Жалпы орта білім беру деңгейінің «Жаратылыстану»



жүктеу 0,67 Mb.
Pdf просмотр
бет30/35
Дата25.11.2018
өлшемі0,67 Mb.
#24564
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35

№3 көрсетілімдер: 
глюкозаның спирттік ашуы; 
мыс (ІІ) оксидін қолданып, спиртті альдегидке тотықтыру; 
альдегид, құмырсқа қышқылы, глюкозаның «күміс айна» реакциясы; 
сабын  жəне  синтетикалық  жуғыш  ұнтақ  ерітінділерінің  қасиетін 
салыстыру олардың индикаторға əсерін зерттеу; 
сірке-этил эфирін алу. 
№5 лабораториялық тəжірибе: 
глицериннің суда еруі, мыс (ІІ) гидроксидімен əрекеттесуі. 
№6 лабораториялық тəжірибе: 
крахмалдың  коллоидты  ерітіндісін  əзірлеу  жəне  оның  қасиеттерін 
зерттеу. тағам өнімдерінен крахмалды анықтау. 
№2 практикалық жұмыс: 
«оттекті  органикалық  қосылыстарға  сапалық  реакциялар»  тақырыбына 
эксперименттік есептер шығару. 
20.  Азотты органикалық қосылыстар (7 сағат): 
нитроқосылыстар, аминдер, анилин туралы түсінік; 
амин қышқылдары, белоктар, азотты гетероциклді қосылыстар туралы 
түсінік, нуклеин қышқылдары; 
гендік  инженерия  жəне  биотехнология  туралы  түсінік,  ферменттер – 
белок-табиғатты биологиялық катализаторлар; 
витаминдер  туралы  түсінік,  витаминдермен  байланысты  аурулар: 
авитоминоз, гиповитаминоз жəне гипервитаминоз; 
гормондар туралы түсінік, тірі ағзалардың химиялық құрамы. 
көрсетілімдер: 
белокты еріту жəне тұнбаға түсіру, белок денатурациясы; 
белоктардың (жүн немесе қауырсын) жануы; 
ДНҚ, РНҚ молекулаларының модельдері. 
№7 лабораториялық тəжірибе: 
белоктың түсті реакциялары; 
№8 лабораториялық тəжірибе: 
мақта жəне жібек жіптің жануы. 
 
 
4.Оқушылардың дайындық деңгейінеқойылатын талаптар 
 
21. Пəндік нəтижелер. 
22. 10 сыныпты аяқтаған оқушы келесіні білуі тиіс: 
химияның өсіп келе жатқан ролі мен маңызы, химияның эксперименттік 
негізі; 
атом  мен  атомдық  орбитальдар  құрылысы,  электрондар  күйі,  Паули 
принципі,  химиялық  реакциялар  жылдамдығы,  катализ,  реакцияның  жылу 
эффектісі,  түзілу  жылуы,  химиялық  тепе-теңдік,  тепе-теңдік  константасы, 
металлургия, электролиз, физикалық шамалардың сандық қатынасы; 
 
 


химиялық  өндірістің  ғылыми  принципі,  қоршаған  ортаның  химиялық 
ластануы, оның салдары; 
зат массасының сақталу заңы, зат құрамының тұрақтылық заңы, авогадро 
заңы, əрекеттесуші массалар заңы; 
атом құрылысы, химиялық байланыс; 
практикалық  маңызды  заттардың  құрамы,  құрылысы,  өздеріне  тəн 
қасиеттері; 
бейорганикалық  қосылыстардың  жіктелуі  мен  олардың  арасындағы 
генетикалық байланысты; 
химиялық 
реакциялардың 
мəні 
мен 
типтері, 
олардың 
жүру 
заңдылықтары; 
металдар коррозиясы жəне коррозиядан сақтану шаралары; 
қоршаған ортаны химиялық ластанудан қорғаудың химиялық əдістері; 
қышқыл,  сілті  ерітінділерімен,  газдар  жəне  қатты  химиялық  заттармен 
жұмыс істеудің қауіпсіздік техникасының ережелері; 
заттарды  алудың  жалпы  əдістері;  практикада  кең  қолданылатын  заттар 
мен материалдар; 
заттарды танып білу жəне химиялық реакцияларды зерттеудің химиялық 
əдістері. 
23. Оқушы келесіні атқара алуы тиіс: 
 химиялық  терминдер  мен  таңбаларды  пайдалану;  зерттелген  заттарды 
дəстүрлі жəне халықаралық номенклатура бойынша атау; 
 қоршаған ортадағы құбылыстарды химиялық тұрғыдан талдау; 
 атом  құрылысы  схемасын,  заттар  формуласы  мен  химиялық  реакция 
теңдеулерін құрастыру; 
 заттардың құрамы мен құрылысын жəне олардың класын анықтау; 
 ион  алмасу,  тотығу-тотықсыздану  реакцияларының  жəне  электролиздің 
теңдеулерін құрастыру; 
 химиялық  экспериментті  қауіпсіздік  техникасының  ережесіне  сəйкес 
жүргізу; 
 химиялық  зақымдану  не  улану  кезінде  алғашқы  медициналық  көмек 
көрсету; 
 химиялық  формулалар  мен  химиялық  реакциялар  теңдеулері  бойынша 
есептеулер жүргізу; 
 химиялық ақпараттарды өз бетінше іздеу; 
 химиялық элементтердің валенттілігі мен тотығу дəрежесін анықтау; 
 ион  заряды,  химиялық  байланыс  типі,  молекуланың  кеңістіктегі 
құрылысы, кристалдық тор типін анықтау; 
 қышқыл, негіз, тұздардың судағы ерітінділерінің ортасын анықтау; 
 тотықтырғыш,  тотықсыздандырғыш,  тотығу  жəне  тотықсыздануды 
анықтау; 
 əр түрлі факторлардың əсерінен тепе-теңдіктің ығысу бағытын анықтау; 
 атом  құрылысы  мен  Д.И.Менделеевтің  периодтық  жүйесіндегі  орны 
бойынша s-, p-, d-элементтердің қасиеттерін сипаттау; 
 
 


 металдар  мен  бейметалдардың,  бейорганикалық  қосылыстардың  негізгі 
кластарының химиялық қасиеттерін сипаттау; 
 химиялық  элементтердің  жəне  олар  түзетін  қосылыстар  қасиетінің 
элементтің  Д.И.Менделеев  жасаған  химиялық  элементтердің  периодтық 
жүйесіндегі орнына тəуелділігін түсіндіру; 
 химиялық  реакция  жылдамдығының  əр  түрлі  факторларға  тəуелділігін 
түсіндіру. 
24. Пəндік нəтижелер 
25. 11 сыныпты аяқтаған оқушы келесіні білуі тиіс: 
 химияның ролі мен маңызын; заттар мен химиялық құбылыстарды танып 
білудің негізгі əдістер, химияның эксперименттік негізі; 
 химиялық құрылым, гомологтар, гомологтық қатар. Изомерия, 
гомология, изомерлер, құрылымдық жəне кеңістіктік изомерлер; 
 А.М.Бутлеровтың органикалық қосылыстардың химиялық қосылыстар 
теориясының негізгі қағидалары мен маңызы; 
 көміртек атомдарының гибридтенуі, оның түрлері, σ, π-байланыстар, 
дара, қос жəне үш байланыс, көміртек тізбектерінің түрлері; 
 органикалық қосылыстардың электрондық жəне кеңістіктік құрылысы; 
 органикалық химиядағы реакция типтері; 
 көмірсутектердің табиғи көздері, оларды өңдеу жəне қазақстандағы кен 
орындары; 
 органикалық заттардың жіктелуі мен номенклатурасы; функционалдық 
топ; 
 көмірсутектер жəне олардың туындыларының химиялық қасиеттері мен 
алынуын сипаттайтын реакциялар; 
 көмірсутектердің жəне олардың туындылары арасындағы генетикалық 
байланыс; 
 қоршаған ортаның химиялық ластануы мен зиянды əсері; 
 биогенді органикалық қосылыстардың биологиялық маңызы; 
 органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы, зат 
массасының сақталу заңы, зат құрамының тұрақтылық заңы, Авогадро заңы. 
26. Оқушы келесіні атқара алуы тиіс: 
 химиялық терминдер мен таңбаларды пайдалану;  
зерттелген  заттарды  дəстүрлі  жəне  халықаралық  номенклатура  бойынша 
атау; 
 изомерлер  мен  гомологтардың  құрылымдық  формулаларын  құрастыру 
жəне олардың модельдерін жасау; 
 заттардың  қасиеттері  мен  олардың  молекулаларының  құрылысын 
түсіндіруге  А.М.Бутлеровтың  химиялық  құрылыс  теориясының  қағидаларын 
қолдану; 
 органикалық химиядағы химиялық реакция типтерін ажырату; 
 органикалық заттардың құрылымдық формулаларын құрастыру; 
 молекулалардағы  атомдардың  өзара  əсерін  ескере  отырып,  органикалық 
қосылыстың химиялық қасиетін түсіндіру; 
 
 


жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау