Жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер



жүктеу 4,8 Kb.
Pdf просмотр
бет5/61
Дата21.11.2017
өлшемі4,8 Kb.
#1247
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61

      5. Егер қызметкерлер өкілдерінің пікірінде жұмыс беруші актісінің жобасына келісім 
болмаған не оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар болған жағдайда, жұмыс беруші:
      1) келіскен жағдайда қызметкерлер өкілдерінің ұсыныстары ескеріле отырып өзгертілген акт 
шығарады;
      2) келіспеген жағдайда қызметкерлер өкілдерімен қосымша консультациялар өткізуге құқылы.
      6. Шығару үшін осы Кодекске сәйкес қызметкерлер өкілдерінің келісімі қажет болатын жұмыс 
беруші актілерінің жобалары бойынша келісімге келмеген жағдайда, туындаған келіспеушіліктер 
хаттамамен ресімделеді, осыдан кейін жұмыс беруші акт қабылдауға құқылы.
      7. Жұмыс беруші ұсыныстарды толығымен не бір бөлігін ескермей акт шығарған кезде 
қызметкерлер өкілдері осы Кодексте көзделген тәртіппен ұжымдық еңбек дауы рәсімін бастауға 
құқылы.
      8. Егер жұмыс берушінің шығарылған актісінде қызметкерлердің осы Кодексте, еңбек шартында
, ұжымдық шартта, келісімдерде көзделген құқықтары мен кепілдіктерін бұзатын не нашарлататын 
ережелер қамтылған жағдайда, оған еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға не сотқа шағым
жасауға болады.
      
Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 
№ 102-V
 (
алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 
Заңдарымен.
      13-бап. Осы Кодексте белгіленген мерзімдерді есептеу
      1. Осы Кодексте, еңбек шартында немесе ұжымдық шартта, келісімдерде белгіленген мерзім 
күнтізбелік күнмен, жылдармен, айлармен, апталармен немесе күндермен есептелетін уақыт 
кезеңінің аяқталуымен айқындалады. Мерзім басталуға тиіс оқиғаны көрсетумен де айқындалуы 
мүмкін. 
      2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда мерзім жұмыс күндерімен есептеледі. 
      3. Уақыт кезеңімен айқындалатын мерзімнің ағымы оқиғаның басталуы белгіленген күнтізбелік
күннен кейінгі күні басталады. 
      4. Жылдармен, айлармен, апталармен есептелетін мерзімдер соңғы жылдың, айдың, аптаның 
тиісті күндері бітеді. Егер айлармен есептелетін мерзімнің бітуі тиісті күні жоқ айға келетін 
болса, онда мерзім осы айдың соңғы күні бітеді. Күнтізбелік апталармен немесе күндермен 
есептелетін мерзімге жұмыс күні емес күндер де қосылады. 
      5. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, мерзімнің соңғы күні жұмыс күні емес күнге келсе,
онда одан кейінгі бірінші жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.
      14-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын 
              бұзғаны үшін жауаптылық
      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан 
Республикасының 
 
 жауаптылықта болады.
заңдарына сәйкес


2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТІ
      15-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің еңбек
               қатынастарын реттеу саласындағы құзыреті
      Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың 
негізгі бағыттарын әзірлейді және іске асырылуын қамтамасыз етеді;
      2) еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерін айқындайды;
      3) Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік 
қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен оларға сыйлықақы беру шарттары туралы
үлгілік ережені бекітеді;
      
РҚАО-ның ескертпесі!
      4) тармақша 01.01.2016 дейін қолданыста болады - ҚР 29.09.2014 
№ 239-V
 Заңымен (
қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 
2-т.
 қараңыз).
      4) азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін айқындайды;
      5) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне ақы 
төлеу жүйесін 
;
бекітеді
      6) жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерімен және қызметкерлердің республикалық 
бірлестіктерімен бас келісім жасасады;
      7) тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы 
нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тәртібін белгілейді;
      8) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттiк органдарға
техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн 
азаматтық қызметшiлердің штат санының лимитін бекітеді;
      9) өзіне Қазақстан Республикасының 
, заңдарымен және Қазақстан 
Конституциясымен
Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 
N 239-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      16-бап. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның
               еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құзыреті
      Еңбек жөніндегі 
:
уәкілетті мемлекеттік орган
      1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске 
асырады;
      2) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауiпсiздiгi және 
еңбектi қорғау талаптарының, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы 
заңнамасының сақталуына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады, сондай-ақ еңбек инспекциясы 
жөніндегі жергілікті органның қызметін үйлестіреді және қызметін тексеруді жүзеге асырады;
      3) еңбек қатынастарын реттеу саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және 
оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
      4) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдардан еңбек қатынастары мәселелері 
бойынша қажетті ақпаратты сұратады;
      5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік еңбек 
инспекторын тағайындауды келіседі;
      6) мемлекеттік органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы техникалық 
регламенттерді әзірлеу жөніндегі қызметін үйлестіреді;
      7) еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында басқа да 
мемлекеттік органдармен, сондай-ақ қызметкерлердің және жұмыс берушілердің өкілдерімен 
үйлестіруді және өзара іс-қимылды жүзеге асырады;


жүктеу 4,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау