Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
226
1-сынып
-
-
3
3
2-сынып
3
3
3
3
«Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 1-сыныпта – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 132 сағатты;
2) 2-сыныпта – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағатты құрайды.
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ
Жаратылыстану
«Жаратылыстану» пәнінің маңыздылығы жаратылыстану ғылымы
бойынша білім беру бастауыш мектеп жасындағы білім алушылардың табиғи
білімқұмарлығының дамуына, әлем туралы ой-өрісінің кеңеюіне, ғылымды
түсінудің және қоршаған ортаны тұтастай қабылдауының дамуына, қоршаған
ортаны қорғау және бағалай білу біліктерінің дамуына ықпал етуімен
анықталады.
Бастауыш мектепте «Жаратылыстану» пәнін оқу және меңгеру қоршаған
әлемнің күрделілігі мен көпқырлылығын, сондай-ақ табиғи құбылыстар мен
процестердің өзара байланысын; жанды және жансыз табиғатта болып жатқан
кейбір табиғи құбылыстар мен процестердің себептерін; жаратылыстану-
ғылымдық білімнің адамның көптеген іс-әрекет түрлері үшін маңыздылығын;
алуан түрлі практикалық және зерттеу әрекеттері арқылы алынған білімнің
күнделікті өмірмен байланысын түсінуге бағытталған.
Бастауыш мектептегі «Жаратылыстану» пәнінің оқу бағдарламасы
«Биология», «География», «Химия», «Физика» пәндерін негізгі мектепте
оқытудың негізін қалауға, алған білімдерін күнделікті өмірде (үйде, мектепте,
табиғат әлемінде) кездесетін табиғат құбылыстары мен процестерін түсіндіру,
сипаттау, болжау үшін қолдану білігін дамытуға бағытталған.
«Жаратылыстану» оқу пәнін оқыту және мақсаттарын іске асыру кезінде
экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне, денсаулық сақтайтын технологияларына,
зілзалалардың қауіп-қатерін азайту мен қауіпсіз ортаны құру мәселелеріне
ерекше назар аударылуы тиіс.
«Жаратылыстану» оқу пәнін оқыту барысында әр тоқсанда жиынтық
бағалау рәсімдерінің нақты саны қарастырылған.
62-кесте – «Жаратылыстану» оқу пәні бойынша жиынтық бағалаудың
рәсімдер саны
Сынып
Жиынтық
бағалаудың рәсімдері
І
тоқсандағы
ЖБ саны
ІІ
тоқсандағы
ЖБ саны
ІІІ
тоқсандағы
ЖБ саны
ІV тоқсандағы
ЖБ саны
1-сынып
-
-
2
2
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
227
2-сынып
2
2
2
2
Оқу пәні білім алушылардың адамның табиғи және әлеуметтік ортасы
туралы білім жүйесі, табиғат пен қоғамның өзара байланысы мен өзара
тәуелділігі туралы жалпы адамзаттық құндылықтар тұрғысындағы түсініктерін
қалыптастыруға бағытталған.
«Жаратылыстану» пәнін оқыту кезінде бастауыш мектеп білім алушылары
биология,
экология, география бойынша қарапайым ұғымдармен танысады.
«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағатты;
2) 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ
Дүниетану
«Дүниетану» оқу пәнінің мазмұны адам, табиғат және қоғам, оның
ішінде отбасы, мәдениет, денсаулық, қарым-қатынас, ұлт, қауымдастық,
мемлекет, қоршаған табиғи орта сияқты оқыту нысандарына тоғыстырылған.
Бұл оқу пәні негізгі және жоғары мектепте қоғамдық-гуманитарлық
ғылымдар цикл пәндерінің негізін қалай отырып, олардың өзара байланысы
мен
тәуелділігі
жөніндегі
білім
жүйесін
құрайтын
кіріктірілген
пропедевтикалық пән.
Ол Қазақстан тұрғындарының әлеуметтік, моральдық, шығармашылық
және коммуникативтік өмірінің жалпы бейнесін көрсетеді, өзі, үйі, отбасы
мәселелері негізінде оқушыларда қоршаған орта туралы түсініктерін дамытуға
ықпал етеді.
«Дүниетану» пәні бойынша оқушылардың білімі мен біліктілігі
қалыптастырушы бағалау шеңберінде сұрақ-жауап нәтижелері, бақылау
жұмыстарының, тест тапсырмалары, практикалық жұмыстар мен диктанттар
нәтижелері бойынша кері байланыс беру және білім алушылардың жеке
қажеттіліктерін ескере отырып, қажетті форматтағы сабақты құру мақсатында,
сонымен қатар, рәсімдер саны нақты анықталынған жиынтық бағалау
шеңберінде бағаланады және сынып журналына балл қою қарастырылады.
63-кесте – «Дүниетану» оқу пәні бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер
саны
Сынып
Жиынтық
бағалау рәсімдері
І тоқсандағы
ЖБ саны
ІІ тоқсандағы
ЖБ саны
ІІІ тоқсандағы
ЖБ саны
ІV тоқсандағы
ЖБ саны
1-сынып
-
-
2
2
2-сынып
2
2
2
2