20
1 – кестенің жалғасы
1
2
K.M.Гуревич,
Е.И. Горбачева
«ақпараттарды қолдану мен өңдеу, сілтемелерді
алу, жағдайлар мен іс-әрекеттердің әрбір адамға
тән психофизиологиялық механизмі»
М.А.Холодная
«болып жатқан оқиғаны түсіну мен тиімді
қабылдаудың мүмкіндігін қамтамасыз ететін,
ментальдық
(ақыл-ой)
тәжірибесіндегі
тұлғалықты
ұйымдастыру
формасының
ерекшелігі»
В.Штерн
«жаңа өмірлік жағдайға бейімделудегі жалпы
мүмкіндік»
Л.Полани
«білімге ие болудың бір бөлігі»
В.Н.Дружинин
«адамның жаңа жағдайға табысты бейімделудің
жалпылығын анықтайтын кейбір тәсілдер»
П.Я.Гальперин
күрделі біріктірілген білім беру әртүрлі
танымдық үдерістер мен іс-әрекеттерді (ойлау,
жады, көңіл) және олардың байланысын
қамтиды
Кестеде берілген анықтамаларды талдау нәтижесі ғалымдардың
«интеллект» ұғымын оқу мүмкіндігі, психикалық қасиет, танымдық қабілет,
ақыл-ой үдерісінің жылдамдығы, ойлау қабілеті, жауап беру мүмкіндігі,
танымдық
бейімделу
мүмкіндігі,
ақыл-ой
жиынтығы
тұрғысынан
қарастырғанын көрсетеді.
Біздің зерттеуімізге жақын келетін еңбек Т.Б.Кенжебаеваның «Болашақ
мұғалімдердің зияткерлік әлеуетін дамыту» атты зерттеуі. Мұнда «интеллект –
интегралды және жоғары деңгейде дифференцациялайтын қабілет ретінде,
біртұтас құндылықтарды тудыратын операциялардың жиынтығы, субъект пен
объект арасындағы өзара әрекеттестіктің ерекше формасы және адамның ойлау-
танымдық қабілеттерінің жаңа, саналы, сапасы» тұрғысынан қарастырылады
[15].
Философиялық, психологиялық-педагогикалық еңбектердегі түсініктерді
жинақтап, қорыту негізінде С.И.Ожегов «интеллект» түсінігіне мынадай
анықтама береді: «интеллект дегеніміз адамның ақыл-ой бастамасындағы
ойлау мүмкіндігі» [16].
Сондай-ақ, М.А.Холодная интеллект түсінігін «жеке тұлғаның
субъективті мүмкіндігін қамтамасыз ететін «ішкі» жүйе» тұрғысынан
негіздейді. Мұндай теориядағы интеллекттің негізгі мәні – «әлемдегі білім
объектісін қабылдауға байланысты болатын бейнелеу ерекшелігін құрастыру»
болса, онда интеллект тиімді қабылдаудың мүмкіндігін қамтамасыз ететін
ментальдық (ақыл-ой) тәжірибені жеке ұйымдастыру формасындағы ақыл-
парасат тұрғысынан негізделеді [17]. Ұлттық музыка арқылы жеке тұлғаның
21
дамуындағы интеллектті қарастыратын авторлар интеллект түрлерінің
мүмкіндігі жалпы психикалық құрамның көп жақтылығы мен көп арналығы
ақыл-ойдың жалпы іс-әрекетін құрайды деген тұжырымға келген. Осы жерде
көптеген зерттеушілердің нәтижелеріне сүйенетін болсақ балалар мен ересектер
арасында тест көрсеткішіндегі интеллект шығармашылық пен табысты оқуда
жақсы бейнеленбесе, әлеуметтік, эмоционалдық дамуындағы нәтижелер
тұрғысынан жалпы өмірде шығармашылық табысқа жететіні анықталған.
Дегенмен, олардың өмірдегі жетістікке жеткен артықшылықтары жоғары
болғаны соншама, олар әлеуметтік жағдайын қамтамасыз етіп қана қоймай,
жоғары таланты мен дарындылығын көрсете алады.
Жоғарыда интеллект ұғымына берілген анықтамалар бір-біріне қайшы
келмейді, көп жақты теорияларды да білдірмейді, керісінше әрбір анықтама
интеллект ұғымының әр қырын ашып, бірін-бірі толықтыра түседі.
Ғалымдардың жалпыға ортақ қабылданған көзқарастарында интеллект екі
құрылымға бөлінеді. Вербальды интеллект – білімнің артықшылығына қол
жеткізудегі логикалық тірек формаларын жүзеге асыратын біріктірілген білім
беру іс-әрекеті. Вербальды емес интеллект – кеңістік және көру бейнесіндегі
көрнекіліктік – іс–әрекеттік ойлауды дамытуына байланысты біріктірілген
білім беру іс-әрекеті.
Интеллект ұғымын жан-жақты қарастырған ғалымдардың бірі Г.Айзенк.
Ол шет елдік психологияда интеллекттің үш түрлі бағытта қарастырылғанын
көрсетеді:
– биологиялық интеллект (Ф. Гальтон, К.Спирман, К.Берт) генетикалық
фактордағы маңызды рөл ойнайтын табиғи іс-әрекет пен құрылымның негізгі
байланысындағы танымдық мінез-құлықтың басты биохимиялық және
гормоналдық, нейрологиялық, физиологиялық іс-әрекетін құрайды;
– психометриялық интеллект IQ тесті арқылы өлшенетін биологиялық
интеллект (70%) және факторлардың құралдарын (мәдени факторлар, білім
беру мен әлеуметтік-экономикалық бедел) құрайтын 30% табысты анықтамаға
қатысты болып келеді;
– әлеуметтік интеллект IQ тестінің деңгейі арқылы анықталатын басқа да
факторлардағы тұлғаның әлеуметтік бейімделу үшін IQ тестін тұтастай
қолданудан тұрады [18].
Соңғы жылдары академиялық емес интеллект формаларын зерттеуге
қызығушылық артты. Олар интеллектті әлеуметтік интеллект [19];
эмоционалдық
интеллект
[20];
тәжірибелік
интеллект
тұрғысынан
қарастырады[21].
М.Ермаганбетов, Л.Нарикбаева сынды қазақ ғалымдарының анықтамасында
«академиялық емес интеллект»
өмірлік мақсаттағы және кәсіби қызметтегі
табысқа жету қабілетінің шынайы іс-әрекеттегі (әлеуметтік, эмоционалдық және
тәжірибелік ақыл-парасаттың қабілеті) адаммен тиімді байланыстағы қабілетіне
ие болуы делінген. Ғалымдардың ойынша мұндай интеллекттің түрлері тұлғаның
даму деңгейіндегі нақты іс-әрекет пен өмірдің табыстылығын жүзеге асыруды
Достарыңызбен бөлісу: |