Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
251
«Жаратылыстану» оқу пәні бойынша 5-сыныптағы оқу жүктемесінің
көлемі – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.
«География» – жаратылыстану, қоғамдық, әлеуметтік нысандар мен
құбылыстарды зерделейтін оқу пәні. География табиғи және антропогендік
нысандар арасындағы өзара байланысты және өзара тәуелділікті зерделейді.
География ғылымдар жүйесінде ерекше
орын алады, себебі ол әлеуметтік,
экономикалық, жаратылыстану және техникалық ғылымдардың тоғысқан
шегінде дамиды. Географияның өзіне тән теориясы, әдіснамасы және зерттеу
әдістері бар.
Жалпы білім беретін мектептердің 7-сыныбында «География» оқу пәнін
оқудың мақсаты: дүниенің географиялық бейнесін тұтас қабылдайтын,
географиялық ойлау қабілеті дамыған, географияның әдістері мен тілін білетін
және қолданатын, географиялық мәдениеті бар тұлға тәрбиелеу.
«География» оқу пәнінің міндеттері:
1) географияның ғылыми пән ретіндегі рөлі мен оның қазіргі замандағы
адамзат мәселелерін, сондай-ақ ғаламдық мәселелерді шешудегі әлеуетін
түсінуге мүмкіндік беру;
2) оқушылардың бойында табиғат пен қоғам арасындағы өзара
байланыстарға, осы байланыстардың кеңістіктік ерекшеліктеріне ғылыми
көзқарастарды қалыптастыру;
3) қоғамдық өндірістің, табиғатты қорғау мен табиғатты тиімді
пайдаланудың ғылыми-жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық негіздерін
ашу;
4) оқушылардың географиялық зерттеу әдістері мен зерттеу дағдыларын
игеруіне
ықпал жасау;
5) оқушылардың география ғылымының түсініктері мен терминдерін
меңгеруіне ықпал жасау;
6) кеңістіктік ойлау мен картографиялық
дағдыларды қалыптастыру;
7) географиялық білімді күнделікті өмірде, өз іс-тәжірибесінде пайдалану
дағдыларын қалыптастыру.
«География» оқу пәнінің мазмұны 6 бөлімді қамтиды: «Географиялық
зерттеу әдістері»; «Картография және географиялық деректер базасы»;
«Физикалық география»; «Әлеуметтік география»; «Экономикалық
география»; «Елтану және саяси география негіздері».
Пәннің бөлімдері мен тақырыптары «шиыршық»
принципі негізінде
әзірленген, бұл
принцип сәйкес әр сынып сайын тақырыптар бойынша
білім мен
дағды көлемі тереңдетіліп, қиындатып беріледі.
Бірінші және екінші бөлімдерге қатысты оқытудың ортақ мақсаттары,
зерттеушілік және картографиялық дағдыларды қалыптастыру мақсатында, әр
оқу жылының басында жеке сабақтар түрінде өткізіледі. Басқа бөлімдерді оқу
барысында ортақ оқу мақсаттары оқылатын бөлім мәнмәтінінде зерделенеді.
Оқудың мақсаттары тақырыптық бөлімді оқу барысында жүзеге асырылуы тиіс.
Әр сабақты оқыту барысында мақсаттарды қайталап, яғни өткен мақсатпен
толықтырып отыру қажет емес. Мысалы, атмосфера бөлімшесін оқу барысында