Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
208
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 25 жыл (1992-2017);
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл (1992-
2017);
- «ЭКСПО-2017» «Болашақ энергиясы» Халықаралық көрмесі (2017
жылғы маусым-қыркүйек).
Оқушылардың алғашқы әскери дайындық бойынша қорытынды тексеру
сынақтарын орындаулары оқу процесінің қажетті элементтерінің бірі болып
саналады, сабақта алынған білімді бекітуге және тереңдетуге, спортқа, әскери
істерге
қызығушылықтарын
қалыптастырады,
дене
шынықтыруды
жетілдіріреді.
«Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша оқу жүктемесі:
10-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына барлығы 34 сағат, қосымша
далалық оқу жиынына 30 және қорытынды тексеру сынаққа 4 сағат вариативті
бөлімнен қарастырылған;
11-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына барлығы 34 сағатты құрайды.
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
209
4 ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУДІ
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2017-2018 оқу жылында 1-ші және 2-ші сыныптар білім мазмұны
жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша оқытылатын болады.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері:
- пән мазмұнын жобалау кезіндегі «шиыршық» принципі, яғни білім мен
біліктерді тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту (дағдыларды
тақырыптар және сыныптар бойынша күрделендіру);
- пәндік операциялардың ең маңызды түрлері бойынша жіктелетін және
таным заңдылығына негізделген оқу мақсаттарының Блум таксономиясы
бойынша иерарахиясы;
- білім беру деңгейлері бойынша және бүкіл оқыту курсы бойында
педагогикалық мақсаттарды тұжырымдау, бұл пәнішілік байланыстарды
барынша ескеруге мүмкіндік береді;
- білім саласы ішіндегі пәндердің арасындағы байланыстарды, сондай-ақ
пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру үшін ортақ тақырыптардың болу;
- бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына
сәйкес болуы, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға баса назар аудару;
- оқу процесін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар
түрінде технологияландырылуы болып табылады.
Оқу бағдарламаларында оқу пәні бойынша үштілді білім беру іске асыру
көзделген. Көптілді оқыту ортасын құру үшін әрбір оқу пәнінің қосатын үлесі
жиынтықта үштілді білім беру саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді.
Тілдерді оқыту негізі коммуникативтік тәсіл болып табылады, ол әрбір
оқу пәні әдіс-амалдары – әртүрлі оқу жағдаяттарында білім және дағдыларымен
алмасу, тілдік және сөйлеу нормалары жүйесін дұрыс пайдалану арқылы білім
алушылардың сөйлеу қызметі дамуының жетекші принципі ретінде
қарастырылады.
Тілдерді оқыту сөйлеу әрекетінің төрт түрін дамыту арқылы жүзеге
асырылады: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым.
Мұғалімнің білім алушылардың сөйлеуінің дамуына ықпал ететін,
күнделікті жағдайларға жақындастырылған ортаның үлгісін жасауы өте
маңызды.
Жаңа оқу бағдарламаларының тағы бір ерекшелігі – олардың пәндік білім
мен дағдыларды ғана емес, сондай-ақ, кең ауқымды дағдыларды
қалыптастыруға бағытталуы. Оқу мақсаттарының жүйесі мынадай кең ауқымды
дағдыларды дамытудың негізі болып табылады: функционалдық және
шығармашылық түрінде білімдерін қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу
жұмыстарын
жүргізу,
ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды
пайдалану, қарым-қатынастың әртүрлерін қолдану, жеке және топта жұмыс
істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының икемділігі мен жан-жақтылығы
оның маңызды сипаттамасы болып табылады. Мұғалімдер тараудың және
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
210
тиісті тоқсанның аясында тараулар мен бөлімдерді оқытудың ретін өзі
анықтауға құқылы. Мұғалімдер бірнеше мақсатқа жетуге бағытталған
тапсырмаларды құрастыра алады. Оқу бағдарламасы мұғалімдердің оқу
мақсатын жиынтықта орындаған жағдайда оқу бағдарламасындағы оқу
мақсатына жетуге әкелетін бірнеше мақсаттарға бөлуіне мүмкіндік береді.
Мұғалімдер тақырыпқа /оқу мақсатына берілген сағат санын өз бетімен
анықтауларына болады. Бұл шешім оқу-әдістемелік бірлестігінің отырысында
қабылдана алады. Жоспарлау кезінде мұғалімдер бекіту және қайталау
сабақтарын ескерулері тиіс.
Оқу жоспарлары
Оқу бағдарламаларындағы пәндер бойынша оқу жоспарлары ұсыныс
сипатында берілген. Оқу мақсаттарының жүйесі мен оқыту тәсілдеріне
негізделген ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларда мұғалімдер үшін
тақырыптар мен бөлімдер бойынша сабақтарды өткізу, білім алушыларды
сабақтарда ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берілген, сондай-ақ оқыту
ресурстары (интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне- және аудиоматериалдары
және т.б.) көрсетілген.
Әрбір оқу пәні бойынша мазмұнын жобалаудың принципі өзгерген:
сызықтық принципі «шиыршық» принципіне ауысты, яғни білім мен біліктің
бірте-бірте тігінен де, көлденеңінен де ұлғайюы (дағдылардың тақырыптар
және сыныптар бойынша күрделенуі).
Осыған байланысты оқу бағдарламасының мазмұнын құрудың негізі
болып табылатын оқу материалдарын шиыршық тәріздес орналастыру
принципін, сондай-ақ, сыныптар мен тоқсандар бойынша ұсынылған
пәнаралық ортақ тақырыптарды оқу арқылы материал мазмұнын
құрылымдауды ескеру керек. Мысалы, 1-сыныпта, түрлі дереккөздерді зерттей
отырып, оқушы «отбасы» түсінігінің мәнін түсінуі және түсіндіре алуы тиіс,
туыстық байланыстар жүйесіндегі басқа да отбасы мүшелеріне қатысты өз
орнын анықтай алуы тиіс. 2-сыныпта ол отбасылық мұрағат материалдарының
негізінде отбасы мүшелерінің сөздік портретін құрайды.
Ұзақ мерзімді жоспарларда: білім беруді дамытудың жалпы принциптері
(оны
дамыту
тұжырымдамасы);
дамытудың
басты
бағыты
және
бағдарламалары; көзделген оқу мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін
маңызды шаралардың мазмұны мен жүзеге асыру бірізділігі көрсетіледі. Ұзақ
мерзімді жоспар бір оқу жылына арналған оқу мақсаттарын қамтиды.
Әдетте орта мерзімді жоспарлауды мұғалімдер тобы немесе бір мұғалім
жүзеге асырады, олар оқу бағдарламасын сабақтардың топтамасы түрінде
құрылымдайды. Орта мерзімді жоспарлау ұзақ мерзімді жоспарда анықталған
бағдарларды нақтылайды. Орта мерзімді жоспарларда белгіленген мерзімнің
негізгі міндеттері тұжырымдалады. Мұнда әр тоқсанның немесе бөлімнің
тақырыптары көрсетіледі. Бөлімдер ішінде сағаттарды бөлуді мұғалімнің
қалауына қарай өзгертуге болады.
Қысқа мерзімді жоспарды немесе сабақ жоспарын, орта мерзімді
Достарыңызбен бөлісу: |