1
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы.Алтынсарин атындағыҰлттық білім академиясы
2017-2018
ОҚУ ЖЫЛЫНДА
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН ҰЙЫМДАРЫНДА
ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ТУРАЛЫ
Әдістемелік нұсқау хат
Астана
2017
2
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен
баспаға ұсынылды (2017 жылғы 21 сәуірдегі № 5 хаттама).
2017-2018
оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім
беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы:
Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясы, 2017. – 368 б.
Жинаққа 2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта
бiлiм беретiн мектептерінiң мектепалды даярлық және 1-11-сыныптарында оқу
процесін ұйымдастыру бойынша материалдар енгiзiлген.
Жинақ жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң басшылары мен пән
мұғалiмдерiне, бiлiм саласының қызметкерлерiне арналған.
©
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық
білім академиясы, 2017
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
3
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205
Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және
ғылымды
дамытудың
2016-2019
жылдарға
арналған
мемлекеттік
бағдарламасына сәйкес білім сапасын арттыру жөніндегі жұмыстың негізгі
бағыттары білім беру процесіне қатысушылардың үздік білім беру ресурстары
мен технологияларына бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету, жылдам
өзгермелі әлемде табыстылығын қамтамасыз ететін білім алуға деген білім
алушылардың сұраныстарын қанағаттандыру, Қазақстан Республикасы
азаматтарының жалпы білім беретін мектептерде интеллектуалдық, рухани
және дене бітімі дамуын қалыптастыру болып табылады.
Бүгінгі күні білім беру жүйесі түбегейлі жаңаша ойлауға негізделген
іргелі реформалар кезеңіне қадам басты.
Дүниежүзілік экономикалық форум XXI ғасырдағы табысты адамның
білімі мен іскерлігінің 16 түрін атап көрсетті.
Олар:
-
командадағы жұмыс дағдылары;
-
көшбасшылық қасиет;
-
бастамашылық;
- IT-
құзыреттілік;
-
қаржылық және азаматтық сауаттылық және т.б.
2015 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының
(
ЭЫДҰ) Білім беру саясаты комитеті «Білім мен дағдылардың болашағы: Білім
беру-2030» атты жаңа жобаны іске асыруды бастады.
ЭЫДҰ әлемнің бұрын белгісіз жаһандық сын-қатерлермен көбірек бетпе-
бет келіп отырғанын, барынша тартысты және осал болып келетінін негізге
алады.
XVII (он жетінші) ғасырдағы адамның бүкіл өмірі бойындағы алған
ақпаратты қазіргі заманғы адам 1 айда ғана алады және өңдейді. Әлемде
ақпарат әрбір екі жыл сайын екі еселенеді, бұл оны қарапайым жаттаудың
мүмкін еместігін және пайдасыз екендігін көрсетеді.
Мұндай жағдайларда білім алушыны өмір сүруге дайындау үшін
академиялық білім, функционалдық дағдылар, жеке тұлғалық қарым-
қатынастар мен құзыреттіліктер жеткіліксіз. Мүлдем жаңа сапа –
метабілімділік, метақұзыреттілік қажет.
Озық экономика білім беру мақсаттарын «білетін адамнан»
«
шығармашылықпен ойлайтын, әрекет ететін, өзін-өзі дамытатын адамға»
ауыстыруды
талап етеді.
Сондықтан XX ғасырдың 80-ші жылдары әлемнің алдыңғы қатарлы
мемлекеттері білімді орталыққа дәлдеуден - практикалық-бағдарланған білім
беруге бет алды.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ)
2014 жылы өткізген Қазақстандағы орта білім беруге жасаған шолуында
академиялық пәндер теорияға назар аудара отырып оқытылады, олардың
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
4
практикада қосымша қолданылуына жеткілікті көңіл бөлінбейді, осының
салдарынан білім алушылар жеткілікті дәрежеде алған білімдерін стандартты
емес жағдайларда тиімді қолдануға және пайдалануға қабілетті емес деген
қорытынды жасалған.
Жалпы алғанда, біздің мектептің білім алушылары пәндік сапалы, нақты
айтсақ, дәйекті білім алады, бірақ оларды өмірлік жағдаяттарда қолдану
дағдылары жоқ.
Дәстүрлі оқыту қазақстандық мектепте білім алушылардың академиялық
білімдерінің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етеді, бірақ сол білімді өз бетімен
алуды, талдауды және оларды тиімді пайдалана білу үшін дайындаймайды.
Отандық білім беруде дәстүрлі оқыту жүйесінен ауысу әрекеті бірнеше
рет болғаны рас, бірақ жекелеген фрагментті өзгерістерді енгізу кезінде ол ескі
білім беру мазмұнына сәйкестендірілді. Бұл оқу процесінің шамадан тыс
болуына және дайын ақпараттың үлкен көлемде берілуіне алып келді. Әлі күнге
дейін білім алушы білімді енжар «алушы» болып қалып отыр.
Қазіргі таңда Қазақстан мектептерінде білім берудің жаңа бастау алу
сатысында. Қазіргі уақытта инфрақұрылымдық дамыту мен жаңартылған
мазмұнға көшу басты басымдықтар болып тұр.
Қазақстан
Республикасының
Президенті
Н.Ә.
Назарбаевтың
бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында ЭЫДҰ
елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеруге
бағытталған білім беру саласындағы 5 қадам жоспарланған. Оның 3-уі жалпы
орта білім беру жүйесіне қатысты.
76-
қадам. 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциялық
сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту.
Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты
мектептерді ынталандыру жүйесін құру.
79-
қадам. Білім беру жүйесінде - жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда
ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшу.
89-
қадам. «Нұрлы Болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге
асыру.
Мектептік
білім
берудің
қолданыстағы
оқу
бағдарламаларына «Мәңгілік ел» құндылықтарын енгізу.
Достарыңызбен бөлісу: |