Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет98/147
Дата06.03.2018
өлшемі5,05 Kb.
#11794
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   147

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
234 
4.2  5,  7-
СЫНЫПТАРДА  ЖАҢАРТЫЛҒАН  БІЛІМ  МАЗМҰНЫ 
БОЙЫНША ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
 
Назар аударыңыз! 
Мұғалімдер  бір  бөлім  көлеміндегі  тақырыптардың  оқытылу 
ретін  және  әр  тақырыпты  оқытуға  берілетін  сағат  санын  өздерінің 
мүмкіндіктеріне қарай анықтай алады. 
 
 
ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ БІЛІМ САЛАСЫ 
 
Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) 
 
Жаңартылған  мазмұндағы  үлгілік  оқу  бағдарламасы  ұлттық  және 
халықаралық  тәжірибелердің  ең  үздік  үлгілерін  басшылыққа  алып  жасалған. 
Оқу  5,  7-сыныптарда  оқу  процесі  «Негізгі  орта  білім  беру  деңгейінің  «Қазақ 
тілі»  пәнінен  жаңартылған  мазмұндағы  үлгілік  оқу  бағдарламасымен  (оқыту 
қазақ тілінде) жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының 
құрамына енгізілді және ұзақ мерзімді жоспарда әр сынып бойынша оқылатын 
шығармалар, сағат саны, оқу мақсаттары нақты көрсетілді. 
«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 
1) 5 - 
сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында  – 102 сағат;  
2) 7 - 
сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында  – 102 сағат. 
«Қазақ  тілі»  пәнін  оқыту  мақсаты  –  жалпы  білім  беретін  негізгі 
мектептерде  ана  тілін  қадірлейтін,  қоғамдық  мәнін  түсінетін  тұлға 
қалыптастыру және қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, 
еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету. Оқу мақсаттары мұғалім мен білім 
алушыларға  болашақ  қадамдары  туралы өзара ой бөлісуге,  оларды  жоспарлау 
мен  бағалауға  мүмкіндік  беретін  бірізділік  пен  сабақтастықты  көрсететін  4 
бөлімнен  тұрады  және  олардың  жүйесі  бірізді,  оңайдан  қиынға  қарай, 
шиыршық принципі сақталып жасалған: 
1) 
тыңдалым және айтылым; 
2) 
оқылым; 
3) 
жазылым; 
4) 
әдеби тіл нормаларын сақтау. 
«Қазақ  тілі»  пәнінің  5-сыныптағы  базалық  мазмұны  бойынша  білім 
алушылар:  
1) тыңдалым және айтылым: тірек сөздер арқылы тақырыпты болжайды; 
негізгі  ойды  анықтайды;  негізгі  және  қосымша  ақпаратты  анықтайды; 
қыстырма, қаратпа, одағай сөздер арқылы өз ойын білдіре алады;  
2)  оқылым:  мәтіндегі  негізгі  және  қосымша  ақпаратты  түсінеді; 
лексиканың  ауызекі  сөйлеу  және  жазба  стильдік  айырмашылықтарын  мәтін 
арқылы  таниды;  хат,  хабарлама,  жарнама,  нұсқаулық,  хабарландырудың 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
235 
құрылымы,  жанрлық  ерекшеліктерін,  ауызекі  сөйлеу  стиліндегі  мәтіндер; 
оқылым стратегияларын қолданып, қажетті ақапаратты таба біледі; 
3)  жазылым:  мәтін  бөлімдеріне  (кіріспе,  негізгі  бөлім,  қорытынды) 
жоспар құруды; хат, хабарлама, жарнаманы жанрлық ерекшеліктеріне сай етіп 
жазуды;  сюжетті  суреттер  негізінде  әңгіме  жазуды;  эссенің  бөлімдерін 
меңгеруді (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды); мекен мен оқиғаны сипаттайтын 
не суреттейтін эссе жазуды үйренеді. 
4) әдеби тіл нормалары бойынша білім алушылар: 
1)  орфографиялық  норма  бойынша  қазақ  тілінің  дыбыстар  жүйесі; 
үндестік заңы; емле заңдылықтарын үйренеді;  
2)  орфоэпиялық  норма  бойынша  ілгерінді,  кейінді,  тоғыспалы  ықпал 
түрлерін ажырата алады; 
3) лексикалық норма бойынша сөздердің тура және ауыспалы мағынасын, 
көп  мағыналы  сөздер  мен  синоноим,  омоним,  антоним  туралы  білімдерін 
кеңейтеді; 
4)  грамматикалық  норма  бойынша  туынды  сөздер;  күрделі  сөздер:  зат 
есімнің  мағыналық  түрлерін;  сын  есім,  шырай  категориясы;  сан  есім, 
мағыналық  түрлерін;  төл  сөз  бен  төлеу  сөз,  автор  сөзі  туралы  білімдерін 
кеңейтеді; 
5) пунктуациялық норма бойынша төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс 
белгілерін дұрыс қолдануды үйренеді. 
 
«Қазақ  тілі»  пәнінің  7-сыныптағы  базалық  мазмұны  бойынша  білім 
алушылар: 
1)  тыңдалым  және  айтылым  дағдылары  бойынша  мәтін  негізінде 
оқиғаның  дамуы  мен  аяқталуын  болжайды;  әлеуметтік-қоғамдық,  оқу-еңбек 
тақырыптарына  байланысты  диалог,  монолог,  полилогтердегі  (интервью, 
пікірталас, жаңалық, ән, көркем әдеби шығармалардан  үзінді) автор көзқарасы 
мен  көтерілген  мәселені  талдайды;  факті  мен  көзқарасты  ажыратады;  дауыс 
ырғағы  мен  сөйлеу  мәнері  арқылы  негізгі  ойды  анықтайды;  дәлелді  жауап 
береді,  салыстырады,  талқылайды;  коммуникативтік  жағдаятқа  сай  көркем 
бейнелеуіш,  эмоционалды-экспрессивті  сөздерді  және  мақал-мәтелдер  мен 
тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысады, пікірталаста тез және 
дұрыс шешім қабылдай білуді үйренеді; 
2)  оқылым  дағдысы  бойынша  мәтіндік  және  графиктік  ақпаратты 
интерпретациялайды;  тілдік  құралдар  арқылы  публицистикалық  және  ресми 
стиль  ерекшеліктерін  таниды;  хроника,  хабар,  очерктердің  және  кеңсе 
құжаттарының  қызметтік  жазбалардың  құрылымы  мен  рәсімделуі  арқылы 
жанрлық  ерекшеліктерін  ажыратады;  мәтіннің  тақырыбын,  құрылымын, 
мақсатты  аудиториясын,  тілдік  ерекшеліктеріне  талдау  жасайды;  мәтін 
негізінде  проблемалық  сұрақтар  құрастырады;  комментарий  жасауды,  іріктеп 
оқу, зерттеп оқу; сілтеме жасауды үйренеді. 
3)  жазылым  дағдысы  бойынша  күрделі  жоспар  құруды;  шағын  мақала, 
нұсқаулық,  әңгіме  құрастырып  жазуды;  графиктік  мәтін  түрінде  берілген 
процесті  сипаттап  жазуды;  дискуссивті  эссе  жазуды;  жинақы  мәтін  жазуды; 
мәтін негізінде лексикалық түзетулер енгізуді, редакциялауды үйренеді. 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау