Спорт
88
|
Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын тұрғындардың үлесін арттыру
|
2017 жылдың қортындысы бойынша 9 767 спортпен шұғылданушылар (27,1%) болды. 2018 жылға жалпы халық санының 28 пайызын қамту жоспарланып іс-шаралар жүргізілуде.
|
“Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі” КММ
Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов
|
89
|
Аудан тұрғындарын бұқаралық спортпен қамту көлемін арттыру бойынша шаралар ұйымдастыру
|
Аудан бойынша жыл ішінде 1 республикалық, 8 облыстық, 72 аудандық жарыстар өткізу жоспарланды. 2018 жылдың І тоқсанда 1 республикалық жарыс Болат Алтынбаевты еске алу турнирі, 3 облыстық жарыс, 22 аудандық жарыстар өткізілді.
|
“Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі” КММ
Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов
|
Мәдениет
|
90
|
Мемлекеттік қызметшілерді Казтест жүйесі бойынша “Мемлекеттік тілді жеделдете деңгейлік оқыту” курсынан өткізу
|
Мемлекеттік қызметшілерді оқыту курсы Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығы» КММ-і арқылы 2018 жылдың ақпан айынан бастап жүргізілуде. Жыл көлемінде 72 мемлекеттік қызметшілерді оқыту жоспарланды.
|
“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ
Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов
|
91
|
Мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлерін қазақ тілін белгілі деңгейде меңгеруі тиіс мамандықтар мен лауазымдардың тізбесіне сәйкес сертификациялық тестілеуден өткізу
|
Сертификаттық тестілеу 2018 жылдың қазан айында жүргізіледі. Оған 24 қызметкер қатыстырылады деп күтілуде.
|
“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ
Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов
|
92
|
“Тілдердің үш тұғырлығы” мәдени жобасын іске асыру мақсатында ағылшын тілі, орыс тілі курстарынан өткізу
|
Курс Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығы» КММ-і арқылы 2018 жылдың ақпан айынан бастап жүргізілуде. Қазіргі уақытта орыс, ағылшын тілі курсынан 46 мемлекеттік қызметшілер мен азаматтық қызметшілер өтті. Жыл аяғына дейін 143 қызметкерді оқыту жоспарланып отыр.
|
“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ
Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары ЖТажмаханов
|
93
|
Латын әліпбиіне көшу бағытындағы іс-шараларды жүзеге асыру
|
Латын әліпбиіне көшу бағытындағы іс-шаралар жоспары әзірленуде. Тұрғындар арасында түсіндіру бағытында дөңгелек үстелдер, кездесулер ұйымдастырылды.
|
“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ
Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары ЖТажмаханов
|
94
|
Шығармашылық ұжымдардың жұмысын ынталандыру, шығармашылық қызметті жоғары деңгейде қамтамасыз ету, әр топтағы дарынды адамдардың одан әрі кәсіби қалыптасуы үшін талантты өнерпаз орындаушыларды қолдау бағытында жұмыстарды ұйымдастыру
|
2018 жылдың І тоқсанында Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінің «Алтын -Арай» халық ән-би ансамблі, «Арай» халықтық мәдени үгіт бригадасы және демалыс кешендері Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында Мырзабай ахун, Далдабай елді мекендерінде гастрольдік сапарда болды.
«Халық театры» Ә.Тәжібаевтың «Той боларда» атты қойылымымен Сырдария және Қармақшы аудандарында гастрольдік сапарда болды.
Сонымен қатар «Халық театры» Б.Ұзақовтың «Жан дауа» атты психологиялық драмасын кент және Таң ауылының тұрғындарына ұсынды.
|
“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ
Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары ЖТажмаханов
|
95
|
Мәдениет және өнерді дамыту орталығынан дәстүрлі жыр өнерін насихаттау, дамыту мақсатында жырау, қобыз және баян үйірмелерін ашу
|
Орталық жанынан жыршылар үйірмесі ашылды. Үйірме мүшесі Сисенбай Индира Қызылорда қаласында өткізілген «Ұлы дала сазы» атты республикалық байқауда жеңімпаз атанып, Сочи қаласында өтетін Халықаралық байқауға жолдамаға ие болды.
|
“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ
Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары ЖТажмаханов
|
96
|
Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласының “Рухани қазына” кіші бағдарламасы аясында қабылданған жобаларды іске асыру
|
Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласының “Рухани қазына” кіші бағдарламасы аясында «Туған жерге саяхат» кіші музейлік туризм жобасы іске асырылуда. Бұл бағытта аудан көлемінде орналасқан тарихи-мәдени орындардың экскурсиялық жол картасы әзірленіп, жастарды туған өлкеміздің көрікті жерлері мен бірқатар тарихи және мәдениет ескерткіштерімен таныстыру, әр ғасырларда аудан өңірінде өмір сүрген тарихи тұлғалардың өмірі мен ерлік жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге ету, рухтарына тағзым ету мақсатында экскурсиялар ұйымдастырылып келеді.
Экскурсиялық жол картасына сәйкес аудандық тарихи-өлкетану музейі Түмен әулие, Беркінбай кәлпе, Бұқарбай батыр кесенелеріне, Домалақ, Қосабалы, Үңгірлі асар ескерткіштеріне және Жент қалашығына тарихи-танымдық экскурсия-лар ұйымдастырды.
|
“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ
Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары ЖТажмаханов
|
97
|
Аудандық тариха-өлкетану музейіне арнайы веб-сайт ашу және “Виртуалды тур” бағдарламасын орнату
|
Виртуалды саяхат үш тілде орналастырылатын болады. Бұл бағыттағы жұмыстарға 1 335,0 мың теңгеге бюджеттік өтінім берілді.
|
“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ
Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары ЖТажмаханов
|
98
|
Аудандық кітапхана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу
|
Жалағаш аудандық кітапхана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 54,9 млн.теңге қаржының бөлінуіне ықпал жасау үшін облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына бюджеттік өтінім 2018 жылдың ақпан айында тапсырылды.
|
“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ
Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары ЖТажмаханов
|
99
|
М.Шәменов елді мекеніндегі ауылдық мәдениет үйінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу
|
Жалағаш аудандық кітапхана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін
облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына бюджеттік өтінім 2018 жылдың ақпан айында тапсырылды.
|
“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ
Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары ЖТажмаханов
|
Ішкі саясат
|
101
|
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауын насихаттау мен түсіндіру жұмыстарын жүргізу
|
Жалағаш ауданы бойынша Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және түсіндіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру мақсатында аудан әкімі Қ.Сәрсенбаевтың 2018 жылғы 13 ақпандағы №56 өкімімен аудандық ақпараттық-насихаттық тобы құрылды. Аталған топ құрамына мемлекеттік орган басшылары, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, аудандық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, жастар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тартылды. Жолдауды насихаттау мақсатында желілік кесте құрылып, аудан көлемінде тиісті жұмыстар жүргізілді.
|
“Жалағаш аудандық ішкі
саясат бөлімі” КММ
Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов
|
103
|
Жастардың арасындағы жұмыссыздықты азайту мақсатында жастарды “Нұрлы Жол” жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыруға барынша жұмылдыру
|
Жалағаш ауданы бойынша 14 пен 29 жас аралығында 8865 азамат тіркелген. Оның ішінде, кент жастары - 3923 (44.2%), ауыл жастары 4942 (55.8%) адам. Жастар жалпы халықтың 24,7% құрайды.
Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2018 жылдың 1-ші тоқсан қорытындысымен 4,5% құрайды.
NEET санатына жататын жастардың саны 256 жасты құрайды.
Ауданда мемлекеттік жастар саясатын тиімді жүзеге асыру мақсатында «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жастармен тікелей жұмыстар жүргізеді. Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігі, «Жас Отан» Жастар қанатының Жалағаш аудандық бөлімшесі жастар арасында түрлі іс-шаралар өткізу арқылы жастардың қоғамдағы белсенділігін арттырып келеді.
2018 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жастар саясатын жүзеге асыруға аудандық бюджеттен 4580,0 мың теңге бөлінген. Ағымдағы жылы бөлінген қаржыға 4 әлеуметтік жоба жүзеге асырылатын болады. Аталған жобалар бойынша аудан көлемінде 150-ден астам шара өткізу жоспарланған және оған 5000 жасты қамту көзделген.
|
“Жалағаш аудандық ішкі
саясат бөлімі” КММ
Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов
|
105
|
Ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту
|
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде 2018 жылғы 8,0 млн теңге қаржы қаралып, барлық әлеуметтік жобаларға конкурс жарияланып, қоғамдық бірлестіктермен келісім шарт жасалынды. 2018 жылға жұмыс жоспары бекітілді.
|
“Жалағаш аудандық ішкі
саясат бөлімі” КММ
Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов
|
106
|
Ауданда тиімді жастар саясатын жүзеге асыру, жастар қозғалысын дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау
|
Ауданда мемлекеттік жастар саясатын тиімді жүзеге асыру мақсатында «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» жастармен тікелей жұмыстар жүргізеді. Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігі, «Жас Отан» Жастар қанатының Жалағаш аудандық бөлімшесі жастар арасында түрлі іс-шаралар өткізу арқылы жастардың қоғамдағы белсенділігін арттырып келеді.
2018 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жастар саясатын жүзеге асыруға аудандық бюджеттен 4580,0 мың теңге бөлінген. Ағымдағы жылы бөлінген қаржыға 4 әлеуметтік жоба жүзеге асырылатын болады. Аталған жобалар бойынша аудан көлемінде 150-ден астам шара өткізу жоспарланған және оған 5000 жасты қамту көзделіп отыр.
|
“Жалағаш аудандық ішкі
саясат бөлімі” КММ
Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов
|
107
|
Аудан бойынша діни бірлестіктермен жұмыс жасау
|
Есепті мерзімде ауданда діни ахуалға кері әсер ететін жағдайлар тіркелген жоқ. Діни ахуал тұрақтылығын сақтау мақсатында дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, тұрақтылықты нығайту және діни экстремизмнің алдын алу мақсатында құрылған Жалағаш аудандық ақпараттық түсіндірме тобы дін саласындағы өзекті мәселелерді, экстремизм мен терроризмнің алдын алуда тұрғындар мен жастар, мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері арасында тиісті жұмыстар жүргізуге септігін тигізіп келеді.
2018 жылы 11 сәуірінде аудандық ақпараттық түсіндірме тобының жұмысын ілгерілету үшін топ құрамы қайта жаңартылды. АТТ құрамында 15 мүше бар.
Жат ағымның жетегіндегі азаматтарды райынан қайтару, оларға дәстүрлі дінімізді түсіндіру жұмыстары дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог мамандарымен, аудандық ақпараттық түсіндірме тобының мүшелері тарапынан тұрақты түрде жүргізілуде. 2018 жылы 30 қаңтар күні дінтанушы-теолог мамандармен дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушы азаматтарға 2 мәрте қарсы насихаттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жыл басынан бастап аудандық ақпараттық түсіндірме тобының мүшелерімен түрлі бағытта 22 шара ұйымдастырылып (17 кездесу, 1 семинар-тренинг 4 мәрте жеке кездесу) 540 аудан тұрғындары қамтылды. 2018 жылдың 7 және 27 ақпан аралығында 16 мектепте жоғары сынып оқушылары арасында "Дәстүрлі емес жат ағымдар, олардың теріс идеологиялары" тақырыптарында кездесу өткізілді. Учаскелік полицейлер, ювенальдық полицейлерге республикалық деңгейдегі дін саласындағы білікті ғалымдардың дәріс оқуымен семинар-тренинг өткізілді.
Жалағаш ауданында дін саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттық сүйемелдеу және деструктивті діни ағым идеологиясының теріс мәнін әшкерелеу бойынша МЕДИА-ЖОСПАР әзірленіп, бекітілді.
|
“Жалағаш аудандық ішкі
саясат бөлімі” КММ
Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов
|
108
|
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды қамтамасыз ету
|
Жалағаш ауданы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының саны 1, ол аудандық “Жалағаш жаршысы” газеті. Басылым мемлекеттік тілде аптасына 2 рет шығарылады, 2 бетіне мемлекеттік тапсырыс орналастырылды. 2 беттің көлемі 3700 см2. Телерадиохабарлар арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу әлеуметтік қызметі бойынша жергілікті бюджеттен 2018 жылға осы бағытта 5,7 млн.теңге қаржы бөлініп, Қазақстан-Қызылорда телеарнасымен келісім-шарт жасалынып, I тоқсан қорытындысы бойынша 1,0 млн.теңге игерілді.
|
“Жалағаш аудандық ішкі
саясат бөлімі” КММ
Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов
|
109
|
Әлеуметтік тапсырыс арқылы мемлекеттік саясатты жүргізу
|
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде 2018 жылғы 8,0 млн теңге қаржы қаралды. Барлық әлеуметтік жобаларға конкурс жарияланып, қоғамдық бірлестіктермен келісім шарт жасалып, 2018 жылға жұмыс жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.
|
“Жалағаш аудандық ішкі
саясат бөлімі” КММ
Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов
|
Қоғамдық тәртіп
|
110
|
Жасөспірімдер қылмыстығының алдын алу және ескерту бойынша кешенді шараларды іске асыру
|
Жасөспірімдер қылмыстығының алдын алу және ескерту бойынша кешенді шараларды іске асырлуда түсіндірме жұмыстары жүргізілуде
|
ҚР Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысының ішкі істер департаменті “Жалағаш ауданының ішкі істер бөлімі” ММ (келісім бойынша)
Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов
|
111
|
Қылмыстың алдын алу бағытында мал ұрлығы мен пәтер ұрлығын болдырмауға нақты профилактикалық шаралар жүргізу
|
Қылмыстың алдын алу бағытында мал ұрлығы мен пәтер ұрлығын болдырмауға нақты профилактикалық іс шаралар ұйымдастырылып, жұмыстар жүргізілуде.
|
ҚР Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысының ішкі істер департаменті “Жалағаш ауданының ішкі істер бөлімі” ММ (келісім бойынша)
Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов
|
112
|
Қоғамдық тәртіп бұзушылықтың кез-келген түрлеріне “мүлдем төзбеушілікті” насихаттау
|
Қоғамдық тәртіп бұзушылықтың “мүлдем төзбеушілікті” насихаттау бағыттында аудан тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
|
ҚР Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысының ішкі істер департаменті “Жалағаш ауданының ішкі істер бөлімі” ММ (келісім бойынша)
Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов
|
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік
|
113
|
Жеке кәсіпкер “A&L” А.Сексенбаев кенттен “Дене шынықтыру-сауықтыру кешенін” және “Таң ЛТД” ЖШС-гі Таң елді мекенінен спорт ғимаратын жалға беруді мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында келісім-шарттарға отыруды қамтамасыз ету
|
2018 жылы жеке тұлға Ғ.Сеймуратов кенттен «Денешынықтыру-сауықтыру кешенін жалға беру» құрылысын салу жұмыстарын бастады. Аталған жоба облыс бойынша мемлекеттік жекешелік-әріптестік аясында атқарылатын жобалар тізбесіне енгізілді.
2018 жылдың 29 наурызында өткен облыстық бюджетті нақтылауда жобаның бизнес жоспарын сараптамадан өткізуге 1670,0 мың теңге қаржы жоспарланды.
“Таң ЛТД” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Таң елді мекенінен дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға беру жобасы облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының талаптарына сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде. Аталған жоба 2017 жылы облыс бойынша мемлекеттік жекешелік-әріптестік аясында атқарылатын жобалар тізбесіне енгізілген.
|
“Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” КММ
Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов
|