Жаһандану жағдайына сәйкес заманауи қазақстан республикасының мемлекеттік қызмет этикасын қалыптастыру және дамыту нормативті сілтемелер


Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің қазіргі кадрлық құрамы мен құрылымын талдау



жүктеу 207,24 Kb.
бет9/15
Дата12.04.2023
өлшемі207,24 Kb.
#42124
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
10.06.20 Ахмет Ә.Е. диссертация

2.2 Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің қазіргі кадрлық құрамы мен құрылымын талдау

«Қазақстан - 2050» стратегиясында Елбасы: «... Қазақстанда нарықтық экономика үшін оңтайлы болатын мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымының осы заманғы тиімді жүйесін жасау, басым мақсаттарды іске асыруға қабілетті үкімет құру; ұлттық мүдделердің сақшысы бола алатын мемлекет қалыптастыру» [57] міндетін қойды.


Мемлекеттік қызметтің маңыздылығы, мемлекеттің шешетін барлық мәселелерінің ішінде кадрлар, ең алдымен басшылар туралы мәселе негізгі болып табылатындығымен айқындалады. Тек мемлекеттік аппарат реформаларды, жаңа идеялар мен заңдық ережелерді жүзеге асыруға міндетті, бірақ басқару қызметінде болатын кемшіліктердің көпшілігі аппаратшылардың кейбір бөлігінің қабілетсіздігімен, кей кезде тіпті реформалық бағдарламаларды қабыл алмауы мен одан бетер – олардың сыбайлас жемқорлығымен байланысты екендігі белгілі. Мемлекеттің мықты кадр потенциалын тиімді етіп пайдалану – алғы шепте тұратын [56]. жалпыұлтық міндет.



Ақпарат көзі: [63].
1–сурет. Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлердің саны

Қазақстандағы мемлекеттік қызметшілердің санын қарастыратын болсақ (сурет ) 2000 жылмен салыстырғанда соңғы жылдары мемлекеттік қызметшілердің штат саны ұлғайғанын көреміз. Ал, 2019 жылы мемлекеттік қызметшілер саны 227 бірлікке ұлғайды. Бұған Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесінің берілуі, Алматы және Түркістан облыстарында, Астана мен Ақтөбеде қосымша аудандардың құрылуы, сондай-ақ жекелеген мемлекеттік органдардың қайта ұйымдастырылуы мен штат санының өзгеруі ықпал етті [63].


Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметшілер саны 98726 құрады. Олардың ішінде 453 қызметшілер саяси, 285 қызметкер «А» корпусы, 97 988 қызметші «Б» корпусы бойынша қызмет атқарады.
Сонымен қатар келесідей бөлу айқындалған, яғни 52 363 қызметшілер орталық орган, 46363 жергілікті мемлекеттік органда қызмет атқарады. Жалпы республика көлеміндегі мемлекеттік қызметшілер саны шетелдегі мемлекеттік қызметшілер санынан әлдеқайда көп екені белгілі. Швецарияда министр кабинеті 7 адамнан тұрса, Канадада министрлер саны-27, Жапонияда 14 тен 17 ге дейін құрайды екен және бұл үш мемлекетте өмір сүру деңгейі жағынан 20 мықты мемлекеттер қатарына кіреді. Ал, Қазақстанда 17 министрлік және 100 мыңға жуық мемлекеттік қызметшілер бар [58].
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің құрылымы, құрамы, қазіргі жай күйі келсі кестелер мен суреттерде баяндалған.

1–кесте. Қазақстан Республикасы аймақтарындағы мемлекеттік қызметшілердің саны, бірлік (2018 ж.)







Аймақтар

Мемлекеттік қызметшілер саны

1

Нұр Сұлтан

14 441

2

Шығыс Қазақстан облысы

8 068

3

Алматы облысы

7 937

4

Қарағанды облысы

7 205

5

Түркістан облысы

7 182

6

Қостанай облысы

6 349

7

Ақмола облысы

5 864

8

Павлодар облысы

5 239

9

Жамбыл облысы

5 077

10

Алматы

5 051

11

Солтүстік Қазақстан облысы

4 935

12

Ақтөбе облысы

4 664

13

Батыс Қазақстан облысы

4 404

14

Қызылорда облысы

3 680

15

Атырау облысы

3 455

16

Маңғыстау облысы

3 090

17

Шымкент

2 090

Барлығы

98726

1-кестеден көріп отырғанымыздай, мемлекеттік қызметшілер сыртқы істер министрлігін шекара сыртындағы штат санын қоса есептегендегі санымен Нұр сұлтан қаласы жоғарғы көрсеткішті көрсетіп отыр.


ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ақпараттарына сай, 2019 жылы мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы – 39 жасты құраған. Оның ішінде саяси қызметкерлердің орташа жасы – 47,8 жас болса, әкімшілік қызметкерлердің, соның ішінде «А» корпусы – 47,3 жас, «Б» корпусы – 38,6 жас шамасын көрсетіп отыр [64].
2019 жылдың мәліметі бойынша жас ерекшеліктеріне сай, Қазақстан республикасында:
–23 жасқа дейінгі мемлекеттік қызметшілер саны – 1 178 адам;
–23-30 жас аралығында – 21 220 адам;
– 30 бен 40 жас аралығында – 30 250 адам;
–40 пен 50 жас аралығында – 19 569 адам;
–50 жастан асқандар саны – 18 715 адамды құрап отыр.
Мемлекеттік қызметкерлердің еңбек өтілі 1 жылға дейінгілердің орталықтанған деңгейде минималды жалақылары (категория С-5) –104 058 теңгені құрайды [65].
Максималды жалақы еңбек өтілі 20 жылдан жоғарыларда – 140 691 теңгені құрайды.
Республикада мемлекеттік қызметкерлердің штаттық көрсеткіші келесі кестеде көрсетілген. Соңғы үш жылдағы мемлекеттік қызметкерлердің көрсеткіші біркедкі емес. Жалпы мемлекеттік қызметкерлер саяси мемлекеттік қызметкер және әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер болып бөлінеді. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер «А» және «Б» корпустарына жіктеледі.

2–кесте. 2016–2018 жж. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлері санының нақты көрсеткіштері



Атауы

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

Саны,
бірлік

Үлесі,
%-бен

Саны,
бірлік

Үлесі,
%-бен

Саны,
бірлік

Үлесі,
%-бен

Саяси мемлекеттік қызметшілердің саны

433

0,4

436

0,4

453

0,5

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің саны

98272

99,6

98063

99,6

98273

99,5

оның ішінде

«А» корпусы бойынша

519

0,5

279

0,3

285

0,3

«Б» корпусы бойынша

97 753

99,5

97 784

99,7

97 988

99,7

Барлығы

98705

100

98499

100

98726

100

Кестеден көріп отырғанымыздай 2016 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны 98705 бірлікті құрады, оның ішінде Қазақстан Республикасының саяси мемлекеттік қызметшілердің шттатық саны – 433 бірлік немесе оның үлесі 0,4%, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны – 98 272 бірлікті немесе оның үлесі 99,6% құрап отыр. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің саны «А» корпусы бойынша - 519 бірлік немесе оның 0,5%, «Б» корпусы бойынша – 97753 бірлікті немес оның үлесі 99,5% құрап отыр.


2017 жылдың қорытындысы бойыншаҚазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілерінің штат саны 98 499 бірлікті құрады, оның ішінде саяси мемлекеттік қызметшілердің штат саны – 436 бірлік немесе оның үлесі 0,4%, әкімшілік – 98 063 бірлікті немесе оның үлесі 99,6% құрап отыр. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің саны «А» корпусы бойынша - 279 бірлік немесе оның 0,3%, «Б» корпусы бойынша – 97784 бірлікті немесе оның үлесі 99,7% құрап отыр [66].
2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің штат саны 98 726 бірлікті құрады, оның ішінде мемлекеттік саяси қызметшілердің штат саны – 453 бірлік немесе оның үлесі 0,5%, әкімшілік – 98 273 бірлік немесе оның үлесі 99,5% құрап отыр. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің саны«А» корпусы бойынша – 285 бірлік немесе оның 0,3%, «Б» корпусы бойынша – 97 988 бірлік немесе оның үлесі 99,7% құрап отыр [66].
Талданып отырған кезеңдере Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлері санының құрылымында әкімшілік мемлекеттік қызметшілер, соның ішінде «Б» корпусы бойынша қызметшілер санының басым болып отырғанын байқауға болады.



2–сурет. Мемлекеттік қызметкерлер санының және құрылымының динамикасы, бірлік
Мемлекеттік қызметшілердің штат саны 2016 жылы орталық мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны 52616 бірлікке тең, оның 10059 бірлікті (саяси-326, «А» корпусы-207, «Б» корпусы- 9526 бірлік) , аумақтық бөлімшілерде – 42557 бірлікті («А» корпусы-16, «Б» корпусы- 42541) құрады.Жергілікті атқарушы органда мемлекеттік қызметшілер - 46089 бірлік (саяси-107, «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілері - 296, «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілері - 45686), оның ішінде 1099 бірлік жергілікті атқарушы органдарда- мәслихат және 654 бірлік облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы ревизиялық комиссия қызметкерлері құрап отыр [64].
2017 жылдың қорытындысы бойынша орталық мемлекеттік органдарда – 52 409 бірлік, оның ішінде: орталық аппараттарда – 10 233 бірлік (саяси – 326, «А» корпусы – 63, «Б» корпусы – 9 844); аумақтық бөлімшелерде «Б» корпусы – 42 176 бірлікті құраса, жергілікті атқарушы органдарда – 46 090 бірлік (саяси – 110, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің «А» корпусы – 216, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің «Б» корпусы – 45 764), оның ішінде мәслихаттарда – 1 100 штат бірлігі және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларында 654 бірлікті құрап отыр [65].
Мемлекеттік қызметшілердің штат саны 2018 жылы орталық мемлекеттік органдарда – 52 363 бірлік, оның ішінде: орталық аппараттарда – 10 487 бірлік (саяси – 337, «А» корпусы – 63, «Б» корпусы – 10 087); аумақтық бөлімшелерде «Б» корпусы – 41 876 бірлікті құрады. Жергілікті атқарушы органдарда – 46 363 бірлік (саяси – 116, «А» корпусы – 222, «Б» корпусы – 46 025), оның ішінде мәслихат аппаратарында – 1 116 және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларында 654 бірлікті құрап отыр.
Суреттен мемлекеттік қызметкерлер құрылымында орталық мемлекеттік органдарда қызмет ететін мемлекеттік қызметшілердің санының жергілікті атқарушы органдардағы қызметкерлер санынан басым екенін көруге болады, бірақ орталық мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметкерлер санының талданып отырған кезеңдерде жылдан жылға кеміп, ал керісінше жергілікті атқарушы органдардағы қызметкерлер санының артқанын байқауға болады.
Бұл ретте, орталық мемлекеттік органдарда қызмет ететін мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 2018 жылды 2016 жылмен салыстырғанда 52616 бірліктен 52 363 бірлікке дейін (немесе штаттың 0,5%-ы) қысқарды. Лауазымдарды босату қызметшілерді нақты қысқартусыз, қызметшілердің өз еркімен және зейнеткерлік жасқа жетуімен байланысты жұмыстан шығуының нәтижесінде пайда болған бос лауазымдарды толтырмау арқылы жүргізілген.
Жергілікті атқарушы органдардағы қызметкерлер санының артуы жекелеген мемлекеттік органдарды қайта ұйымдастыру және олардың санын өзгерту штат санының өсуі әсерінен болып отыр.



3–сурет. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі бөлінісінде


қызметкерлердің үлесі, %-бен

2019 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша мемлекеттік қызметте еңбек өтілі бөлінісінде қызметкерлердің саны келесідей: 1 жылға дейін - 9 547 (10,5 %), 1-ден 2 жылға дейін – 7 624 (8,4 %), 2-ден 3 жылға дейін – 6 194 (6,8 %), 3-тен 5 жылға дейін – 10 335 (11,4 %), 5-тен 7 жылға дейін – 7 415 (8,2 %), 7-ден 9 жылға дейін – 6 230 (6,8 %), 9-дан 11 жылға дейін – 6 954 (7,6 %), 11-ден 14 жылға дейін – 9 736 (10,7 %), 14-тен 17 жылға дейін – 8 620 (9,5 %), 17-ден 20 жылға дейін – 6 195 (6,8 %), 20 жылдан жоғары – 12 082 (13,3 %) құрап отыр [66].


Жоғарыда келтірілген статистика ақпараты мемлекеттік қызметтің негізі жас және білікті мамандардан тұратындығының көрсеткіші.


3–кесте. Мемлекеттік қызметтің сапалы құрамының көрсеткіштері



Атауы

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

Саны,
адам

Үлесі,
%-бен

Саны,
адам

Үлесі,
%-бен

Саны,
адам

Үлесі,
%-бен

Жоғары білімді мемлекеттік қызметшілер

84304

91,4

84310

91,8

83241

91,7

Орта және кәсіби орта білімі бар мемлекеттік қызметшілер

7899

8,6

7520

8,2

7511

8,3

Барлығы

92203

100

91830

100

90752

100



2016 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтің сапалы құрамы келесі параматрлермен сипатталады. Мемлекеттік қызметшілердің жалпы санының 91,4% немесе 84304 адамның жоғары білімдері бар. Орта және кәсіби орта білімі бар мемлекеттік қызметшілердің үлесі 8,6 % немесе 7899 адамды құрап отыр. 636 немесе 0,7% мемлекеттік қызметшілердің жалпы санының ғылыми дәрежесі бар, оның 173 ғылым докторлары, 27 PhD докторлары және 439 ғылым кандидаттары.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметте осы уақытта Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының 703 түлегі мен «Болашақ» бағдарламасының 494 түлектері қызмет атқарады.
2017 жылы мемлекеттік қызметшілер жалпы санынан 91,8% немесе 84 310 адамда жоғары білімі бар. Орта және орта кәсіптік білімі бар мемлекеттік қызметшілердің үлесі – 8,2 % немесе 7 520 адам. Мемлекеттік қызметшілердің көпшілігі экономика және бизнес (31 638 немесе жоғары білімі бар мемлекеттік қызметшілер жалпы санынан 37,5 %), құқық (21 307 немесе 25,3 %), техникалық ғылымдар және технологиялар (7 836 немесе 9,3 %) және білім (6 343 немесе 7,5%) саласында білімі бар. Сонымен қатар, 15 614 (17 %) мемлекеттік қызметшіде бірден артық жоғары білімі, 4 231-де (4,6 %) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар. Сонымен қатар, қазіргі уақытта мемлекеттік қызметте Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының 740 түлегі және «Болашақ» бағдарламасының 505 түлегі жұмыс істейді [65].
2018 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтің сапалық құрамы мынадай параметрлермен сипатталды. Мемлекеттік қызметшілер жалпы санынан 91,7% немесе83 421адамда жоғары білімі бар.
Орта және орта кәсіптік білімі бар мемлекеттік қызметшілердің үлесі – 8,3 % немесе 7 511 адам.
Мемлекеттік қызметшілердің көпшілігі экономика және бизнес (31 576 немесе жоғары білімі бар мемлекеттік қызметшілердің жалпы санынан 37,9 %), құқық (20 734 немесе 24,9 %), техникалық ғылымдар және технологиялар (7 961 немесе 9,5 %) және білім (6 085 немесе 7,3%) саласында білімі бар.
Сонымен қатар, 18 343 (20,2 %) мемлекеттік қызметшіде бірден артық жоғары, 4 046-да (4,4 %) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар. 530 мемлекеттік қызметшіде ғылыми дәрежесі бар немесе жалпы санынан 0,6 %, оның ішінде 93 ғылым докторы және 437 ғылым кандидаты [58].
Сонымен қатар, қазіргі уақытта мемлекеттік қызметте Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 760 түлегі және «Болашақ» бағдарламасының 570 түлегі жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта мемлекеттік аппараттың азаматтармен өзара қарым-қатынасы «тұтынушыға бағытталу», қызмет алудың ашықтығы мен қолжетімділігі қағидаттарында құрылуда.

4–кесте. 2016-2018 жж. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметтердің жалпы саны



 Атауы

Жылдар

2018/2016жж. өзгерісі

2016

2017

2018

(+,-)

%

Мемлекеттік қызметтердің жалпы саны (тізілім), оның ішінде

710

746

750

40,0

105,6

Толық көлемде автоматтандырылған қызметтер (электрондық)

59

126

223

164,0

378,0

Ішінара автоматтандырылған (электрондық/ қағаз)

391

326

289

-102,0

73,9

Автоматтандырылмаған (қағаз)

260

294

238

-22,0

91,5

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы



257

332

243

-14,0

94,6

Кестеде келтірілгендей 2018 жылдың қорытындысы бойынша жалпы 750 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде:


–Толық көлемде автоматтандырылған қызметтер (электрондық) саны– 223;
–Ішінара автоматтандырылған (электрондық/ қағаз) түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 289;
–Автоматтандырылмаған (қағаз) түрінде көрсетілгенқызметтерің саны – 238;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтер саны –243;
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтер көрсету 2015 жылғы 15 сәуірде қабылданған «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.Оны іске асыру үшін мемлекеттік қызметтерді стандарттау мен регламенттеу, бизнес процестерді автоматтандыру мен оңтайландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету мен олардың сапасына бақылау жүргізу тәртібін анықтайтын тиісті заңға тәуелді актілер бекітілген.
Осылайша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен 2017 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 746 түрді қамтитын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бекітілген. Олардың мемлекеттік органдармен көрсетілуі белгіленген стандарттар мен регламенттерге сәйкес жүзеге асырылады.
2018 жылы Электрондық үлгіде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 2016 жылмен салыстырғанда 164 млн. немесе 278%-ға артып отыр, (2018 жылы – 223 млн., 2016 жылы – 59 млн.). 2018 жылы автоматтандырылмаған (қағаз) түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 2016 жылмен салыстырғанда 22 млн. Немесе 8,5%-ға азайды (2018 жылы – 238 млн., 2016 жылы – 260 млн.) [58].
Сапалы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын көрсетеді және азаматтардың мемлекеттік аппаратқа деген сенім деңгейіне ықпал етеді.



4–сурет. 2016-2018жж. Мемлекеттік органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны, млн.


2018 жылы 147,2 млн. мемлекеттік қызмет көрсетілген, ол 2017 жылмен салыстырғанда 21,2 млн-ға кем (168,4 млн.)және 2016 жылмен салыстырғанда (144,5 млн.) 2,7 млн-ға артық.
«Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорация және «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны жеткілікті жоғары мөлшерде емес (2017 жылы электронды түрде 84,6 млн. мемлекеттік қызмет көрсетілді немесе жалпы санының 49%, Мемлекеттік корпорация арқылы - 38 млн. қызмет немесе 23%, 2016 жылы электронды түрде 50,5 млн. мемлекеттік қызмет көрсетілді немесе жалпы санының 35,2%, Мемлекеттік корпорация арқылы –19,8 млн. қызмет көрсетілген.
Елбасының саяси еркінің және уәкілетті органның арқасында, біршама аз уақыт ішінде мемлекеттік қызмет байланысын регламенттейтін жаңа «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң және 20 заңдық актілер қабылданды. Жаңа Заңды қабылдау мемлекеттік қызметтің шетелдік жүйесін алдын ала мұқият зерделеуді қажет етеді. Халықаралық тәжірибе сараптамасы көрсетіп отырғандай, демократиялық мемлекеттің негізгі мемлекеттік қызметі болып меритократия болып табылады [10]. Ел тәуелсіздінің 30 жылдық дамуы мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігінің маңыздылығын көрсетті.
Көп жағдайда бұл фактордан басқару тиімділігі, билік мәртебесі, жалпы қоғамның мемлекетке сенімі тәуелді. Сондықтан да стратегиялық басымдықпен кәсіби мемлекеттік құру қаралып, Елбасымен Қазақстандық мемлекеттік қызметтің заман талабына сай корпусын құруға бағытталған, ел ықыласына тиімді басқару шешімін жүзеге асыратын мемлекеттік қызмет Академиясы құрылды.
Қазіргі кездемемлекеттік қызмет жүйесінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың өңірлік орталықтарын және басқа да білім беру ұйымдарын қамтитын оқыту инфрақұрылымы қалыптастырылған.
Жыл сайын орташа есеппен мемлекеттік қызметшілердің үштен бірі қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында оқудан өтеді, соның нәтижесінде үш жылдық кезеңде мемлекеттік қызметшілерді жүз пайыздық оқыту қамтамасыз етіледі.
Жаңа модельді қалыптастырудың нәтижесі нақты нәтижеге және мемлекеттік қызметтерді сапалы түрде көрсетуге бағдарланған, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті қажеттіктеріне сай келетін кәсіби мемлекеттік қызмет болмақ.
Алайда қазақстандық мемлекеттік басқару жүйесіндегі кадрлық саясат және оны жүзеге асыру механизмі әлі де жетілдіру жұмыстарын талап етуде.
Осы ретте басқа мемлекеттердегі шенеуніктер бойынша деректер мемлекеттік қызметшілердің санының нақты көрінісін бейнелейді. Кестеде елдердегі шенеуніктердің саны бойынша саралау жасалған. [66].
5–кесте. Шет елдердегі шенеуніктердің саны бойынша саралау

Мемлекеттер

Халық саны

1 мемлекеттік қызметшіге келеді

Мемлекеттік қызметшілер саны

АҚШ

309 млн.

147 азаматтан

2 101 200

Франция

61 млн.

190 азаматтан

320 000

Германия

83,2 млн.

163 азаматтан

507 520

Қытай

1 340 млрд.

19 азаматтан

70 млн.

Ресей Федерациясы

141,9 млн.

142 азаматтан

996 596

Украина

46 млн.

162 азаматтан

283 400

Беларусь

9,5 млн.

176 азаматтан

53 703

Литва

3,3 млн.

165 азаматтан

20 000

Эстония

1,3 млн.

50азаматтан

26 000

Қазақстан

18,6 млн.

180 азаматтан

98 700

Латвия

2,3 млн.

26 азаматтан

88 300



Қазақстанда қазіргі таңда әрбір мың адамға орташа алғанда 5,4 мемлекеттік қызметшіден келеді, оның ішінде орталық мемлекеттік органдарда – 2,8; жергілікті органдарда – 2,6. Яғни, 1 шенеунікке шамамен 186 адамнан келеді. Салыстыра айтсақ, оларда да мемлекеттік қызметтің мансаптық үлгісі қолданылатын Жапонияда әрбір мың адамға федералдық деңгейдегі 2,7 мемлекеттік қызметшіден келеді [60].
мемлекеттік қызметкерлер Қазақстан Республикасының барлық жұмыс істейтін халқының 21% - ын құрайды екен. Басқа елдердегі жағдайды салыстырып қарастыратын болсақ:
–АҚШ және Германия-14%;
–Қытай – 9%;
–Жапония – еңбекке қабілетті тұрғындардың 8%. [67].
«Қазақстан – 2050» Стратегиясына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттік органдардың халықпен өзара қарым-қатынасында бір жақты билік тәсілдерінен азаматтарға тиімді мемлекеттік қызмет көрсетуге көшу міндетін қойды. Бұл ретте барлық мемлекеттік органдардың қызметінің өзегі азаматтардың әл-ауқаты деңгейін арттыруға, мемлекеттік қызметтердің ашықтығын күшейтуге, олардың адамдар мен бизнестің қажеттілігі және мүдделеріне «жауап беруіне» бағдарланды.
Мемлекеттік басқару жүйесін ауқымды жаңғырту нәтижесінде мемлекеттік қызметтер ұсыну саласында түбегейлі өзгерістер болды. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметтерді стандарттау мен регламенттеу, бизнес процестерді автоматтандыру мен оңтайландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету мен олардың сапасына бақылау жүргізу тәртібін анықтайтын тиісті заңға тәуелді актілер бекітілді.
Осылайша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен 2019 жылғы 22 сәуірдегі жағдай бойынша 742 түрді қамтитын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бекітілді. Олардың мемлекеттік органдармен көрсетілуі белгіленген стандарттар мен регламенттерге сәйкес жүзеге асырылады [68].
2018 жылы 147,2 млн-нан аса мемлекеттік қызмет көрсетілген (2017 жылы – 168,5 млн., 2016 жылы – 142,8 млн.). Оның ішінде, орталық мемлекеттік органдармен – 72,6 млн-нан аса (2018 жылы – 72,6 млн., 2017 жылы – 91 млн., 2016 жылы – 62,4 млн. астам), жергілікті атқарушы органдармен – 74,6 млн. (2017 жылы – 73,3 млн., 2016 жылы - 80,4 млн.).
Электрондық үлгіде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 101,4 млн. немесе 69% құрап, алдыңғы жылмен салыстырылғанда 20%-ға артқан (2017 жылы – 84,6 млн., 2016 жылы – 50,5 млн.). «Бір терезе» принципі бойынша жұмыс істейтін орталықтар арқылы (Мемлекеттік корпорация филиалдары) көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 24,2 млн. немесе 16% құрады (2017 жылы – 38 млн., 2016 жылы – 19,7 млн.) [63].
2014 жылдан бастап жыл сайын Қазақстанда мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізіледі. Мониторингтің мақсаты – азаматтардың қанағаттану дәрежесін және мемлекеттік қызметтердің қолжетімдігін анықтау болып табылады.
2018 жылы мемлекеттік қызметтердің 60 түрі мониторингпен қамтылған, ол 2017 жылмен салыстырғанда 9%-ға, 2016 жылмен салыстырғанда 20%-ға артық [65].
Жыл сайынғы бағалау мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы жүйелік проблемаларды анықтауға, сондай-ақ оларды көрсету сапасын оңтайландыру мен арттыруға, аталған бағыт бойынша мемлекеттік органдар жұмысы сапасының жақсаруына жәрдемдесуге мүмкіндік берді.
Бұдан басқа, мемлекеттік органдарға келіп түскен мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты негізделген арыз-шағымдар санының өсу динамикасы бойынша кері өзгеріс байқалады. 2018 жылы мұндай арыз-шағымдар саны - 329, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 53% артық (2017 жылы – 215, 2016 жылы – 151 арыз-шағым).
2018 жылы негізі бар шағымдардың артуы Агенттіктің халықпен олардың құқықтары мен көрсетілген мемлекттік қызметке шағым жасау мүмкіндігі туралы жүйелі ақпараттық-насихат жұмысына және оларды ұсыну сапасына аса мұқият бақылаудың күшейгеніне байланысты.
2018 жылы 1 446 өтініш келіп түскен (орталық аппаратқа - 585, аумақтық бөлімшелерге - 861), 2017 жылы – 690 өтініш (орталық аппаратқа - 155, аумақтық бөлімшелерге - 535) [63].
Шағымдардың ең көбі жер қатынастары (27%), тұрғын үй қатынастары (9%), сондай-ақ әлеуметтік сектор (7%) салаларында мемлекеттік қызметтерге тиесілі.
Сұраулардың негізінде 2018 жылы Агенттікпен және оның аймақтық бөлімшелерімен 471 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, өтініш берушілердің 328 өтініштері немесе 70% -ға расталған (2017 жылы 586 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, өтініш берушілердің 139 өтініштері немесе 62% -ға расталған).
Ұлт жоспарының 100-қадамына сәйкес 2016 жылғы 1 наурыздан бастап «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК негізінде «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы» РМК және «Жер кадастрлік ғылыми-өндірістік оталығы» РМК қосылу арқылы «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы құрылды.
Мемлекеттік корпорацияны құру қызметтерді бірыңғай провайдермен көрсету мүмкіндігін береді, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бизнес-рәсімдерін оңтайландыру, қайталанатын функцияларды жою, әрекеттерді бөлу, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызметтің 742 түрінің 259-і Мемлекеттік корпорация альтернативтік негізде, 51-і Мемлекеттік корпорация баламасыз негізде тапсырылды.Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі тиіс мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылауды Агенттік өз құзыреті шеңберінде жүзеге асырады [61].
2019 жылы бәсекеге қабілетті мамандардың мемлекеттік қызметке рекрутинг жүйесін жаңғыртуға бағытталған шаралар қабылданды.
Мәселен, Президенттік ;астар кадрлық резервіне іріктеу кезінде ел тарихында тұңғыш рет дамыған елдерде (Сингапур, АҚШ, Ұлыбритания, Канада және Малайзия) сынақтан өткізілген инновациялық технологиялық шешімдер мен әдістер қолданылды. Жоба жеңімпаздарының үштен бірінен астамы жұмысқа орналасты, әрбір резервші үшін даму жоспары жасалды.
Сонымен бірге, 2019 жылы мемлекеттік қызметке конкурстар арқылы
11 мыңға жуық азамат орналасты. Іріктеу кезеңдерінің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін конкурстық комиссия отырыстарының 94% тәуелсіз бақылаушылардың қатысуымен өткізілді.
Жоғары дәрежелі мамандарды тарту мақсатында жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының PhD докторы дәрежесі, сондай-ақ халықаралық және трансұлттық ұйымдарда жұмыс өтілі бар тұлғаларға конкурстан тыс тағайындалу құқығы берілген.
Кадрлық ұтқырлықты арттыру үшін саяси қызметшілерді ротациялау енгізілді және «А» корпусының институтын одан әрі жаңғырту бойынша негізгі тәсілдер әзірленді.
Мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру мақсатында факторлық-баллдық шкала мен бонустарға негізделген еңбекақы төлеу жүйесін апробациялау жалғасуда. Пилоттық мемлекеттік органдарда сапалық құрамның жақсаруы, ауысудың 2 есе қысқаруы, сондай-ақ конкурстық іріктеуге қатысушылар санының 3 есе өсуі байқалады [68].
Жүйелі негізде мемлекеттік қызметшілерді оқыту және кәсіптік дамыту қамтамасыз етіледі. Есепті жылы оқытудың жаңа проактивті әдістерінде («интерактивті пікірталас» және «интерактивті сабақ») қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан 30 мыңнан астам қызметкер өтті. Басқарушы лауазымдарды атқаруға үміткер мемлекеттік қызметкерлер үшін Назарбаев университетімен бірлесіп «Жаңа формация басшысы» бағдарламасы мен арнайы қайта даярлау курстары әзірленді.



жүктеу 207,24 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау