46
І.
Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
ӘОК 347.78
АЗАМАТТЫҚ ДАУЛАРДЫ ШЕШУДІҢ ЖАҢА ЖОЛЫ РЕТІНДЕ
МЕДИАЦИЯНЫҢ ДАМУ ЖОЛЫ
Амирова Бота Кыдырханқызы, з.ғ.м.,
аға оқытушы
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы,
botaa_1981@mail.ru
Мақалада Қазақстан Республикасында кейінгі кезде қолданыста жүрген
медиация институтының қалыптасуы және тараптар арасындағы даудың соттан тыс
өзара келісімге келу арқылы шешу жолдары туралы айтылды.
В статье рассматривается, вопросы относительно расширение сферы
примирительных процедур, включая медиацию в Республике Казахстан, даются
мнения авторов по этому поводу. Это процедура урегулирования разногласий с
помощью незаинтересованного лица, который помогает сторонам в ведений
переговоров и способствует достижению между ними соглашения.
The article discusses questions about expanding conciliation procedures, including
mediation in the Republic of Kazakhstan, given the authors ' views on this. This is a
procedure for settling differences through a neutral person who assists the parties in
negotiating and contributes to the reference between them.
Кілт сөздер: Медиация, Бітімгершілік, Елбасы, Би, Заң, Қоғам,
Конвергенция
Азаматтық қоғам институттарының жан-жақты дамуы, мемлекет пен қоғам
қатынастарының үйлесімділігі бағдарының нәтижесінде мемлекеттік және қоғамдық
институттардың неғұрлым белсенді өзара іс-қимылына конституциялық тыйымдар
мен шектеулер алып тасталды, бүгінде біздің елдің ішкі жағдайы мен
қажеттіліктеріне толықтай сай келетін жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі
жаңартылды.
Сот төрелігін іске асыру кезінде соттардың тәуелсіздігін нығайтуға
бағытталған сот-құқықтық реформаның жаңа кезеңіне конституциялық деңгейде
қарқын берілді. Жүргізілген реформа осылайша мемлекет пен қоғам институттарын
одан әрі демократияландыруға бағытталған. Конституцияда танылған осы жүйелі
шешімдердің барлығы Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасында одан
әрі іске асуға тиіс.
Сонымен қатар, әлемдік экономика мен саясатта болып жатқан іргелі
өзгерістер, жаһандану процестері, сондай-ақ елдің ішкі даму серпіні қол жеткізгенге
тоқмейілсуге мүмкіндік бермейді. Ұлттық құқықтың уақыттың жаңа талаптарына
сәйкестігін қамтамасыз ету, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ХХІ
ғасырдың перспективаларына сай келмейтін құқықтық догмалардан түпкілікті
арылып, мемлекеттің норма түзушілік және құқық қолдану қызметін одан әрі
жетілдіру қажет.
Қазақстан үшін батыл мақсатты айқындау – 2050 жылға қарай әлемнің ең
дамыған 30 мемлекетінің қатарына ену – адам, қоғам өмірінің сапасын арттыру және
мемлекеттілікті нығайту үшін елдің жүргізіп отырған бағытын тиімді қамтамасыз
етуге тиіс ұлттық құқықтық жүйеге жоғары талаптар қояды [1].
Сондықтан қазақстандық құқықтық жүйе құқықтарды қорғауды қолданудың
қолайлы әрі сенімді болуы мәселелерінде әлемнің дамыған елдерінің заңнамасымен
тең бәсекеге түсе алуы тиіс. Жалпы жаһандану және әлемдік бәсекелестіктің өсуі
жағдайында көптеген елдер құқықтық жүйелерін жаңғырту және оларды адамның