Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
237
байланыс орнату, пәнралық байланысты жүзеге асыру барысында
оқушылардың академиялық сөздерді орынды қолдана білуіне ықпал ету.
«Қазақ әдебиеті» (оқыту қазақ тілінде)
5, 7-
сыныптарда оқу процесі «Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ
әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасымен
жүзеге асырылады.
Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының құрамына енгізілді және ұзақ
мерзімді жоспарда әр сынып бойынша қамтылатын шығармалар, сағат саны,
оқу мақсаттары нақты көрсетілді.
«Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың бойында
гуманистік, адамгершілік-эстетикалық, ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу;
ұлттық әдеби туындылармен қатар әлем әдебиеті туындыларымен таныстыру;
көркем шығарманы тануда қажетті біліммен қаруландыра отырып, шығарманы
мазмұн мен түр бірлігінде көркемдік тұтастық пен көркемдік бейнені талдау,
жинақтай білу, шығарма идеясын, жазушы ұстанымын бағалай білу
дағдыларын қалыптастыру.
«Қазақ әдебиеті» пәні әдебиетті өнердің басқа салаларымен (кескін, театр,
кино, музыка) салыстыра қарастырып, өз ойын еркін, дәлелді, сараптай,
салыстыра отырып жеткізе білетін тұлғаның қалыптасуына үлес қосады.
Сонымен қатар әдебиетті «Қазақ тілі», «Тарих», «Орыс әдебиеті», «География»
пәндері, мәдени, қоғамдық және тәрбиелік шаралармен байланыстыра отырып,
жүзеге асыру көзделеді.
Негізгі орта білім берудің (жаңартылған мазмұнның) үлгілік оқу
жоспарына сәйкес оқу жүктемесінің көлемі:
1) 5-
сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
2) 7-
сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.
«Қазақ әдебиеті» пәні бағдарламасы үш негізгі дағдыны басшылыққа
алады:
1) түсіну және жауап беру;
2) анализ және интерпретация;
3) бағалау және салыстыру.
1)
түсіну және жауап беру дағдысы шеңберінде оқушы ұсынылған әдеби
шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтайды, кейіпкерлер портреті
мен образын ашады; шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқиды, жатқа айтады;
әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын түсініп, пікір алысады;
2)
анализ және интерпретация дағдысын игеру арқылы білім алушы
салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табады; шығармадағы
тілдік бейнелеу: теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер мен
қайталауларды табады, өлең құрылысын талдап үйренеді; эпикалық
шығармадағы автор бейнесін табады; көркем шығармадан алған әсерін
сипаттап авторға хат,
өлең жазады;
3)
бағалау және салыстыру дағдысы арқылы шығарманың тарихи
құндылығын бағалайды; кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып