Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 / 2015



жүктеу 2,17 Mb.
Pdf просмотр
бет19/68
Дата10.11.2018
өлшемі2,17 Mb.
#18800
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   68

     
 
 
41 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
Географиялық  зерттеулерде  статистикалық  мәліметтер  матрицасы  әртүрлі 
деңгейде  өңделіп,  қолданылады.  Солардың  ішінде  ранг  үлгісінің  әдісін    пайдалану 
[1].  Рангтерге  жіктеу  әдістемесі  ең  алдымен  экономикалық  және  әлеуметтану 
ғылымдарында  қолданылды.  ХХ  ғасырдың  70-шы  жылдары  барлық  ғылым 
салаларына  математикалық  әдістердің  кеңінен  енуімен  түсіндірілетін  «Сандық 
революция»  басталып,  осы  кезеңде  география  ғылымдарында  рангтерге  жіктеу 
үлгілеумен қатар енді. Географиядағы жүйелік ұғымдар мол сандық көрсеткіштерді 
жүйелеу, топтастыруда рангтерге жіктеуді қажет етеді. Дәл осы кезеңде америкалық 
ғалымдар  Р.Чорли,  Б.  Кеннеди  өз  еңбектерінде  рангтерге  жіктеуді  алғаш  рет 
географиялық жүйелерді зерттеуге пайдалану әдістерін жариялады 
[2].
  Жоғары  оқу 
орындары  мен  мектеп  географиясына  экономикалық,  әлеуметтік  көрсеткіштерді 
рангтерге  жіктеу  әдісі  арқылы  топтастыруды    алғаш  рет  ресейлік  географ  В.Н. 
Холина енгізген 
[3].
 
Қазіргі кезде бұл әдісті көптеген географиялық құбылыстар мен объектілердің 
сандық  көрсеткіштерін  өңдеуге  пайдаланады.  Қазақстанда  рангтерге  жіктеу 
география  саласында  өте  сирек  қолданылады.  Көбінесе  бұл  әдіс  экономикалық 
зерттеулерде  және  қоғамдағы  белгілі  бір  құбылыстар  мен  объектілердің  орнын 
көрсету үшін, мысалы, Қазақстандағы жоғары оқу орындарының рангтерін анықтау 
және т.б. 
Рангтерге жіктеу әдістемесі. Кейде бұл көрсеткіштер әртүрлі топқа жатады: 
халыққа қатысты немесе экономикалық деректер, тіпті жердің ауданына байланысты 
мәліметтерді  салыстыруға  тура  келеді.  Бұл  салыстыруды  күрделендіріп,  нәтиже 
алуымызды  қиындатып  жібереді.  Сол  үшін  әртүрлі  саладағы  көрсеткіштерді 
салыстыру Рангтерге жіктеу әдістемесінің көмегімен жеңілдетіп жүзеге асырылады. 
Бұл  әдістеме  әртүрлі  көрсеткіш  бойынша  нақты  рангтерін  анықтау  арқылы  оларды 
салыстыра  аламыз.  Алдымен  көрсеткіштер  берілген  жинақталған  кесте 
құрастырылып,  жинақталған  мәліметтер  негізінде  қанша  рангке  бөлетінімізді 
анықтаймыз.  Мысалы,  3  рангке  жіктейміз  десек,  әр  көрсеткіш  бойынша  3  ранг 
бойынша анықталады, яғни интервалды анықтаймыз: Х= 
max-min
 
 
                               

Мұндағы max – көрсеткіштің максимум шамасы, min – көрсеткіштің минимум 
шамасы, х – интервал. Осылайша, алынған статистикалық мәліметтер бойынша қай 
уақытта болғанына байланысты рангтері анықталады. 
1)  min көрсеткіштен у (min-х) көрсеткішке дейін; 
2)  у көрсеткіштен z (у-х) көрсеткішке дейін; 
3)  z көрсеткіштен max көрсеткішке дейін. 
Нәтижесінде, рангтер кестесі жасалады. 
Матрицаны  өңдеудің  келесі  сатысы  рангтер  жиынтығын  анықтау  және 
айырмаларын салыстыру болып табылады.  
Жіктеу  үлгілері.  Қазіргі  кезде  географиялық  зерттеулерде  жіктеу  үлгілері 
кеңінен  қолданыла  бастады,  олар  ақпаратты  жинақтап,  ретке  келтіру  арқылы  оны 
талдауға  мүмкіндік  береді.  Мұндай  үлгілер  құрастыру  географиялық  деректер 
матрицасын  жасауды  қажет  етеді.  Матрица  бағана-вектор  (а
1
,  а
2
,  а
3
)  қызметін 
зерттелетін аумақтық  бірліктер (аудан, облыс, ел және т.б.) атқарады, ал көлденең-
вектор (а
12
, а
13
 және т.б.) – әрбір аумақтық бірлікті сипаттайтын көрсеткіштер. 
 
Кесте 1 - Географиялық деректер матрицасының макеті [4]
 
Аумақтық бірліктер 
Көрсеткіштер 
а
1
 
а
11
 а
12
 а
13
 а
14
 а
15
 
а
2
 
а
21 
а
22 
а
23 
а
24 
а
25
 
а
3
 
а
31 
а
32 
а
 
а
34 
а
35
 


     
 
 
42 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
Осы  аталған  көрсеткіш  бойынша  Алматы  қаласындағы  қауіпті  табиғи 
құбылыстардың  бірі  жерсілкінісінің  бір  күнде  бірнеше  рет  қайталануы  арқылы 
рангтерге  жіктеліп  статистикалық-математикалық  үлгілеу  бойынша  авторлық 
тарапынан бағалау жасалынды.  
Жерсілкіну  әрекеттері  қозғалмалы  белдеулерде  жиі  байқалады.  Қазіргі 
уақытта  қала  аумағында  күшті  жерсілкінулер  пайда  болу  ықтималдылығы  өте 
жоғары болып келеді.  Алматыда болған  жерсілкінісін осы ранг әдісімен көрсететін 
болсақ, яғни 1-3 баллдық көрсеткіштің арасы 1-ші ранг, 3-5 балл аралығы 2-ші ранг, 
ал  5  баллдан  жоғары  болса  бұл  3-ші  рангке  жатады.  Математикалық  ақпараттық 
үілгілер  бойынша  ранг  көрсеткішінің  әдісімен  қауіпті  табиғи  құбылысының  (ҚТҚ) 
пайда  болуы  табиғи  және  табиғи-техногендік  факторлары  эндогендік  және 
экзогендік  үдерістер  кешенімен  және  антропогендік  фактормен,  жерасты  және 
жерүсті  суларымен  шарттасқан  табиғи  ортаның  аймақтық  қайта  өзгеруімен 
сипаттауға  болады.  ҚТҚ  заңдылықтарын  анықтау  үшін  бір  немесе  бірнеше  жылда 
қайталануы  бойынша  статистикалық  мәліметтерге  сүйене  отырып  жіктеу  арқылы 
бағалау жасалды [5].  
 
Кесте 2 - Алматы қаласындағы жер сілкінісінің қайталануы (авторлық құрастыру) 
 
№ 
Жылы, 
айы-күні 
Уақыты 
Қайталануы 
Балл 
 
   1. 
01.05.2011 
08:31-17:37 

5,4-4,9 
 1.1 

08:31 

5,4 
 1.2 

09:05 


 1.3 

10:07 

3,2 
 1.4 

13:41 

4,8 
 1.5 

15,13 

4,8 
 1.6 

17:37 

4,9 

31.05.2012 
03:56-20:30 

3,9 

29.01.2013 
10:29-12:50 

3,9-4,2 
3.1 

10:29 

3,9 
3.2 

11:29 

3,9 
3.3 

12:32 

4,2 
3.4 

12:50 

4,2 

14.08.2014 
03:15-21:15 

4,5 

05.02.2015 
04:58-05:05 

3,8-3,4 
 
Кесте 3 - Ранг бойынша көрсеткіш (авторлық құрастыру) 
 
№ 
Жылы, 
айы-күні 
Рангтер 
Қорытынды 
ранг 
1-ші 
көрсеткіш 
бойынша 
2-ші 
көрсеткіш 
бойынша 
3-ші 
көрсеткіш 
бойынша 

01.05.2011 



2,0 

31.05.2012 



2,0 

29.01.2013 



1,0 

14.08.2014 



2,0 

05.02.2015 



1,0 
 
 


жүктеу 2,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау