ЖанқҰл тамараасар қалниязқызы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет11/82
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17040
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   82

26 
 
Кесте    2  –  Әдебиеттердегі    «интеллектуалды  даму»  ұғымына  берілген 
анықтамалар  
 
Авторлар 
Анықтамалар мазмұны 
В.Штерн  
«жеке  тұлғаның  жаңа  талапқа  бейімделудегі  өзінің 
ойлау мүмкіндігін рационалдық қолдану  қабілеті» 
Векслер 
«өзінің  қоршаған  ортасына  тиімді  әсер  ету  мен 
ақылмен  ойластыру,  жеке  тұлғаның  күрделі  және 
жаһандық қабілетін мақсатты қолдану»  
С.М.Вишняков  
«...ойлаудың 
әртүрлі 
типтерін 
қолдану 
(эмпирикалық,  бейнелік,  тоериялық,  нақты-тарихи, 
диалектикалық  және  олардың  бірыңғайлығы)  мен 
меңгерудегі қабілетті қалыптастыру»  
Р.С.Немов 
«логикалық ойлау мен сөйлеуді дамыту»  
А.В.Басов,   
Л.Ф.Тихомирова 
«абстрактілі  ойлау  формасының  негізін  дамыту 
(түсінік, талдау, ақылмен қорытындылау)» 
А.К.Маркова 
«интеллекттің сапалық және сандық өзгеруі»  
И .Я. Лернер 
«өзінің  іс-әрекетінде  пайда  болған    жаңа  білімдерді 
тереңдету және жан-жақты қолдану»  
Б.Г.Ананьев 
«психикалық  іс-әрекеттің  дамуы  (шынайы  ритм, 
жеке темп және т.б.)» 
Л.С.Выготский 
«түсініктің  дамуы  мен  тереңдеуі»,  «жәй  түсініктен» 
«ғылыми түсінік» бағытына өтуі   
Ж.Пиаже 
«интеллекттің даму кезеңіндегі баланың нерв жүйесі 
мен организмінің дамуы»  
Т.Б.Кенжебаева 
«интегралды 
және 
жоғары 
деңгейде 
дифференцациялайтын  қабілет  ретінде,  біртұтас 
құндылықтарды 
тудыратын 
операциялардың 
жиынтығы,  субъект  пен  объект  арасындағы  өзара 
әрекеттестіктің  ерекше  формасы  және  адамның 
ойлау-танымдық  қабілеттерінің  жаңа,  саналы, 
сапасы» 
 
Кестеде  берілген  авторлар  анықтамалары  көрсеткендей,  «интеллектуалды 
даму» психологиялық және педагогикалық екі тәсілге бөлінеді. Психологиялық 
деңгейде  тұлғаның  бойында  нақты  әлеуметтік  жағдайда  қандай  түзілімді 
қалыптастыруға  болатындығы    анықталады.  Педагогикалық  деңгейде 
әлеуметтік  талапқа  сай  болу  үшін  тұлғаның  бойында  қандай  түзілім  болу 
тиістігі қарастырылады [46].   
Біздің  зерттеу  пәніміз  -  қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы  болашақ 
мұғалімдерді  интеллектуалды  дамытуға  И.Я.Лернердің  тұжырымы  сәйкес 


27 
 
келеді. Өйткені ол  білім алушыларды дамытуда ұлттық музыканың танымдық 
мүмкіндігі негізінде олардың  интеллектінің даму деңгейін анықтау барысында 
«осындай жаңа құрылымды іс-әрекетінде әмбебап қолдануда өзінің мүмкіндігін 
тереңдететін тұлғалық жаңа түзілімнің  дамуын ұсынады» [47].   
Э.Ф.Зеер  тұлғаның  қалыптасуы  мен  дамуын  күрделі  мәселе  деп 
қарастырады.  Тұлғаның  даму  түсінігін  психиканың  сапалық  және  сандық 
өзгеруінің    тұтастай  жалғасы  ретінде  сипаттайды.  Психикалық  даму  әрдайым 
жаңа  нәрсенің  дамуы  ретінде  пайда  болады.  Тұлғаның  дамуы  оның  басты 
негізгі тәсілі болып табылады. Тұлғаның қалыптасуы өзін-өзі дамыту мен өзін-
өзі  талпындырудағы  өзіндік  белсенділігі  мен  әлеуметтік  жағдайдың  әсерінен 
тұлғаның  мақсатты  түрде  алға  жылжудағы  үздіксіз  өзгерісін  қарастырады. 
Тұлғаныі  қалыптасуы  барысында  оның  дамуға  қажеттілігі,  мүмкіндігі  мен 
талап-сұраныстарына жауап берушілік қарастырылады [48].  
Жоғарыда  көрсетілгендерді  ескере  отырып,  тұлғаның  дамуын  «адамның 
психикасы  мен  нерв  жүйесінің,  организмінің  сандық  және  сапалық    өзгерісі» 
деп  түсінеміз.  Тұлғаның  даму  іс-әрекетіндегі  тәсілдің  сапалық  қайнар  көзі 
тұрғысынан  қоғам  қарастырылса,  оның  дамуындағы  жылжытушы  күштің 
сапасы  –  пәндік  іс-әрекет  жүйесіне  және  оны  еңсеруге  қарама-қарсы  болады. 
Адамның  дамуын  қамтамасыз  етуші  негізгі  қарама-қарсылық  даму  қабілетіне 
өтудегі  тікелей  ынталандырудың  іс-әрекеттік  талабының  әсерінен  болады. 
Өйткені дамудың жүзеге асуы барысында  іс-әрекеттің сұранысы мен тұлғаның 
қабілеті арасында қарама-қарсылық болады. Сапалық өзгерістегі тұлғаның даму 
үдерісі алдымен танымдық саладағы шығармашылық дамуда болады [49].  
Осылайша, 
әдебиеттерге 
жасалған 
талдау 
негізінде, 
біз 
«интеллектуалдық даму», «интеллект» түсінігінің мазмұны мен мәнін түсіну, 
интеллект  туралы  теориялық  тұжырымдарды  тереңдету,  интеллект 
түрлері  арасындағы  өзара  байланыстың  факторларын  ашу  мен  анықтауда 
келесі қорытындылар жасадық:  

 
ғалымдардың  еңбектерін  талдауда  интеллекттің  әртүрлі  түрлерінің 
(әлеуметтік,  эмоционалдық,  тәжірибелік  және  т.б.)  дәстүрлі  интеллектпен 
байланыста  түсінуді  (басты  және  жекелей  интеллект  қабілеттері),  оған  сәйкес 
тұлғаның  ұлттық  музыка  құралдары  арқылы  интеллектуалды  дамуы  осы 
байланыстардың  механизмін  және    интеллектуалды    қабілеттерді  дамыту 
үдерісінің сипаты мен өзарақатынастарын терең зерттеуді болжайды; 

 
ұлттық  музыканың  құралдары  арқылы  тұлғаның  интеллектуалды 
дамуы  академиялық  интеллектті  интеллекттің  барлық  түрлерімен  байланыста, 
яғни  тұлғаның  психикасының  танымдық  жақтары  мен  тұлғалық  даму  
ерекшеліктері  байланысында  жүзеге  асырады.  Ал  бұл  болса,    бізге 
студенттердің  ұлттық  музыка  арқылы  интеллектуалды  дамытуды,  олардың 
тұлғалық дамуымен үзіліссіз байланыста зерттеу қажеттігін көрсетеді; 

 
ұлттық музыканың құралдарымен тұлғаның интеллектуалды дамуы 
адамның  белгілі  бір  мінез-құлық  қабілеттерінен  көрінеді,  адамның  әлеуметтік 
шындығымен өзара әрекеттестіктегі іс-әрекет түрлеріне талап етіледі;  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау