Жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер



жүктеу 1,16 Mb.
бет7/16
Дата15.04.2020
өлшемі1,16 Mb.
#29433
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

                төлеу

      Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа қызметкердің күндік (сағаттық) ставкасы негізге алына отырып, кемінде екі есе мөлшерде ақы төлеу жүргізіледі.

      129-бап. Түнгі уақыттағы еңбекке ақы төлеу

      Түнгі уақыттағы жұмыстың әр сағатына қызметкердің күндік (сағаттық) ставкасы негізге алына отырып, кемінде бір жарым есе мөлшерде ақы төленеді.

      130-бап. Әр түрлі біліктілік жұмыстарын орындаған кезде
                еңбекке ақы төлеу

      Қызметкер әр түрлі біліктілік жұмыстарын орындаған кезде оның еңбегіне неғұрлым жоғары біліктілік жұмысы бойынша ақы төленеді.


      Жоғары біліктілік қызметкеріне өндіріс сипатын ескере отырып оған тағайындалған разрядтан төмен тарифтелетін жұмысты орындау тапсырылған жағдайда, еңбекке ақы төлеу оған тағайындалған біліктілік (разряд) бойынша жүргізіледі.

      131-бап. Лауазымдарды қоса атқару (қызмет ету аймағының


                кеңеюі) және уақытша болмаған қызметкердің
                міндеттерін орындау кезінде еңбекке ақы төлеу

      1. Бір ұйымда, өзінің еңбек шартында қарастырылған негізгі жұмысымен қатар басқа немесе осындай лауазым бойынша қосымша жұмыс орындайтын не уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін өзінің негізгі жұмысынан босатылмай орындайтын қызметкерлерге қосымша ақы


төленеді.
      2. Жұмыс беруші лауазымдарды қоса атқарғаны (қызмет ету аймағының кеңеюі) және уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындағаны үшін берілетін қосымша ақылар мөлшерлерін қызметкермен келісе отырып белгілейді.
      Ескерту. 131-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      132-бап. Жаңа өндірістерді (өнімдерді) игеру кезінде


                еңбекке ақы төлеу

      Ұжымдық шартта және (немесе) еңбек шартында жаңа өндірістерді (өнімдерді) игеру кезеңінде қызметкердің бұрынғы жалақысының сақталуы көзделуі мүмкін.

      133-бап. Бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу

      1. Жұмыс берушінің кінәсінен жұмыстың бос тұрып қалу уақытына ақы төлеудің тәртібі мен талаптары еңбек шартында, ұжымдық шартта айқындалады және қызметкердің орташа жалақысының елу процентінен кем емес мөлшерде белгіленеді.


      2. Қызметкердің кінәсінен бос тұрып қалған уақытқа ақы төленбеуге тиіс.

      134-бап. Жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдері

      1. Жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшалай нысанда айына кемінде бір рет, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленеді. Жалақы төленетін күн еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделеді.
      2. Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір қызметкерге тиісті кезеңдегі тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша түрде ай сайын хабарлауға міндетті.
      3. Жалақы төлеу күні демалыс немесе мереке күндеріне тура келген кезде төлем олардың қарсаңында жүргізіледі.
      4. Жалақыны және қызметкермен еңбек шартын бұзуға байланысты өзге де төлемдерді төлеу жұмыс берушінің кінәсінен кешіктірілген кезде, жұмыс беруші қызметкерге берешек пен өсімақыны төлейді. Өсімақы мөлшері жалақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасын негізге ала отырып есептеледі және төлем жүргізілуге тиісті күннен кейінгі күннен бастап әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін есептеледі және төлем жасалған күнмен аяқталады.
      5. Еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі барлық сомаларды төлеу шарт аяқталған күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      135-бап. Жалақы төленетін орын

      Қызметкерлерге жалақы төлеу, егер еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарында өзгеше көзделмесе, олардың жұмыс істейтін орнында жүргізілуге тиіс.

      136-бап. Қызметкердің орташа айлық жалақысын есептеу

      1. Бес күндік, сондай-ақ алты күндік жұмыс аптасында орташа айлық жалақыны есептеу белгіленген қосымша ақылар мен үстеме ақылар, сыйлықақылар және еңбекке ақы төлеу жүйесінде көзделген тұрақты сипаттағы басқа да ынталандыру төлемдері ескеріле отырып, тиісті кезеңдегі орташа күндік (сағаттық) жалақының есебінен нақты жұмыс істелген уақыт үшін жүргізіледі.
      2. Осы Кодекске сәйкес тиісті ақы (төлем) төлеуге байланысты оқиғаның алдындағы он екі күнтізбелік ай орташа жалақыны есептеу үшін есептік кезең болып табылады. Күнтізбелік он екі айдан аз жұмыс істеген қызметкерлер үшін орташа айлық жалақы нақты жұмыс істелген уақыт бойынша айқындалады.
      3. Орташа айлық жалақыны айқындаудың осы Кодексте көзделген барлық жағдайлары үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі оны есептеудің бірыңғай тәртібін белгілейді.
      4. Егер бұл қызметкердің жағдайын нашарлатпайтын болса, ұжымдық шартта орташа жалақыны есептеудің өзге кезеңдері көзделуі мүмкін.

      137-бап. Жалақыдан ұстап қалу

      1. Қызметкердің жалақысынан ұстап қалу сот шешімі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жүргізіледі.
      2. Қызметкердің өзі жұмыс істейтін ұйымға берешегін өтеу үшін оның жалақысынан ұстап қалу қызметкердің жазбаша келісімі бар болған кезде жұмыс берушінің актісі негізінде жүргізілуі мүмкін.
      3. Ай сайынғы ұстап қалудың жалпы мөлшері қызметкерге тиесілі жалақының елу процентінен аспауға тиіс.

      138-бап. Қызметкердің қайтыс болуына байланысты


                алынбаған жалақыны беру

      Қызметкердің қайтыс болуына байланысты алынбаған жалақы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен беріледі.



10-1-тарау. Ұлттық біліктілік жүйесі

      Ескерту. Кодекс 10-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      138-1-бап. Осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар

      Осы тарауда мынадай ұғымдар пайдаланылады:


      1) ұлттық біліктілік жүйесі – мамандардың біліктілігіне еңбек нарығы тарапынан сұраныс пен ұсыныстарды құқықтық және институционалдық реттеу тетіктерінің жиынтығы;
      2) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
      3) салалық біліктілік шеңберлері – салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
      4) кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт.

      138-2-бап. Ұлттық біліктілік жүйесінің құрылымы

      Ұлттық біліктілік жүйесі мыналарды:
      1) ұлттық біліктілік шеңберін;
      2) салалық біліктілік шеңберлерін;
      3) кәсіби стандарттарды;
      4) маманның кәсіби даярлығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растауды қамтиды.

      138-3-бап. Ұлттық біліктілік шеңбері

      1. Ұлттық біліктілік шеңбері кәсіби қызметтің жалпы сипаттамаларын әрбір біліктілік деңгейі үшін сипаттаудан тұрады.
      2. Ұлттық біліктілік шеңберін әзірлеуді және бекітуді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің және қызметкерлердің республикалық бірлестіктерінің пікірін ескере отырып, білім беру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп жүргізеді.

      138-4-бап. Салалық біліктілік шеңберлері

      1. Салалық біліктілік шеңберлері ұлттық біліктілік шеңбері негізінде экономикалық қызметтің нақты саласында әзірленеді.
      2. Салалық біліктілік шеңбері салада орындалатын жұмыстардың күрделілігіне және пайдаланылатын білім, машықтар мен құзырет сипатына қарай деңгейлер бойынша маманның біліктілігіне қойылатын талаптарды жіктейді.
      3. Салалық біліктілік шеңберін әзірлеуді және бекітуді тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерінің және қызметкерлердің салалық бірлестіктерінің пікірін ескере отырып жүргізеді.
      Ескерту. 138-4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 130-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      138-5-бап. Кәсіби стандарттар

      1. Кәсіби стандарттарды әзірлеуді тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерімен және қызметкерлердің салалық бірлестіктерімен бірлесіп жүзеге асырады.
      2. Кәсіби стандарттардың құрылымын, оларды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу және қолдану тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерімен және қызметкерлердің республикалық бірлестіктерімен келісу бойынша айқындайды.
      3. Кәсіби стандарттарды бекітуді тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша олар белгілеген тәртіппен жүргізеді.
      4. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Кәсіби стандарттар тізілімін жүргізуді өзі белгілеген нысан бойынша жүзеге асырады.
      Ескерту. 138-5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 130-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      138-6-бап. Мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және


                  біліктілік сәйкестігін растау 

      1. Маман құзыретінің сәйкестігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген ұйымдар жүзеге асыратын біліктілік сәйкестігін растау негізінде айқындалады.


      2. Мамандардың біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру тәртібін бекітуді тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің және қызметкерлер бірлестіктерінің пікірін ескере отырып жүзеге асырады.

11-тарау. КӘСІПТІК ДАЯРЛАУ, ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ

      139-бап. Осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар

      Осы тарауда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) оқыту шарты - жұмыс беруші мен оқитын адамның арасындағы кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру шарттары туралы жазбаша келісім;
      2) кәсіптік даярлау - белгілі бір жұмыс түрін орындауға қажетті жаңа кәсіби дағдыларды меңгеру немесе кәсіби дағдыларды өзгерту үшін адамды дамытуға бағытталған кәсіптік оқыту нысаны;
      3) қайта даярлау - басқа кәсіпті немесе мамандықты игеруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;
      4) біліктілікті арттыру - бұрын алған кәсіптік білімін, шеберлігі мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдету мен жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны.

      140-бап. Жұмыс берушінің даярлау, қайта даярлау және


                біліктілікті арттыру жөніндегі құқықтары мен
                міндеттері

      1. Ұйымның жұмыс істеуі мен дамуы үшін кәсіптік даярлаудың, қайта даярлау мен біліктілікті арттырудың қажеттігін және оның көлемін жұмыс беруші айқындайды.


      2. Жұмыс беруші қызметкерлерді немесе өзімен еңбек қатынастарында тұрмайтын өзге адамдарды (бұдан әрі - оқитын адамдар) кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды:
      1) тікелей ұйымда;
      2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында;
      3) кадрларды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын өзге де ұйымдарда жүргізеді.
      3. Жұмыс беруші кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан немесе біліктілігін арттырудан өтетін қызметкерлерге осы Кодексте, келісімдерде, ұжымдық шартта, еңбек шартында көзделген жұмысты оқумен қатар алып жүру үшін жағдайлар жасауға міндетті.
      4. Жұмыс беруші техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына кадрларды даярлауда, қайта даярлауда және олардың біліктілігін арттыруда жәрдемдеседі.
      Ескерту. 140-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз), 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      141-бап. Жұмыс берушінің жолдамасы бойынша білім беру


                ұйымдарында кәсіптік даярлау, қайта даярлау
                және біліктілікті арттыру

      1. Жұмыс берушінің жолдамасы бойынша білім беру ұйымдарында оқитын адамдарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру оқыту шартына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.


      2. Келісімде, ұжымдық шартта және (немесе) еңбек шартында оқытуға байланысты жеңілдіктер мен өтемақы төлемдері көзделуі мүмкін.

      142-бап. Ұйымда қызметкерлерді кәсіптік даярлау, қайта


                даярлау және олардың біліктілігін арттыру

      1. Ұйымда қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жұмыс беруші жүзеге асырады.


      2. Кадрларды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру нысандарын жұмыс беруші айқындайды.
      3. Ұйымда кадрларды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      143-бап. Қызметкерлердің кәсіптік даярлау, қайта


                даярлау және біліктілікті арттыру жөніндегі
                құқықтары мен міндеттері

      1. Қызметкерлердің жаңа кәсіптер мен мамандықтарға оқытуды қоса алғанда, кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілікті арттыруға құқығы бар.


      2. Кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан немесе біліктілікті арттырудан өтетін қызметкерлер жұмыс берушімен келісе отырып жұмыстан босатылуы не жұмысты толық емес жұмыс уақыты жағдайында орындауы мүмкін.
      3. Кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан немесе біліктілікті арттырудан өтетін қызметкерлер осы Кодексте, ұжымдық шартта, еңбек шартында көзделген кепілдіктерді пайдаланады.
      4. Кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру аяқталғаннан кейін оқитын адам тараптар оқыту шартында келіскен мерзімде жұмыс берушіде жұмыспен өтеуге міндетті.
      5. Еңбек шарты қызметкердің бастамасы бойынша немесе қызметкердің кінәсі салдарынан жұмыс берушінің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда қызметкер өзін оқытуға байланысты шығындарды жұмыспен өтеу мерзімінің жұмыс істелмеген мерзіміне барабар мөлшерде жұмыс берушіге өтейді.

      144-бап. Оқыту шартының мазмұны

      1. Оқыту шарты:
      1) оқитын адам алатын нақты кәсіпке, мамандыққа, біліктілікке сілтемені;
      2) жұмыс берушінің және оқитын адамның құқықтары мен міндеттерін;
      3) оқыту мерзімін және оқыту аяқталғаннан кейін жұмыс берушіде жұмыспен өтеу мерзімін;
      4) оқытуға байланысты кепілдіктер мен өтемақы төлемдерін;
      5) тараптардың жауапкершілігін қамтуға тиіс.
      2. Оқыту шартында тараптардың келісімімен айқындалған өзге де талаптар қамтылуы мүмкін.

12-тарау. ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ

      145-бап. Жұмысқа орналастыру кезіндегі мемлекеттік


                кепілдіктер

      Мемлекет халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарға:


      1) кемсітушіліктің кез келген нысанынан қорғауға және кәсіп пен жұмыс алуда тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге;
      2) жұмыссыздарды, табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға, сондай-ақ жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыруға;
      2-1) күші жойылды - ҚР 2009.05.05 N 159-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      3) шағын бизнес пен кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге;
      4) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган және жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі арқылы еңбек делдалдығын  ұйымдастыруға;
      5) кәсіптік-бағдарлау қызметтерін көрсетуге, бос орындар мен бос жұмыс орындары туралы ақпараттар беруге;
      6) кәсіптік білім беру жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға бағдарлауға;
      7) жұмыс күшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес өңіраралық қайта бөлуге;
      8) еңбек қатынастарын анықтау және жария ету жөніндегі шараларды әзірлеуге және іске асыруға;
      9) инвестициялық келісім-шарттарда инвестордың кәсіптік даярлау, жаңа жұмыс орындарын ашу және бар жұмыс орындарын сақтап қалу жөніндегі міндеттерін белгілеуге;
      10) кәсіптік даярлықты, қайта даярлықты және біліктілікті дамытуға тікелей ұйымдарда жағдай жасауға;
      11) жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдардың жұмыс берушілермен өзара іс-қимылына;
      12) нысаналы топтарға кіретін адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жағдайлармен қамтамасыз етуге кепілдіктер береді.
       Ескерту. 145-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.05.05. N 159-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

       146-бап. Азаматтардың жұмысқа орналасу саласындағы


                құқықтары

      Азаматтардың:


      1) жұмыс берушілерге тікелей өтініш білдіру жолымен, сондай-ақ халықтың жұмысқа орналасуына жәрдем көрсететін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның немесе жұмыспен қамтудың жекеше агенттігінің еңбек делдалдығы арқылы қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға;
      2) жұмысты өзі іздеуге және жұмысқа орналасуға, соның ішінде шетелден жұмыс іздеуге және жұмысқа орналасуға;
      3) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардан және жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінен консультациялар мен ақпараттар алуға;
      4) қоғамдық жұмыстарға қатысуға құқығы бар.

      147-бап. Жұмыс берушінің жұмысқа орналастыру кезіндегі


                құқықтары мен міндеттері

      1. Жұмыс берушінің:


      1) кадрлар іріктеуді жүзеге асыруға;
      2) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардан еңбек нарығының жай-күйі және кәсіптік даярлаудың мүмкіндіктері туралы дәйекті, толық және жедел ақпарат алуға құқығы бар.
      2. Жұмыс беруші жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:
      1) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штаттың қысқаруына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердің жұмыстан босатылуы туралы, жұмыстан босатылатын қызметкерлердің лауазымдары мен кәсіптерін, мамандықтарын, біліктілігі мен еңбекақысының мөлшерін көрсете отырып, босатылуы мүмкін қызметкерлердің саны мен санаттары туралы және олардың босатылатын мерзімдері туралы жұмыстан босату басталардан кемінде екі ай бұрын;
      2) өндірісті ұйымдастырудағы, оның ішінде қайта ұйымдастыру кезіндегі өзгеріске және (немесе) жұмыс берушідегі жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты қызметкерлердің толық емес жұмыс уақыты режиміне көшуі бөлігінде алдағы уақытта болатын еңбек жағдайларының өзгеруі туралы кемінде бір ай бұрын;
      3) бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы олардың пайда болған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде;
      4) азаматтарды жұмысқа қабылдау туралы немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы (жолдамада тиісті белгі қою арқылы себебін түсіндіре отырып) оларды уәкілетті орган жіберген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ақпарат беруге міндетті.
      3. Жұмыс беруші жергілікті тұрғындар болып табылмайтын адамдарды жұмысқа қабылдау және (немесе) ол адамдармен еңбек қатынастарын тоқтату туралы ақпаратты ішкі істер органына бір ай ішінде береді. Ақпаратты беру тәртібі мен нысанын Ішкі істер министрлігі айқындайды.
      Ескерту. 147-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.05.05 N 159-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      148-бап. Еңбек делдалдығы

      Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган немесе жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі:
      1) азаматтарды - жұмысқа тұру мүмкіндігі туралы, ал жұмыс берушілерді жұмыс күшімен қамтылу мүмкіндігі туралы хабардар ету;
      2) азаматтардың жұмыс таңдауына жәрдем көрсету;
      3) азаматтарға бос жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін жұмыс берушіге жолдама беру;
      4) еңбек нарығы жөніндегі деректер базасын қалыптастыру;
      5) өтініш білдірген азаматтарды есепке алу мен тіркеу;
      6) кәсіптік бағдар жасауда қызметтер көрсету;
      7) жұмыс берушілермен шарттар негізінде жұмысқа орналасу мәселелері жөнінде өзара іс-қимыл жасасу арқылы еңбек делдалдығын жүзеге асырады.

13-тарау. КЕПІЛДІКТЕР МЕН ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІ

      149-бап. Қызметкерлер мемлекеттік немесе қоғамдық


                міндеттерді орындаған кезде берілетін
                кепілдіктер

      1. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қызметкерлер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындауға тартылған уақытта оларды жұмыс орнын (лауазымын) сақтай отырып, еңбек міндеттерін орындаудан босатады.


      2. Қызметкерлерге мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындағаны үшін аталған міндеттерді орындайтын жері бойынша, бірақ негізгі жұмыс орнындағы орташа жалақысынан төмен емес жалақы төленеді.
      3. Мерзімді әскери қызметін өткеріп келген қызметкер өзі мерзімдік әскери қызметке шақырылғанға дейін жұмыс істеген кәсіпорынға жұмысқа қабылдау кезінде артықшылықты құқыққа ие болады.

      150-бап. Медициналық тексеруге жіберілетін қызметкерлер


                үшін кепілдіктер

      Осы Кодекске не ұжымдық шартқа сәйкес кезеңдік медициналық тексерулерден өтуге міндетті қызметкерлердің олардан өткен уақытта жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады.

      151-бап. Донор болып табылатын қызметкерлер үшін
                кепілдіктер

      Донор болып табылатын қызметкердің тексерілу және қан мен оның компоненттерін беру (донациялау) уақытында жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес өзге де кепілдіктер беріледі.


       Ескерту. 151-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.16. N 186-IV Заңымен.

      152-бап. Іссапарларға жіберілетін қызметкерлер үшін


                кепілдіктер мен өтемақы төлемдері

      1. Іссапар уақытында қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы сақталады.


      2. Іссапарларға жіберілетін қызметкерлерге:

      1) қызметтік іссапарда, оның ішінде жолда болған күнтізбелік күндері үшін тәуліктік төлемдер;


      2) баратын жеріне дейінгі және кері қайтудағы жол жүру шығыстары;
      3) тұрғын үй жалдау шығыстары төленеді.
      3. Қызметкерлерді іссапарларға жіберудің талаптары мен мерзімдері еңбек шартымен, ұжымдық шартпен немесе жұмыс берушінің актісімен айқындалады.
      4. Қызметкерлерді іссапарларға жіберу осы Кодекстің 183, 187, 226-баптарында көзделген шектеулер ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      153-бап. Қызметкерді жұмыс берушімен бірге басқа жерге


жүктеу 1,16 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау