Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
228
«Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 1-
сыныпта – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 132 сағатты;
2) 2-
сыныпта – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағатты құрайды.
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ
Жаратылыстану
«Жаратылыстану» пәнінің маңыздылығы жаратылыстану ғылымы
бойынша білім беру бастауыш мектеп жасындағы білім алушылардың табиғи
білім құмарлығының дамуына, әлем туралы ой-өрісінің кеңеюіне, ғылымды
түсінудің және қоршаған ортаны тұтастай қабылдауының дамуына, қоршаған
ортаны қорғау және бағалай білу біліктерінің дамуына ықпал етуімен
анықталады.
Бастауыш мектепте «Жаратылыстану» пәнін оқу және меңгеру қоршаған
әлемнің күрделілігі мен көпқырлылығын, сондай-ақ табиғи құбылыстар мен
процестердің өзара байланысын; жанды және жансыз табиғатта болып жатқан
кейбір табиғи құбылыстар мен процестердің себептерін; жаратылыстану-
ғылымдық білімнің адамның көптеген іс-әрекет түрлері үшін маңыздылығын;
алуан түрлі практикалық және зерттеу әрекеттері арқылы алынған білімнің
күнделікті өмірмен байланысын түсінуге бағытталған.
Бастауыш мектептегі «Жаратылыстану» пәнінің оқу бағдарламасы
«Биология», «География», «Химия», «Физика» пәндерін негізгі мектепте
оқытудың негізін қалауға, алған білімдерін күнделікті өмірде (үйде, мектепте,
табиғат әлемінде) кездесетін табиғат құбылыстары мен процестерін түсіндіру,
сипаттау, болжау үшін қолдану білігін дамытуға бағытталған.
«Жаратылыстану» оқу пәнін оқыту және мақсаттарын іске асыру кезінде
экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне, денсаулық сақтайтын технологияларына,
зілзалалардың қауіп-қатерін азайту мен қауіпсіз ортаны құру мәселелеріне
ерекше назар аударылуы тиіс.
«Жаратылыстану» оқу пәнін оқыту барысында әр тоқсанда жиынтық
бағалау рәсімдерінің нақты саны қарастырылған.
62-
кесте – «Жаратылыстану» оқу пәні бойынша жиынтық бағалаудың
рәсімдер саны
Сынып
Жиынтық бағалаудың рәсімдері
І
тоқсандағы
ЖБ саны
ІІ
тоқсандағы
ЖБ саны
ІІІ
тоқсандағы
ЖБ саны
ІV тоқсандағы
ЖБ саны
1-
сынып
-
-
2
2
2-
сынып
2
2
2
2
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
229
Оқу пәні білім алушылардың адамның табиғи және әлеуметтік ортасы
туралы білім жүйесі, табиғат пен қоғамның өзара байланысы мен өзара
тәуелділігі туралы жалпы адамзаттық құндылықтар тұрғысындағы түсініктерін
қалыптастыруға бағытталған.
«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 1-
сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағатты;
2) 2-
сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ
Дүниетану
«Дүниетану» оқу пәнінің мазмұны адам, табиғат және қоғам, оның
ішінде отбасы, мәдениет, денсаулық, қарым-қатынас, ұлт, қауымдастық,
мемлекет, қоршаған табиғи орта сияқты оқыту нысандарына тоғыстырылған.
Бұл оқу пәні негізгі және жоғары мектепте қоғамдық-гуманитарлық
ғылымдар цикл пәндерінің негізін қалай отырып, олардың өзара байланысы
мен тәуелділігі жөніндегі білім жүйесін құрайтын кіріктірілген
пропедевтикалық пән.
Ол Қазақстан тұрғындарының әлеуметтік, моральдық, шығармашылық
және коммуникативтік өмірінің жалпы бейнесін көрсетеді, өзі, үйі, отбасы
мәселелері негізінде оқушыларда қоршаған орта туралы түсініктерін дамытуға
ықпал етеді.
«Дүниетану» пәні бойынша оқушылардың білімі мен біліктілігі
қалыптастырушы бағалау шеңберінде сұрақ-жауап нәтижелері, бақылау
жұмыстарының, тест тапсырмалары, практикалық жұмыстар мен диктанттар
нәтижелері бойынша кері байланыс беру және білім алушылардың жеке
қажеттіліктерін ескере отырып, қажетті форматтағы сабақты құру мақсатында,
сонымен қатар, рәсімдер саны нақты анықталынған жиынтық бағалау
шеңберінде бағаланады және сынып журналына балл қою қарастырылады.
63-
кесте – «Дүниетану» оқу пәні бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер
саны
Сынып
Жиынтық бағалау рәсімдері
І тоқсандағы
ЖБ саны
ІІ тоқсандағы
ЖБ саны
ІІІ тоқсандағы
ЖБ саны
ІV тоқсандағы
ЖБ саны
1-
сынып
-
-
2
2
2-
сынып
2
2
2
2
«Дүниетану» оқу пәні жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан білім
алушылардың бойында адам, табиғат және қоғамның өзара байланысуы және
өзара келісілуі туралы білім жүйесін қалыптастыруына бағытталған.
«Дүниетану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 1-
сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат;
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
230
2) 2-
сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
Өзін-өзі тану
Тұлғаның физикалық, психикалық және рухани дамуында үйлесімге қол
жеткізуіне мүмкіндік беретін адамгершілік-рухани-білім нақты білім беру
тәжірибесінде түрлі жолдармен, ең алдымен, «Өзін-өзі тану» пәні арқылы
жүзеге асырылады.
Бастауыш мектепке арналған өзін-өзі тану бағдарламасы білім берудің
құндылықты мәнін күшейте отырып, адамның сүю, өзіне сену, жақсылық
жасау, тілектестік таныту, өзіне және басқаларға қамқорлық жасау, позитивті
ойлау, адамгершілікті таңдау жасау, дәстүрлерді бағалау және еселеу,
жасампаздық, өзіне жауапкершілік алу, ынтымақтасу, кемелдену қабілеттерін
ашуды көздейді.
Пәннің негізгі базалық мазмұны бастауыш мектеп оқушыларының жас
ерекшеліктерін ескере отырып төмендегі тарауларда ашылады:
1) «Ғасырлар даналығы»;
2) «Тату отбасы»;
3) «Адам болам десеңіз»;
4) «Қандай ғажап әлем!».
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 1-
сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат;
2) 2-
сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
Білім берудің барлық деңгейлерінде 33-34-сабақтар қорытынды қайталау
ретінде көрсетілген, бұл курс аяқталғаннан кейін өтілген материалды жалпылау
мен жүйелеуді білдіреді.
Қорытынды қайталаудың сағаттарын оқушылардың портфолиосында
байқалатын шығармашылық қызметінің нәтижелерін көрсету мүмкіндігі
ретінде қарастыруға болады.
Портфолио – оқушылардың өзін-өзі тану процесіндегі жетістіктерін
бейнелейтін шығармашылық жұмыстарының жиынтығы. Шығармашылық
жұмыстар жеке, топтық және ұжымдық сипатта болуы мүмкін.
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқушылардың білімін бағалау
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар негізінде жүргізіледі.
Бұл талаптар оқушылардың танымдық қызметін дамыту мониторингінің,
өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарға және қоғамға қызмет ету
дағдыларына ұмтылудың критерийі болып табылады.
Аталған пәнді оқудың қорытындысы бойынша әрбір жартыжылдықтың
және оқу жылының соңында «сынақ» қойылады. Егер білім алушы білім
алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың жалпы көлемінің
кемінде 2/3-не сәйкес келетін жетістіктерді көрсете алса, оған «сынақ»
қойылады.
Оқушыға «есептелінді»/«есептелінген жоқ» белгілерін қоюда оның пән
бойынша шығармашылық қызметін көрсететін портфолиосы назарға алынады.
Портфолио сапасын талдауда оқушының ұжымдық және топтық
шығармашылықтағы белсенділігі, сондай-ақ жеке шығармашылық қызметте
Достарыңызбен бөлісу: |