Жаһандану жағдайына сәйкес заманауи қазақстан республикасының мемлекеттік қызмет этикасын қалыптастыру және дамыту нормативті сілтемелер



жүктеу 207,24 Kb.
бет12/15
Дата12.04.2023
өлшемі207,24 Kb.
#42124
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
10.06.20 Ахмет Ә.Е. диссертация

Икемді дағдылықтар
Халықаралық үрдістің басшылығымен тығыз байланысты қаситеттер мемлекеттік қызметшілер арасында икемді дағдылар (soft skills) деп аталады. Бұл эмоционалдық интеллект, әлеуметтік интеллект, қарым-қатынас дағдылары, адамдармен жұмыс істеу қабілеті, бейімделу, оң көзқарас және т.б. сияқты дағдылардың, қабілеттердің және мінездеме сипаттарының жиынтығы. Икемді дағдылар кәсіби білім деңгейіне байланысты емес адамның әлеуметтік ортада тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Ағымдағы технологиялық прогресс пен тез өзгеріп жатқан іскерлік орта жағдайында қызметкерлерге, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі адамдарға икемді дағдылардың тән болуы артып келеді.
ЭЫДҰ оларды қазіргі заманғы еңбек нарығында жұмысқа тұруда маңызды факторы ретінде анықтайды.
Қазіргі уақытта әртүрлі технологиялар мен жасанды интеллект ресми қызметкерлердің типтік міндеттерін орындай алады – шаблонды құра отырып мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін үлкен деректерді өңдеуден өткізе алады. Сондықтан, цифрлық заманда мемлекеттік қызметкердің икемді дағдылармен жансыз машинадан ерекшеленетінін айтуға болады.
Қолдау қызметін орталықтандыру
Озық елдерде мемлекеттік аппараттың жинақылығын қамтамасыз ету мақсатында корпоративтік сектордан механизмдер алынған.
Оларға қосалқы, қамтамасыз етуші қызметтерді (кадрлық, сатып алу және т.б.) орталықтандырылған орындауға арнайы ұйымдарға беру жатады.
Мұндай тәсіл мемлекеттік органдарда және олардың аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық ұйымдарында қызметшілердің санын азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ мемлекеттік аппараттың мотивациясын арттыруға қаражатты босатады.
Жобалы түрде басқару
Соңғы жылдары көптеген елдерде корпоративтік сектордың ұстанымдарына негізделген дәстүрлі мемлекеттік басқарудан мемлекеттік менеджмент жүйесіне ауысты. Бұл парадигманың маңызды элементтерінің бірі жобаны басқару болып табылады.
Жоба дегеніміз түпкілікті мақсатқа қол жеткізу, белгілі бір өнімді құру үшін жеке қызметкердің немесе команданың жұмыстарының жиынтығы болып табылады.
Дәстүрлі менеджмент белгілі бір мерзімде тоқтатылуымен сипатталса, жобаны басқару дегеніміз жұмыстың орындалу кезеңін және қажетті ресурстарды қатаң шектейді. Дәстүрлі басқару үшін жұмыс үрдісі маңызды болса, жобаны басқару нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған.
Жобаны басқарудың басты артықшылығы – бизнес- үдерістерді бір қалпыға келтіру және оңтайландыру, ресурстарды үнемдеу, командалық жұмысты жүргізу арқылы айқындықты қамтамасыз ету, айқын жоспарлау арқылы нақты мақсаттарға жету, түпкілікті нәтижелерге жету үшін жауапкершілікті өзектендіру және тиімді ведомствоаралық ынтымақтастықты сақтау болып саналады.
Мемлекеттік қызмет туралы заңда саяси мемлекеттік қызметшілердің ауысуы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді босатуға негіз болмайды деп жазылғанымен, іс жүзінде министрге немесе әкімге жақпаған мемлекеттік қызметші «өз еркімен» босатылатын жағдайлар өмірде баршылық. Кадрларды жаңарту дұрыс жүргізілген жағдайда мемлекеттік қызметшілердің құрамын жасартуға, оларды көлденең шкала бойынша ауыстыру тәжірибесін кеңейтуге ықпал етеді. Мемлекеттік қызметтегі кадрлар құрамын жаңартуға мынадай міндеттерді шешу арқылы қол жеткізуге болады:
–мемлекеттік қызметшілерді ауыстыру процесін реттеу;
–персоналды басқару, кадрларды қабілеттері мен кәсіби шеберліктеріне қарап іріктеу.
Елімізде мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, оның ішінде уақтылы ақпарат беру мен азаматтардың өтініштерін қарау және қол жеткізілген нәтижелері негізінде мемлекеттік органдардың қызметі туралы оң пікірді қалыптастыру басты бағыт болуға тиіс. Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және жұртшылықпен байланыстар орнату тиісінше негізгі бағыттар болып табылады.
Заманауи, тиімді және ашық мемлекеттік басқару жүйесі, жоғары білікті және идеяға жақтас, өз елінің даму мақсаттарын алға жылжытуға қабілетті мемлекеттік қызметкерлер, осылардың барлығы – серпінді әрі заманауи қоғамның іргетасын нығайтады. Мемлекеттік басқару жүйесі мен мемлекеттік қызметті жаңғыртудағы қазіргі процесс –айрықша маңызды кезең, ал оның мақсаты – қоғамның өскелең талаптарына жауап бере алатын мемлекеттік қызметті құру. Бұл мемлекеттік қызметшілер жұмысын жақсартып, мемлекеттік қызмет мекемелерінің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру, азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасын көтеру арқылы жүзеге аспақ. Сондықтан заманауи корпоравтивті ұстанымдарға негізделетін, тиімді, ашық және қоғам алдында есеп бере отырып, жұмыс істейтін мемлекеттік басқару жүйесінің дамуы мен енгізілуін жүзеге асыру қажет.
Мемлекеттік қызметшілерді оқыту жүйесін одан әрі дамыту жағдайын қарасақ, әлемдік практикада кәсіби дамыту және оқыту мәселелері мемлекеттік қызметтің адами капиталын басқару жүйесінде басымдықты мәселе болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының [75] ережелері ескеріле отырып, біліктілігі жоғары мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі базалық білім беру орталығы ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мәртебесі едәуір күшейтілуі керек.
Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағдарламаларының мазмұндық бөлігін сапалық тұрғыдан жаңғырту, оның ішінде қазіргі заманғы білім беру технологияларының және нәтижеге бағдарланған мемлекеттік басқару жүйесі қағидаттарының негізінде оқыту бағдарламаларын жаңарту маңызды шара болмақ.
Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағдарламалары анағұрлым икемді болып, мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет жүйесі жұмыс істеуінің озық әлемдік практикасын ескеруі керек.
Барлық мемлекеттік қызметшілер үшін лауазымдық міндеттерін тікелей орындауға кірісу алдында басқару және менеджмент, стратегиялық жоспарлау, тиімді басқару шешімдерін қабылдау саласында білім алуға бағытталған қысқа мерзімді оқытудан өту мүмкіндігін жақсарту қажет.
Әрбір кадр резервіне қосылған мемлекеттік қызметшілер үшін кәсіби және жеке құзыреттерін бағалау негізінде белгілі бір күнтізбелік кезеңге арналған кәсіби дамыту мен оқытудың дара жоспарларын әзірлеген жөн. Дара жоспар оқытудың мазмұндық бөлігінде де оқу орнын таңдау да мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қажеттіктерін ескеретін болады [78].
Еліміздегі мемлекеттік қызметшілерін оқыту саяси шешімдерді тиімді орындау және стратегиялық бағдарламаларды іске асыру үшін білім мен дағдылар алуға бағытталған білім беру бағдарламаларына негізделеу қажет.
Мемлекеттік қызметшілерді өңірлік деңгейде оқыту тиімділігін арттыру үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы қайта даярлау мен біліктілікті арттырудың өңірлік орталықтары қызметін үйлестіріп, білім беру бағдарламаларының мазмұнды бөлігінің сапасына мониторинг жүргізген дұрыс.
Қайта даярлау мен біліктілікті арттырудың өңірлік орталықтары қызметін үйлестіру мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласында сапалы білім жинақтау мен алмасудың бірыңғай жүйесін қалыптастыруға және өңірлік деңгейде сапалы білім беру қызметтерімен қамтамасыз етуге бағытталған.
Өңірлік деңгейде кадрлардың кәсіби деңгейін арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасында оқуға квота бөлуді арттыру керек. Осылайша, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мемлекеттік қызметшілерді оқытудың бірыңғай оқу, әдістемелік, ғылыми және кадр орталығы болмақ.
Мемлекеттік қызметшілерді оқыту жүйесінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» Халықаралық стипендиясының және «Назарбаев Университеттің» әлеуетін тиімді пайдалануға бағытталған жүйелі шараларды жүзеге асыру керек.
Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби даярлау жүйесінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының шеңберінде оқытудың тәртібі қайта қаралуы тиіс. Атап айтқанда, басымдықты мамандықтар бойынша магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқитын мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының сақталу міндеттілігі нормативтік тұрғыдан бекітілгені дұрыс.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметші оқуды аяқтағаннан кейін өзі бұрын атқарған лауазымға не басқа - біліктілік және кәсіби талаптары бойынша теңдей не функционалдық міндеттері жаңа алған кәсіби білімі мен дағдыларына сәйкес келетін жоғары тұрған лауазымға тағайындалуы мүмкін болатын құқықтық норма керек.
Бюджет қаражатын үнемдеу және оқытуға тыңдаушыларды кеңінен тарту үшін жетекші шетелдік мамандарды шақыра отырып, біліктілікті арттыру курстарын өткізуді қамтамасыз еткен жөн.
Болашақта мемлекеттік қызметшілерді шетелдік мамандар әзірлеген білім беру бағдарламаларына сәйкес қашықтықтан оқытуды қамтамасыз ету мәселелерін қарастырып, мемлекеттік қызметшілерді қашықтықтан оқыту жүйесін кеңейту керек.
Әлемдік практикада мемлекеттік қызметшілердің қойылған мақсаттар мен міндеттерді, лауазымдық нұсқаулықты, орындалатын жұмыс пен қол жеткізілген нәтижелерді салыстыруға негізделген жұмысының түпкілікті нәтижелерін бағалау қолданылады. Бағалау нәтижелері қызметкерлерді ынталандыру, оларды қызметтік саты бойынша жоғарылату, қосымша оқыту қажеттігі туралы кадрлық шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады. Осыған орай, мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау жүйесін жетілдіру керек [79].
Мемлекеттік қызметші мансабының белгіленген әлеуметтік және лауазымдық мәртебеге жоғарылатуды сипаттайтын және мемлекеттік қызметшінің біліктілік деңгейі мен жұмыс тәжірибесіне сәйкес оның кәсіби және әлеуметтік тұрғыдан өзін өзі көрсетуі қамтамасыз етілетін ынталандыру жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатындығы ескеріле отырып, «мансаптық жоспарлау» ұғымын нормативтік тұрғыдан бекіту керек.
Мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында олардың қатарына арнайы дайындығы бар жас кадрларды тарту қажет.
Өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында ел Президенті Қ.Тоқаев 2020 жылдан бастап үкімет мемлекеттік қызметшілердің санын біртіндеп қысқартуға кірісіп, үнемделген қаражатты неғұрлым пайдалы қызметкерлерді ынталандыруға жұмсайтынын мәлімдеді. 2024 жылға қарай мемлекеттік қызметшілердің және ұлттық компаниялар қызметкерлерінің санын 25 пайызға қысқарту қажет екенідігі айтылды [77].
Қысқарту кезең-кезеңмен болады, көп жағдайда жұмсақ тетіктер қолданылады. Бұл мемлекеттік қызметте жыл сайын 8% бос орын пайда болатынын білдіреді, және ең алдымен бос лауазымдар қысқартылады. Осылайша 2020 жылдан бастап Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің санын біртіндеп қысқартуға кірісіп, үнемделген қаражатты неғұрлым пайдалы қызметкерлерді материалдық ынталандыруға жұмсау бағыттары қарастырылуда.
Заманауи мемлекеттік қызметші – бұл көптеген әлеуметтік салалардың білгірі, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары талантты, сауатты тұлға. Мемлекеттік қызметшіге әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге тура келеді, сондықтан ол шешімдерді үлкен жауапкершілікпен қабылдауы тиіс. Шенеунік күн сайын кездесетін адамдармен қарым-қатынас кезінде сауатты сөйлеп қана қоймай, сондай-ақ сыпайы болуы, адамдармен тез тіл табыса білуі қажет. 
Біздің ойымызша, мемлекеттік қызметке орналасатын үміткер бірнеше талдаудан және әр түрлі сараптамадан өтуі қажет. Ол үшін алдымен үміткердің моральдық-психологиялық ахуалын толық анықтайтын тестілер әзірленгені жөн.
Билік пен халық арасындағы алтын көпірге айналу үшін бүгінгі күннің мемлекеттік қызметкерлері «әмбебап» болу керек деп ойлаймыз. 
Біріншіден,ол өз жұмысын адал, байсалды мінезді мықты маман ретінде атқаруы керек.
Екіншіден,мемлекеттік қызметші өте тәртіпті, мәдениетті, тартымды мінезді болуы шарт.
Үшіншіден,кез келген кездейсоқ оқиғаларға тап болғанда әділ шешім қабылдауы тиіс.
Төртіншіден, психолог болуы қажет.
Бесіншіден, өтірік айтпау керек. Ондай қызметшіге сенім болмайды.
Алтыншыдан, жомарт және үлкен жүректі болып, халық арасында жүргенде жақсылық жасағаны дұрыс.
Жетіншіден, адамдарды ұлтқа бөлмеген дұрыс. Мемлекеттік қызметкердің жеке қабылдауына келсе де, жай кездесіп жатса да адамдарды орыс, кәріс, неміс, дүнген деп алалауға болмайды. 
Сегізіншіден, сөзге шешен, ашық үнді болуға тырысқан жөн. Мемлекеттік қызметші жай халық арасында да, алқалы жиындарда екі тілде (қазақша, орысша) сөйлей білсе, құба-құп. Ал ағылшын тілін меңгерген болса, тіптен жақсы. Тік мінезділіктен, өркөкіректіктен аулақ болған абзал.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында: «Халықпен тиімді кері байланыс орнату керек» деп нақты айтылған. Осыған орай, мемлекеттік қызметкерлер өз кезегінде халыққа көрсететін қызмет сапасын арттыруға тиімді, «жағымды» мінезімен үлестерін қосулары тиіс.
Мемлекеттік қызметте де әрбір қызметкерді жұмысты жақсарту үшін ұсыныстар мен идеялар енгізуге, халықты тыңдай біліп, өз уақытын тиімді басқаруды үйренуге тартуымыз керек. сондықтан, мемлекеттік қызмет саласында жұмыс тәсілдерін жақсарту мен жетілдіруге мүмкіндік беруіміз керек. 



жүктеу 207,24 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау