Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
131
www.unesco.org
www.unmultimedia.org
www.volcanodiscovery.co
m
www.worldbank.org
«Жаратылыстану» білім саласы пәндері бойынша сыныптан тыс
жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2017-2018 оқу жылында
аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз:
- Фернандо Магеллан (1522) басқарған алғашқы жер шарын айналу
экспедициясының аяқталғанына 495 жыл;
- 525 жыл бұрын Христофор Колумб экспедициясы Сан-Сальвадор
аралын ашты (Американың ашылуының ресми датасы) (1492 ж));
- 10 қыркүйек – Байкал көлі күні. Бұл күн 1999 жылы бекітілген және сол
уақыттан бері жыл сайын тамыз айының төртінші жексенбісінде аталып
өтілетін, 2008 жылы Иркут облысының Заңнамалық Жиналысының шешімімен
Байкал күні қыркүйек айының екінші жексенбісіне
ауыстырылды;
- 15 қыркүйек – халықаралық экологиялық«Гринпис» ұйымының Туған
күні (1971 жылдың 15 қыркүйегі –ядролық сынаққа қарсы экологтардың
ұйымдасқан бірінші акциясының өткен күні);
- 16 қыркүйек – озон қабатын қорғаудың халықаралық күні;
- 22 қыркүйек – ағылшын физигі Майкл Фарадейдің туғанына 225 жыл
(1791-1867);
- 24 қыркүйек – Бүкіләлемдік теңіз күні. Бүкіләлемдік теңіз күнін 1978
жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 10 сессиясының шешімімен
қабылдаған. Біріккен Ұлттар Ұйымының бүкіләлемдік және халықаралық
күндері жүйесіне кіреді. 1980 жылға дейін 17 наурызда аталып келді, кейінірек
қыркүйек айының соңғы аптасының бір күнінде
аталып өтетін болды;
- 1 қазан – аса көрнекті тарихшы, түркітанушы, географ, этнограф,
жазушы Л.Н.Гумелевтың туғанына 105 жыл (1912-1992);
- 31 қазан – Қара теңіз күні;
- 19 қараша – орыстың алғашқы бүкіләлемдік маңызы бар
жаратылыстанушы ғалымы, химик, физик, астроном, ақын, заманауи орыс
әдеби тілінің негізін салушы Михаил Васильевич Ломоносовтың туғанына 305
жыл (1711–1765);
- 27 қараша – швед астрономы, физигі, метеорологы Андерс Цельсийдің
туғанына 315 жыл (1701-1744);
- 29 қараша – табиғатты қорғаудың Бүкіләлемдік қауымдастығының
құрылған күні. 1948 жылы бұл күні «Бүкіләлемдік Табиғатты Қорғау Одағы»
негізін құраған, аталған ұйым табиғатты қорғаудың халықаралық
коммерциялық емес ірі ұйымы, одақ 82 мемлекетті біріктіретін дүние жүзілік
ерекше серіктестік болып саналады.
«География» оқу пәнінің 6, 8, 9- сыныптардағы оқу жүктемесінің көлемі:
6-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
8-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
9-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.
«Биология» оқу пәнінің 6, 8, 9- сыныптардағы оқу жүктемесінің көлемі: