XVIII ғасырдағы психофизикалық құбылыстардың мəнін ашу енді психофизиологиялық
мəселелерге ауысып, түрлі психикалық процестардің сыры жүйке жүйесінің қызметімен
байланысты. Олардың ішінде Швейцария ғалымы А. Галлердің бағдары психиканың
пайда болуында жүйкелік процестер бірінші, ал түрлі ойлар мен идеялардың өзара
байланысты түрде туындауы екінші кезектегі құбылыс деген көзқарасты ұсынып,
психологиядағы эмпиристік бағытты қолдады.
Ньютон мен Локк ассоциативтік психолгияны механикалық жəне сексуалистік
көзқарастарға негіздей отырып зерттеді. XVIII ғасырдағы ассоциация детерминистік
сипатта болды.
Психология тарихында ассоциацияны жалпы категориялық ұғым деңгейіне тұңғыш
дəріптеуші – ағылшын дəрігері Гартли (1705 – 1757 ж ж). Ол психологиялық процестердің
барлығы ассоциацияға сүйенеді деп түсіндірді. “Адамды бақылау” деген еңбегі (1749 ж)
ассоциациясының өзекті ілім болып қалыптасуына бастама болды жəне Гартли теориясы
XVIII ғасырдағы ассоциациялық материалистік ілімнің негізі болды.
XIX ғасырдағы психология.
XIX ғасырдың бірінші жартысы – психологияның
тарихындағы елеулі кезең болды. Бұл аралықта рефлекторлық теорияға негізделген
ассоциациялық бұрынғы концепция матералистік тұрғыдан нығая түсті, оның субстрамы
мен ішкі бейнесінің санаға айналуын Т.Браун (1778 - 1820), Джемс Милль (1778 - 1830),
Дж. Ст. Ммилль (1806 - 1873) сияқты зерттеушілер.
Ассоциялардың жасалу барысы биология мен жүйке физиологиясын зерттеу
нəтижелерімен анықталды. Г.Гельмгольц (1821 - 1894) ассоциацияның жасалуын сезім
мүшелерінің қызметі деп санаса, ал Ч. Дервин ассоциацияны эмоция арқылы түсіндірді.
Орыс физиологы И.М. Сеченов (1829 –1905 ) ассоциацияның физиологиялық негізін бас
миы рефлексінің қызметімен ғылыми тұрғыдан дəлелдесе, Г.Спенсер (1820 - 1903) оны
психиканың филфенездік дамуымен ұштастырып, жалпы, психика дамуы мінез –
құлықтың өзгеруіне бейімделеді деді.
XIX ғасырда адамның жан жүйесін зерттейтін ғылым сапалық жаңа мəнге ие болды,
адамның табиғатпен, қоғаммен тығыз қатынаста болып, оған үнемі бейімделіп
отыратындығы нақтылы іс - əрекеттер арқылы жүзеге асып, оның шынайы мəні
айқындалды. Ғылымның мұндай жетістіктері психологияны дербес пəнге айналдырды,
оның өзіндік мақсат – міндеттері мен зерттеу əдістерін анықтады.
Психологияның XIX ғасыр ортасында дербес ғылыми пəнге айналуының табиғи –
ғылыми негізі – физика мен химия, физиология мен биология, дарвинизм мен рефлекс
туралы ілім, сезім мүшелерінің психофизиологиясы мен психофизикалық зерттеулердің
нəтижелері.
Бұл пəннің тəжірибелік ғылым ретінде бой көрсетуін бірқатар зерттеулерге жəне
теориялық көзқарастарға сүйене отырып баяндаймыз. Мəселен, 1) В.Вундт жəне
Ф.Брентано (1838 - 1917) көзқарастарындағы психикалық құбылыстардың əуел бастаған
“өзінше пайда болуы” деген пікірлердің дəрменсіздігі; 2) И. М. Сеченов зерттеулерінде
организм мен оның тіршілік ортасы өзара қатынасы – алғашқы, ал психикалық
құбылыстардың сол қатынастардан туындайтыны – нəтиже деп саналуы. Сөйтіп,
Сеченевтың материалистік бағыт ұстап, оның сол кездегі қоғамдық тарихи жағдайға
тəуелді деп қарастырылуы; 3) психиологияның дербес тəжірибелік ғылым болып
қалыптасуына тірек болған көзқарастардың философиялық жəне биологиялық негіздері;
4) əр кезеңде тарихи жағынан қалыптасқан, психологиялық бейнелеудің мəнін білдіретін
организмнің биологиялық құрылымы; 5)организмнің бейнелеу қасиеті жайындағы
аристотельдік, декарттық жəне дарвиндік зерттеу нəтижелері.
Достарыңызбен бөлісу: