Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
134
Берілген тарихи түсініктер бойынша тапсырмалар білім алушылар тарапынан
тек қана себеп пен салдарды анықтаумен шектелмей, бұл себептерді берілген
белгілері бойынша жіктеу (мазмұны, уақыты және рөлі бойынша), түрлі
себептер арасында өзара байланысты анықтау және оларды қатысты
(маңыздылық) деңгейі бойынша орналастыруға мүмкіндік беретіндей түрде
құрастырылуы қажет.
Білім алушылар белгілі бір тарихи оқиғалардың/ құбылыстардың/
процестердің маңыздылығын анықтай білуге үйренулері қажет. Мұғалімнің
білім алушыларға маңыздылық сөзінде қандай мағына жатқандығын түсінуіне
қолдау көрсетуі тиіс.
Мұғалімнің сабаққа арнайы әзірлейтін тапсырмалары:
түсінікті болуы;
саралаудың ескерілуі;
сын тұрғысынан ойлауды дамытуға мүмкіндік беруі;
проблемалық оқытуға
негізделуі;
бағалау мүмкіндіктерінің бар болуы.
Картамен жұмысты тиімді деңгейде күшейту қажет. Ол үшін тарихи
карталар мазмұнын талдау бойынша тапсырмаларды пайдалану ұсынылады.
Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, презентация,
интеллект карталар, диаграммалар жасауға тапсырмалар берген дұрыс.
Тарихи тұлғаға сипаттама бергенде мынадай арнайы жадынаманы
қолдану ұсынылады:
- тарихи қайраткердің сыртқы бейнесін суреттеу;
- тұлғалық белгілерін сипаттау;
- өмірінің ең жарқын мыңызды фактілерін атау;
- тұлғаның тарихқа қосқан үлесіне баға беру.
Бұл тарихи тұлғалардың іске асырған ерекше әрекеттерінің білім
алушының есінде ұзақ сақталуына мүмкіндік береді.
Пәнді оқыту кезінде барлық сынып білім алушыларының жұмыс жасауы
және үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін жеке, жұптық, топтық жұмыстарды
ұйымдастыру ұсынылады.
Оқыту
процесін
оңтайландыру
мақсатында
топтық
жұмысты
ұйымдастыру өте тиімді болып табылады. Топтық жұмысты ұйымдастыру
кезінде әрбір оқушының қабілеттері мен психологиялық ерекшеліктерін ескеру,
олардың топтағы атқаратын негізгі міндеттерін анық түсіндіру қажет. Сонымен
бірге топ мүшелерінің әрқашан өзгеріп отыруы да маңызды.
Жоғары сыныптарда түсіндіру және талдау дағдысын тереңдеп дамыту
үшін оқытудың жаңа әдістері ұсынылады. Деңгейлеп оқыту, сын тұрғысынан
ойлауды қалыптастыру, тірек-сызба, салыстырмалы талдау және тағы басқалар.
Мысалы: маңызды тарихи оқиғаларды талдауда STEEPLE-талдауы (S–
әлеуметтік,T – технологиялық, E – экономикалық, E – қоршаған орта, P – саяси,
L – құқықтық, E -этникалық факторлар) және т.б. қолдану ұсынылады. Бұл
білім алушылардың түсіндіру және талдау дағдысын тереңдеп дамытуға
мүмкіндік береді.
Білім алушылардың мазмұны жағынан мәндес пәндерді оқу кезінде алған