсат  пайда  болса,  алға 
қойылған  мақсатқа  жету  үшін  шешуге  тиісті  міндетті  түсінуге,  әдетте  мұғалімнің 
белсенді  түрде  араласуын  талап  етеді.  Қыз  бала  жақсы,  сымбатты,  сұлу  денені 
қалыптастыруға  ұмтылыс  білдіреді  делік.  Бұл  мақсатқа  қалай  жетуге  болады?  Бұл 
үшін  қандай  міндеттерді  шешуге  тиісті  екендігі  жөнінде  тек  мұғалімнің  көмегі 
арқылы  ғана  көзі  жетіп,  түсіне  алады.  Сол  дене  жаттығуының  не  үшін 
орындалатынын 
оқушының 
білмеуі 
қозғалыс 
дағдысын 
қалыптастыру 
мүмкіншілігінің  сапасы  мен  қарқынын  шапшан  төмендетеді.  Мысалы,  дене 
жаттығуларын  тек  мұғалімнің  талап  етуі  бойынша  үйренсе,  сынақ  кезінде 
үйренушінің жоғары баға алуы күмән келтіреді. 
Жеке  қимылдарды  бөлектеуге  және  жинақтауға,  қозғалысты,  қимылды, 
қозғалыстың жеке өлшемдерін салыстыруға, ақырғы нәтиже үшін олардың мақсатын 
түсіне білуге үйрете отырып, оқушылар санасын жетілдіретіндей оқытып үйретудің  
әдістерін  пайдалану  қажет. Соңғы нәтижеде мұның өзі дене жаттығуларының әдісін 
тиімді меңгеруге әкеледі. 
Оқушылардың  саналы  қызметін  арттыруға  әр  түрлі  жолдармен  жікетуге 
болады:  
а)  жаттығушыны  үйретер  кезенде  үйренетін  қозғалысты  алдын  ала  ойластыру 
керек; 
ә)  дағдыны  үйрете  отырып  назарды  бірте-бірте  дене  жаттығуларының 
әдістеріндегі  негізгі  беліктеріне  бағыттау  қажет.  Мысалы,  биіктікке  жүгіріп  келіп 
секіруде аяқ серпілісінің әдісін үйрену кезінде оқушылар әуелде серпіліс орнына дәл 
түсуді  қадағалауы,  сосын  серпіліс  кезінде  серпілетін  аяқтың  козғалысына  және 
серпіліс кезінде қолдың козғалысына назарды аударуы қажет. 
б)  әсіресе,  бұлшық  еттер  арқылы  алынған  сезіну  негізінде  жасалынған 
қозғалысты  жаттығу  кезінде  еске  түсіру  керек.  Бұл  жағдайда  осындай  сезінулер 
оқушыға  қимылды  орындау  кезінде  "ішкі"  бағдар  болады,  сөйтіп  оны,  қозғалысты 
дәлелдеуге, қатені жөндеуге, өзін-өзі бағалауға мүмкіндік туғызады. 


жүктеу 2,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау