1) әлеуметтік әріптестік тараптарының бас келісімді, салалық келісімдерді және
республикалық және салалық комиссиялардың шешімдерін орындауын қамтамасыз ету;
2) өңірдің бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын (әлеуметтік әріптестік тараптарының
бастамасы бойынша) қарау;
3) әлеуметтік-еңбек жанжалдарының және ереуілдердің алдын алу және оларды болғызбау
жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және келісу;
4) жұмыс берушілерге және қызметкерлердің өкілдеріне еңбек дауларын реттеуге жәрдемдесу;
5) жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және жұмыссыздық деңгейін қысқартуға бағытталған
шараларды қолдану;
6) өңірлік келісімді жасасу және оның орындалуын мониторингтеу;
7) Ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу мәселелері жөніндегі кеңесті
қалыптастыру;
8) өңірлік комиссияның негізгі мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған өзге
де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
Ескерту. 268-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.06.2014
N 212-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
269-бап. Республикалық, салалық және өңірлік
комиссиялардың негізгі құқықтары
Республикалық, салалық және өңірлік комиссиялар:
1) өз отырыстарында әлеуметтік және еңбек қатынастары саласында келісілген саясат жүргізу
проблемаларын қарауға;
2) келісім жобасын әзірлеу, көрсетілген келісімді іске асыру, комиссия шешімдерін орындау
кезінде атқарушы органдардың, жұмыс берушілер мен қызметкерлер бірлестіктерінің мүдделерін
келісуге;
3) атқарушы органдардан, жұмыс берушілерден және (немесе) қызметкерлер өкілдерінен
әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттейтін, жасалатын және жасалған келісімдер туралы ақпарат
сұратуға;
4) өз шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға, ал жауапты тұлғалар оларды
орындамаған жағдайда әлеуметтік әріптестіктің тиісті тарапына анықталған бұзушылықтарды жою және
келісімнің талаптарын орындамағаны үшін кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту жөніндегі ұсыныстары бар
ақпарат жіберуге;
5) атқарушы органдардан ұжымдық келіссөздер жүргізу және келісімнің жобасын әзірлеу,
аталған келісімнің орындалуын бақылауды ұйымдастыру үшін қажетті әлеуметтік жағдай туралы
ақпаратты сұратуға және алуға;
6) уәкілетті мемлекеттік органдардың қарауына әлеуметтік және еңбек қатынастары
саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуге;
7) ғалымдар мен мамандарды тарта отырып, жұмыс топтарын құруға;
8) комиссия отырысына атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлерін,
сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды шақыруға;
9) атқарушы органдар, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің бірлестіктері комиссия
белгіленген мерзімде қарауға және орындауға міндетті бірлескен келісімдер мен шешімдер
қабылдауға;
10) әлеуметтік және еңбек қатынастары мен әлеуметтік әріптестік мәселелері бойынша
халықаралық, республикалық, өңіраралық кеңестер, конференциялар, конгрестер, семинарлар өткізуге
аталған іс-шараларды ұйымдастырушылармен келісілген тәртіппен қатысуға құқылы.
270-бап. Қызметкерлер өкілдерінің өкілеттіктері
1. Қызметкерлер өкілдерінің:
1) қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін білдіруге және қорғауға;
2) жұмыс берушімен жобаларды әзірлеу және келісімдерді, ұжымдық шарттарды жасасу
жөніндегі ұжымдық келіссөздер жүргізуге, осы мақсаттарда еңбек қатынастары мәселелері бойынша
қажетті ақпарат алуға;
3) келісімдерде немесе ұжымдық шарттарда көзделген әлеуметтік-экономикалық даму
мәселелерін шешуге қатысуға;
4) осы Кодексте белгіленген тәртіппен қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға;
5) еңбек заңнамасын бұзу мәселелері бойынша еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік
органның мемлекеттік инспекторларымен өзара іс-қимыл жасасуға;
6) келісімдерге және ұжымдық шарттарға сәйкес қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету
жөніндегі шараларды зерделеу мен қолдану үшін жұмыс орындарында болуға;
7) еңбек қатынастарына және әлеуметтік-экономикалық мәселелерге байланысты заңнамалық
актілердің, бағдарламалардың жобаларын әзірлеу мен қарау жөніндегі консультациялық-кеңесші
органдардың жұмысына қатысуға;
8) осы Кодексте белгіленген тәртіппен қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек
дауларын реттеуге қатысуға;
9) Қазақстан Республикасының
көзделген тәртіппен жиналыстар, шерулер,
заңнамасында
митингілер, пикеттер, ереуілдер өткізуге құқығы бар.
2. Жұмыс берушілердің қызметкерлер өкілдеріне өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына кедергі
жасауына жол берілмейді.
30-тарау. ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ТАРАПТАРЫ АРАСЫНДА
КЕЛІСІМДЕР ЖАСАСУ ТӘРТІБІ
271-бап. Келісімдерді дайындау жөнінде келіссөздер
жүргізу құқығы
1. Әлеуметтік әріптестіктің кез келген тарапы келісімді әзірлеу, оның мазмұны, оны жасасу
, өзгерту, толықтыру жөніндегі келіссөздердің бастамашысы болуға құқылы.
2. Республикалық, салалық, өңірлік деңгейлерде қызметкерлер мен жұмыс берушілер
уәкілеттік берген бірнеше өкіл бар болса, олардың әрқайсысына өздері өкілдік ететін
қызметкерлер мен жұмыс берушілердің атынан келіссөздер жүргізу құқығы беріледі.
272-бап. Келіссөздер жүргізудің, келісімдерді әзірлеу
мен жасасудың тәртібі
1. Екінші тараптан келіссөздердің басталуы туралы жазбаша ұсыныстар алған тараптар
күнтізбелік он күн ішінде оларды қарауға және келіссөздерге кірісуге міндетті.
Тараптар арасында салалық келісімнің жекелеген ережелері бойынша келіспеушіліктер
болғанда, келіссөздер басталған күннен бастап үш ай ішінде тараптар бір мезгілде
келіспеушіліктер хаттамасын жасай отырып, келісілген шарттарда салалық келісімге қол қоюға тиіс
.
2. Келіссөздер жүргізу тәртібін, келісімдерді әзірлеу мен жасасу мерзімдерін, сондай-ақ
оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді, оларға қосылуды комиссиялар бекітеді.
3. Келісімдер оларға тараптар қол қойған кезден бастап не келісімдерде белгіленген күннен
бастап күшіне енеді. Келісімдердің барлық қосымшалары олардың ажырамас бөлігі болып табылады
және солармен бірдей заң күшіне ие болады.
4. Келісімнің қолданылу мерзімі тараптардың келісімі бойынша не жаңа келісім
қабылданғанға дейін белгіленеді, бірақ үш жылдан аспауға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |