Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет76/137
Дата04.12.2017
өлшемі5,05 Kb.
#2856
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
181 
өзгермелі  әлемде  табысқа  қол  жеткізетін,  өз  елінің  игілігі  үшін  жауапты 
Қазақстан 
Республикасының 
зияткер, 
әлеуметтік-рухани 
азаматын 
қалыптастыруға мүмкіндік береді.  
Пәнді  оқытуда  оқылған  материалдарды  ашу  мен  нақтылауға,  оны  білім 
алушылардың  жеке  әлеуметтік  тәжірибесі,  жеке  бақылауы,  олардың 
адамдардың  қоғамдағы  тәлімі  мен  әлеуметтік  өмірі  туралы  қалыптасқан 
түсініктерімен байланыстыруға көмектесетін әдістерді қолдану ұсынылады. 
Оқу процесінде ақпараттық коммуникациялық технологияларды дәстүрлі 
әдістермен  сәйкестендіре  отырып  белсенді  қолдану  ұсынылады.  Жобалық 
тақырыптар  және  шығармашылық  тапсырмаларды  (хабарлама,  презентация, 
жобалар, коллаждар және т.б.) білім алушыларға алдын ала беру қажет.  
Тарих  сабақтарын  жоспарлау  және  ұйымдастыру  барысында  оқытудың 
тәрбиелік компонентіне ерекше назар аудару қажет.  
«Адам.Қоғам.Құқық» пәнінің мазмұны «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін 
жүзеге асыруға сай болуы және қазақстандық қоғамның негізгі құндылықтарын 
бекітуге: Отанымыздың патриоттарын, құқықтық, демократиялық мемлекеттің, 
жеке  адамның  құқықтары  мен  бостандықтарын  құрметтейтін,  адамгершілігі 
мол,  ұлттық  сана  сезімі  тұрақты  толерантты  азаматтарын  тәрбиелеуге 
бағыталуы тиіс. 
 
Мектеп 
бітірушілерді 
қорытынды 
аттестаттау 
бойынша 
ұсынымдамалар. 
Бітіру смтиханын өткізу формалары: 
Қазақстан  тарихы  бойынша  ауызша  емтихан  билеттер  бойынша 
жүргізіледі.  Құрастырылатын  билеттердің  саны  –  30;  әр  билетте  3  сұрақ 
болады,  оның  екі  сұрағы–  ежелгі  дәуірден  бүгінгі  күнге  дейінгі  Қазақстан 
тарихы  курсының  негізгі  бөлімдері  мен  тақырыптарының  теориялық 
материалдары  бойынша,  үшінші  сұрақ  –  практикалық  түрде  беріледі  (тарихи 
карталар, терминология бойынша жұмыс, тарихи тұлғаны сипаттау).  
Ауызша  емтиханда  білім  алушы  дайындалу  үшін  кем  дегенде  20  минут 
уақыт беріледі. Егер білім алушы билет бойынша жауап бермесе, комиссия оған 
екінші билет алуға мүмкіндік береді (бұл жағдайда жауап бір баллға кемиді). 
Мектеп 
бітірушілерді 
қорытынды 
аттестаттау 
мазмұнына 
қойылатын талаптар, бағалау өлшемдері: 
«Қазақстан  тарихы»  пәні  бойынша  мемлекеттік  бітіру  емтихандарына 
емтихан материалдары ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығымен әзірленеді.  
Қазақстан  тарихы  пәнінен  ауызша  емтихан  билеттерінің  құрылымы 
мен мазмұны: 
1-2-  сұрақтар  ежелгі  және  орта  ғасырдағы,  жаңа  және  қазіргі  замандағы 
Қазақстан тарихы курсы материалдарын; 
3-сұрақ  -практикалық  сипаттағы  тапсырмаларды  (тарихи  карталар, 
термин сөздермен жұмыстар, тұлғаларға тарихи сипаттама ) қамтиды. 
Әрқайсысы  ең  жоғары  10  балмен  бағаланатын  1  және  2  сұрақтарды 
бағалауға қойылатын талаптар:  


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
182 
-  базалық деңгейдегі жауапқа 1-6 балл; 
-  жоғары деңгейдегі жауапқа 7-10 балл. 
Базалық деңгей: 
- Қазақстан тарихындағы негізгі фактілерді, құбылыстар мен процестерді 
білуі, тарихи оқиғаларды уақыт шеңберімен баяндай алуы.  
Жоғары деңгей: 
-  қосымша  тарихи,  хронологиялық,  картографиялық  деректер  негізінде 
қоғамдық-саяси жағдайды сипаттау, тарихи оқиғаларды талдау, жүйелеу, себеп-
салдарлық байланыстарды анықтау; 
- жинақтау, бағалау негізінде ой қорытынды жасау. 
Тарихи  карталармен,  терминологиямен  жұмыс  және  тарихи  тұлғаларды 
сиптаттау  барысында  билеттің  3-сұрағын  максималды  10  балмен  бағалауға 
келесі талаптар қойылады: 
Сонымен бағалау өлшемдері:  
-  тарихи картадан оқиғалар мен нысандарды көрсету; 
-  тарихи  фактілерді,  құбылыстар  мен  процестерді  тірек-сызбаларға 
түсіру, хронологиялық тізбек құру; 
-  тұлғаға  тарихи  сипаттама  беру  және  оның  тарихта  алатын  орнын 
бағалау; 
-  иллюстративті материалдар арқылы оқиға желісін баяндау.  
 
43-кесте – Бағалау критерийлері 
 

 № 
Критерийлер 
Балдары 

Жалпы білім деңгейі 
1  

Нақты проблеманы білу және тарихи дереккөздерді 
пайдалану 
5  

Логикалық және талдамалық ойлауы және баяндау 
стилі 
2  

Тарихи материалды ашу дағдылары 


Ой қорытындылауы 
1  
 
Ескерту:  Билеттің  әрбір  3  сұрағына  жауап  10  (он)  балмен  бағаланады. 
Жалпы алғанда, 3 сұрақтың ең жоғары жиынтық балы 30 балды құрайды.  
Сұрақтарға  жауап  беру  барысында  жинақтаған  балды  бес  баллдық 
бағалау жүйесіне ауыстыру шкаласы төменде көрсетілген.  
 
44- кесте – Есептеу шкаласы 
 
Бағалаудың бес балдық 
жүйесі бойынша баға 
«2» 
«3» 
«4» 
«5» 
Жалпы балл 
0-4 
 
5–16 
17–24 
25–30 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
183 
Емтихан 
жұмысының 
ұзақтығы 
сыныптағы 
оқушы 
санына 
(параллелдердегі) байланысты. Бітірушіге билет бойынша жауап дайындауға 20 
минут уақыт беріледі. 
Емтиханда заманауи техникалық құралдар мен құрылғыларды қолдануға 
тыйым  салынады.  Барлық  қосымша  қажетті  материалдарды  (карталар, 
сызбалар, кестелер және т.б.) мұғалім дайындайды.  
Қосымша  ресурстар  ретінде  сайт  материалдарын  кеңінен  қолдану 
ұсынылады. 
«Қазақстан тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар 
http://www.tarih-begalinka.kz
;
http://www.e-history.kz

http://bilimsite.kz/tarih/

http://testcenter.kz/entrants/for-ent/

«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар: 
http://www.world-history.ru

http://historic.ru

http://historyatlas.narod.ru

http://testcenter.kz/entrants/for-ent/

Сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмыстары білім алушыларды қоғамдық  өмірге 
бейімдейтін,  жұмыс  тәжірибесін  жинақтайтын,  жаңа  жағдайдағы  қарым-
қатынасқа  үйрететін,  қызығушылықтар  мен  талаптарды  іске  асыратын 
әлеуметтік ортаның бір бөлігі болып табылады:  
«Тарих»  пәні  бойынша  сыныптан  тыс  жұмыстарды  ұйымдастыру  және 
жоспарлау  барысында  2017-2018  оқу  жылында  мерекеленетін  мерейтойлық 
шараларға көңіл бөлу ұсынылады:  
1) Қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі Қазбек 
би Келдібекұлының 350 жылдығы (1667-1764);  
2)  Қазақ  халқының  жоңғар  басқыншыларына  қарсы  күрестегі  әйгілі 
батырларының бірі Тама Есет Көкіұлының 350 жылдығы (1667-1749);  
3) Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл (1917-2017);  
4)  Қазақстандағы  саяси  қуғын-сүргін  құрбандарына  80  жыл  (1937-
2017); 
5)  Белгілі  қолбасшы,  қазақ  халқының  батыры  Қабанбай  батыр 
Қожақұлұлының 325-жылдығы (1692-1770); 
6) Бірінші ресми емес қазақ Конституциясына «Қазақ елінің Жарғысы» 
105 жыл (1912-2017);  
7)  Қазақстан  Республикасының  Қарулы  Күштеріне  25  жыл                             
(1992-2017); 
8)  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  рәміздеріне  25  жыл 
(1992-2017); 
9) 
«ЭКСПО-2017 
«Болашақ 
энергиясы» 
Халықаралық 
мамандандырылған көрмесі (маусым-қыркүйек, 2017);
 
 
Мектепте  сыныптан  тыс  жұмыстар  төмендегі  шаралар  арқылы  жүзеге 
асады: 
-  базалық  кәсіпорындарда,  табиғат  аясында,  мәдени  мекемелерде, 
мұражайларда мектептен тыс сабақтар ұйымдастыру; 
-  таңдауы  бойынша  еркін  сабақтар,  оқу  пәндері  бойынша  сайыстар  мен 
олимпиадалар жүргізу; 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау