Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет45/137
Дата04.12.2017
өлшемі5,05 Kb.
#2856
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
111 
репродуктивті өнімді әрекетке, кейіннен өнімді әрекетке қарай дамиды.  
6-сыныптарда  айтылым  дағдыларын  (диалогтік  және  монологтік  сөйлеу) 
дамыту  үшін  репродуктивті  және  репродуктивті  өнімді  жаттығулар 
қолданылады:  диалог  түріндегі  сөзге  үлгі-диалогтерді  дыбыстау,  фразалар, 
клишелер,  идиомалық  сөз  тіркестері,  сөйлеу  құрылымы  (грамматика), 
лексикалық 
бірліктер 
(лексика) 
қолданылуы 
мүмкін. 
Жаттығулар 
шығармашылық сипатта болуы мүмкін. Монологтік сөйлеу дағдыларын дамыту 
тірек  сөздер,  жоспар,  логикалық  сызба,  ассоциациядан  тұратын  өнімді, 
репродуктивті  және  репродуктивті  өнімді  деңгейде  жүзеге  асырылады.  Оқу 
материалын  жақсы  меңгеру  үшін  жаттығуларды  алдымен  жазбаша,  кейін 
ауызша түрде орындауға болады.  
6-сынып  оқушылары  «Шет  тілі»  оқу  пәнін  игеруде  белгілі  бір  нәтижеге 
қол жеткізеді:  
-  шет  тілін  меңгерудің  уәжін  қалыптастыру  және  «Шет  тілі»  білім  беру 
саласында өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу;  
- шет тілі оқу құралдары арқылы өзін-өзі таныту мүмкіндігін сезіну;  
- өзінің жеке сөйлеу мәдениетін толықтай жетілдіруге ұмтылу;  
-  мәдениаралық  және  этникалық  қарым-қатынаста  коммуникативтік 
құзыреттілікті қалыптастыру.  
8-9-сыныптарда 
(А2+В1оқу 
деңгейі 
бойынша) 
қатысымдық-
мәдениаралық  құзыреттердің  барлық  компоненттерін  дамыту  жалғаса  береді: 
грамматикалық  және  лексикалық  минимум  кеңейтіледі,  тілдік  және  сөйлеу 
дағдылары  нығайтылады,  дискурсивті  және  әлеуметтік-мәдени  біліктері 
дамиды.  Бұл  оқу  деңгейінде  өзіндік  өмірлік  тәжірибесі  мен  оқушылар  білімін 
ескере отырып, үлгіге қарамай, вербальдық тірексіз байланысқан сөйлем құрау 
қабілеттерін қалыптастыру қажет.  
Көптілді  білім  беруді  енгізу  жағдайында  ағылшын  тіліне  ерекше  назар 
аударылады. 
6-сыныптарда лексикалық сөздік қорын қалыптастыру, тілдік емес пәндер 
бойынша бастапқы терминологиялық түсініктерді әзірлеу ұсынылады.  
8-9-сыныптарда  лексикалық  сөздік  қоры  кеңейеді,  тілдік  емес  пәндер 
бойынша терминологиялық түсініктерінің көлемі ұлғаяды.  
Шет  тілі  сабақтарында  білім  алушылардың  тұлғалық  қасиетін 
қалыптастырудың маңызды аспектісі «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын іске асыру 
болып табылады: 
-  білім  алушылар  бойында  шет  тілінің  қазіргі  адам  өмірінде  және  көп 
мәдениетті әлемдегі рөлі мен маңыздылығы туралы таным қалыптастыру, шет 
тілін  қолдануда  мәдениаралық  қарым-қатынаста  басқа  халықтар  әлемі  мен 
мәдениетін тану құралы ретінде жаңа тәжірибе жинақтау;  
- азаматтық теңдікті, өз халқы, туған өлкесі, өз елі үшін патриоттық және 
мақтаныш  сезімін,  өз  этникалық  және  ұлтқа  қатыстылығын  сезіну,  тілдерді 
және мәдениетті меңгеру арқылы жалпы қабылданған адамзаттық және базалық 
ұлттық құндылықтарды дамыту;  
-  коммуникативтік  құзыреттіліктері  мен  мәдениетін  қалыптастыру,  яғни 
өзінің  сөйлесу  мүмкіндігі  мен  қажеттілік  деңгейінде    ауызша  (айтылым  және 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
112 
тыңдалым)  және  жазбаша  (оқылым  және  жазылым)  әртүрлі  үлгіде  тілді 
тасымалдаушымен  қарым-қатынасқа  дайын  болуы  және  коммуникативтік 
міндеттер  мен  әңгімелесу  әдебіне  сәйкес  сөйлесу  және  сөйлесуден  басқа 
құралдарды барынша кең көлемде пайдалану; 
-  басқа  елдердің  мәдениетімен  танысу  арқылы  өзге  (бөгде)  мәдениетке 
құрметпен қарау қарым-қатынасын қалыптастыру;  
-  ауызша  және  жазбаша  қарым-қатынаста  шет  тілінде  өзінің  төл 
мәдениетін таныстыру қабілетін одан әрі дамыту.  
Ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында шет 
тілі пәні мұғалімдеріне:  

оқыту 
материалдарының 
түпнұсқасын 
пайдалану 
(аудио-, 
бейнежазбалар,  фильмдер,  әндер,  ғылыми  және  ойын-сауық  журналдарынан 
мақалалар); 
- шет тілінде сипаттама беру, мінездеме беру, салыстыру, талдау, диалог 
жүргізу,  пікірталас,  қажетті  дәлелдемелер  келтіру,  жинақтау  және  қорытынды 
жасау дағдыларын қалыптастыру үшін БАҚ материалдарымен жұмыс жасау;  
-  оқушылардың  сөздік  қорын  байыту  мақсатында  өз  бетінше 
анықтамалармен 
және 
энциклопедиялық 
әдебиеттермен, 
электронды 
ресурстармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру; 
-  білім  алушылардың  қауіпсіз  мәдениетті  тәртібін  қалыптастыру  үшін 
қауіп-қатер жағдайындағы және түрлі жағдаяттардағы мінез-құлықтары туралы 
мәтіндерді жұмыс үшін қолдану ұсынылады. 
Шет тілі бойынша апталық оқу жүктемесінің көлемі:  
 6,  8,  9-сыныптарда  аптасына  2  сағаттан,  жылына  әрбір  сыныпта  68 
сағатты құрайды.  
Білім алушы дәптерлерінің саны мен түрлері. 
Білім  алушылардың  оқытудағы  барлық  жұмыс  түрлерін  орындауы  үшін 
келесі дәптерлер саны болуы керек:  
6-сыныптарда  шет  тілі  бойынша  сыныпта  жұмыс  істеуге  арналған                          
2 жұмыс дәптері (егер оқулықпен бірге арнайы дәптерлері болса, онда 2 жұмыс 
дәптерін  жүргізу  қажет  емес,  өйткені  жұмыс  кітабы  тақырыптар  бойынша 
толық  жаттығулар  жиынтығын  қамтыған,  осыған  орай  1  дәптерді  жүргізу 
ұсынылады); 
шет  тіліндегі  сөздерді  жазу  үшін  1  сөздік  дәптер,  бақылау  және  жазба 
жұмыстарына арналған 1 дәптер (кабинетте жыл бойына сақталады). 
8  –  9  -  сыныптарда  сыныптағы  жұмысқа  арналған  1  жұмыс  дәптері,  шет 
тіліндегі сөздерді жазу үшін 1 сөздік дәптері; 
бақылау  және  жазба  жұмыстарға  арналған  1  дәптер  (жыл  бойына 
кабинетте сақталады). 
Білім алушы дәптерін жүргізуге қойылатын негізгі талаптар: 
-  дәптердің  тысы  оң  жақтағы  жоғарғы  бұрышына  қаланың,  мектептің, 
сыныптың,  пәннің  атауы    мен  оқушының  тегі,  аты  шет  тілінде  жазылып 
толтырылады; 
дәптердегі жазулар тек шет тілінде жүргізіледі; 
ай аты мен күн реті жазбаша толық жазылады; 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау