Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
115
- шет тілін бесінші пән ретінде таңдаған 9-сынып түлектері қорытынды
аттестаттауды емтихан түрінде тапсырады;
- емтихан шет тілінде алған білімдері, біліктері мен дағдыларын
қорытынды бақылау ретінде қарастырады.
Шет тілі бойынша емтихан үш кезеңнен тұрады: лексикалық-
грамматикалық тест, таңдау бойынша бір тақырыпқа айтылым және мәтінді
мазмұндау.
Лексика-грамматикалық тест 25 сұрақтан тұрады, оның 11 меңгерілген
лексиканы қамтиды, 11 сұрағы грамматика бойынша және 3 сұрақ оқып жатқан
тілдің елі, тарихы туралы. «5» деген баға – 21-25 балл, «4» деген баға -14-20
балл, «3» деген баға – 0-13 балл. Оқушының пәнге деген ынтасын арттырып,
оны қолдау үшін «2» деген баға қою ұсынылмайды. Лексика-грамматикалық
тест тапсырмаларын орындауға 25-30 минут беріледі.
«Айтылым» кезеңі. Бұл кезеңге тақырып оқып жатқан оқу
бағдарламасынан алынады. Тақырыптар саны «Шет тілін» таңдап алған
оқушылар санына байланысты, яғни бір оқушы - бір тақырып. Емтихан
тапсырушылар саны аз болса 10-нан кем емес тақырып таңдалады, ал одан
артық болса, 25 тақырыптан көп емес. Айтылым 5 балдық жүйемен бағаланады.
«5» деген жоғары балды айтылымы 2-3 минуттан кем емес, сөйлемдері
арасында логикалық байланыс бар, идиомалық тіркестерді, мақал-мәтелдер мен
нақыл сөздерді қолданатын, сөздерді дұрыс айтатын, емтихан алушының
сұрақтарына еркін жауап бере алатын, салалас және сабақтас құрмалас
сөйлемдерді қолданатын емтихан тапсырушы ала алады.
«4» деген бағаны тақырыпты толық көлемде аша алмаса, айтылымында
кідіріс бар, тіл құрылымын орынсыз пайдаланылған, салалас және сабақтас
құрмалас сөйлемдерді, идиомалық тіркестерді қолданатын, емтихан алушының
қарапайым сұрақтарына жауап беретін емтихан тапсырушы алады.
Егер тақырып толық ашылмаса, айтылымда логикалық байланыс болмаса,
тіл құрылымы дұрыс қолданылмаса, сөздерді дұрыс айтқанымен, емтихан
алушының сұрақтарына қиындықпен жауап берсе, онда емтихан тапсырушыға
«3» деген баға қойылады.
«Мазмұндау» кезеңі. Мазмұндауға арналған мәтіндер, оқытылатын тіл
бойынша оқу бағдарламасын толық қамтититын қосымша дереккөздерден
алынады. Мәтін көлемі 500-700 сөзден аспау керек. Мазмұндауға арналған
мәтін әдеби үзінді – әңгіме, тарихи дерек, мақала, өмірбаян және т.б.
Мазмұндауға дайындалуға 10 минут беріледі. Емтихан тапсырушы мәтінді
кемінде 2 рет оқып шығып, мазмұндап беру керек. Бұл кезең «5», «4», «3» деген
бағалармен бағаланады.
Жоғары балл мәтінді логикалық тәртіпте, мәтіндегі уақытқа, деректерге,
сандарға ерекше мән беріп, жаңаша айтып берген емтихан тапсырушыға
қойылады. Емтихан тапсырушы мәтінді тек дайын үлгі бойынша ғана айтып
бермей, перифраз қолданады, кейбір сөздерге қосымша анықтама
береді,сөздерді нақты айтып, емтихан алушының қосымша сұрақтарына еркін
жауап береді.
Мәтінді толық мазмұндап, сөздерді анық айтып, бірақ дайын үлгідегі
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
116
мәтіннен алшақтамай, яғни мәтіндегі лексиканы ғана қолданып, емтихан
алушының сұрақтарына қиындықпен жауап берген емтихан тапсырушығы «4»
деген баға қойылады. Ең төменгі балл мазмұндауға берілген мәтіннің көлемін
сақтамаған, кейбір сөздерді қиындықпен айтатын, мәтіндегі маңызды
кезеңдеріне тоқталмайтын, емтихан алушының сұрақтарына қиындықпен жауап
беретін оқушыларға қойылады.
Барлық үш кезеңнің қорытындысы бойынша ортақ балл шығарылады.
Барлық үш кезеңнің бағалары хаттаманың қосымшасына қойылады.
Қосымшасыз хаттама жарамсыз болып табылады. Білім алушылардың тест
жұмыстары, қосымша жауаптар парақшалары хаттамамен бірге тігіледі.
Емтихан және қорытынды бағалары журналға қойылады.
Бұл ережелер қай шет тілін оқуына қарамастан міндетті болып саналады.
Шет тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктері
Кемінде 3 шет тілі мұғалімінен құрылған бірлестік шет тілі
мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі болып табылады. 2017-2018 оқу жылында
әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі бағыттары:
- Мемлекеттік стандартты орындау;
- жаңа нормативтік құқықтық құжаттарды зерделеу («100 нақты қадам»
Ұлт жоспарының 79-шы қадамы, Балалар құқықтары туралы конвенция,
«Еңбек туралы», «Білім туралы», Қазақстан Республикасының Заңдары);
- 2017-2018 оқу жылына әдістемелік-нұсқау хатты зерделеу;
- мұғалім-кеңесшінің,
көмекшінің
негізгі
міндеттерін
атқаруда
шығармашылық тәсілмен кәсіби құзыреттілікті жетілдіру;
- оқытудағы жаңа технологиялар;
- шет тілі мұғалімдерінің біліктіліктерін арттыру және өздігінен білім
алуы;
- шет тіліндегі жаңа үрдістер мен өзгерістер;
- -оқушылардың білім сапасын арттыру үшін шет тілі бойынша оқытуда
электронды білім беру ресурстарын пайдалану.
Шет тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі оқу жылының басында
әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспарында көрсетілетін бірқатар міндеттер
қояды. Әдістемелік бірлестіктің жоспары әдістемелік бірлестіктің барлық
мүшелерімен келісіліп құрылады, міндеттер өзара тең бөлінеді. Жоспар оқу
жылының әр айына құрылып, оқу мекемесінің басты міндеттерімен тығыз
байланыстырылады. Әдістемелік бірлестіктің жоспары мектептің ғылыми-
әдістемелік кеңесімен және әдістемелік бірлестіктің жетекшісімен бекітіледі.
Жоспарда әдістемелік бірлестік мұғалімдері жұмыстарының негізгі кезеңдері
қарастырылады. Оқу жылына әдістемелік бірлестіктің 6 отырысын өткізу
ұсынылады. Әдістемелік бірлестіктің әрбір отырысы ақпараттық-танымдық
сипатта болу керек: баяндамалар, пікірталастар, презентациялар мен
коучингтер түрінде болуы тиіс.
Жоспарға енгізу үшін ұсынылатын ісшаралар:
1. Ашық сабақтармен қатар оқу мекемесінде өткізілген ашық
ісшараларды (әдістемелік бірлестіктің барлық мұғалімдері қатысқан) қамтыған
әдістемелік бірлестіктің тақырыптық онкүндігі.
Достарыңызбен бөлісу: |