83
ықпалының ерекше күші жастардың белгілі бір көңіл күй сезімдерін оята
отырып, көңілін көтеруге ықпал етеді.
Сонымен
бірге
қазақ
халық
музыкалық
шығармашылығының
эмоционалдық әсерлілігі олардың білімін жетілдіруге ықпалы басым
танымдық мүмкіндіктерінің жоғарылығын жоққа шығармайды. Қазақ халық
музыкалық шығармашылығын меңгеру үдерісінде студенттер халық
композиторларының дүниетанымымен және әлеуметтік-тарихи процестің
жалпы заңдылықтарындағы жеке стилистикалық дәстүрлерді жасауымен
байланысты анықталатын «ұлттық стиль» ұғымын игереді, халық музыкасының
ритм, тембр, динамика, метр сияқты халық музыкасының мәнерлеу
құралдарының мәнін түсінеді, олардың арасында мелодияның адам сөзін,
өкінішін, үндеуін, наразылығын екпін арқылы беретіндігін ұғынады; қазақ
музыкасының жанрлық жүйесінің спецификасын айқындайды; халық
музыкалық шығармашылығын халықтың философиялық, діни, адамгершілік
көзқарастары тұрғысынан талдайды.
Халық музыкалық шығармашылығының ерекшеліктері көбінесе қоршаған
табиғат сипатымен ерекшеленеді: әннің күшті, қатты дауысы, ән дауысының
келесі ауылға жетуі мүмкін болатындай жоғары ноталар барынша кеңінен
қолдануы; лирикалық әндердің созылмалылығы, әндетілуі шексіз далалармен,
кең өзендермен және т.б. байланыстылығын, ат жарыстарының ритмі
көшпенділер өмірінің жауларымен шайқасуын білдіреді.
Халық музыкалық шығармашылығын тудыру үдерісінде студенттердің
халық музыкасы құндылықтары туралы ұғымдарды жете түсіну жиынтығы
тұрғысындағы
музыкалық санасы, музыкалық ойлауы қалыптасады. Бұл
түсініктер белгілі бір талдаулар формасында көрініс табады және дүниеге, өзіне
жеке қатынастарын бейнелейді. Осы арқылы музыкалық ойлау мен
студенттердің халық музыкасын меңгеру барысындағы қалыптасатын
дүниетанымымен, адамгершілік қасиеттерімен байланысы байқалады.
Әндер мен күйлердің көркемдік құралдарын үйрене отырып студенттер
оның шартты тілін түсінуге және мазмұнын толық
қабылдауға үйренеді. Олар
халықтың музыкалық өнері туындыларын толық қабылдай отырып, белгілі бір
дәрежеде өнер тудырушылар саналады –
естігенін ойша толықтыра және
байыта отырып, өзінің қиялын шыңдай түседі. Яғни әндер мен күйлер
қабылдау дағдыларын қалыптастырады. Сонымен бірге халық музыкалық
шығармашылығын қабылдау студенттердің әрбірінің бойында бар
музыкалық
қабілеттерін аша түседі, оларды шығармашылыққа баулиды.
Өз кезегінде өзінің халқының музыкалық шығармашылығы туындыларын
қабылдау студенттерге басқа халықтар этномәдениеті үлгілерін жан-жақты
және терең түсінуге, толғанып,
түйсіну қабілеттерін дамытуға мүмкіндік
береді. Өйткені халық музыкасын меңгеру әлемдік музыкалық мәдениетті
түсіну мен қабылдаудың маңызды шарты болып табылатын
сұлулыққа
қызығушылықты, қажеттілікті дамытады.
Халық музыкалық шығармашылығының қиялды дамытуда
рөлі орасан, бұл
көркемдік образдар арқылы өмірді бейнелеуі себепті, студенттерді музыкадағы