органына (сақтанушы тіркелген жердегі) хабарлайды.
11. Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдары ұйымда
қырық бес жыл бойы сақталуға
тиіс, ұйым таратылған жағдайда жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдары міндетті түрде сол
ұйым жұмыс істеген жердегі мемлекеттік мұрағатқа тапсырылуға тиіс.
12. Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдарында тергеп-тексеру актісімен
қатар:
1) зардап шеккен адамның еңбекті қорғау жөнінде оқығаны және нұсқама алғаны, сондай-ақ
алдын ала және мерзімдік медициналық тексерулерден өткені туралы мәліметтер;
2) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша жауап алу
және оқиға куәгерлерінің, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
хаттамалары
талаптарының сақталуына жауапты лауазымды адамдардың түсініктемелері;
3)
оқиға болған жердің жоспарлары, схемалары мен фотосуреттері;
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын регламенттейтін нұсқаулықтардан,
ережелерден, бұйрықтардан және басқа да актілерден үзінді көшірмелер, өндірістегі салауатты
және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге жауапты лауазымды адамдардың міндеттері және
басқалар;
5) зардап шеккен адамның денсаулығына келтірілген зақымның сипаты мен ауырлығы (өлімге
әкеп соққан себеп) туралы медициналық қорытынды;
6) зертханалық және басқа зерттеулердің,
эксперименттердің, сараптамалардың, талдаулардың
нәтижелері және тағы сол сияқтылар;
7) бас мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысы (егер бар болса);
8) жұмыс берушіге келтірілген материалдық залал туралы мәліметтер;
9) жұмыс берушінің зардап шеккен адамға (отбасы мүшелеріне) оның денсаулығына келтірілген
зиянды өтеу және жол берілген оқиғаға кінәлі лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы
бұйрығы;
10) қоса берілетін құжаттардың тізбесі болуға тиіс.
13. Зардап шеккен адам немесе қызметкерлердің өкілі жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудің
бүкіл материалдарымен танысуға және қажетті үзінді көшірмелер жасауға құқылы.
Ескерту. 326-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.03.19
№ 258-IV
, 2012.02.17
№ 566-IV
(
алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
11.04.2014
№ 189-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң
қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
327-бап. Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы
тергеп-тексерілуі мен есепке алынуын бақылау
Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп-тексерілуі мен есепке алынуын, сондай-ақ
мұндай оқиғаларды туындатқан себептерді жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды
мемлекеттік еңбек инспекторлары өз құзыреттері шегінде тексерулер жүргізу,
азаматтардың
шағымдарын, арыздары мен өтініштерін қарау және ұйымдарды тексеру арқылы жүзеге асырады.
Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, сондай-ақ мұндай оқиғаларды туындатқан
себептерді жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылау аясында мемлекеттік еңбек
инспекторлары жүргізетін тексерулер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика
мен арнайы есепке алу туралы
сәйкес тіркеуге және есепке алынбайды.
заңнамасына
6-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫН
БАҚЫЛАУ
38-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ
328-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы
саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды
мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік еңбек инспекторларына:
1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы – еңбек жөніндегі уәкілетті
мемлекеттік органның лауазымды адамы;
2) бас мемлекеттік еңбек инспекторлары – еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның
лауазымды адамдары;
3)
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік еңбек инспекторы
– облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті
органының басшысы;
4) мемлекеттік еңбек инспекторлары – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,
астананың еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органының лауазымды адамдары жатады.
3. Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметтік
міндеттерін атқару кезінде
қорғалады
заңмен
және Қазақстан Республикасының
, Қазақстан Республикасының
мен өзге де
Конституциясын
заңдары
нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
4. Мемлекеттік еңбек инспекторына қызметтік міндеттерін орындауға кедергі келтірген
тұлғалар Қазақстан Республикасының
сәйкес жауапты болады.
заңдарына
5.
Алып тасталды - ҚР 29.12.2014
№ 269-V
(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
6. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру
нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан
Республикасының
сәйкес жүзеге асырылады.
Заңына
Мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары осы Кодексте белгіленген
тәртіппен және еңбек
жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган мен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бірлесіп
бекітетін критерийлер негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 328-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.12.19.
N 9
(алғашқы ресми
жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2009.07.17.
N 188-IV
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз), 2011.01.06
N 378-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі),
13.06.2013
№ 102-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі); 27.06.2014
N 212-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн
өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014
№ 269-V
(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
328-1-бап. Бақылау субъектісіне бару
1. Бақылау субъектісіне барған кезде жұмыс берушіні алдын ала хабардар ету және құқықтық
статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу талап етілмейді.
2. Мемлекеттік еңбек инспекторы бақылау субъектісіне барған кезде:
1) қызметтік куәлігін;
2) қажет болған кезде құзыретті органның режимдік объектілерге баруға арналған рұқсатын;
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган
белгілеген тәртіппен берілген,
объектілерге бару үшін қажетті болатын медициналық рұқсатты көрсетуге міндетті.
3. Бақылау субъектілері мемлекеттік еңбек инспекторы барған кезінде:
1) мемлекеттік еңбек инспекторының баратын бақылау субъектісінің аумағына және үй-жайына
кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) коммерциялық, салықтық не өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып,