Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет24/137
Дата04.12.2017
өлшемі5,05 Kb.
#2856
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
55 
Музыкалық 
және бейне 
көркемдеу 
Мемлекеттік Әнұранның, «Атамекен», «Менің 
Қазақстаным» әндерінің аудиожазбасы, «Менің 
Қазақстаным» бейнеоролигі, «Astana EXPO – 2017 5 
ғимараты» бейне 
Сабақтың 
техникалық 
құрал-
жабдықтары 
Интерактивті тақта 
Бейнепроектор 
Компьютер 
Үлестірмелі 
материалдар 
Патриотизм, Отан туралы өлеңдер мен нақыл сөздер, тіл 
туралы, еңбек туралы мақал-мәтелдер және т.б. 
 Эпиграфтар 
«Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз 
жүрегінде ұстау!» 
Н.Ә. Назарбаев 
«Патриот болу нені білдіреді? 
Сүю –иә, бірақ тек өз жерін ғана емес, бірақ  оған міндетті 
түрде нақты бір нәрсе істеу".  
Ш. Уәлиханов  
Тақырыптық 
көрмелер мен 
ақпараттық 
стендтер 
«Мен – Қазақстанның патриотымын». 
«Қазақстан әлемдік қоғамдастық жолында» 
«Қазақстанның болашағы - менің болашағым», 
«Материалдық мәдениет - ұлттың қазынасы» және т.б.  
Дайындыққа 
арналған 
әдебиет  
 
1. Назарбаев Н.Ә.  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  
мақаласы.  2017 жылғы 12 сәуір. 
http://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/press_conference
s/memleket-basshysynyn-bolashakka-bagdar-ruhani-zhangyru-
atty-makalasy 
2. 2016 жылы 26 сәуірдегі Қазақстан халықтары 
Ассамблеясының XXIV сессиясында қабылданған 
«Мәңгілік Ел» патриоттық актісі. 
3. http://www.metod-
kopilka.ru/klassnyy_chas_po_kazahstanskomu_patriotizmu_qu
otya_-_patriot_rkquot-22113.htm  
4. http://collegy.ucoz.ru/publ/65-1-0-15615  
5. http://collegy.ucoz.ru/publ/41-1-0-22272 
6. Мыңбаев А.К., Садвакасова З.М. Инновационные 
методы обучения, или КАК ИНТЕРЕСНО 
ПРЕПОДАВАТЬ. – Алматы, 2007. 
7. Карты ума – правила составления 
http://rumapping.ru/mind-maps/creation/mindmaps-pravila 
8. Двуличанская Н.Н. Интерактивные методы обучения как 
средство формирования ключевых компетенций // Наука и 
образование: электронное научно-техническое издание. – 
2011. 
9.http://flatik.ru/patrioticheskoe-vospitanie-shkolenikov-celi-i-


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
56 
zadachi 
10.http://festival.1september.ru/articles/565945/ 
 
4. Сабақ өткізу бойынша ұсынымдамалар 
Білім сабағын ұйымдастыру кезінде: 
● білім алушылардың жас ерекшеліктерін; 
●  пәнаралық  байланысты  және  білім  алушылардың  әдебиет,  тарих, 
география және т.б.  сабақтарда  алған білімдерін; 
● жеке педагогикалық іс-тәжірибені; 
● патриоттық тәрбиенің бағыттарын ескеру керек. 
Білім  беру  ұйымдарында  патриоттық  тәрбие  жүйесіндегі    негізгі 
бағыттар:  
Рухани-адамгершілік. Білім алушылардың патриоттық тәрбие  процесінде  
жоғары  құндылықтарды,  әлеуметтік  маңызды  процестердің    және  нақты  өмір 
құбылыстарының идеалдары мен бағдарларын, оларды анықтайтын принциптер 
ретінде басшылыққа алу қабілетін,  тәжірибелік қызмет ұстанымдарын ұғынуы. 
Мәдениет пен білімділікті арттыру; Отанға лайықты  қызмет көрсетуге  дайын 
екендіктерін  көрсететін  идеяны  түсіну;  жоғары  адамгершілік  мінез-құлық 
нормаларын, 
жауапкершілік 
және 
ұжымшылдық, 
маңызды 
рухани-
адамгершілік және мәдени-тарихи құндылықтарды дарыту.  
Тарихи-өлкетану.  Білім  алушыларды  оқыту  мен  патриоттық  тәрбие 
процесінде  өткенге    қатысты  сезімтал  тәжірибенің  деңгейінде  тарихи-мәдени 
негіздерді  тануы;  Отанның  қайталанбайтындығын,  оның  тағдырын, 
тұтастықты,  ата-бабалардың  және  замандастарының  істеріне  қатысты 
мақтанышты,  сондай-ақ  қоғамда  және  мемлекетте  болып  жатқан  тарихи 
жауапкершілікті ұғыну.  
Азаматтық-патриоттық.  Білім  алушы  тұлғасында  қоғамдық  өмірдің 
толыққанды қатысушысы болуға мүмкіндік беретін  қасиеттерді қалыптастыру.  
Құқықтық мәдениетке және заңды орындауға, жоғары адамгершілік пен жалпы 
мәдениетке,  мемлекет  пен    қоғамдағы    саяси  және  құқықтық  оқиғалар  мен 
процестерді  бағалау  дағдыларына,  азаматтық  ұстанымға,  өз  халқына  саналы, 
жанқиярлық,  ерікті  қызмет  көрсетуге  үнемі    дайын  болуға  және  өзінің 
конституциялық міндетін орындауға тәрбиелеу. 
Әлеуметтік-патриоттық.  Ұрпақаралық  рухани-адамгершілік  және 
мәдени-тарихи  сабақтастықты  жандандыру,  өмірлік  белсенді  ұстанымды, 
аяушылық  сезімдерін  және  егде  жастағы  адамдарға  қатысты  қамқорлықты 
қалыптастыру. 
Әскери-патриоттық.  Жастардың  бойында  жоғары  патриоттық  сана, 
Отанға  қызмет  идеясын,  оның  қарулы  қорғаныс  қабілетін;  отандық  армияның 
әскери 
дәстүрлерін, 
әскери 
қызметті, 
әскери 
киімді 
құрметтеуді  
қалыптастыруға тәрбиелеу процесін бағдарлау.   
Ерлік-патриоттық.  Ерлік  кәсіптерді,  отан  тарихындағы  көрнекті 
қайраткерлер және  кең танылған  батырлық күндерді  насихаттауға тәрбиелеу 
процесін бағдарлау. 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
57 
Спорттық-патриоттық.  Тәрбиелеу  процесінде  жұмысқа  қабілетті 
адамды  қалыптастыру;  білім  алушының  тұлғалық  моральдық-жігерлік 
қасиеттерін  дамыту  (күш,  ептілік,  төзімділік,  бәсекеге  қабілеттілік  және  т.б.); 
дене  шынықтыру  сабағында    және  спортпен  айналысу  арқылы  Отанға  қызмет 
ету  және  отанды  қорғауға  дайындық  тәжірибесін  қалыптастыру.  Осы  бағыт 
бойынша  тәрбие  жұмысының  жүйесі  -  аурулардың  алдын  алу  құралдарының 
бірі, денсаулықты нығайту және жағымсыз және зиянды әдеттерді болдырмау.  
Бірінші  сабақтан  бастап,  ПАТРИОТ  -    өз  мемлекетінің    жерінде,  елінде, 
тарихына ат салысатын адам екенін  атап өту маңызды.   
ПАТРИОТИЗМ  ген  арқылы    қаланбайды,  бұл    -  жеке  тұлға,  азамат, 
патриот  ретінде  өзін-өзі  білдіру,  мемлекет  өміріне  белсене  қатысу  арқылы 
барлық қоршаған ортамен қалыптасатын әлеуметтік сапа. 
Мұғалімге  сабаққа  дайындық  кезінде  патриотизмге  үш  негізгі 
құрылымды  қамтитын  тұлғалық  қасиеттер  жүйесі  ретінде  назар  аудару 
қажет: 
1. Сезімдерді қамтитын сезімдік-эмоционалдық қасиеттер:  
- кіші отанына деген сүйіспеншілік;  
- өз халқының мүмкіндіктері мен күштеріне сену;  
- өз ұлтына тиесілі болғанына мақтаныш;  
- Отанның тарихтағы рөлі мен ұлылығын түсіну;  
- ұлттық мәдениетке деген махаббат; 
- Отанын қорғауға дайын болу;  
- мемлекет пен халықтың мәселелеріне қатыстылық;  
-этностың,  әлеуметтік  топ  ішінде  жеке  тұлғалардың  өзара  жақын  болуы 
және т.б.  
2. Тұлғалық құндылықтар жүйесінің көрсеткіштерін қамтитын рухани-
құндылықтық қасиеттері:  
- Отан игілігі үшін өзін-өзі құрбан ету; 
- Отан мүддесін жекеден жоғары қою қабілеті;  
- ұлттың рухани-адамгершілік мұрасын өте құрметтеу; 
-  құндылық  бағытында    мемлекеттік  деңгейдегі  құндылықтардың  басым 
болуы; 
- ұлттық-конфессиялық рухани құндылықтар, адалдық. 
3.  Тұлғаның  патриоттық  санасын  көрсететін,    практикалық  қызметін 
қамтитын практикалық-қызметтік:  
- өз өміріне қауіппен Отан мүддесін қорғауға  шынымен дайындығы; 
-  сайлау,  сауалнамалар,  референдум  кезінде  патриоттық  ұстанымын 
нақты білдіру; 
- қоғамның, әлеуметтік топ, жеке тұлғаның  құндылық бағдары жүйесінде 
мемлекеттік деңгейдегі құндылықтардың басым болуы; 
-  практикалық  іс-әрекеттердің  декларацияланған  құндылықтары  мен 
сезімдеріне сәйкес келуі; 
-  белгілі  бір  этникалық  топпен  және  ішкі  ұлттық  бірлігін  жоғары 
дәрежесімен өзін-өзі сәйкестендіру; 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау