Жалпы орта білім беру деңгейінің «Жаратылыстану»



жүктеу 0,67 Mb.
Pdf просмотр
бет33/35
Дата25.11.2018
өлшемі0,67 Mb.
#24564
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35

металдар  мен  оның  қосылыстарындағы  генетикалық  байланысты 
көрсететін  химиялық  реакция  теңдеулері  бойынша  реагенттің  немесе  өнімнің 
массасын, зат мөлшерін есептеу; 
көрсетілімдер № 5: 
натрий, калий жəне кальцийдің сумен əрекеттесуі; 
натрий, калий жəне кальций иондарына сапалық реакция (жалын түсінің 
өзгеруі); 
№ 6 лабораториялық  тəжірибе  «Натрий,  калий,  магний,  кальцийдің 
маңызды 
тұздарының 
үлгілерімен 
танысу, 
металдардың 
химиялық 
белсенділігін  салыстыру», «Сілтілік  жəне  сілтілік-жер  металдары  тұздарының 
жалынды бояуы», «Əксуын əзірлеу, оның көміртек (ІV) оксидімен əрекеттесуі»; 
№ 1 практикалық  жұмыс ««Негізгі  топша  металдары»  тақырыбына 
эксперименттік есептер шешу». 
16. Маңызды d-элементтер жəне олардың қосылыстары (8 сағат): 
d-элементтердің  периодтық  жүйедегі  орны,  атом  құрылысының 
ерекшелігі; 
мыс,  мырыш,  темір,  хромның  табиғатта  таралуы,  алынуы,  физикалық 
жəне химиялық қасиеттері; 
мыс,  мырыш,  темір,  хромның  маңызды  қосылыстары  (оксидтері, 
гидроксидтері), олардың қасиеттері; 
мыс, мырыш, темір, хром жəне олардың қосылыстарының Қазақстандағы 
кен орындары; 
коррозия, оның түрлері мен коррозияның алдын алу шаралары; 
ауыр  металдардың  өндірісте  қолданылуы,  тірі  ағзалар  тіршілігіндегі 
олардың биологиялық маңызы; 
сандық есептер: 
металдар  қатысуымен  жүретін  химиялық  реакциялар  теңдеуі  бойынша 
(құрамында қоспасы бар реагенттер, теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы 
практикалық шығымның массалық үлесі) есептеулер. 
№ 6 көрсетілімдер: 
темір (ІІ), (ІІІ), мыс (ІІ), мырыш, хром (ІІІ) гидроксидтерін алу; 
қышқыл мен сілтінің гидроксидтерге əсерін зерттеу; 
лабораториялық  тəжірибе  №7 «Сu
2+
, Fe
2+
, Fe
3+
, Zn
2+
  иондарын  сапалық 
анықтау»; 
№ 2 практикалық  жұмыс  «Қосымша  топша  металдары»  тақырыбына 
эксперименттік есептер шығару»; 
№ 3 бақылау жұмысы «Тақырыптық білім тексеру». 
17. Маңызды p-элементтер жəне олардың қосылыстары (10 сағат): 
химиялық  элементтердің  периодтық  жүйесіндегі  р-элементтердің  орны, 
олардың атом құрылысының ерекшеліктері; 
алюминий жəне оның қосылыстары; 
алюминий, оның оксиді мен гидроксидінің амфотерлілігі; 
бейметалдар мен олардың қосылыстарының жалпы сипаттамасы; 
көміртек  жəне  оның  қосылыстары,  олардың  қасиеттері,  кремний  жəне 
оның қосылыстары, олардың қасиеттері, алынуы, қолданылуы; 
 
 


карбонат-, силикат- иондарды сапалық анықтау; 
азот, фосфор жəне олардың оттекті қосылыстары, қасиеттері; 
аммиак, аммоний тұздары, қасиеттері; 
сұйытылған жəне концентерлі азот қышқылының қасиеттері; 
нитраттар, нитрат-ионын анықтау; 
күкірт  жəне  оның  оксиді  мен  қышқылы,  сұйытылған  жəне  концентрлі 
күкірт  қышқылының  қасиеттері,  сульфаттар,  олардың  қасиеттері,  сульфат-
ионды сапалық анықтау; 
галогендер,  химиялық  элементтердің  периодтық  жүйесіндегі  орны, 
салыстырмалы  сипаттамалары.  хлорсутек,  тұз  қышқылы  жəне  хлоридтер, 
хлорид ионды анықтау, адам тіршілігіндегі йодтың биологиялық маңызы; 
йод  жетіспеушілігінен  туындайтын  аурулардан  Қазақстан  тұрғындарын 
сақтандыру  шаралары, p-элементтті  қосылыстардың  Қазақстандағы  маңызды 
кен  орындары,  оларды  өндіру  жəне  қолдану  кезінде  туындайтын  экологиялық 
проблемаларды шешу жолдары; 
сандық есептер: 
бейметалдар  қатысуымен  жүретін  химиялық  реакцияларда  газтектес 
заттардың  салыстырмалы  тығыздығы,  мольдік  көлем  бойынша  жүргізілетін 
есептеулер; 
ерітінділерге байланысты сандық есептер; 
№ 7 көрсетілімдер: 
алюминий жəне оның құймалары, силикат, шыны, жиынтығы; 
еріген заттың белсендірілген көмірге сіңірілуі (адсорбция); 
көміртек (ІV) оксидін алу, оның сумен, сілті ерітіндісімен əрекеттесуі; 
лабораториялық  тəжірибе  № 8 «Бейорганикалық  заттардың  кластары 
арасындағы генетикалық байланыс.  Ортофосфор қышқылы мен фосфаттардың 
қасиеттерімен танысу. Йод ерітіндісінің крахмалға əсері»; 
№ 3 практикалық жұмыс: 
«Аммиак  алу,  оның  сулы  ерітіндісінің  жəне  аммоний  тұздарының 
қасиеттерін зерттеу»; 
№4 практикалық жұмыс: 
«Кейбір  аниондарға  сапалық  реакция»  тақырыбына  эксперименттік 
есептер шығару; №4 бақылау жұмысы  
18. Бейорганикалық заттарды өндіру (6 сағат): 
металдар  мен  бейметалдардың  Қазақстандағы  негізгі  кен  орындары, 
оларды  өндіру  жəне  өңдеу  кезінде  туындайтын  экологиялық  проблемалардан 
қоршаған ортаны қорғау; 
химиялық өндірістің жалпы ғылыми принциптері; 
Қазақстандағы  металлургия  өндірісі,  түсті  жəне  қара  металдар  мен 
олардың құймаларын өндіру; 
құймалар, олардың атауы, құрамы, қасиеті, қолданылуы; 
шойын, болат жəне алюминий өндіру; 
металдарды өндірудің электролиз əдісі (тұз ерітіндісі, балқымасы); 
жанасу  əдісімен  күкірт  қышқылын  өндіру,  аммиак,  азот  қышқылын 
өндіру, Қазақстандағы силикат өнеркəсібі; 
 
 


маңызды  азот,  фосфор  жəне  калий  тыңайтқыштары,  Қазақстандағы 
тыңайтқыш  өндірісі,  Қазақстан  Республикасындағы  химиялық  жəне 
металлургиялық өнеркəсіптің дамуы; 
қоршаған  ортаның  химиялық,  металлургиялық  өндіріс  қалдықтарымен 
ластануымен күрес; 
химиялық  сауаттылық  пен  экологиялық  мəдениет – ғылыми  техникалық 
прогрестің алғышарты; 
сандық  есептер  «Технологиялық  жəне  экологиялық  мазмұнды  деңгейлік 
типтік есептер»; 
№ 8 көрсетілімдер: 
күкірт  қышқылын,  аммиакты,  шойын,  болатты  жəне  алюминийді 
өнеркəсіпте алу модельдері; 
тыңайтқыш үлгілері; 
 
 
3. Оқу пəнінің 11 сынып оқу пəнінің базалық мазмұны 
 
19. Органикалық химияға кіріспе. Органикалық қосылыстардың құрылыс 
теориясы (8 сағат): 
органикалық  химия – көміртек  қосылыстарының  химиясы,  көміртегі 
атомы  құрлысының  ерекшелігі,  органикалық  қосылыстардағы  көміртек  атомы 
орбитальдарының  гибридтенуі (sp
3
, sp
2
, sp), молекулалар  пішіні,  валенттілік 
бұрыштары,  органикалық  қосылыстардағы  химиялық  байланыс  түрі,  түзілу 
механизмі,  электрондық  табиғаты,  коваленттік  байланыс,  оның  ұзындығы, 
кеңістіктегі бағыты, энергиясы, σ, π байланыстар, сутектік байланыс; 
А.М.  Бутлеровтің  органикалық  қосылыстардың  химиялық  құрылысы 
теориясы,  оның  негізгі  қағидалары,  химиялық  құрылыс  теориясының  маңызы, 
бос  радикалдар  туралы  түсінік  жəне  олардың  тірі  ағзалар  тіршілігіндегі 
маңызы,  бейорганикалық  жəне  органикалық  қосылыстар  арасындағы 
генетикалық байланыс; 
органикалық 
қосылыстардың 
жіктелуі 
мен 
номенклатурасы, 
функционалды  топтар,  көмірсутектер,  оттекті  жəне  азотты  қосылыстар, 
гомология  жəне  гомологтар,  изомерия  жəне  изомерлер  туралы  түсініктер, 
органикалық  қосылыстардың  табиғаттағы,  адам  өміріндегі  маңызы, 
органикалық  химияның  қалыптасуы  мен  дамуына  Қазақстан  ғалымдарының 
қосқан үлесі; 
заттардың  құрылысы  мен  қасиеттерінің  өзара  байланысы,  органикалық 
қосылыстардың реакцияға түсу қабілеті; 
сандық есептер: 
метан,  бутан,  этанол,  сірке  қышқылының  формулалары  бойынша 
есептеулер; 
күнделікті тұрмыста белгілі қосылыстар құрамындағы химиялық элемент 
атомдардың массалық үлесін есептеу (бутан, этанол, сірке қышқылы); 
көрсетілімдер №1: 
 
 


жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау