көзделген негіздер бойынша бұзу осы Кодекстің 73-бабында көзделген тәртіптік жазалар қолдану
тәртібі және 74-бабының талаптары сақтала отырып жүргізіледі.
5. Еңбек шарты осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көзделген
негіздер бойынша бұзылған кезде, қызметкер келіскен жағдайда жұмыс беруші оны басқа жұмысқа
ауыстыру шараларын қабылдауға тиіс.
6. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, қызметкер
біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес
келмегендіктен, жұмыс берушінің бастамасы бойынша осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 3)
тармақшасына сәйкес еңбек шартын бұзу аттестациялық комиссияның шешіміне негізделуге тиіс, оның
құрамына қызметкерлер өкілі қатысуға тиіс.
Қызметкерлерді аттестаттау тәртібі, талаптары мен кезеңділігі ұжымдық шартта, ал ол жоқ
болған жағдайда қызметкерлердің өкілдерімен келісім бойынша шығарылған жұмыс берушінің
актісінде айқындалады.
7. Қызметкердің жұмыста осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген
жай-күйде болуы медициналық қорытындымен расталуға тиіс.
Қызметкерді медициналық куәландыруға жіберу туралы шешімді жұмыс беруші уәкілеттік берген
лауазымды тұлға қабылдайды.
Қызметкер медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан жағдайда тиісті акт жасалады.
8. Осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес еңбек шартын бұзуға,
қызметкер еңбекке жарамсыздығы парағын ұсынғаннан кейін жол беріледі.
Ескерту. 56-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013
N 106-V
(
алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
57-бап. Қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу
1. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкер жұмыс берушіге
кемінде бір ай бұрын жазбаша ескерте отырып, еңбек шартын өзінің бастамасы бойынша бұзуға
құқылы.
2. Еңбек шарты қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша осы баптың 1-
тармағында көзделген ескерту мерзімі аяқталғанға дейін бұзылуы мүмкін.
3. Еңбек шартын бұзу жұмысты жалғастыру мүмкіндігінің болмауына байланысты жағдайларда,
қызметкер еңбек шартын өтініште көрсетілген мерзімде бұзу туралы жұмыс берушіге жазбаша
ескертеді.
4. Қызметкер жұмыс берушінің еңбек шарты талаптарын орындамағаны туралы оған жазбаша
хабарлауға құқылы. Егер жазбаша хабарланған күннен бастап жеті күн мерзім өткен соң жұмыс
берушінің еңбек шарты талаптарын орындамауы жалғасқан жағдайда, қызметкер үш жұмыс күнінен
кешіктірмей жұмыс берушіге жазбаша ескерте отырып, еңбек шартын бұзуға құқылы.
5. Қызметкер осы бапта көзделген ескерту мерзімі ішінде еңбек шартын бұзу туралы өтінішін
жазбаша нысанда қайтарып алуға құқылы.
6. Осы бапта көрсетілген ескерту мерзімі өткен соң қызметкер жұмысты тоқтатуға құқылы, ал
жұмыс беруші қызметкерге еңбек қызметіне байланысты құжаттар мен оған тиесілі ақшалай
төлемдерді беруге міндетті.
7. Осы Кодексте қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін еңбек шартын қызметкердің
бастамасы бойынша бұзудың ерекше тәртібі көзделеді.
Ескерту. 57-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
58-бап. Тараптардың еркінен тыс мән-жайлар бойынша
еңбек шартын тоқтату негіздері
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
(алғашқы ресми
№ 566-IV
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Еңбек шарты тараптардың еркінен тыс мына мән-жайлар бойынша:
1)
алып тасталды - ҚР 27.06.2014
N 212-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
2) қызметкер не жұмыс беруші-жеке тұлға еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін
болғызбайтын жазамен сотталған сот үкімі заңды күшіне енген кезде;
2-1) жергілікті атқарушы органдар шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты қайтарып алған
кезде;
3) қызметкер не жұмыс беруші-жеке тұлға қайтыс болған жағдайда, сондай-ақ сот қызметкерді
не жұмыс беруші - жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялаған немесе хабарсыз кетті деп таныған
жағдайда;
4) сот қызметкерді әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған,
соның салдарынан қызметкердің бұрынғы жұмысын жалғастыруға мүмкіндігі болмайтын жағдайда;
5) бұрын осы жұмысты атқарған қызметкер жұмысына қайта алынған жағдайда тоқтатылуға тиіс.
2. Сот үкімінің, шешімінің заңды күшіне енген күні немесе қызметкердің қайтыс болған күні
осы баптың 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша еңбек шартының
тоқтатылған күні болып табылады.
Ескерту. 58-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2014
N 212-V
(
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Заңдарымен.
59-бап. Қызметкер еңбек қатынастарын жалғастырудан бас
тартқан кезде еңбек шартын тоқтату негіздері
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
(алғашқы ресми
№ 566-IV
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Қызметкер еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартқан кезде қызметкермен еңбек шарты:
1) қызметкер жұмыс берушімен бірге басқа жерге жұмысқа ауысудан бас тартқан;
2) еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты қызметкер жұмысты жалғастырудан бас тартқан;
3) жұмыс беруші - заңды тұлға қайта құрылған кезде қызметкер жұмысты жалғастырудан бас
тартқан;
4) еңбек міндеттерін атқаруға байланысты өндірістік жарақат алған, кәсіптік ауруға
шалдыққан немесе денсаулығына өндіріске байланысты емес өзге де зақым келген кезде қызметкер
уақытша басқа жұмысқа ауысудан бас тартқан жағдайларда тоқтатылуға жатады.
2. Қызметкер еңбек қатынастарын жалғастырудан жазбаша түрде бас тартқан кезде ғана еңбек
шартын тоқтатуға жол беріледі.
3. Қызметкердің уақытша еңбекке қабілетсіз болуы (оның ішінде жүктілігі және босануы
бойынша) және демалысы кезеңінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар бойынша еңбек
шартын тоқтатуға жол берілмейді.
Ескерту. 59-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
60-бап. Қызметкердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға)
ауысуына немесе оның лауазымға тағайындалуына
байланысты еңбек шартын бұзу
адамдарға ақы
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында осындай лауазымдарды
атқаратын
төленетін өзге лауазымдарда істеуге тыйым салу белгіленген болса, қызметкердің сайланбалы
жұмысқа (лауазымға) ауысуына немесе лауазымға тағайындалуына байланысты онымен еңбек шарты
бұзылады.
Қызметкердің жұмыс берушіні хабардар етуі және қызметкердің жұмысқа (лауазымға) сайлану
немесе тағайындалу актісі негіз болып табылады.
61-бап. Еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы
салдарынан еңбек шартын тоқтату негіздері
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
(алғашқы ресми
№ 566-IV
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Достарыңызбен бөлісу: |