124
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
Дегенмен публицист жайындағы тарихи сараптама өзіне көңіл аудартпай қоймайды.
Автор мәтін ішіндегі объективтілік пен субъективтіліктің диалектикасын анықтап,
оны ашықтан-ашық жария ете отырып, өзіне берілген рөлді дұрыс орындайды.
Сонымен бірге керісінше автордың рөлі көлеңкеленіп, айқын таңбалар
жиынтығының арасынан білінбей қалады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Бабаев С. «Жантану негіздері»:. - Алматы: Заң әдебиеті, 2004 ж.
2. БекниязовТ., "Журналистиканың терминдері мен ұғымдары". Оқу құралы:
Алматы, Қазақ университеті, 2006. - 153 бет
3. "Московский комсомолец в Пензе" 14-21 наурыз 2002 жыл.
4. Барманқұлов М.К. "Телевидение: Деньги или власть": - Алматы: "Санат",
1997 жыл.
5. Барлыбаева С.Х. "Телевидение в мире и в Казахстане. Телевизионная
журналистика". (уч. Пос.) - Москва, 1993 жыл.
125
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
КУЛЬТУРА И СПОРТ
126
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
ӘОЖ: 268.152
ВОЛЕЙБОЛ ОЙЫНЫНЫҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ
САЛАСЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ
К.Е. Берикболов, Б.А. Муздыбаев
Жетісу мемлекеттік университеті. Талдықорған қаласы.
Berikbolovk@mail.ru
Волейбол ойынының әлемде және орта Азияда пайда болуы мен қалыптасуы.
Волейбол ойыны ол командалық ойын, жарыс алдында өте күрделі жүктемені талап
ететін спорттың бір түрі. Оқу-жаттығу өту кезінде, жоғары дәрежедегі
волейболшылар өзінің шеберлігін және жарысқа алдындағы психологиялық
дайындығын арттыра отырады. Волейбол ойыны дене шынықтыру және спорт
мамандығы саласында зор үлесі бар.
История развитие игры волейбола в мире и в средней Азии. Волейбол это
командная игра, которая требует высокой нагрузки в соревновательных рамках. Во
время тренеровочных сборах отточивается мастерство игрового вида, а так же
психологическии настрой перед соревновательными играми. Роль игры Волейбол в
сфере физической культуры и спорта так же имеет немаловажную роль в воспитание
будущего поколение.
The history of development of the game of volleyball in the world and in Central
Asia. Volleyball is a team sport that requires a high load on the competition framework.
During trenerovochnyh fees ottochivaetsya skill game species, as well as the mental
attitude to competitive games. Role playing Volleyball in Physical Education and Sport
also has an important role in the education of the future generation
1895 жылы Америка Құрама Штаттары колледждерінің бірінде доктор
У.Морган жаңа ойын ойлап тапты. Ол «Волейбол» деп аталды. Бұл сөздің дәл
мағынасы «әуедегі доп». Бұл ойын тез арада өз қолдаушыларын тапты. әсіресе ол
американ өрт сөндірушілері арасында кең тарады. Олар өрт мұналарының қасына
жіп керіп қойып, сол арқылы үрленген қарынды әрлі-берлі соғып мәз болысатын.
Волейбол біртіндеп американдықтардың сүйікті ойынына айналды. Оны
балалар мен жастар, орта жастағы еркектер мен мырзалар, жас және жасамыс
әйелдер ойнай бастады. Бәсекес ойын кезінде жас жағынан шектеу болған жоқ.
Фермерлердің балалары әкелерімен, қыздар әжелерімен ойнай беретін. Оның ешбір
сөкеттігі де болған жоқ. Ойынның ережесі де тым қарапайым болатын, әйтеуір
допты жерге түсірмеу керек.
1897 жылы жоғарыда аталған тапқыр У.Морган ойын ережесін енгізуді
ұсынды. Ол кездегі ереже бүгінгіге мүлде ұқсамайтын. Алаңның көлемі 7.6х15.1
метр, тордың биіктігі 198 см, еді. Доптың салмағы 340 гр. болатын. Екі жақтың да
ойыншылар санына шек қойылмайтын. Сондықтан да олар бір-бірінің аяқтарын
басып, допты бірінші болып соғамын деп соқтығысып қалып жататын.
Волейболдың дамуының бірінші кезеңі 1895-1920 жылдар. Бұл кезде ойын
көрермендер алдында өткізіліп, командаға біріккен ойыншылар өзге спорт
түрлеріндегідей формалар киіп шығатын болды. Таусылмайтын таласты, тіпті тым
қызбалау техастықтар арасында жиі болатын жанжалдарды болдырмас үшін Морган
алаңның орта тұсына бір бүйірден орындық қойып, оған төрешіні отырғызуды
ұсынды. Төрешінің пікірі ойыншылар үшін бұлжымас заң болды. Кешікпей
волейболды Орталық және Оңтүстік Америкада Куба, Пуэрто-Рико, Перу, Бразилия,
127
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
Уругвай және Мексика елдерінде ойнай бастады. 1900-ыншы жылдардың басында
волейболмен Азияда Жапондар мен Қытайлықтар танысты.
Жалпы білім беру мектептеріндегі волейбол ойынының қозғалысы адам
баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру,
жүру, секіру, лақтыру, т.б. жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он жасар баладан
бастап қай жаста болмасын, бәрі ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене
тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып
табылады. Волейбол ойыны адамның көңілін шаттандырып, іскерлікті арттырады.
Бүгінгі волейбол ойынының даму деңгейі өзінің ең жоғарғы нүктесіне жетті деуге
болады. Себебі, ойының бүгінгідей даму жылдамдығы бұрын – соңды болып көрген
жоқ. Ойыншының қозғалысы, жүгіру жылдамдығы, секіруі, лақтыруы, кілт тоқтауы,
міне мұның барлығы жалпы ойынның жылдамдығын, ойыншылардың дайындық
деңгейін көрсетеді.
Осындай ойын барысында нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы, адамның
координациясы қалыптасады. Қандай жаттығу болмасын, қозғалыс барысында
нақтылы орындалады. Айталық, шабуылдау кезінде допты қарсыласының алаңға дәл
түсіру, болмаса допты әріптесіне дәл бере білу, болмаса допты қарсыласының
алаңына алдап тастау, т.б. Демек, адамның барлық қабілет-қасиетін
қалыптастыратын ойынның бірі.
Спорт және қимыл ойындары – дене тәрбиесінің сезімталдыққа негізделген
тәсілі, олар денсаулықты сақтауға және нығайтуға өте тиімді. Сірә, спорт
ойындарының ең қолайлы, кең тараған түрі волейбол болса керек. Енді осы ойынның
адам организміне әсері туралы қысқаша тоқталайық.
Ойын тактикасының қарапайымдылығы және доп үшін тікелей тартыстың
жоқтығы волейболмен көпшіліктің жаппай айналысуына жол ашады.
Ал волейболшылардың организміне түсетін салмақ мөлшері орташа деңгейде.
Денеге аса күшті әсер ететін қимыл – жүгіру мұнда аз қолданылады. Волейбол ойнау
реакция жылдамдығын, ептілікті, төзімділікті қалыптастыруға көмектеседі, тыныс,
жүрек-тамыр, бұлшық ет жүйелерін нығайтады, ой шаршауынан арылтады, жалпы
алғанда организмге игі әсер етеді, волейбол адамды коллективтік қимылға, жеке бас
мүддесінің команда мүддесіне бағындыра білуге, тәртіпті болуға, өзгелерге дер
кезінде көмекке келуге үйретеді.
Дәрігерлер мен дене шынықтыру, спорт мамандарының бірауызды пікірінше,
волейболдың емдеу-сауықтыру мүмкіндіктері орасан зор.
Сондықтан да осынау тамаша ойын әрбір мекеме, жоғары оқу орны, мектеп,
демалыс орны, тұрғын жайда берік орын алса, нұр үстіне нұр болар еді.
Адам бойындағы қабілетті жетілдіру. Жеке бастың психологиялық қабілетін
дамыту.Жеке бастың психологиялық қабілеті - әр адамның тәрбие жүйесінің
негізінде қалыптасады. Яғни, оның өзін қоршаған ортамен қарым – қатынасы,
еңбекке деген қабілеттілігі, жеке адамдармен қарым – қатынас жасаудың негізгі
қағидаларының қалыптасуы, т.б.
Демек, жеке бастың психологиялық қабілетінің дұрыс қалыптасуының
нәтижесінде әр адамның өмірге деген көзқарасы әр түрлі болып қалыптасады. Жеке
адамның бір – бірінен айырмашылығының өзі осында. Әр адамның өмірге деген
көзқарасы, тіршілігінің қалыптасуы, белгілі бір қоғамға сенуі, мінезінің ерекше
қалыптасуы, белгілі бір, қоршаған ортадағы орны, тағы да осылайша жалғаса береді.
Адамның психологиялық қабілеті тіршіліктегі кәсіби мамандығына
байланысты қалыптасып, өзгеріп тұруы мүмкін. Жеке бастың тіршілікте керекті
негізгі қасиеті өзі өмір сүріп жатқан ортамен қарым – қатынасы, яғни, адамгершілік
қасиеті негізінен дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылданған кезде ғана
қалыптасады. Бұл қасиеттің қалыптасуы, әсіресе, жарыс кезінде ерекше байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |