РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
16-тарау. ОН СЕГІЗ ЖАСҚА ТОЛМАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІН
РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
178-бап. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбек
саласындағы құқықтары
Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер еңбек қатынастарында құқықтары бойынша кәмелетке толғандармен теңестіріледі, ал еңбекті қорғау, жұмыс уақыты, демалыс уақыты және басқа да еңбек жағдайлары саласында осы Кодексте белгіленген қосымша кепілдіктерді пайдаланады.
179-бап. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің
еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстар
1. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда, сондай-ақ орындалуы олардың денсаулығы мен имандылығының дамуына зиян келтіруі мүмкін жұмыстарда (ойын бизнесі, түнгі ойын-сауық мекемелеріндегі жұмыс, алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру, тасымалдау мен сату) қолдануға тыйым салынады.
2. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің өздеріне белгіленген шекті нормалардан артық жүктерді тасуына және қозғалтуына тыйым салынады.
3. Алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 179-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
180-бап. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлерді
міндетті медициналық тексерулер
Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлермен еңбек шарттары алдын ала міндетті медициналық тексеруден кейін ғана жасалады. Одан әрі қызметкерлер он сегіз жасқа толғанға дейін жыл сайын міндетті медициналық тексеруден өтуге тиіс.
181-бап. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер үшін
жұмыс уақытының ұзақтығы
Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлерге:
1) он төрт жастан он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін - аптасына 24 сағаттан аспайтын;
2) он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі қызметкерлер үшін - аптасына 36 сағаттан аспайтын;
3) білім беру мекемелерінде оқитын және оқу жылы ішінде оқуды жұмыспен қатар алып жүретін он төрт жастан он алты жасқа дейінгі оқушыларға - күніне 2,5 сағат, он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі оқушыларға күніне 3,5 сағат жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.
182-бап. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер үшін
еңбекке ақы төлеу және өндірім нормалары
1. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы ескеріле отырып жүргізіледі.
2. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің өндірім нормалары қызметкерлерге арналған жалпы өндірім нормаларын негізге ала отырып, осы Кодекстің 181-бабында белгіленген жұмыс уақытының барабар қысқартылған ұзақтығымен белгіленеді.
3. Орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын бітіргеннен кейін жұмысқа кіретін, сондай-ақ өндірісте кәсіптік оқытудан өткен он сегіз жасқа дейінгі қызметкерлер үшін өндірімнің азайтылған нормалары белгіленуі мүмкін.
4. Жұмыс беруші он сегіз жасқа толмаған қызметкерлерге күнделікті жұмыстың толық ұзақтығы кезінде қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу деңгейіне дейін қосымша ақы төлей алады.
Ескерту. 182-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
183-бап. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбек
және тынығу режимінің ерекшеліктері
Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлерді түнгі уақыттағы жұмысқа, үстеме жұмысқа, жұмыс уақытының жиынтық есебі кезіндегі жұмысқа тартуға, оларды іссапарға және вахталық әдіспен орындалатын жұмысқа жіберуге, сондай-ақ оларды жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан кері шақырып алуға тыйым салынады.
184-бап. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің
материалдық жауапкершілігін шектеу
Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлермен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасасуға тыйым салынады.
17-тарау. ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ МІНДЕТТЕРІ БАР ӨЗГЕ
АДАМДАРДЫҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
185-бап. Еңбек шартының тоқтатылуын шектеу
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Жүкті әйелдермен, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек-баланы) тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де тұлғалармен еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуға, осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 1), 3) - 18) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол берілмейді.
2. Егер әйел еңбек шартының мерзімі аяқталған күні мерзімі он екі апта және одан көп апта жүктілігі туралы медициналық қорытынды
ұсынса, жоқ қызметкерді алмастыру жағдайларын қоспағанда, жұмыс беруші оның жазбаша өтініші бойынша еңбек шартының
мерзімін бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыс аяқталған күнге дейін ұзартуға міндетті.
Ескерту. 185-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
186-бап. Әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын
жұмыстар
1. Әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізіміне сәйкес әйелдердің еңбегін ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда пайдалануға тыйым салынады.
2. Әйелдердің өздері үшін белгіленген шекті нормалардан асатын жүкті қолмен көтеруіне және жылжытуына тыйым салынады.
3. Алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 186-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
187-бап. Әйелдердің және отбасылық міндеттері бар басқа
да адамдардың еңбегі мен тынығу режимінің
ерекшеліктері
1. Жұмыс берушінің жүкті әйелдерді түнгі уақыттағы жұмысқа, демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа, үстеме жұмысқа тартуға, оларды іссапарға жіберуге, сондай-ақ оларды жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан кері шақырып алуға құқығы жоқ.
2. Жұмыс берушінің:
1) жеті жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді және жеті жасқа дейінгі балаларды анасыз тәрбиелеп отырған басқа да адамдарды;
2) егер үш жасқа дейінгі балалар, мүгедек балалар не отбасының ауру мүшесі медициналық қорытынды негізінде тұрақты күтім жасауға мұқтаж болса, отбасының ауру мүшелеріне күтім жасайтын не мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған қызметкерлерді жазбаша келісімінсіз түнгі уақыттағы жұмысқа, үстеме жұмысқа тартуға, сондай-ақ іссапарға және вахталық әдіспен орындалатын жұмысқа жіберуге құқығы жоқ.
188-бап. Баланы тамақтандыруға арналған үзілістер
1. Тынығуға және тамақтануға арналған үзілістерден, ауысымішілік және арнайы үзілістерден басқа, бір жарым жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, бір жарым жасқа дейінгі балаларды анасыз тәрбиелеп отырған әкелерге (асырап алушыларға) баланы (балаларды) тамақтандыру үшін жұмыстың кемінде әрбір үш сағаты сайын:
1) бір баласы бар болғанда - әрбір үзіліс кемінде отыз минут;
2) екі немесе одан да көп баласы бар болғанда - әрбір үзіліс кемінде бір сағат болатын қосымша үзілістер беріледі.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қызметкердің өтініші бойынша баланы (балаларды) тамақтандыруға арналған үзілістер тынығуға және тамақтануға арналған үзілістерге қосылады не жиынтық үзілістер жұмыс күнінің (ауысымының) басында немесе аяғында беріледі.
3. Баланы (балаларды) тамақтандыруға арналған үзілістер жұмыс уақытына кіреді. Үзілістер уақытында әйелдердің (әкелердің, асырап алушылардың) орташа жалақысы сақталады.
189-бап. Әйелдерге және отбасылық міндеттері бар басқа
да адамдарға толық емес жұмыс уақытын белгілеу
Жұмыс беруші жүкті әйелдің, үш жасқа дейінгі баласы бар ата-ананың (асырап алушының) біреуінің, сондай-ақ отбасының ауру мүшесіне медициналық қорытындыға сәйкес күтім жасайтын қызметкердің жазбаша өтініші бойынша оларға толық емес жұмыс уақыты режимін береді.
Ескерту. 189-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
190-бап. Жүкті әйелдерге жұмыс уақытының жиынтық есебін
қолдануды шектеу
Егер жұмыс күнінің ұзақтығы сегіз сағаттан асатын болса, жүкті әйелдерге жұмыс уақытының (жұмыс ауысымының) жиынтық есебін қолдануға жол берілмейді.
191-бап. Жүкті әйелдерді басқа жұмысқа уақытша ауыстыру
Жұмыс беруші медициналық қорытынды негізінде жүкті әйелді орташа жалақысын сақтай отырып, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсері болмайтын басқа жұмысқа ауыстыруға міндетті.
Жүкті әйелге қолайсыз өндірістік факторлар әсерін болдырмайтын басқа жұмыс берілгенге дейін, әйел осының салдарынан өткізіп алған барлық жұмыс күндері үшін жұмыс берушінің қаражаты есебінен орташа жалақысы сақтала отырып, жұмыстан босатылуға тиіс.
Ескерту. 191-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
192-бап. Жыл сайынғы ақылы демалыс кезектілігін
белгілеу кезінде әйелдерге берілетін кепілдік
Әйелге, қалауы бойынша, жүктілікке және босануға байланысты демалыстың алдында немесе тікелей одан кейін не балаға күтім жасауға арналған демалыс біткен соң жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі.
193-бап. Жүктілікке және босануға байланысты
демалыс
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, әйелдерге жүктілігіне және босануына байланысты ұзақтығы босануға дейін күнтізбелік жетпіс күнге және босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты (қиналып босанған немесе екі немесе одан да көп бала туған жағдайда - жетпіс) күнге дейін өтініші және белгіленген тәртіппен берілген еңбекке жарамсыздық парағы негізінде демалыс беріледі.
2. Демалыстарды есептеу жиынтықтап жүргізіледі және демалыс әйелге босанғанға дейін нақты пайдаланған күндерінің санына және жұмыс берушідегі жұмысының ұзақтығына қарамастан, толық беріледі.
Ескерту. 193-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.12.19 N 9 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
194-бап. Жаңа туған балаларды асырап алған
қызметкерлерге берілетін демалыс
Жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге (ата-ананың біреуіне) баланы асырап алған күннен бастап және бала туған күннен елу алты күн өткенге дейінгі кезеңге демалыс беріледі.
Ескерту. 194-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.12.19. N 9 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
194-1-бап. Жүктілікке және босануға байланысты демалысқа,
жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған
қызметкерлерге берілетін демалысқа ақы төлеудің
ерекшеліктері
Егер бұл еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың талаптарында, жұмыс берушінің актісінде көзделсе, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем сомасын шегергендегі орташа жалақысын сақтай отырып, жүктілікке және босануға байланысты демалысқа, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге берілетін демалысқа ақы төлейді.
Ескерту. 17-тарау 194-1-баппен толықтырылды - ҚР 04.02.2013 № 75-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
195-бап. Балалардың күтіміне байланысты жалақы
сақталмайтын демалыс
1. Жұмыс беруші қызметкерге:
1) ата-анасының қалауы бойынша - баланың анасына не әкесіне;
2) баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ата-ананың біреуіне;
3) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы іс жүзінде тәрбиелеп отырған әжесіне, атасына, басқа туысына немесе қамқоршысына;
4) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерге бала үш жасқа толғанға дейін баланың күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті.
2. Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс осы баптың 1-тармағында көрсетілген қызметкердің жазбаша өтініші негізінде оның қалауы бойынша толық немесе бөлініп пайдаланылуы мүмкін.
3. Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс уақытында қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
4. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс уақыты жалпы еңбек стажына, мамандығы бойынша жұмыс стажына есептеледі.
5. Бала үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс аяқталғанға дейін жұмысқа шыққан жағдайда, қызметкер жұмыс берушіге өзінің ниеті туралы жұмыс басталуынан бір ай бұрын ескертуге міндетті.
Ескерту. 195-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
18-тарау. ҚОСА АТҚАРАТЫН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ
ЕҢБЕГІН РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
196-бап. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты
1. Қызметкер өзі еңбек қатынастарында тұрған бір жұмыс берушімен (негізгі жұмыс орыны бойынша), сондай-ақ бірнеше жұмыс берушімен де қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жасасуға құқылы.
2. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартында жұмысты қоса атқару жөнінде сілтеме болуы міндетті.
197-бап. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын
жасасуға қажетті қосымша құжаттар
Қызметкер басқа жұмыс берушімен қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жасасу үшін осы Кодекстің 31-бабында көзделген құжаттардан бөлек, негізгі жұмыс орны бойынша еңбектің сипаты мен жағдайлары (жұмыс орны, лауазымы, еңбек жағдайлары) туралы анықтама табыс етеді.
198-бап. Қоса атқаратын жұмыс кезіндегі жұмыс уақытының
ұзақтығы
Негізгі жұмыс орны бойынша және қоса атқаратын жұмысы бойынша күнделікті жұмыстың жиынтық ұзақтығы осы Кодекстің 82-бабында белгіленген күнделікті жұмыс уақытының нормасынан 4 сағаттан артық аспауға тиіс.
199-бап. Қоса атқаратын жұмыс кезіндегі жыл сайынғы
ақылы еңбек демалысы
1. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы негізгі жұмысы бойынша демалыспен қатар беріледі.
2. Егер қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы басқа жұмыс бойынша демалыстың ұзақтығынан аз болса, жұмыс беруші қоса атқарушы - қызметкердің өтініші бойынша демалыс ұзақтығының айырмасын құрайтын күндерге жалақысы сақталмайтын демалыс береді.
200-бап. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын
жасасуды шектеу
Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын он сегіз жасқа толмаған қызметкерлермен және ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлермен жасасуға тыйым салынады.
201-бап. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жұмыс
берушінің бастамасы бойынша бұзудың қосымша
негіздері
Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты, осы Кодекстің 54-бабында көзделген негіздерден басқа, еңбек шарты осы жұмыс өзі үшін негізгі болып табылатын қызметкермен жасалынған жағдайда жұмыс берушінің бастамасымен бұзылуы мүмкін.
19-тарау. АУЫР ЖҰМЫСТАРДА, ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫ ЗИЯНДЫ (ЕРЕКШЕ
ЗИЯНДЫ) ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ҚАУІПТІ ЖҰМЫСТАРДА ІСТЕЙТІН
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
202-бап. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды
(ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті
жұмыстарда істейтін қызметкерлердің жұмыс
уақытының қысқартылған ұзақтығы
1. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін жұмыс уақытының аптасына 36 сағаттан аспайтын қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.
2. Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, сондай-ақ оны берудің тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша айқындайды.
Ескерту. 202-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
203-бап. Жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысы
Жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары қызметкерлерге өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, сондай-ақ жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретін ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес беріледі. Демалыстың бұл түрінің ұзақтығын, сондай-ақ оны берудің тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып айқындайды.
Ескерту. 203-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
204-бап. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды
(ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті
жұмыстарда істейтін қызметкерлердің еңбегіне
ақы төлеу
Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу қалыпты еңбек жағдайлары бар жұмыстарда істейтін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеумен салыстырғанда жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар (ставкалар) немесе қосымша ақылар белгілеу жолымен жоғарылатылған мөлшерде, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасында, салалық келісімдерде немесе ұжымдық шарттарда еңбекке ақы төлеудің ең төменгі стандарттарына негізделіп белгіленгеннен төмен емес мөлшерде белгіленеді.
Өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін жұмысты, сондай-ақ оны берудің тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып айқындайды.
Осы бапта белгіленген еңбекке ақы төлеу шарттары ауыр, зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жағдайлардағы еңбегі жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелерімен расталған қызметкерлерге қолданылады.
Ескерту. 204-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
205-бап. Салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын
қамтамасыз ету
Ұйым қызметкерлеріне еңбек жағдайлары бойынша жұмыс берушінің қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтіннен төмен емес нормаларда арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да дара қорғану құралдары, жуу және зарарсыздандыру материалдары, сүт, емдеу-профилактикалық тағамдары беріледі.
Ескерту. 205-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
20-тарау. МАУСЫМДЫҚ ЖҰМЫСТАРДА ІСТЕЙТІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ
ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
206-бап. Маусымдық жұмыстар
Климаттық немесе өзге де табиғи жағдайлары бойынша белгілі бір, бірақ бір жылдан аспайтын кезең (маусым) ішінде орындалатын жұмыстар маусымдық деп танылады.
207-бап. Маусымдық қызметкерлермен еңбек шартын жасасу
ерекшеліктері
1. Еңбек шартында маусымдық жұмыстар орындауға арналған шарт жасасу туралы талап және жұмыстарды орындаудың айқындалған кезеңі көрсетілуге тиіс.
2. Маусымдық жұмыстарға арналған еңбек шартын жасасу кезінде қызметкердің өзіне тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатындағы сынақ мерзімі белгіленбейді.
208-бап. Маусымдық жұмыстарда істейтін қызметкерлермен
еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша
бұзудың қосымша негіздері
Маусымдық жұмыстарда істейтін қызметкерлермен еңбек шарты, осы Кодекстің 54-бабында көзделген негіздерден басқа:
1) жұмыс берушідегі жұмыстар өндірістік сипаттағы себептер бойынша екі аптадан артық мерзімге тоқтатылған;
2) қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығы салдарынан қатарынан бір ай бойы жұмысқа шықпаған жағдайларда жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін.
209-бап. Маусымдық жұмыстарда істейтін қызметкерлермен
еңбек шартын бұзу тәртібінің ерекшеліктері
1. Маусымдық жұмыстарда істейтін қызметкер, бұл туралы жұмыс берушіні күнтізбелік жеті күн бұрын жазбаша түрде ескерте отырып, еңбек шартын өз бастамасы бойынша бұзуға құқылы.
2. Жұмыс беруші маусымдық жұмыстарда істейтін қызметкерді еңбек шартының осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бұзылатыны туралы күнтізбелік жеті күн бұрын жазбаша ескертуге міндетті.
3. Маусымдық жұмыстарда істейтін қызметкермен еңбек шарты бұзылған кезде, жұмыс беруші пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы төлемін жұмыс істелген уақытқа барабар төлейді.
4. Маусымдық жұмыста істейтін қызметкермен еңбек шарты ұйымның таратылуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты тоқтатылған кезде екі апталық орташа жалақы мөлшерінде демалыс жәрдемақысы төленеді.
21-тарау. ВАХТАЛЫҚ ӘДІСПЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ
ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
210-бап. Вахталық әдіспен жұмыс істеу ерекшеліктері
1. Вахталық әдіс, қызметкерлердің тұрақты тұратын жеріне күн сайын қайтып келуі қамтамасыз етіле алмайтын кезде, олардың тұрақты тұратын жерінен тысқары жерде еңбек процесін жүзеге асырудың ерекше нысаны болып табылады.
2. Жұмыс беруші вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлер жұмыс өндірісі объектісінде болған кезде оларды тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін тұрғын үймен, жұмыс орнына және одан кері жеткізіп салуды, сондай-ақ жұмыс орындау жағдайларымен және
ауысымаралық демалыспен қамтамасыз етуге және олардың тамақтануын ұйымдастыруға міндетті.
Жұмыс беруші қызметкердің жұмыс өндірісі объектісінде болу жағдайларын еңбек шартына, ұжымдық шартқа сәйкес қамтамасыз етеді.
Ескерту. 210-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
211-бап. Вахталық әдіспен жұмыс істеуге қойылатын
Достарыңызбен бөлісу: |