Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
246
№
атауы
Апталық Жылдық
1
5
Математика
5
170
2
5
Информатика
1
34
3
7
Алгебра
3
102
4
7
Геометрия
2
68
5
7
Информатика
1
34
Негізгі орта білім беру деңгейінде «Математика», «Алгебра»,
«Геометрия» пәндерін оқытудың мақсаты - пән мазмұнын сапалы игеруді
қамтамасыз ету, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру,
сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, ғылыми-жаратылыстану пәндерін игеруге
қажетті математикалық білім мен дағдылардың негіздерін игеру, оқу пәні
материалдары негізінде оқушылардың интеллектуалдық деңгейін дамыту.
Оқу пәнін оқытудың мақсатына сәйкес келесі міндеттер анықталған:
-
«Сандар», «Алгебра», «Геометрия», «Статистика және ықтималдықтар
теориясы», «Математикалық модельдеу және анализ» бөлімдері бойынша
математикалық білім, білік және дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға
жағдай жасау;
-
әртүрлі мәнмәтіндідегі есептерді шешуде математикалық тілді және
негізгі математикалық заңдарды қолдануға, санды қатынастар мен кеңістіктік
формаларды оқып білуге мүмкіндік беру;
-
есептерді шешу мақсатында оқушылардың білімдерін математикалық
модельдерді құруға және керісінше, шынайы процестерді сипаттайтын
математикалық модельдерді түсіндіруге бағыттау;
-
өздігінен оқуға және болашақ таңдаған мамандығы бойынша білімін
жалғастыруға қажетті физика, химия, биология және басқа да теориялық
облыстарда зерттеулер мен есептерді шешу үшін және практикалық іс-
әрекеттерінде математикалық әдістерді қолданудың қарапайым дағдыларын
қалыптастыру;
-
практикалық есептерді шешуде, алынған нәтижелерді бағалау мен
анықтылығын орнатуда лайықты математикалық әдістерді таңдап алу үшін
логикалық және сыни тұрғыдан ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
-
коммуникативтік дағдыларын, оның ішінде, ақпаратты дұрыс және
сауатты түрде беру, сонымен қатар әртүрлі ақпарат көздерінен, басылымдар
мен электрондық құралдардан алынған ақпаратты қолдану қабілетін дамыту;
-
өздігінен және топта жұмыс істеуде қажетті тәуелсіздік, жауапкершілік,
бастамашылдық, табандылық, шыдамдылық пен толеранттылық сияқты
тұлғалық қасиеттерді дамыту;
-
математиканың даму тарихымен, математикалық ұғымдардың пайда болу
тарихымен таныстыру;
-
математиканы оқыту процесінде ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды қолдану дағдыларын дамыту.
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
247
«Информатика» оқу пәнін оқудың мақсаты оқушылардың бойында
заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ақпараттармен тиімді
жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
«Информатика» пәнінің оқу бағдарламасы компьютердің жұмыс істеу
қағидаларын түсінуді, объектілер мен жүйелерді талдау қабілеттерін,
алгоритмдер әзірлеу және бағдарламалауды, шешімдер мен программалық
қосымшаларды модельдеу және жобалауды, сондай-ақ түпкілікті өнімді
бағалауды оқушылардың бойында қалыптастыруды көздейді.
Оқу мақсаттарына сәйкес келесі міндеттер анықталған:
-
білім алушылардың бойында ақпараттық процестердің қоғамдағы рөлін,
адамзат қызметінің әр түрлі саласында ақпараттық технологияларды
пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективаларын түсінуін
қалыптастыру;
-
ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде, оқуда және келешек
еңбек іс – әрекетінде тиімді қолдану біліктерін дамыту;
-
білім алушылардың жүйелерді талдауда, шешімдерді әзірлеу,
программалық қосымшаларды қалыптастыру және өз өнімдерін бағалауда
компьютерлердің жұмыс істеуі негізгі қағидаларын меңгеру;
-
талдау, абстракция, модельдеу және программалау арқылы әр түрлі
міндеттерді шеше білулерін дамыту;
-
білім алушылардың логикалық, алгоритмдік, сонымен қатар, жалпылау
мен үйлестік, тапсырмаларды құрамдас бөлікке ажырату мен ортақ
заңдылықтарды бөлу, қойылған міндеттерді шешуде тиімді әрі оңтайлы
тәсілдер табу мүмкіндіктерін қамтитын есептік ойлауды дамыту;
-
білім алушылардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру –
жалпы ережелерді ұстану және жеке тұлға мен бүкіл қазақстандық әлеуметтің
мүддесін көздеу;
-
білім алушылардың ғылыми тілді меңгеруіне және пән бойынша
ұғымдық аппаратты байытуына ықпал ету.
Оқушылардың оқу-ақпараттық құзыреттіліктерін дамыту мақсатында
жобалау жұмысы арқылы ғылыми-зерттеу іс-әрекетін жүргізуге көңіл бөлу
керек. Жобамен жұмыс істейтін оқушылар одан әрі жүргізетін жұмыстарын
жеке немесе топпен жоспарлауы, мақсат қойып, қажетті ақпарат іздеп, гипотеза
ұсынулары және дәлелдеулері, эксперименттер жүргізулері, атқарылған
жұмыстың нәтижелерін ұсынып, талдау және бағалау жасап, сондай-ақ өз
жобаларын шебер қорғаулары керек. Оқушылар, Интернет көптеген қол
жетімді ақпарат көздерінің бірі екенін, олар оған қол жеткізіп және әр түрлі
көздерден деректер жинай алатынын біледі.
Сонымен қатар проблемаларды өнертапқыштықпен шешу теориясы
ерекшеліктерін дамыту және проблемалық-бағдарланған оқыту технологиясын
пайдалану, оқу курсы мазмұны арқылы өз білімін толықтыру мен
бағдарламаның құрамдас бөліктерін өздігінен қолдана білу қабілетін,
оқушылардың
интеллектуалдық
және
шығармашылық
қабілеттерін,
когнитивтік мүдделерін дамытуға назар аудару керек.
Бұл білім саласы пәндерінің мазмұны бөлімдер бойынша берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |