ЖанқҰл тамараасар қалниязқызы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет55/82
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17040
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   82

118 
 
Қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы  педагогикалық  жоғарғы  оқу  орындары 
студенттерін интеллектуалды дамытудың маңызды рөлі «Фольклорлық аспап» 
курсын таңдау болып табылады. Курстың мақсаты педагогикалық іс-әрекет пен 
тәжірибелік  орындаушылыққа  дайын,  педагогикалық  және  концерттік 
орындаулардағы  өзіндік  жұмыстарға  қажетті  және    фольклорлық  аспаптарда 
(сазсырнай, шаңқобыз, шертер, сыбызғы) ойнаудың негізгі дағдыларын, жоғары 
кәсіби деңгейін меңгерген мамандар даярлау  табылады. Курсты оқу барысында 
студенттер фольклорлық аспаптың мүмкіндігінің мәнерлігі, сызықтар, тембрлік 
бояулар, диапазон, дыбысты шығару ерекшелігін меңгереді. Курстың мазмұны 
қазақ халқының аспаптық ән-күйін, сондай-ақ фортепианоның сүйемелдеуімен 
орындалатын  отандық  және  шет  елдік  композиторларының  күрделі  емес 
күйлерін  қамтиды.  Осы  пән  үшінші  курстағы  "Фольклорлық  ансамбль  мен 
"Халық  аспаптар  оркестрі" пәнін  меңгеруге  дайындық  кезең  болып  табылады.  
Осы  курстың  тақырыптар  мазмұны  тұлғаның  интеллектуалды  дамуындағы 
ұлттық аспаптардың рөлі мен  маңызы; аспаптарда ойнау қабілетінің ойлау 
психикалық  үдерістерімен  байланыстылығы,  шығармашылықпен  орындауда 
ойлау  шыңына  қол  жеткізу,  ұлттық  аспаптарға  құрмет  пен    сыйластықты 
дамытудың    тұлғалық  өсуге  ықпалы  туралы  материалдармен;  сондай-ақ, 
тұлғалық өсу мен интеллектуалды дамудың өзара тығыз байланыста жүзеге 
асуын негіздейтін ақпараттармен толықтырылады.  
Танылу  кезеңі  (оқытудың  3  курсы)  практиканың  оқу-кәсіби  іс-әркетінде  
болашақ мұғалімдердің  қазақ ұлттық музыкасы арқылы интеллектуалды дамуы 
белгілерінің  пайда  болуы  мен  қалыптасуына  бағытталады.  Мұндай  кезең 
«Фольклорлық  ансамбль»  пәнінің  кешеніндегі  «Концертмейстерлік  сынып», 
«Негізгі  музыкалық  аспап»,  «Музыкалық  білім  берудің  әдістері»  курсының 
бағдарламасын  толықтыру  негізінде  жүзеге  асырылады.  Осы  кезеңде 
студенттердің  ғылыми-зерттеушілік  аясы  кеңейтіледі,  олардың  ғылыми 
жобалық  байқау  дайындық,  курс  және  дипломдық  жұмыстарға  арналған 
материалдар  әзірлеу  жұмыстары  тереңдетіледі.  Бұл  кезеңдегі  этномузыкалық 
мазмұнның  тәрбиелік  қызметі  кеңінен  емес,  тереңінен,  ал  оның  мәні  саны 
жағынан емес, сапасының көрсеткіші жағынан қалыптасады. Осы тұста кейбір 
пәндердің мазмұнына тоқталып кеткенді жөн санадық.  
«Фольклорлық  ансамбль»  курсы  қазақ  халқының  аспапта  орындау, 
ансамбльде  ойнау  ерекшелігін,  фольклорлық  ансамбльді  ұйымдастыру 
қабілетін меңгеруге бағытталады.  
Курстың  мақсаты  студенттерге  фольклорлық  ансамбльдегі  негізгі 
жұмыстар  мен  оны  ұйымдастыру  ерекшеліктерін  меңгерту,  қазақ  халық 
аспаптарында  ойнау  дағдыларын  игеру,  сондай-ақ  кәсіби-педагогикалық  іс-
әрекеттің  білім,  білік  және  дағдыларына  қол  жеткізу  болып  табылады.   
Курстың  міндеті:  студенттердің  фольклорлық  ансамбльде  жұмыс  істеу  мен 
ұйымдастыру  қабілетін  меңгеруі;  ансамбльдік  орындауды  игеруі;  қазақ  халық 
аспаптарында  ойнаудың  ерекшеліктерін  үйренуі;  музыкалық  қабілеттерін 
дамытуы  (музыкалық  есту,  музыкалық  ойлау,  ритм  және  т.б.);  дирижерлік 
сызбаларды  білуі,  фольклорлық  ансамбль  үшін  шығарманы  түрлендіруі  және 


119 
 
репертуарлық  ерекшеліктерді  таңдау  қабілетін  дамытуы;  шығарманың  көркем 
мазмұнын  ұғыну    мен  таныс  емес  музыкалық  мәтіндерге  еркін  талдау  жасай 
білуі.   
Осы  кезеңде  музыка  пәнінің  болашақ  мұғалімдерін  жалпы  білім  беру 
мектептеріндегі  білім  алушыны  оқыту  мен  тәрбиелеуге,  жалпы  кәсіби-
педагогикалық жұмыстарына даярлау  бойынша «Музыкалық білім беру әдісі» 
курсының мазмұны толықтырылады және олардың осы пәннен алған білімдері  
практика барысында бекітіледі. Осы курс  аясында  педагогикалық жоғарғы оқу 
орындарының  студенттерін    қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы  интеллектуалды 
дамытуға арналған қазақ халқының музыкалық шығармасының мүмкіндіктерін 
қамтитын екі тақырып анықталды:  
1  Музыка  мұғалімінің  кәсіби  сапасы,  оның  тұлғалық  орны  мен 
шығармашылық-педагогикалық қызметке қатысты қарым-қатынасы.  
2  Музыка пәнінің мұғалімі – қоғамның шығармашылық мәдени қызметін 
атқарушы.  
Егер  бірінші  тақырыптың  мазмұнында  болашақ  мұғалімнің  тұлғалық 
сапасы  мен  барлық  кәсіби  бағыттарын  ашу,  қажеттілік-ынталандырушылық,  
когнитивтік,  эмоционалдық-құндылықтық  және  іс-әркеттік-рефлексивтік 
компоненттердің    мазмұнын  қамтитын  этномузыкалық  іс-әрекетке  даярлау, 
музыка  пәнінің  кәсіби  сапалық  интеллектуалдық  қабілетіндегі  жалпы 
ерекшеліктерді  байыту  қарастырылса,  онда  екінші  тақырыпта  интеллект 
түрлерінің  өзара  байланысы  мен  тұлғаның  интеллектуалдық  дамуының  
теориялық  мәніне,  болашақ  мұғалімнің  тұлғалық  мәнін  дамытуға  баса  назар 
аударылады. 
«Концертмейстерлік  сынып»  курсы  студенттерді  аспапта  орындауға  
даярлауға  арналған.  Оның  маңызды  бөлігі  өндірістік    практика  кезеңінде 
меңгертіледі.  Практика  барысында    сабақтарда  үйренген  халық  әндері  мен 
күйлерді  аспаптық  және  вокалдық  өңдеулермен  сүйемелдеуге  дағдылану 
жүзеге  асырылады.  Практика  барысын  бақылау  нәтижесі  осы  курс  бойынша 
халық  музыкалық  шығармашылығын  меңгеруде  жүйесіздік  барын  көрсетті.  
Сонымен  қатар,  студенттер  фольклорлық  ансамбльге  қатысатын  басқа  да 
қатысушылар  мен  қобызшылар,  домбырашылардың  орындауын  үйрену 
барысында  олардың орындау шеберліктеріне, аспаптың дыбысына мән береді. 
Олардың  халық  аспаптарында  орындауда  фортепианоның  қатты  ырғағын 
бірлестіре  отырып  фольклорлық  ерекшеліктердің  метроритмикалық  және 
гармониялық,  ладалық,  мәнерлік  ерекшеліктерін  терең  меңгеруін  мақсат 
тұтады.  
Жоғарыда  көрсетілгендей  халық  әні  мен  күйін  өңдеу  негізінде  пайда 
болған  композиторлар  шығармаларының  (вокалдық  сүйемелдеу,  аспаптық 
сүйемелдеу, хор сүйемелдеуі) репертуалар тізімін «Концертмейстерлік сынып» 
курсының бағдарламаларының мазмұныны  толықтыруда қолданылды. 
 5В010600 – Музыкалық білім мамандығындағы базалық және бейіндеуші 
пәндердің мазмұнына талдау жасау кезінде біз қазақ ұлттық музыкасы арқылы 
педагогикалық  жоғары  оқу  орны  студенттерін  интеллектуалды  дамытудың 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау