Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 / 2015



жүктеу 2,17 Mb.
Pdf просмотр
бет46/68
Дата10.11.2018
өлшемі2,17 Mb.
#18800
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   68

     
 
 
98 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
Құсайын  Шөкенов  өзінің  «Біздің  Ілияс»  деген  кітабында  «Ілиястың  өз  аузынан 
естіген  Борамбектің  қызы  Әлишамен  айтысқандығы  туралы  бір  дерек  келтіреді. 
Онда  Ілияс  пен  Әлиша  арасындағы  айтыс  та  қалжың-қағытпаға  ұласып,  Ілиястың 
өткір, ащы сөздеріне шыдамаған шешесі екеуінің араларына түсіп «сен жеңдің, жол 
сенікі»  деп  Ілиясты  арқасынан  қағып  айтысты  тоқтатады.  Бұл  деректерді  нақтылай 
көрсетіп  отыруымыз  –  Ілиястың  жас  кезінде  айтысқа  түсіп,  өзінің  бұл  жолда  да 
ешкімнен кем түспегендігін, сонымен қатар, бұл өнері болашақта қаламгердің сатира 
саласындағы  қызметіне  мол  септігін  тигізгендігі  айтылып  отыр.  Айтыс  өнеріндегі 
сатираға тән көптеген компоненттердің өлең жолдарында кездесетіндігі туралы айту 
қажет. Айтыста сатираны пайдалану дегеніміз - өнер жарысы, сөз сайысы, халықтық 
эстетика десек те, айтыс ақындары қарсыласының сағын сындыру мақсатымен бірін-
бірі  сынап,  мысын  басып,  әжуа-келеке  етіп,  мазаққа  айналдыру  тәсілдерін  көп 
пайдаланады. Сол арқылы мерейі өсіп, жеңіп шығатындар да аз емес. Бұған дәлел – 
Біржан  мен  Сара  айтысы.  Айтыс  үстінде  Сараның  осал  емес  екендігін  байқаған 
Арқаның  серісі  одан  мін  таппай,  қосылар  адамы  Жиенқұлдың  түр  сипаты,  мінез-
құлқындағы  «ақаулықты»  қызға  тели  отырып,  кекесін,  мысқыл,  мұқату  арқылы 
Сараның мысын басады. Содан кейін-ақ тасқындаған сөз тартысы қайғы-мұң, налаға 
қарай  көш  түзейді.  Біржан  мұны  түсіне  қойып,  Сараның  қор  болып  бара 
жатқандығын  жырға  қосып,  өнеріне  бас  иеді  де,  оны  арашаламақ  ниетін  сездіреді.  
Шөжемен  айтысқан  ақындар  да  оның  ата-тегіне  мін  тағып,  кемтар  соқырлыған 
көрсетіп «ит соқырсың» деп жеңбек болғанда, дәл табылған қисынды сөз, мысқылға 
толы мір  оғындай тілі арқылы беттерін қайтарғандығы мәлім. Ол өзінің заманында 
азулы алты қарыс Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тазбала сияқты ақындармен айтысқа 
түсіп,  тілінің  ащылығымен,  қарымдылығымен  көзге  түскені  әдебиеттен  белгілі.  
Махамбет  Өтемісұлы  айтыс  ақыны  болмаса  да,  оның  өлеңдеріндегі    образдылық, 
алмастай  өткірлік,  қызу  қанды  жігерлілік,  айбарлы  да  найзағайдай  сұстылық 
Ілиястың  тек  поэзиясы  ғана  емес,  сонымен  бірге  шығармаларының  сатиралық 
қарымтасына  да  өз  әсерін  тигізгені  анық.  Бұл  жайында  профессор  Ханғали 
Сүйіншәлиев  мынадай  тамаша  пікір  айтады:  «Махамбет  қазақ  поэзиясында 
қоғамдық  күресшіл  сананы  нығайтып,  сын-сықақ  сарынын  қалыптастырды.  Қазақ 
сатирасының  қоғамдық,  әлеуметтік  мәнін  күшейтті.  Сатира  жанрының  өткір 
үлгілерін көрсетіп, кейінгі көп ақындарға көп ұстаздық етті». Бұл сөздері Ілиясқа да 
қатысты  айтылған.  Олай  деуімізге  негіз  –  Ілияс  өзінің  балалық  шағында  әкесі 
Жансүгірдің  Махамбеттің,  сонымен  қатар  Біржан  –  Сараның,  Шөженің,  Шернияз, 
Ақан,  Базар,  Сүйінбайлардың  шығармалары  мен  жыр-дастандарын,  өлеңдерін 
мұқият  жинап,  елге  насихат  етіп  жүргендігінің  куәсі  болып  қана  қоймай,  оларды 
оқып,  кейін  кеңес  өкіметі  тұсінда  бірқатарларын  жарыққа  шығарған  адамдардың 
бірі. Бала кезінде оқыған Махамбеттің өлеңдері әсер еткені сонша, кейін оның туған 
жеріне  арнайы  сапарға  шығып,  көтеріліске  қатысты  тарихи  орындарда  болып,  ол 
жерден  баға  жетпес  құнды  материалдар  жинап  әкеледі.  Соның  негізінде  «Исатай  - 
Махамбет»  пьесасы  мен  либретто  жазады.  Өкінішке  орай,  бұл  туындысын  1937 
жылдың дүрбелеңіне қатысты көзінің тірісінде  сахнаға  шығара  алмады.  
Жалпы,  Ілиястың  шығармаларындағы  поэтикасына  сатира  жанры  бойынша  ерекше 
әсер  етіп,  оның  біртабан  қаламгерлік  даму  дәрежесін  көтерген  Абай  екендігі 
талассыз. Оның тұсындағы талай ақын-жазушыларға Абай рухани күш-қуат бергенін 
әдебиеттану  ғалымы  жоққа  шығармайды.  Бұған  негіз  –  ХХ  ғасырдың  басында 
дәстүрлі  Абай  сатирасы  күш  алып  өз  алдына  отау  тігу  процесі  басталып,  оның 
қатары күннен-күнге көбейе түскен. Бұл процеске білек сыбана қызу кіріскен ақын-
жазушылар қатарына С.Торайғыров, С.Көбеев, осы тұста тек сатиралық шығармалар 
жазып жүрген С.Төлешев, А.Тоқмағамбетов, М.Дәулетбаев, Қ.Тайшықов,
 


     
 
 
99 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
Б.Сүлеевтермен бірге Ілияс та Абай дәстүріндегі сатирада қалам тербейді. Ілияс 
Абайдың  творчествосына,  оның  ішінде  сатиралық  мұраларына  көп  көңіл  бөлген. 
Абай  әдебиет  ортасына  үлкен  жаңалық  әкелуші  реформатор  деп  жоғарыда 
айтқанымыздай,  ол  қазақ  сатирасына  елдің  сиқын  кетіріп,  жайсыздық  тудырып 
жүрген,  эстетикалық  талғамнан  жұрдай  адамдардың  толық  образдарын  жасады. 
Ілияс сол шығармалардың бірде-біреуін көңілден таса қылмай оқып, оған үлкен мән 
беріп, өзінің алғашқы сатиралық  шығармаларын да сол тұрғыда жазуға  талпынды. 
Бұл  жөнінде  өзі:  «1916-1917  жылдан  маған  жазуға  ынта  туды.  Оған  себеп  –  сол 
кездегі  қазақ  әдебиетінің  әсері  болды.  Абайша  бірдемелер  (балдырған)  жазуға 
талпынсам да ештеңе шығара алмадым ғой деймін» [6,196 б.]   - дейді.  
    Ілияс өлеңдерінде адамдардың жат мінездері мен қылықтарын, пысық көрінген 
өтірікші жылпостарды, надан ұлық пен би-болыстарды Абайша жырлайды. Мәселен, 
«Көңілдің жүргісі» деген өлеңінде:  
«Я мақтамай, я боқтамай, 
Бәрін дос деп бекер жүр. 
Жақын көріп ақтамай, 
Алаңдықпен шекті өмір. 
 
Кейде жылан, кейде шоқ, 
Кейде ынжық, кейде жоқ, 
Кейде жаяу, кейде атты, 
Кейде баяу, кейде отты», [7,296 б.]  деп Абайдың «Дүтбайға» деген өлеңіне еліктеп, 
бірде өзінше, бірде Абайша салған өрнек пен нақыштарды қайталайды.    Мырзабек 
Дүйсенов  бұл  ойға  қатысты  мынадай  пікір  білдіреді:  «Қартайдық  қайғы  ойладық, 
ұлғайды  арман»  деген  өлеңінде  Абай  өз  дәуіріндегі  адамдардың,  әсіресе  қолына 
азын-аулақ  билік  тие  бастаған,  соқыр  кеуде  надан  ұлықтардың,  сұм-сұрқия 
қулардың, өтірікші  жылпостардың жат мінездерін шеней келіп,  «қара қарға сияқты 
шуласар жұрт», - дейді. Не кісі сүйер ісі жоқ, не адам қызығар түсі жоқ қара қарға – 
жағымсыз бейненің теңеуі. Абай дәуіріндегі әлгіндей сұрқиялар Ілиястың жас бала, 
жігіт  кезінде  өмір  сүрген.  Солардың  Ілияс  та  Абайша  шенеп  отырады».  Бұл  пікір 
Ілиястың сатиралық шағармалар жазуды Абайдан үйренді деген ойдың дәлелі болса 
керек.  Ал  сатира  жанрындағы  өлеңнен  прозаға  ауысуы  бұл  –  1920  жылдардың  бас 
кезі.  Нақтырақ  айтсақ,  1922  жылдың  қараша  айында  Ілияс  оқуға  түсіге  Алматыға 
келгенімен, ол талабына қолы жетпеген соң, «Тілші» газетіне қызметке кірген сәттен 
басталады.  Газет  қызметіне  араласуы  –  оның  білім  дәрежесіне  де  үлкен  әсер  етеді. 
Ақындық,  жазушылық  талабы  мол  болғанымен,  оқуы,  білімі  таяз  болғандықтан,  өз 
бетімен оқу оқып, білімін толықтыруға күш салады. Сатирадағы проза жанрына ден 
қоюы  осы  кезеңнен  бастау  алады.  Өйткені,  өзімен  қызмет  істейтін  тілшілердің 
көпшілігі  жазушылық  өнері  бар  прозаик,  сатирик,  фельетонистер  еді.  Олар  сол 
кездегі газеттегі жанрлардың бірі – фельетонды әркім әр түрлі, бір-бірімен жарыса, 
бәсекелесе    жазатын.  Бұл  ахуал  Ілиясты  да  еліктірді.  Сол  кезде  жазғандары  тек 
«Тілші»  газетінде  ғана  емес,  сонымен  бірге  «Жас  Қайрат»,  «Сана»,  «Шаншар» 
сияқты  баспасөз  орындарында  жарыққа  шығады.  Жазғандары  сол  уақытта  елімізде 
жүргізіліп жатқан науқандық саяси, шаруашылық, ағартушылық жайларды қамтиды. 
Сатираның  түрлі  компоненттерін  шебер  пайдалана  отырып,  жаңа  дәуірдегі 
жаңалықты  дұрыс  түсініп,  бағалай  алмай  отырғандарды,  жаңа  істердегі  игіліктерге 
кедергі  келтіріп,  бұрмалаушыларға  батыл,  қарымды  қаламын  қадайды.  Баспасөз 
қызметінде  аз  уақыт  істеген  кезінде  өзінің  әріптестерінен  жазу  техникасын  үйрене 
отырып,  тіпті  кейде  олардан  асып  түсерлік  дәрежедегі  журналист  ретінде  көзге 
түседі.  Оның  жазғандары  бірінен-бірі  өтерліктей  іргелі  де  айтары  мол  құнды 
материалдарға айналып, қалың көпшіліктің сый-құрметіне бөленеді. 


жүктеу 2,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау