14
- студенттерді
қазақ ұлттық музыкасы арқылы интеллектуалды
дамытудың әдістемесі жасалды;
- «Қазақ ұлттық музыкасы арқылы тұлғаның интеллектуалды дамуы»
атты
элективті курсы дайындалып, тиімділігі іс-тәжірибеде тексерілді;
- зерттеу жұмысының барысында алынған нәтижелер мен олардың
негізінде дайындалған нақты ғылыми-әдістемелік ұсыныстарды, зерттеу
материалдарын педагогикалық жоғары оқу орындарының, педагогикалық
колледждердің, жалпы білім беретін мектептердің тәжірибесінде, педагог
мамандардың біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау жүйесінде пайдалануға
болады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- студенттің қазақ ұлттық музыкасы арқылы интеллектуалды дамуы
дегеніміз болашақ мұғалімнің өзінің кәсіби іскерлігіне әлеуметтік
жауаптылығының артуына, рухани-адамгершілік тұлғасының кемелденуіне
мүмкіндік жасайтын, ұлттық музыканы эмоционалдық-құндылық тұрғысынан
игеруіне бағытталатын, ойлау іс-әрекеттерінің тәжірибесі жинақталатын,
интеллектуалдық және арнайы музыкалық қабілеттері дамитын біртұтас
үдеріс;
- студенттің қазақ ұлттық музыкасы арқылы интеллектуалды дамуы
үдерісі
қажеттілік-ынталандырушылық,
когнитивтік,
эмоционалдық-
құндылықтық және іс-әрекеттік-рефлексивтік құрамдас бөліктерінің бірлігін,
оған сәйкес өлшемдер мен көрсеткіштерді қарастырады;
- студенттің қазақ ұлттық музыкасы арқылы интеллектуалды дамуы
жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үдерісінің барлық құрамдарын қамти
отырып, оның барлық қатысушыларының өзара іс-әрекеттестігі мен үздіксіз
мониторингі негізінде жүзеге
асырылады;
- студенттің қазақ ұлттық музыкасы арқылы интеллектуалды дамуы
мынадай
психологиялық-педагогикалық
шарттарды
сақтаумен
қамтамасыздандырылады: оқу-тәрбие үдерісінде студенттердің субъектілік
орнын қамтамасыз ету; студенттерді жеке іс-әрекетке қатыстыру; оң
интеллектуалдық-дамытушылық орта мен жағымды психологиялық климат
құру; қазақ ұлттық музыкасы арқылы студенттерді интеллектуалды дамытудың
әдістері, формалары, технологияларын белсенді қолдану; қазақ ұлттық
музыкасы арқылы студенттерді интеллектуалды дамытудың өзіне тән
ерекшеліктерін ескеру.
Зерттеу нәтижелерінің мақұлдануы
Зерттеу жұмысының негізгі тұжырымдары, теориялық және практикалық
нәтижелері халықаралық конференцияларда талқыланды:
- International Scientific and Practical Conference. Topical Researches of the
World Science. June 20-21. Vol.1. (Dubai, UAE, 2015);
- «Повышение квалификации и профессиональное совершенствование
педагогов» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция (Алматы,
2015);
- «Шағын жинақталған мектептің білім беру үдерісіндегі интеграция мен