Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет17/147
Дата06.03.2018
өлшемі5,05 Kb.
#11794
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   147

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
39 
тапсырмалары  туралы  білуге  тегін  мүмкіндік  беріледі.  Сайтты  пайдаланғаны 
үшін мектептен де ешқандай төлем алынбайды. 
Алдыңғы барлық жобалардан ерекшелігі Kundelik.kz жобасы бюджеттен 
қаржыландырылмайды.  Сонымен,  Kundelik.kz  жүйесін  әзірлеу,  қолдау  және 
дамытуға  Қазақстан  салық  төлеушілері  мен  азаматтарының  қаражаты 
жұмсалмайды.  
Ешқандай  жоба  қаржыландырусыз  мүмкін  болмайды,  сондықтан, 
болашақта  ақылы  қосымша  міндетті  емес  қызметтер  пайда  болады  деп 
болжануда. Бұл мысалы, білім беру қосымшалары және контент болуы мүмкін. 
«Білім алушы рейтингі» осындай міндетті емес қызмет үлгісі болып табылады. 
Әр  ата-ана  оған  өз  қалауымен  қосылуға  құқылы,  ол  ата-анаға  нақты  пән 
бойынша  өз  баласының  үлгерім  деңгейін  сыныптың  басқа  да  білім 
алушыларының  үлгерімімен  салыстыруға  мүмкіндік  береді.  Бұл  опцияның 
баланың  бағасын  электронды  күнделік  түрінде  әрқашан  тегін  кез-келген 
уақытта қолжетімді түрде көрсетуге еш қатысы жоқ.  
Тұтынушы  деректерін  қорғауға  қатысты.  Kundelik.kz  сайты  және 
тұтынушылардың  барлық  мәліметтері  «Қазақстан  Республикасы  Білім  және 
ғылым министрлігі» ММ бекітілген және «Ұлттық ақпараттақ технологиялар» 
АҚ  мемлекеттік  ақпараттық  жүйесі  операторына  тиесілі  ақпараттық-есептеу 
ресурстарында,  яғни  Қазақстан  Республикасы  территориясында  жабық 
қорғалған  мерзімі  орталықта  орналастырылады.  Тұтынушылар  деректері 
Қазақстан  Республикасы  Білім және  ғылым  министрлігінің  тікелей  қарауында 
болады. Kundelik.kz жүйесіне кіру ешқандай деректер қолжетімді емес жабық 
болып табылады.  
Kүнделік.  kz  ішінде  әлеуметтік  желі  бар.  Бұл  байланыстың  заманауи 
құралы,  соның  арқасында  тұтынушылар  жүйе  ішінде  бір  бірімен  қарым-
қатынас жасай алады. Осы әлеуметтік желіде басқа әлеуметтік желілер сияқты 
анонимді  тұлғалар  өз  бетімен  тіркеле  алмайды.  Әр  тұтынушыны  мектеп 
тіркейді.  Сондықтан,  Күнделік  желісіне  балаларға  қауіп  төндіретін  анонимді 
тұлғалар  шыға  алмайды,  бұндай  тұтынушы  бірден  анықталып,  бұғатталады 
және оған Қазақстан Республикасы Заңнамасы қолданылады.  
Сонымен  қатар,  әр  тұтынушы  өз  профилін  өзінің  деректері  ешкімге 
көрінбейтіндей күйге келтіруді таңдай алады. Бұл Kundelik.kz-ті жасөспірімдер 
қарым-қатынасы үшін біршама қауіпсіз білім беру ортасына айналдырады.  
Тіркеу  барысында  ЖИН  қолдануға  байланысты  бірқатар  мәселелер 
туындады. Тұтынушының ЖИН-і тіркеу үшін негізгі алаң болып табылмайды. 
Ата-аналарға  тіркелу  үшін  атын,  әкесінің  атын,  туған  күнін  және  жынысын 
тегін хабарлауы қажет болады. Басқа деректер міндетті емес және тіркелу үшін 
талап етілмейді. Ата-аналардың тіркелуі өз қалауы бойынша іске асады, себебі, 
үлгерім  туралы  ақпаратпен  қатар,  ата-ана  мұғалімдер  және  мектеп 
әкімшілігінен жеке хабарлама да ала алады. Сөйтіп, ата-аналар мен педагогтер 
арасында  тікелей  онлайн  қарым-қатынас  орнайды.  Сонымен  қатар,  болашақта 
ата-аналарға  арналған,  мысалы,  Ата-аналар  Кеңесі  және  т.б.  ақпараттық 
бөлімдер пайда болады. 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
40 
Электронды  журналмен  қатар  қағаз  нұсқада  есеп  беруді  қолдануға 
қатысты. 
Мектеп  әкімшілігінің  мұғалімдерден  электронды  және  қағаз  журналды 
қатар жүргізуін талап етуге сәйкес қандай да бір нормативтік құжаттар жоқ. 
Мұғалімдердің қалауымен бір электронды журналды немесе электронды 
және қағаз журналдарды қатар жүргізуге рұқсат беріледі. 
 
 
 
Назар аударыңыз! 
 
Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрі  міндетін 
атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 «Білім беру ұйымдары білім 
беру  қызметінде  пайдаланатын  қатаң  есептіліктегі  құжаттардың 
нысанын  бекіту  туралы»  бұйрығына  2016  жылғы  29  тамыздағы  №  531  
бұйрығымен  өзгерістер  енгізілді.  Соған  сәйкес  жаңартылған  бағдарлама 
бойынша  мұғалім  жүйелі  түрде  әр  сабақта  1-4, 5-11(12)  -  сынып 
оқушыларының  сабаққа  қатысын  белгілеп  отырады.  Мұғалім  ашық 
журналдың  сол  жақ  бетіне  сабақты  өткізген  күнін  жазады,  сабаққа 
қатыспаған  білім  алушыларды  «ж»  әрпімен  белгілейді.  Мұғалім  ашық 
журналдың  оң  жақ  бетіне  білім  алушылардың  бөлім/ортақ  тақырыптар, 
тоқсан,  тоқсан  бойынша  алған  бағалар  есебінің  нәтижесі  бойынша  
жиынтық  бағалаудың  максималды  алған  балын  қояды,  өтілген  сабақтың 
тақырыбын  және  үй  тапсырмасын  жазады  .  «Мұғалімнің  ескертпесі»  
бағаны  жекелеген  білім  алушылардың  тәртібі,  оқудағы  жетістігі  немесе 
артта  қалушылығы  туралы  мұғалімнің  ескертулерін  жазуға  арналған. 
Білім  алушылардың  бөлім/ортақ  тақырыптар,  тоқсан,  тоқсан  бойынша 
алған  жиынтық  бағалау  балы  аталған  жұмыстарды  орындаған  соң    екі 
күнтізбелік күннің ішінде журнал бағанына қойылады.  
 
 
Түсіндіру жұмысы мақсатында ата-аналар мен білім алушылар тарапынан 
жиі кездесетін сұрақтар сараланды. 
 
Қалай тіркелуге болады? Жүйеге қалай кіруге болады? 
Білім алушылар және ата-аналарға тіркелуге арналған логин және құпия 
сөз  алу  үшін  мектептегі  мәліметтерді  Жүйеге  енгізуге  жауапты  тұлға,  яғни 
әкімгер  болып  табылатын  қызметкерге  өтінішпен  баруы  қажет.  Егер  әкімгер 
туралы ақпарат болмаған жағдайда мәліметтерді алу үшін сынып жетекшісіне 
өтінішпен барады. 
Жүйеге  тіркелу  бойынша  нұсқау  тұтынушыларға  қолдау  көрсету 
порталында: 
https://help.kundelik.kz/hc/ru/articles/217862948
 
қолжетімді
 
орналасқан. 
 
 
Не  үшін  профилді  теңшеуде  өз  Т.А.Ә  өзгертуге  болмайды  және 
қажет болғанда оларды қалай өзгертуге болады? 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау