2.Артериялық гипертензияныны(АГ) антигипертензивті дәрілермен емдеу ұзақтығы.
А-Артериялық қысымды қалыпты жағдайға дейін түсіру үшін,бір апта бойы жүргізеді.
Б-емдеу курсын 2-4 апта бойы,жылына 3-4 рет жүргізеді.
В-емдеу курсын 1-2 ай бойы, жылына 2-3 рет жүргізеді.
Г-өмір бойы жүргізеді.
3.Мына келтірілген дәрілердің ішінен оң инотропты әсер көрсететін дәріні белгіліңіз.
А-Фуросемид
Б-Нитропуссид натрия
В-Дигоксин
Д-Нифедипин
Е-Дихлотиазид
4.Негізінен антиангинальді және антигипертензивті қасиеттері бар антагонист дәрілерін таңдап алыңыз
А-Лозартан
Б-Хинидин
В-Нифедипин(фенитидин)
Г-Иберсартан
Д-Верапамил(изоптин)
Е-Фосфокреатин
Ж-Каптоприл
5.Капотеннің қолдану көрсетпесін белгілеңіз.
А-жүрек ишемиялық ауруында қолданылады.
Б-қан ұюына қарсы қолданылады.
В-ангиотензин рецепторларының (АТ1ª,АТ1b) тежегіші болғандықтан,жоғары қан қысымын төмендету үшін қолданады.
Г-ААФ(АПФ) ингибиторы болғандықтан,жоғары қан қысымын төмендету үшін қолданады.
Д-дәрі,қан-тамыр бұлшықет клеткаларында кальций-кальмодулин күрделі қосылысын түзеді,осыған байланысты қан қысымы төмендейді.
7.3.Ситуациялық есептер:
1.Науқас Асқар 48 жаста. АГ 1 сатысымен ауырады. Ишимиялық инсультпен емделген. 30 күн көктамырға тамшылатып церебролизин қабылдаған. Осы уақыт емдеу барысында науқастың дене қызуы 38 С сақталған. Дене қызуын түсіру үшін терапия жүргізілген: цефазолинмен , бірақ нәтижесіз.
1)Дене қызуының көтерілу себебі?
2) Бұл жағдайда кім кінәлі?
3) Не істеу қажет?
2.Науқас Нұрсултан 43 жаста.Соңғы 18 жылда созылмалы гломерулонефриттің аралас түрімен ауырады. Ауру екендігіне қарамастан соңғы 6 айда амболаторлы жағдайда – верошпирон, изоланид, фуросемид ішкен. Науқастың жағдайы соңғы кездері ауырлай түскен. Бетінде, аяғында ісіктер көбейген, жалпы бұлшықеттік әлсіздік, тері қышымасы, асқазан аймағында дискомфорт, аузына металл дәмі келеді. ЖСС -64 рет минутына, АҚҚ 190/120 мм рт.ст. Қан плазмасындағы калий -6,2 ммоль/л, натрий 120 ммоль/л, креатинин 208 мкмоль/л.
1)Науқастың жағдайының ауырлауына не себеп?
2)Қай дәрілердің жағымсыз әсерлері көп көрініс береді?
3.Науқас Олег 48 жаста. Науқаста постинфарктты кардиосклероз , іркілісті жүрек жеткіліксіздігінің 11 Б сатысы. Перифериялық ісіктер, асцит , АҚҚ 120/80 мм рт.ст. ЖСС -83 рет минутына, экстрасистолия байқалады. 40 мг фуросемидті қабылдағанда эффект болмаған. Науқасқа күніне 3 рет 40 мг фуросемид к/т және верошпирон 300 мг енгізген. Алғашқы 4 күн тәуліктік диурез 1,2-1,5 л болған,күнделікті ішкен сұйықтықтар (0,9-1 л). 4 күндік емнен соң қан плазмасында калий 4,4 ммоль/л, натрий 142 ммоль/л , жалпы белок 51г/л.
1) Стационарда таңдалған диуретиктердің дұрыстығын бағалаңыз?
2)алғашқы жасалған диуретиктердің дозасының дұрыс,бұрыстығын анықтаңыз
3)Сіз қандай диуретикалық терапияны таңдап жасап жүргізер едіңіз?
Достарыңызбен бөлісу: |