белгіленген талаптарды сақтай отырып, қызметкердің дербес деректерін сақтау тәртібін қамтамасыз
етуге;
7) Қазақстан Республикасының
сәйкес қызметкердің дербес деректерін жинау,
заңнамасына
өңдеу және қорғау тәртібін белгілейтін жұмыс берушінің актісімен таныстыруды қамтамасыз етуге;
8) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларды
қоспағанда, қызметкердің дербес деректерін қызметкердің жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаға
хабарламауға;
9) қызметкердің дербес деректеріне қол жеткізуге арнайы уәкілеттік берілген адамдарға
ғана рұқсат етуге міндетті. Бұл ретте аталған адамдардың қызметкердің нақты функцияларды
орындау үшін қажет дербес деректерін ғана алу құқығы болуға және олар құпиялылық режімін
сақтауға тиіс;
10) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы
заңнамасында
белгіленген талаптарға сәйкес қызметкердің дербес деректерін ұйымның шегінде таратуды жүзеге
асыруға;
11) қызметкердің дербес деректеріне қол жеткізуге рұқсат берілген адамдарды осы
деректерді тек бұрын мәлімделген мақсаттарда ғана пайдалануға міндетті екендігі және Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, оларды үшінші тұлғаларға беруге
құқылы емес екендігі туралы ескертуге міндетті.
Жұмыс берушінің:
1) қызметкерден оның саяси, дiни және өзге де сенiмдерi мен жеке өмiрi туралы ақпаратты
талап етуге;
2) қызметкерден оның қоғамдық бiрлестiктерге, соның iшiнде кәсiптiк одақтарға мүшелiгi
немесе олардағы қызметi туралы ақпаратты талап етуге құқығы жоқ.
Ескерту. 65-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.05.2013
№ 95-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан
кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
66-бап. Қызметкердің жеке деректерін сақтау
Ескерту. 66-бап алып тасталды - ҚР 21.05.2013
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн
№ 95-V
алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
67-бап. Қызметкердің жеке деректерін беру
Ескерту. 67-бап алып тасталды - ҚР 21.05.2013
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн
№ 95-V
алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
68-бап. Жұмыс берушіде сақталатын дербес деректердің
қорғалуын қамтамасыз ету мақсатындағы
қызметкердің құқықтары
Жұмыс берушiде сақталатын дербес деректердің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында
қызметкердiң:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкердiң
дербес деректерiн қамтитын жазбалардың көшiрмелерiн алу құқығын қоса алғанда, өзiнiң дербес
деректерiне өтеусіз қол жеткізуге;
2) осы Кодекстiң және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарын бұза отырып
, жинау және өңдеу жүзеге асырылған дербес деректерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді,
оларды бұғаттауды, жоюды талап етуге;
3) бұрын қызметкердiң дербес деректерi хабарланған адамдарға осы деректерге жасалған
өзгерістер мен толықтырулар туралы жұмыс берушiнiң хабарлауын талап етуге;
4) өзінің дербес деректерін жинау, өңдеу және қорғау кезінде жұмыс берушiнiң жол берген
іс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) сотқа шағым жасауға құқығы бар.
Ескерту. 68-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.05.2013
№ 95-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан
кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
6-тарау. ЕҢБЕК ТӘРТІПТЕМЕСІ. ЕҢБЕК ТӘРТІБІ
69-бап. Еңбек тәртіптемесінің ережелері
1. Жұмыс беруші еңбек тәртіптемесінің ережелерін қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып
бекітеді.
2. Еңбек тәртіптемесінің ережелерінде қызметкерлердің жұмыс уақыты мен тынығу уақыты,
еңбек тәртібін қамтамасыз етудің талаптары, еңбек қатынастарын реттеудің өзге де мәселелері
белгіленеді.
3. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін еңбек тәртіптемесі Қазақстан Республикасының
белгіленген тәртіппен бекітілетін жарғыларда және ережелерде реттеледі.
заңдарында
4. Еңбек тәртіптемесінің ережелерін орындау жұмыс берушілер мен қызметкерлер үшін
міндетті болып табылады.
70-бап. Еңбек тәртібін қамтамасыз ету
Еңбек тәртібін жұмыс беруші жеке және ұжымдық еңбек үшін қажетті ұйымдастырушылық және
экономикалық жағдайлар жасау, қызметкерлердің еңбекке саналы көзқарасы арқылы, сендіру, адал
еңбегі үшін көтермелеу әдістерімен, сондай-ақ тәртіптік теріс қылық жасаған қызметкерлерге
тәртіптік жаза қолдану арқылы қамтамасыз етеді.
71-бап. Еңбегі үшін көтермелеу
1. Жұмыс беруші қызметкерлерге еңбектегі жетістіктері үшін көтермелеудің кез келген түрін
қолдануға құқылы.
2. Қызметкерлерді көтермелеудің түрлері мен оларды қолданудың тәртібі Қазақстан
Республикасының
, жұмыс берушінің актілерінде, еңбек шартында, ұжымдық шартта
заңнамасында
айқындалады.
72-бап. Тәртіптік жазалар
1. Жұмыс беруші қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
4) осы Кодексте белгіленген жағдайларда еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша
бұзу түріндегі тәртіптік жаза қолдануға құқылы.
2. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де
көзделмеген тәртіптік
заңдарында
жазаларды қолдануға жол берілмейді.
73-бап. Тәртіптік жазаларды қолдану және оған
шағым жасау тәртібі
1. Жұмыс беруші өзінің актісін шығару арқылы тәртіптік жаза қолданады.
2. Жұмыс беруші тәртіптік жазаны қолданғанға дейін қызметкерден жазбаша түсініктеме талап
етуге міндетті. Қызметкердің жазбаша түсініктеме беруден бас тартуы тәртіптік жаза қолдануға
кедергі жасай алмайды. Қызметкер аталған түсініктемені беруден бас тартқан жағдайда тиісті акт
жасалады.
3. Жұмыс беруші тәртіптік жазаның түрін айқындау кезінде жасалған тәртіптік теріс
қылықтың мазмұнын, сипатын және ауырлығын, оны жасаудың мән-жайларын, қызметкердің оның
алдындағы және одан кейінгі тәртібін, еңбекке деген көзқарасын ескеруге тиіс.
4. Әрбір тәртіптік теріс қылығы үшін қызметкерге бір тәртіптік жаза ғана қолданыла алады.
5. Жұмыс берушінің қызметкерге тәртіптік жаза қолдану туралы актісі:
1) қызметкердің еңбекке уақытша қабілетсіздігі;
2) қызметкер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттер атқару уақытына жұмыстан босатылған;
3) қызметкер демалыста немесе вахтааралық демалыста болған;
4) қызметкер іссапарда болған кезеңде шығарылмайды.
6. Тәртіптік жаза қолдану туралы акт ол шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде
тәртіптік жазаға тартылған қызметкерге қолын қойғызып хабарланады. Қызметкер жұмыс берушінің
актісімен танысқанын қол қойып растаудан бас тартқан жағдайда, тәртіптік жаза қолдану туралы
актіде ол туралы тиісті жазба жасалады. Қызметкерді жұмыс берушінің тәртіптік жаза қолдану
туралы актісімен жеке таныстыруға мүмкіндік болмаған жағдайда жұмыс беруші актіні қызметкерге
хабарламалы хатпен жіберуге міндетті.
7. Қызметкер тәртіптік жаза жөнінде осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.
Ескерту. 73-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
74-бап. Тәртіптік жазаларды белгілеу мерзімі
1. Осы Кодекстің 73-бабы 5-тармағында және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында
көзделген жағдайларды қоспағанда, тәртіптік жаза қызметкерге тәртіптік теріс қылық
анықталғаннан кейін тікелей, бірақ ол анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей
қолданылады.
304-бапта көзделген жағдайларда тәртіптік жазалар ереуілді заңсыз деп тану туралы сот
шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады.
2. Тәртіптік жазаны - тәртіптік теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан асқаннан
кейін, ал Қазақстан Республикасының
белгіленген немесе ревизия немесе жұмыс
заңдарында
берушінің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру нәтижелері бойынша тәртіптік теріс қылығы
Достарыңызбен бөлісу: |