Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
252
алушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін есепке алу арқылы
әзірленген.
Оқу пәнінің мазмұны 7 бөлімнен тұрады:
-
«Ғылым әлемі»;
-
«Ғалам. Жер. Адам»;
-
«Заттар және материалдар»;
-
«Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер»;
-
«Энергия және қозғалыс»;
-
«Экология және тұрақты даму»;
-
«Әлемді өзгертетін жаңалықтар».
Білім алушыларға қоршаған әлемнің көптүрлілігін, табиғи құбылыстар
мен процестердің өзара байланысын, тірі және өлі табиғатта болатын табиғи
құбылыстар мен процестердің себептерін, табиғаттағы нысандар мен
процестердің көптүрлілігін жүйелеу принциптерін, адамның көптеген іс-әрекеті
үшін ғылыми-жаратылыстану білімінің маңыздылығын түсінуге мүмкіндік
береді.
Аталған пәннің бірнеше негізгі мақсаты бар. Олардың бірі бақылау,
ғылыми зерттеуді жоспарлау, деректерді алу және ұсыну, нәтижелерді
түсіндіру тәрізді зерттеушілік, ойлау және коммуникативтік дағдыларды
қалыптастыру және дамыту болып табылады. Мысалы, түрлі тақырыптарды
зерделеу арқылы, білім алушы зерттеу жоспарын құрастыруды, жіктеуді,
бақылауды, эксперименттер жүргізуді, нәтижелерді сипаттауды және
бағалауды, қорытынды және тұжырымдама жасауды үйренеді. Пән үйде,
мектепте, табиғатта бақыланған нысандар мен құбылыстарды түсіндіру үшін,
алынған білім мен дағдыларды күнделікті өмірде қолдану біліктерін дамытады.
«Жаратылыстану» оқу пәнінің басты мақсаты – білуге құмарлықты,
баланың ой-өрісін, қоршаған әлемді ғылым тұрғысынан түсінуді, табиғи және
адамның қолымен жасалған мұраларды бағалау және қорғау білігін дамыту.
Аталған пәнді оқу қоршаған әлемнің түрлі нысандары мен құбылыстары
туралы білім қорының жинақталуына, түрлі практикалық және зерттеушілік іс-
әрекеттер арқылы алынған білімнің күнделікті өмірмен байланысы түсінігін
қалыптастыруға ықпал етеді.
«Жаратылыстану» оқу пәні веб-сайттан ақпаратты іздеу, іріктеп алу, оқу
және қойылған мәселені шешуде қолдану үшін; деректерді графикалық түрде
ұсыну және оларды сипаттау барысында мәтінмен, кестелермен, слайдтармен
жұмыс істеуде базалық офистік бағдарламаларды қолдану үшін интернетте
жұмыс істеуді; ақпаратты өңдеу, оны қағаз және электрондық
тасымалдағыштарда сақтау үшін ұйымдастыру техникаларын қолдануды
қарастырады.
«Жаратылыстану» оқу пәні бойынша 5-сыныптағы оқу жүктемесінің
көлемі – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.
«География» – жаратылыстану, қоғамдық, әлеуметтік нысандар мен
құбылыстарды зерделейтін оқу пәні. География табиғи және антропогендік
нысандар арасындағы өзара байланысты және өзара тәуелділікті зерделейді.
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
253
География ғылымдар жүйесінде ерекше орын алады, себебі ол әлеуметтік,
экономикалық, жаратылыстану және техникалық ғылымдардың тоғысқан
шегінде дамиды. Географияның өзіне тән теориясы, әдіснамасы және зерттеу
әдістері бар.
Жалпы білім беретін мектептердің 7-сыныбында «География» оқу пәнін
оқудың мақсаты: дүниенің географиялық бейнесін тұтас қабылдайтын,
географиялық ойлау қабілеті дамыған, географияның әдістері мен тілін білетін
және қолданатын, географиялық мәдениеті бар тұлға тәрбиелеу.
«География» оқу пәнінің міндеттері:
1) географияның ғылыми пән ретіндегі рөлі мен оның қазіргі замандағы
адамзат мәселелерін, сондай-ақ ғаламдық мәселелерді шешудегі әлеуетін
түсінуге мүмкіндік беру;
2) оқушылардың бойында табиғат пен қоғам арасындағы өзара
байланыстарға, осы байланыстардың кеңістіктік ерекшеліктеріне ғылыми
көзқарастарды қалыптастыру;
3) қоғамдық өндірістің, табиғатты қорғау мен табиғатты тиімді
пайдаланудың ғылыми-жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық негіздерін
ашу;
4) оқушылардың географиялық зерттеу әдістері мен зерттеу дағдыларын
игеруіне ықпал жасау;
5) оқушылардың география ғылымының түсініктері мен терминдерін
меңгеруіне ықпал жасау;
6) кеңістіктік ойлау мен картографиялық дағдыларды қалыптастыру;
7) географиялық білімді күнделікті өмірде, өз іс-тәжірибесінде пайдалану
дағдыларын қалыптастыру.
«География» оқу пәнінің мазмұны 6 бөлімді қамтиды: «Географиялық
зерттеу әдістері»; «Картография және географиялық деректер базасы»;
«
Физикалық география»; «Әлеуметтік география»; «Экономикалық
география»; «Елтану және саяси география негіздері».
Пәннің бөлімдері мен тақырыптары «шиыршық» принципі негізінде
әзірленген, бұл принцип сәйкес әр сынып сайын тақырыптар бойынша білім мен
дағды көлемі тереңдетіліп, қиындатып беріледі.
Бірінші және екінші бөлімдерге қатысты оқытудың ортақ мақсаттары,
зерттеушілік және картографиялық дағдыларды қалыптастыру мақсатында, әр
оқу жылының басында жеке сабақтар түрінде өткізіледі. Басқа бөлімдерді оқу
барысында ортақ оқу мақсаттары оқылатын бөлім мәнмәтінінде зерделенеді.
Оқудың мақсаттары тақырыптық бөлімді оқу барысында жүзеге асырылуы тиіс.
Әр сабақты оқыту барысында мақсаттарды қайталап, яғни өткен мақсатпен
толықтырып отыру қажет емес. Мысалы, атмосфера бөлімшесін оқу барысында
білім алушылар бір далалық зерттеу (мысалы, бақылау және өлшеу), бір
картосхема құрастыру, бір номенклатура тапсыру және деректер базасы
формасындағы бір кесте құрастырулары тиіс, яғни бұл жұмыстарды әр сабақта
жасау қажетті емес. Тақырыпты ортақ оқу мақсаттарымен толықтыру реті
мұғалімнің қалауынша жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |