Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 / 2015



жүктеу 2,17 Mb.
Pdf просмотр
бет20/68
Дата10.11.2018
өлшемі2,17 Mb.
#18800
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68

     
 
 
43 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
5,4-3,4:3=2 
2+3,4=5,4  1 р 
5,4+2=7,4   2 р 
 
Осылайша, Алматы қаласында жиі болып тұратын жерсілкінісі 3 ранг кестесі 
бойынша  жасалынды.  Осы  ранг  әдісін  пайдалана  отырып,  басқа  уақыт  кезеңінде 
сипаттайтын  деректер  болса,  онда  табиғи  апатты  құбылыстың  біртіндеп  дамуына 
талдау  мүмкіндігі пайда болады.  Мәселен  2015 жылдың  9 маусымда Алматыда 10 
сағат бойы жауған жаңбыр селге ұласа жаздады.  
Алматыда 9 маусымда түнімен 
толассыз
 шелектеп жауған жаңбыр түске таяу 
басылды.  Бір  күн  алдын  ғана  ауаның  температурасы  +40  градусқа  дейін  көтеріліп, 
аптап ыстыққа шыдай алмаған қала тұрғындары сая таппай, әбігерге түскен. Жауған 
жаңбырдан  шаһардағы  үлкен  айналма  жолдардың  астында  су  жиналып,  көлік 
қозғалысы қиындады. Таулы аймақта лай ағынынан Шымбұлақ шатқалына баратын 
жолда да қозғалыс бірнеше сағатқа тоқтады. «Қазселденқорғау» ММ қызметкерлері 
жолды лай ағынынан құлаған ағаштар мен тастардан тазартуда. Секундына 11 метр 
жылдамдықпен  соққан  желдің  салдарынан  қалада  ағаштар  опырылып,  бірнеше 
жарықтандыру  желісі  үзілген.  Көшелердегі  суды  сору  үшін  арнайы  техника,  адам 
күші  жұмылдырылды.  Алматы  қаласының  Төтенеше  жағдайлар  жөніндегі  комитеті 
ұялы  телефондар  арқылы  алдын-ала  sms  жолдап,  таулы  аумақтарда  сел  қаупі 
болатынын ескертіп, тұрғындарды сабырлыққа шақырды. Алайда, тынбай жауған ақ 
жауын таңғы мезетте қаланың барлық аумағын шалшық суға толтырды. Техникалық 
ақаумен  тоқтап  қалған  көліктер  көше  кептелісін  туғызды,  бірақ,  жол  апаты  болған 
жоқ.  Бір  автокөлікті  тіпті,  су  ағызып  әкетті.  Автобустардың  өздері  күшті  ағынға 
шыдамай жарты жолда тұрып қалған. 
Алматынының  біраз  бөлігі  бір  түнде  су  астында  қалды.  Бірнеше  сағат 
толассыз жауған нөсердің суы ағып үлгермей, көшелерді басқан. Салдарынан көлік 
қозғалысы  қиындап,  жұрт  ұзын-сонар  кептелісте  тұруға  мәжбүр  болды.  Кей 
жерлерде  тіпті  ағын  суға  шыдамай  жолдар  қақ  айырылған.  Нөсер  жауынға  көп 
қабатты тұрғын үйлердің шатырлары да төтеп бере алмай, пәтерлердің төбесінен су 
сорғалады.  Су  соратын  ққрылқынық  кқмегқмен  суды  сорып  тазартулар 
жасалды.Түндегі  нөсер  жабындыны  жұлып  әкетіп,  жұртты  әбігерге  салды.  Төбеден 
сорғалаған су жоғары қабаттағы пәтерлерді түгел жайлаған. 
 
 
 
1-сурет. Алматы қала көшесіндегі жауын суы (9 маусым 2015ж.) 
 
Шелектеп  жауған  жауыннан  кәдімгідей  су  басып  қалды.  Электр  сымдарына 
да  ақаулар  болып,  су  алған  бірнеше  үйлер  жарықсыз  қалды.  Ал  «Қазгидрометтің» 
мамандары  алда  күн  тағы  бұзылып,  тіпті  бұршақ  жауады  деп  болжауда.  Дегенмен 


     
 
 
44 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
көкте күннің көзі көрініп, селдің қаупі сейіліп, ауаның температурасы қайта көтеріле 
бастады.  «Қазгидрмет»  орталығының  берген  мәліметі  бойынша  түс  қайта  ауаның 
температурасы +20 градустан асты [3].  
Қауіпті  апаттар  аса  динамикалық  үдерістермен  байланысты  болып 
табылады.  Бұл  құбылыстардың  ерекшелігі  олардың  пайда  болу  мерзімінің 
белгісіздігі  мен  тигізетін  салдардың  біртекті  еместігінде.  Сондай-ақ  бұл 
құбылыстардың  қалыптасуы  мен  дамуы  ерекшелігі  қарастырылып  отырған 
аумақтың  географиялық  жағдайымен  тығыз  байланысты.  Қауіпті  табиғи 
құбылыстардың  даму  заңдылықтарын  айқындау  және  табиғи-техногендік 
жүйелердің тұрақтылығын бағалау өзекті мәнге ие болып отыр. Сол себепті қауіпті 
апаттар  мәселесін  қазіргі  таңда  ғылыми-техникалық  жетістіктерді  және  табиғи 
ортаға адам әрекеттері әсерінің артуын ескере отыра зерттеледі. 
Кез-келген аумақта қауіпті табиғи құбылыстар мен апаттардың көрініс беруі 
өзіндік ерекшелікке ие болып келеді. Қауіпті табиғи құбылыстар аймақтық геожүйе 
жағдайын  анықтайды  және  әртүрлі  физикалық-географиялық  ортада  дамиды. 
Сондықтан  да  қауіпті  табиғи  құбылыстарды  зерттеудің  әдістемелік  аспектісін 
айқындау  және  физикалық-географиялық  жағдайы  апатты  табиғи  құбылыстардың 
көрініс  беруінің  алғышарты  ретінде  қарастырып,  зерттелу  аумағы  бойынша  қауіпті 
табиғи құбылыстардың көрініс беру құрылымы мен динамикасына талдау жасалып, 
географиядағы үлгілеу әдістері арқылы бағалауға болады. Сондықтан географиялық 
зерттеулердегі  дәстүрлі  міндеттерді  шешу  матрицамен  жұмыс,  картография  және 
алынған нәтижелерді қорытындылауды қамтиды. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  Абдиманапов  Б.Ш.  География  природных  опасностей  и  рисков:  учебник  – 
Алматы / КазНПУ имени Абая, 2012. – 240 с. 
2.  Боранқұлова  Д.М.,  Дуйсенова  А.Ж. 
Физикалық-географиялық  жағдайы 
апатты табиғи құбылыстардың көрініс беруінің алғышарты ретінде. Ізденіс. -2015. -
№2. 254-258 б.
 
3.  http://egemen.kz/2015/06/09/65729. 
4.  Бейсенова  Ә.С.,  Каймулдинова  К.Д.,  Абдиманапов  Б.Ш.  т.б.  Алматы 
қаласының әлеуметтік-экономикалық даму мүмкіншіліктері / Монография – Алматы. 
Абай атындағы Қаз ҰПУ. «Ұлағат» баспасы, 2013. – 136 б. 
5.  Холина  В.Н.  География  человеческой  деятельности:  экономика,  культура, 
политика. 10-11 классы – М.:2001.-352 с. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


     
 
 
45 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                                       
 
 
 
 
                 ЮРИСПРУДЕНЦИЯ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


жүктеу 2,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау