ЖанқҰл тамараасар қалниязқызы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет9/82
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17040
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   82

22 
 
қамтамасыз  етеді.  Шет  елдік  ғалымдардың  зерттеуіндегі  көзқарас  бойынша 
интеллекттің ашық, бір-бірін қайталайтын тәсілдері ұсынылған [22].  
Интеллекттің  мұндай  тұжырымдамалық  ұқсастығы  олардың  тәжірибелік 
мәнінде  де  айтылған.  Джонс Дей анықтағандай әлеуметтік, эмоционалдық және 
тәжірибелік интеллект негізіндегі түсінікте мәселенің шешімін табу мен білімді 
қайта  қалпына  келтіру  қабілетінің  әдістемелік  білімі  мен  түсініктемесі  жатыр 
[23]. Басқаша айтқанда, табысты адамның басты белгісі шынайы өмірде және іс-
әрекетінде когнитивті және метакогнитивті білімді тиімді қолдану қабілетін өзара 
әрекеттестікте жүзеге асыру болып табылады.  
Қазіргі  қоғамдағы  мұндай  маңызды  кешенмен  келіспеуге  болмайды,  себебі 
жылдам  өзгеріп  жатқан  жағдайға  байланысты  адамды  табыстылыққа  жеткізудің 
бірден  бір  жолы  болып,  оның  кәсіби    қызметіне  сай  және  жаңа  әлеуметтік 
жағдайға жауап беретін мінез-құлқын түзеуден талап етіліп отыр.  
Осыған  байланысты  аталған  интеллект  бағыттарына  сәйкес  олардың 
зерттеудегі  атаулары,  жеке  құрамдары  мен  күрделі  құрылымдары  өзгеріске 
ұшырайды.    
Әрбір  интеллект  байланысына  сүйене  отырып  жалпы  қорытындылар  мен 
өзіміздің негізгі бағытымызды қарастырайық. 
Әлеуметтік  интеллект  ұғымын  талдау  нәтижесі  осы  ұғымды  ғалымдар  әр 
қырынан  түсінетіндігін  көрсетті,  атап  айтқанда:  адамдардың  өзара  байланысы 
арасындағы  табыстылықты  қамтамасыз  ету  қабілеті  (Оллпорт,  Э.Торндайк); 
әлеуметтік  ақпаратты  табысты  өңдеу  (М.Форд);  когнитивті  құзыреттілік 
(Э.Э.Сьшанюк);  коммуникативті  құзыреттілік  (Е.О.Смирнова);  тиімді  қарым-
қарым  қатынас  жасауына  қарай  когнитивті  құрам,  ақпараттық  мінез-құлық 
танымына қарай шығармашылық қабілет ( Дж.Гилфорд) [24-29].  
Сонымен,  авторлардың  кеңінен  қолданылатын  ұғымы  тұрғысынан  
әлеуметтік интеллект – шынайы әлеуметтік танымның қабілетіне ие. Сол себепті 
біздің  зерттеуімізде  тұлғаның  интеллектуалды  дамытуда  ұлттық  музыканың 
қызметін әлеуметтік аспект ретінде қолданамыз.  
Эмоционалдық  интеллект    ұғымын  зерттеу  оның  әлеуметтік  интеллектке 
қарағанда  аз  зерттелгенін  байқатты.  Дегенмен  эмоционалдық  интеллекттің  
психологиялық  ойлау  үдерісінің  дамуынан  талап  етілетіндігі    С.Л.Рубинштейн, 
Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, О.К.Тихомировтың еңбектерінде кең 
қарастырылған [30-34].   
С.Л.Рубинштейннің  пайымдауынша  эмоционалдық  немесе  аффективті 
интеллект  –  бұл  тек  қана  танымдық  үдерістің    арнайы  бағыттағы  іс-әрекеті. 
Оның ойынша, эмоционалдық үдеріс  бір-біріне қарама-қарсы іштей танымдық 
үдеріске  қарсы  тұра  алмайды.  Адамның  эмоциясы  танымдық  үдерістегі 
бірыңғай 
эмоционалдық 
және 
шығармашалық 
бейнені 
құрайды. 
С.Л.Рубинштейн  эмоцияны  «бірыңғай  уайым  мен  таным»  ретінде  және 
тұлғаның өміріндегі біркелкі эмоциясы ғана емес, оның эмоционалдық немесе 
аффективтілік,  интеллекттің  ішіндегі  ішкі  шығармашылық  эмоциясы  деп 
қарастырады [32, 48 б]. 


23 
 
Сонымен  қатар,  ол  эмоционалдық  интеллект  шығармашылық  үдерісті 
эмоцияның қатысынсыз болмайды деп тұжырымдайды [32, б. 254].   
Л.С.Выготский 
барлық 
 
адамның 
эмоциясы 
шығармашылыққа 
негізделетінін  айтады.  Эмоционалдық  және  шығармашылық  ойлау  үдерісі 
арасында  заңнамалық  бар:  эмоцияның  дамуы  ойлаудың  дамуымен  тікелей 
жүреді;  эмоция  ойлау  үдерісінің  бір  құрамы  ретінде  оны  ынталандыру  мен 
ойлауды реттеуге қатысады [33, б. 126].  
А.Н.Леонтьев 
ойлаудың 
эмоционалдық 
(аффективті) 
реттеуге 
негізделетінін айтады  [34, б. 75]. Танымдық объектінің мәні мен субъект мәні 
(тұлғалық түсінік) арасында айырмашылықтар бар екендігін негіздейді.  
А.Р.Лурия  эмоция  мен  ойлау  арасында  байланыс  бар  екендігін  жоққа 
шығармайды. Оның жұмысында субъективті бейнедегі сезім мен қабылдаудың 
формасын  кодтау  арқылы  ішкі  және  сыртқы  әлемдегі  ақпарат  жөнінде  миға 
түсетін іс-әрекет үдерісін бағалаудағы эмоцияның маңызды бөлігі айқындалған. 
Эмоция  –  объективті  әлемдегі  субъективті  бейненің  қалыптастыру  үдерісі,  ал 
осы  бейне  «өнімдерді»  көрсететін  үдеріс.  А.Р.Лурияның  пікірінше  
эмоционалдық  іс-әрекет  тұлғаның  ағзасындағы    үнемі  қаиысатын  немесе 
уақытша  бағдарламалардың  орныққан  іс-әрекеттерінің  мидағы  бейнесі  деген 
қорытынды жасайды [33].  
О.К.Тихомиров  мектебіндегі  «эмоционалдық  ойлау»  түсінігі  батыс 
терминіндегі  «эмоционалдық  интеллект»  түсінігіне  жақын  келеді.  Ол  
эмоционалдық  күйдің    міндеттерді  шешу  үдерісіне  қатысатындығын 
дәлелдейді. Ойлаудың атқаратын қызметі барлық эмоционалдық жағдайлардан, 
атап  айтқанда  аффект,  эмоция  және  сезімнен  талап  етіледі.  О.К.Тихомиров  
эмоция  мен  ойлаудың  арасындағы  байланысты  эмоционалдық  жағдайда 
орындалатын  әр  түрлі  ойлауды  реттейтін,  эвристикалық  іс-әрекеттен  іздейді. 
Оның  зерттеуінде  ойлаудың  атқаратын  қызметі    эмоционалдықпен 
қабылданатын, реттелетін шығармашылық іс-әрекет саналады [34]. 
А.А.Бодалев  өзінің  зерттеуінде  эмоционалдық  қабілетті  адамдардың 
әлеуметтік  дарындылығы    деп  есептейді.  Ол  осы  тұрғыдан  қоршаған  ортамен 
қарым-қатынасқа  түсудің    психологиялық  негізі  болып  табылатын 
шығармашылық,  эмоционалдық  және  коммуникативтік  қабілеттің  бірлестікте 
жүзеге асуын қарастырады [35].  
Адам  өміріндегі  табыстылықтың,  жетістіктің  маңыздылығы  эмоциядан 
талап  етілетінін  E.Яковлева  да    негіздеген.  Ол  өзінің  анықтамасында: 
«Эмоционалдық  қабілет  –  интеллектпен  қатар  өзінің  басқа  да  барлық  жақсы 
дағдыларын бір уақытта қолдана алатын адамның көп қабілетінің бірі». Ол одан 
әрі  қарай  «эмоционалдық  интеллектті»  өзінің  эмоциясын  тану,  эмоцияға  ие 
болу, басқа адамдардың эмоциясын түсіну деп, түсіндіреді [36].   
Осы  айтылып  өткендер,  барлық  ғалымдардың  интеллектуалдық    дамуды 
«эмоцияны  түсінуден»  талап  етілетіндігін  жоққа  шығармайды.  Және  оларға 
төмендегіше сипаттама береді:  
–  өзінің, басқа адамдардың эмоциясын қабылдауы (эмоцияны анықтау); 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау