Қазан айында 2011 жыл.
Есту және тыңдау қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар шет тілін үйренуде және үйретуде аса маңызды. Әсіресе кішкентай балалардың осы тіл туралы түсінігін, ойын, пікірін негіздеу үшін сол шет тілінде сөйлейтін адамдардың сөйлегенін тыңдау, есту керек. Сол шет тілде сөйлеп, ана тіліне аудармай, сөздің мағынасын сурет не іс-қимыл арқылы түсіндіру керек.
№40 гимназиясының қазақ тілі мұғалімдері үшін IMPACT бағдарламасы бойынша жасалған семинардың жоспары.
Қазан айында. Есту немесе тыңдау қабілетін жетілдіру арқылы шет тілін түсінуді дамытатын жаттығулар. Шет тілінің дыбыстарын дауыстап қатесіз айту. Жұппен жұмыс істеу. Топта жұмыс істеу. Тек іс-қимылмен тілді түсіндіру әдісі. Әнмен жұмыс жасағанда қолданылатын жаттығулар.
Шет тілінің дыбыстарын дауыстап қатесіз айту. Жұппен жұмыс істеу. Топта жұмыс істеу. Есту және тыңдау қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар шет тілін үйренуде және үйретуде аса маңызды. Әсіресе кішкентай балалардың осы тіл туралы түсінігін, ойын, пікірін негіздеу үшін сол шет тілінде сөйлейтін адамдардың сөйлегенін тыңдау, есту керек. Сол шет тілде сөйлеп, ана тіліне аудармай, сөздің мағынасын сурет, мимика не іс-қимыл арқылы түсіндіру керек. Шет тілін үйренушілер өздері сөйлеуден бұрын алдымен сол тілде сөйлейтін адамдарды тезірек түсінеді, яғни түсінеді, бірақ әлі сөйлей алмайды. Сондықтан кейбір ғалымдар оқушыларды бірден сөйлеуге мәжбүрлемеу керек дейді. Оқулықпен бірге жүретін үн таспаны (кассеттаны) тыңдау – есту не тыңдау жұмысының бірден бір немесе жалғыз түрі болып табылады деп ойлау қате пікір. Бұл тапсырманы дауыс ырғақтары(интонация) немесе кідіріс (пауза) жасауды үйретуде пайдаланған жөн. Ұстаздың сөйлегенін тыңдау және оны түсініп, іс- қимылмен жауап беру әлдеқайда пайдалы. Оқушылардың ұстаздың бет жүзін, іс-қимылын, жесттерін көруі тілді түсінуге көмектеседі.
Алғашқыда оқушылар ұялатын болғандықтан, ең алдымен жұпта жұмыс жасаған дұрыс. Жұпта олар бір-бірінен ұялмайды, әрі қателерін ести алады және бірін-бірі түзетеді. Жұппен жасалған сапалы жұмыстан кейін топтағы жұмысқа көшуге болады.
Тек іс-қимыл арқылы тілді түсіндіру әдісі. Бұл іс шара көбінесе бастауыш сыныпта қолданылады. Бұл жастағы бүлдіршіндер шет тілінде көп сөздерді білмегендіктен көп сөйлей алмайды, бірақ айтқанды түсінеді. Зор ынтамен айтқанды орындайды. Мысалы: отыр, тұр, жүр, жүгір, ән айт, ұйықта, тақтаға бар, орныңа отыр, мұныңды көрсет, аузыңды аш, көзіңді жұм деген сияқты оңай жаттығулардан бастап жасауға болады. Бара келе көк көйлекті қыздың қасына емес сары шашты қыздың қасына тұр деген сиқты күрделі сөз шумақтарына көшуге болады. Әрқашан оңай жаттығулардан бастап, күрделірек тапсырмаларға көшіп отыру керек.
Мұндай жаттығуларды алдымен ұстаздың өзі айтып, әрі көрсетіп, оқушылар есіне сақтап, түсінгенше бірнеше рет қайталауы керек. Тыңда және орында, тыңда және жауап бер деген сияқты жаттығулар осы санатқа жатады.
Алдымен жұпта жұмыс жасаған дұрыс. Ұстазбен бірге бір оқушы көрсетеді, қалғандары қарап тыңдап отырады. Содан кейін ұстаздың айтқанын қайталап, әр жұп тапсырманы өздері орындайды. Содан кейін бір оқушы ұстаздың ролін атқарып, топпен жұмыс жасайды. Ұстаздың ролін атқару ұнағандықтан қызығушылық артады.
Әнді үйрету арқылы тыңдау қабілетін жетілдіретін жаттығулар.
1. Әннің аты бойынша әнді тыңдамай тұрып оның не туралы екенін, оның негізгі тақырыбы немесе идеясының қандай екенін табу жайында тапсырма беру керек.
Келесі жаттығуда әрбір бесінші не оныншы сөзді алып тастап, орнына сызықша қойып, әнді тыңдай отырып сөзді орнына қою.
Қабілеті төмен оқушылар үшін оңай тапсырма беру керек. Мысалы, сызықшаның орнына қою үшін бірнеше сөз беріп керекті сөзді таңдауға болады, немесе сөздің алғашқы әрпін беруге болады.
Алып тасталған сөздің орнына басқа сөз жазып, қатені табуды ұсынуға болады.
Мәтіннен тек қана етістіктерді не зат есімдерді алып тастау тәсілін қолдануға болады.
Әннің мәтінінің әр сөйлемін кесіп алып, оны араластырып, әнді тыңдай отырып сөйлемдерді орнына қою тәсілі.
Әннің сөйлемдерінің орнын ауыстырып жазып, әнді тыңдағанда сөйлемдердің нөмірін жазуға болады.
Әннің негізгі мағынасы неде екені жайлы сөз етуге, әннің кейбір сөздеріне диктант жазуға болады.
Грамматиканы түсіндіру кезінде де әнді қолдануға болады. Ән мәтініндегі өткен шақтағы етістіктердің астын сызу, немесе көпше түрдегі зат есімдерді атаңдар деген сияқты тапсырмаларды орындауға болады.
Әндегі осы шақтағы етістіктерді өткен шаққа ауыстырыңдар немесе әндегі бірінші жақты үшінші шаққа ауыстырыңдар деген жаттығулар жасауға болады.
Әннің мағынасына сәйкес бірнеше сурет салу немесе табу керек. Әнді тыңдамас бұрын осы әннің аты бойынша немесе берілген суреттер бойынша оның не туралы болатынын болжауға болады.
Әнді тыңдау барысында суреттерді рет- ретімен қоюға болады.
Әнді тыңдап, тапсырманы дұрыс орындағандарыңды тексеріңдер.
Мысал ретінде Шоқ қыздар әнін алайық.
1. Әннің аты бойынша әнді тыңдамай тұрып осы Шоқ қыздар әнінің не туралы екенін, оның негізгі тақырыбы немесе идеясының қандай екенін табайық.
2. Келесі жаттығуда әрбір бесінші сөзді алып тастап орнына сызықша қойып әнді тыңдай отырып сөзді орнына қою.
Шоқ қыздар.
1. Жанары оттай жанып, жүрегімді ... қарып,
2. Сұлуларды көргенімде жаным ... таппай қалып,
3. Жүректің әсем ... .
4. Елітті бірден мені гүл ... жүргендері ,
5. Қоңыраудай сылдыр қағып, ... күлгендері.
6. Ал бикештер оттай ...
7. Қол тигізбес шоқтай болып ...
8. Байланып көздеріңе оның жарқылдаған ... жаным-ай
9. Алатаудың аппақ қарындай ай- ай- ай
10. ... ақ жүзіңнен оның жадыратқан жастық шағындай
11. ... атқан таңындай ай –ай- ай
12. ... білгізбеген , біз құлпырған гүлміз ...
13. Жігіттерге арман болып қол ... жүрміз деген
14. Жарасқан жанның ...
15. Көңілдің ырғағындай қандай тәтті ... қатқаны
16. Тосын сыры, бұл ... шешілмеген жұмбақтары.
17. Бұл бикештер ... болып
18. Қол тигізбес шоқтай ... жанары
19. Байланып көздеріңе оның ... жазы жаным-ай
20. Алатаудың аппақ ... ай -ай -ай
21. Айналдым ақ жүзіңнен oның ... жастық шағындай
22. Ақжайықтың атқан ... ай –ай- ай
( Әнді қайта тыңдай отырып тексерейік.)
Шоқ қыздар.
1. Жанары оттай жанып, жүрегімді шоқтай қарып,
2. Сұлуларды көргенімде жаным тағат таппай қалып,
3. Жүректің әсем әніндей.
4. Елітті бірден мені гүл майысып жүргендері ,
5. Қоңыраудай сылдыр қағып, еркелікпен күлгендері.
6. Ал бикештер оттай болып
7. Қол тигізбес шоқтай болып жанады
8. Байланып көздеріңе оның жарқылдаған жазы жаным-ай
9. Алатаудың аппақ қарындай ай –ай- ай
10. Айналдым ақ жүзіңнен оның жадыратқан жастық шағындай
11. Ақжайықтың атқан таңындай ай -ай -ай
12. Сырларын білгізбеген , біз құлпырған гүлміз деген
13. Жігіттерге арман болып қол жеткізбей жүрміз деген
14. Жарасқан жанның сәніндей.
15. Көңілдің ырғағындай қандай тәтті тіл қатқаны
16. Тосын сыры, бұл өмірдің шешілмеген жұмбақтары.
17. Ал бикештер оттай болып
18. Қол тигізбес шоқтай болып жанады
19. Байланып көздеріңе оның жарқылдаған жазы жаным-ай
20. Алатаудың аппақ қарындай ай- ай -ай
21. Айналдым ақ жүзіңнен oның жадыратқан жастық шағындай
22. Ақжайықтың атқан таңындай ай- ай -ай
3. Қабілеті төмен оқушылар үшін оңай тапсырма беру керек. Мысалы, сызықшаның орнына қою үшін бірнеше сөз беріп керекті сөзді таңдауға болады.
Шоқ қыздар.
1. Жанары оттай жанып, жүрегімді (оттай, шоқтай, топтай) қарып,
2. Сұлуларды көргенімде жаным ( сағат, шапағат, тағат) таппай қалып,
3. Жүректің әсем (әніндей, сәніндей, мәніндей).
4. Елітті бірден мені гүл (терісіп, шайысып, майысып) жүргендері ,
5. Қоңыраудай сылдыр қағып, (серкелікпен, еркелікпен, шалқып) күлгендері.
6. Ал бикештер оттай (жанып, қарып, болып)
7. Қол тигізбес шоқтай болып (қызады, қызарады, жанады)
8. Айналып көздеріңе оның жарқылдаған (жазы, күзі, қысы) жаным-ай
9. Алатаудың аппақ қарындай, ай –ай- ай
10. (Байқадым, Тамсандым, Айналдым) ақ жүзіңнен, оның жадыратқан жастық шағындай
11. (Есілдің, Таластың, Ақжайықтың ) атқан таңындай, ай- ай- ай
12. (Қырларын, Құпияларын, Сырларын) білгізбеген , біз құлпырған гүлміз деген
13. Жігіттерге арман болып қол (алыспай, созбай, жеткізбей) жүрміз деген
14. Жарасқан жанның (әніндей, мәніндей, сәніндей).
15. Көңілдің ырғағындай қандай тәтті (арман, қылық, тіл) қатқаны
16. Тосын сыры, бұл (өмірдің, ғұмырдың, ғасырдың ) шешілмеген жұмбақтары.
17. Ал бикештер (шоқтай, оттай, балдай) болып
18. Қол тигізбес шоқтай (жанып, қызып, болып) жанады
19. Байланып көздеріңе оның (жарқылдаған, қарқылдаған, күлген) жазы жаным-ай
20. Алатаудың аппақ (басындай, төсіндей, қарындай) ай- ай -ай
21. Айналдым ақ жүзінен oның (көрінген, албырт, жадыратқан) жастық шағындай
22. Ақжайықтың атқан (жұлдызындай, оғындай, таңындай) ай- ай -ай
4. Немесе сөздің алғашқы әрпін беруге болады.
Шоқ қыздар.
1. Жанары оттай жанып, жүрегімді ш ... қарып,
2. Сұлуларды көргенімде жаным т... таппай қалып,
3. Жүректің әсем ә... .
4. Елітті бірден мені гүл м... жүргендері ,
5. Қоңыраудай сылдыр қағып, е ... күлгендері.
6. Ал бикештер оттай б..
7. Қол тигізбес шоқтай болып ж...
8. Айналып көздеріңе оның жарқылдаған ж... жаным-ай
9. Алатаудың аппақ қарындай ай ай ай
10. А ... ақ жүзіңнен оның жадыратқан ж... шағындай
11. Ақжайықтың атқан таңындай ай ай ай
12. С ... білгізбеген , біз құлпырған гүлміз д...
13. Жігіттерге арман болып қол ж... жүрміз деген
14. Жарасқан жанның с ...
15. Көңілдің ырғағындай қандай тәтті т... қатқаны
16. Тосын сыры, бұл ө... шешілмеген жұмбақтары.
17. Ал бикештер о... болып
18. Қол тигізбес шоқтай б... жанары
19. Байланып көздеріңе оның ж... жазы жаным-ай
20. Алатаудың аппақ қ... ай ай ай
21. Айналдым ақ жүзіңнен oның ж... жастық шағындай
22. Ақжайықтың атқан т... ай ай ай
5. Алып тасталған сөздің орнына басқа сөз жазып, қатені табуды ұсынуға болады.
Шоқ қыздар.
1. Жанары оттай жанып, жүрегімді оқтай қарып,
2. Сұлуларды көргенімде жаным сағат таппай қалып,
3. Жүректің әсем мәніндей.
4. Елітті бірден мені гүл қайысып жүргендері ,
5. Қоңыраудай сылдыр қағып, қарқылдап күлгендері.
6. Ал бикештер оттай жанып
7. Қол тигізбес шоқтай болып көздері
8. Айналып көздеріңе оның жарқылдаған назы жаным-ай
9. Алатаудың аппақ қарындай ай -ай -ай
10. Айналмадым ақ жүзіңнен оның жадыратқан жастық шағындай
11. Сырдарияның атқан таңындай ай -ай -ай
12. Құпияларын білгізбеген , біз құлпырған гүлміз деген
13. Жігіттерге арман болып қол созбай жүрміз деген
14. Жарасқан жанның әніндей.
15. Көңілдің ырғағындай қандай тәтті сөз қатқаны
16. Тосын сыры, бұл ғаламның шешілмеген жұмбақтары.
17. Ал бикештер болаттай болып
18. Қол тигізбес шоқтай жанып жанары
19. Байланып көздеріңе оның қарқылдаған жазы жаным-ай
20. Алатаудың аппақ басындай ай- ай- ай
21. Айналдым ақ жүзіңнен oның балғын жастық шағындай
22. Ақжайықтың атқан жұлдызындай ай –ай- ай
6. ( Әнді қайта тыңдай отырып тексерейік.)
7. Мәтіннен тек қана етістіктерді не зат есімдерді алып тастау тәсілін қолдануға болады.
8. Әннің мәтінінің әр сөйлемін кесіп алып, оны араластырып, әнді тыңдай отырып сөйлемдерді орнына қою тәсілі.
Шоқ қыздар.
Жанары оттай жанып, жүрегімді шоқтай қарып,
Сұлуларды көргенімде жаным тағат таппай қалып,
Жүректің әсем әніндей.
Елітті бірден мені гүл майысып жүргендері ,
Қоңыраудай сылдыр қағып, еркелікпен күлгендері.
Ал бикештер оттай болып
Қол тигізбес шоқтай болып жанады
Байланып көздеріңе оның жарқылдаған жазы жанымай
Алатаудың аппақ қарындай ай ай ай
Айналдым ақ жүзіңнен оның жадыратқан жастық шағындай
Ақ жайықтың атқан таңындай ай ай ай
Сырларын білгізбеген , біз құлпырған гүлміз деген
Жігіттерге арман болып қол жеткізбей жүрміз деген
Жарасқан жанның сәніндей.
Көңілдің ырғағындай қандай тәтті тіл қатқаның
Тосын сыры бұл өмірдің шешілмеген жұмбақтары.
Ал бикештер оттай болып
Қол тигізбес шоқтай болып жанады
Байланып көздеріңе оның жарқылдаған жазы жанымай
Алатаудың аппақ қарындай ай ай ай
Айналдым ақ жүзіңнен
Оның жадыратқан жастық шағындай
Ақ жайықтың атқан таңындай ай ай ай
Шоқ қыздар.
1. Жанары оттай жанып, жүрегімді шоқтай қарып,
2. Сұлуларды көргенімде жаным тағат таппай қалып,
3. Жүректің әсем әніндей.
4. Елітті бірден мені гүл майысып жүргендері ,
5. Қоңыраудай сылдыр қағып, еркелікпен күлгендері.
6. Ал бикештер оттай болып
7. Қол тигізбес шоқтай болып жанады
8. Байланып көздеріңе оның жарқылдаған жазы жаным-ай
9. Алатаудың аппақ қарындай ай- ай- ай
10. Айналдым ақ жүзіңнен оның жадыратқан жастық шағындай
11. Ақжайықтың атқан таңындай ай- ай -ай
12. Сырларын білгізбеген , біз құлпырған гүлміз деген
13. Жігіттерге арман болып қол жеткізбей жүрміз деген
14. Жарасқан жанның сәніндей.
15. Көңілдің ырғағындай қандай тәтті тіл қатқаны
16. Тосын сыры бұл өмірдің шешілмеген жұмбақтары.
17. Ал бикештер оттай болып
18. Қол тигізбес шоқтай болып жанады
19. Байланып көздеріңе оның жарқылдаған жазы жаным-ай
20. Алатаудың аппақ қарындай ай- ай -ай
21. Айналдым ақ жүзіңнен oның жадыратқан жастық шағындай
22. Ақжайықтың атқан таңындай ай- ай- ай
9. Әннің сөйлемдерінің орнын ауыстырып жазып, әнді тыңдағанда сөйлемдердің нөмірін жазуға болады.
Әнді тыңдап, сөйлемдерді рет- ретімен нөмірлеңдер .
Шоқ қыздар.
Сұлуларды көргенімде жаным тағат таппай қалып,
Жанары оттай жанып, жүрегімді шоқтай қарып,
Қоңыраудай сылдыр қағып, еркелікпен күлгендері.
Жүректің әсем әніндей.
Елітті бірден мені гүл майысып жүргендері ,
Байланып көздеріңе оның жарқылдаған жазы жаным-ай
Ал бикештер оттай болып
Алатаудың аппақ қарындай ай- ай- ай
Қол тигізбес шоқтай болып жанады
Ақ жайықтың атқан таңындай ай -ай -ай
Айналдым ақ жүзіңнен оның жадыратқан жастық шағындай
Жарасқан жанның сәніндей.
Жігіттерге арман болып қол жеткізбей жүрміз деген
Тосын сыры бұл өмірдің, шешілмеген жұмбақтары.
Сырларын білгізбеген , біз құлпырған гүлміз деген
Көңілдің ырғағындай қандай тәтті тіл қатқаны
Алатаудың аппақ қарындай ай ай ай
Бұл бикештер оттай болып
Қол тигізбес шоқтай болып жанады
Байланып көздеріңе оның жарқылдаған жазы жаным-ай
Оның жадыратқан жастық шағындай
Айналдым ақ жүзіңнен
Ақ жайықтың атқан таңындай ай- ай- ай
10. Әнді тыңдап, тексеріңдер.
Шоқ қыздар.
1. Жанары оттай жанып, жүрегімді шоқтай қарып,
2. Сұлуларды көргенімде жаным тағат таппай қалып,
3. Жүректің әсем әніндей.
4. Елітті бірден мені гүл майысып жүргендері ,
5. Қоңыраудай сылдыр қағып, еркелікпен күлгендері.
6. Ал бикештер оттай болып
7. Қол тигізбес шоқтай болып жанады
8. Байланып көздеріңе оның жарқылдаған жазы жаным-ай
9. Алатаудың аппақ қарындай ай- ай- ай
10. Айналдым ақ жүзіңнен оның жадыратқан жастық шағындай
11. Ақжайықтың атқан таңындай ай -ай -ай
12. Сырларын білгізбеген , біз құлпырған гүлміз деген
13. Жігіттерге арман болып қол жеткізбей жүрміз деген
14. Жарасқан жанның сәніндей.
15. Көңілдің ырғағындай қандай тәтті тіл қатқаны
16. Тосын сыры бұл өмірдің, шешілмеген жұмбақтары.
17. Ал бикештер оттай болып
18. Қол тигізбес шоқтай болып жанады
19. Байланып көздеріңе оның жарқылдаған жазы жаным-ай
20. Алатаудың аппақ қарындай ай- ай -ай
21. Айналдым ақ жүзіңнен oның жадыратқан жастық шағындай
22. Ақжайықтың атқан таңындай ай- ай- ай
№40 гимназиясының қазақ тілі мұғалімдері үшін IMPACT бағдарламасы бойынша жасалған семинардың жоспары.
Қараша айында 2011 жыл.
№ 2 – Оқушылардың ойын ауызша жеткізу, салыстыру, анализ жасау, тұжырымдау немесе бір сөзбен айтқанда сөйлеу қабілетін дамытатын жаттығулардың түрлері.
Сөйлеу қабілеті қай түрге жатады? - Productive skill (writing and speaking) or receptive skill (listening and reading). Шығармашылық қабілет пе әлде қабылдаушылық қабілет пе?
1. Үш топқа бөлінейік. Біздің оқушыларымыз қазақша жақсы сөйлеуі үшін олардың қабілеті болуы керек. Сол қабілеттер қандай қабілеттер болуы керек? Осы сұрақтың жауабын жазыңыздар.
Әрине тілді жақсы білу үшін алдымен сөздік қор бай болуы тиіс, сол сөздік қорды іс жүзінде қолдана білу керек, өз ойыңды басқаларға жеткізе білу керек, басқалардың ойын түсініп, оған жауап қата білу керек.
2. Ауызша айту не сөйлеу жаттығулары ойдан шығу үшін олар қандай жаттығулар болуы керек? Осы сұрақтың жауабын жазыңыздар.
Мысалы, мына екі әңгімені алайық .
Марстан әкелінген метеоритті Англияда аукционда бір жарым миллион фунтқа сатып жатыр екен. Соны сатып алу пайдалы ма жоқ па деген сұрақ туындайды. Сіз сатып алар ма едіңіз?
Англиядан бір топ оқушылар Қазақстанға Таразға келеді екен. Олар бідің қаламыз туралы, біздің салт дәстүріміз туралы білгілері келеді екен. Сол қонақтарды қыдырту үшін жоспар құруымыз керек.
Осы екі жаттығудың қайсысы қызықты және көп сөйлеуге ыңғайлы? Не үшін?
Себебі 1ші әңгіме бәріне қызық емес, аз адам сөйлейді, сөйлеуге себеп жоқ, тек кей осы салада қызығушылығы барлар ғана сөйлейді, иә не жоқ деген жауап беріледі, бұл жаттығудың мақсаты неде?
2ші әңгіме барлық оқушыға қызық, сөйлеуге себеп бар, ортақ тақырып, өмірмен байланысты, деңгейге сәйкес, оқушылардың дайындығы бар.
Сөйлеуге үйрету үшін арналған жаттығулар оқушылардың дайындығына, деңгейіне сай, өмірге жақын, қызығушылық тудыратын, өз пікірін айтатындай болу керек.
3. Оқушылардың сөйлеуіне не кедергі болады? Соны жазыңыздар.
А. Қателесуден, келемеждеуден қорқу, ұялу.
Б. Ештеңе айтпау
С. Кей оқушылар көп сөйлеп, басқалар үндемейді
Д. Өз тілінде сөйлейді.
Осы проблеманы шешу үшін не істеу керек ?
Жұпта не топта жұмыс істеу
Рольдерін бөліп беру
Деңгейіне қарай тапсырма бөлу
әркімнің сөйлеуі шарт
әр топта бір бақылаушы қою, ол бәрінің сөйлегенін бақылайды
Ешкім сөйлемеген жағдайда
Қызықтыратын тақырып беру
Сабақты жоспарлағанда сөйлеуге үйрететін жаттығулар ойластыру
Тапсырманы анық түсіндіру керек
әркімнің қабілетіне қарай рольдерді бөлу керек
ұстаздың өзі ынтамен жұмыс істеу керек
жарыстыру керек, уақытты белгілеу керек
өз өмірімен ұштастыру керек
өз тілінде сөйлеуге тыйым салу керек, егер сөйлесе, жаза қолдану керек
4. Сіздер оқушыны сөйлету үшін қандай тақырыпты, сол тақырып бойынша қандай сөздікті, қандай әдістерді және қандай деңгейді таңдайсыздар? Соны жазыңыздар.
Материалды дайындау
Топқа бөлу
Рольдерді бөлу топтың ішінде
Тапсырманы дұрыс орындағаны үшін мақтап марапаттау
Топқа бөлгенде білім деңгейін ескеру
Тапсырманың ережесін түсіндіру
Тапсырманы анық айту, жеңіл жолын көрсету
Мысал келтіру
Тапсырманы бөлгенде керекті заттарды үлестіру, қағазды не суретті
5. Ұстаздың ролі қандай?
Тапсырманы дұрыс түсіндіру
Тапсырманы дұрыс бөлу
Топқа бөлу
Топтағы әр баланың ролін бөлу
Жұпқа бөлу
Бақылау
Бұрын біткендерге жаңа тапсырма беру
Қатесін түзету
Жай сөйлегендерді асықтыру
Қателерін жазып, тақтада түсіндіру
Қателерді дұрыс және керек кезінде айту
6. Ауызша айту немесе сөйлеу қабілетін дамытатын жаттығулардың қандай түрлерін білесіздер?
1. ертегілерді құрастыру,
2. логикалық тәртіп бойынша жаңа жыл кешін қарсы алған адам туралы әңгімені қайта құру,
3. әңгіменің қалып кеткен жерлерін толықтыру,
4. қалаған затты не қасиетті ең жоғарғы сатыға қою,
5. проблеманы шешу,
6. пікір алмасу не пікір таластыру,
7. суреттеу,
8. кейіпкерлердің немесе қоршаған ортадағы заттардың ортақ қасиеттерін не өзгешеліктерін табу,
9. категория бойынша бөлу,
10. анкетаны толтыру,
11. келісу не келіспеу,
12. диалог құрау,
13. пьесаны сахнаға қою,
14. әр топтың ойдан шығарылған әңгімені шындық ретінде ойнауы,
15. рольдерді бөліп ойнау,
16. интервью алу және тағы басқа.
1. Оқушыларымыз қазақша жақсы сөйлеуі үшін олардың қабілеті болуы керек. Сол қабілеттер қандай қабілеттер болуы керек? Осы сұрақтың жауабын жазыңыздар.
2. Ауызша айту не сөйлеу жаттығулары ойдан шығу үшін олар қандай жаттығулар болуы керек? Осы сұрақтың жауабын жазыңыздар.
3. Оқушылардың сөйлеуіне не кедергі болады? Соны жазыңыздар.
4. Сіздер оқушыны сөйлету үшін қандай тақырыпты, сол тақырып бойынша қандай сөздікті, қандай әдістерді және қандай деңгейді таңдайсыздар? Соны жазыңыздар.
5. Ұстаздың ролі қандай?
6. Ауызша айту не сөйлеу қабілетін дамытатын жаттығулардың қандай түрлерін білесіздер?
№40 гимназиясының қазақ тілі мұғалімдері үшін IMPACT бағдарламасы бойынша жасалған семинардың жоспары.
№3 Қаңтар айында 2012 жыл
Teaching Grammar – Обучение грамматике - развивать умение детей распознавать грамматические категории – множественное или единственное число существительных или же типы предложений в казахском языке, умение сравнивать и анализировать, делать выводы, улучшать навыки детей в выполнении тестов.
Оқушы білімін қалыптастырудың негізгі тәсілі – білім бекіту жаттығулары. Оқушы білімі белгілі тілдік материалдарды, грамматикалық ереже – анықтамаларды өту үстінде бекітіледі. Оқушылардың грамматикалық білімді меңгеруінің беріктігі мен сапасы төмендегі көрсеткіштер бойынша сипатталады.
Оқушының грамматикалық құбылыстарды бір-бірінен ажырата біліп, олардың өзіндік ерекшелігін көрсете алуы. Мысалы: септік жалғаудың әр түрін біліп, оларды өз практикасында дұрыс қолдана алуы.
Грамматикалық терминдерді дұрыс қолдана білуі Мысалы: дыбыс пен әріпті, сөз бен сөйлемді, жалғау мен жұрнақты шатастырмауы.
Оқушының ереже мен анықтаманы саналы түсініп, байланысты түрде баяндауы, оларды дәлелдеу үшін лайықты мысалдар келтіре алуы.
Оқушылардың грамматикалық ережелерді жазбаша жаттығу орындағанда, сөйлеу практикасында қатесіз қолдана білуі.
Грамматикалық ережелерді жете түсінуге көмектесетін жаттығулар қатарына тағы да мынадай жаттығулар жатады: Мысалы, зат есімді алайық.
Зат есімнің саналатын және саналмайтын түрлеріне қарап, көпше түрін жаз - білім, қасық, қант, кілт, шәй, тұз, қыз, гүл, алма, дәптер, ағаш, қаз, кілем, қала, әпке.
2. Жуан дауыстыларды бөлек, жіңішке дауыстыларды бөлек жаз.
3. Көпше түрін жазу үшін зат есімге сәйкес жалғауды жалға. Мысалы: кітап
а. -дар ә. -лар б. –тар в. –тер
4. Сөйлемде зат есімнің жекеше не көпше түрін қолдан.
Етістіктің шақтарын алайық.
Осы шақтағы етістікті өткен шақта не келер шақта қолдану.
Сөйлемнің мағынасына қарай етістікті дұрыс шақта қолдану.
Берілген шақта сөйлем мүшелеріне сұрақ қою.
Берілген осы шақтағы әңгімені өткен шақта не келер шақта айтып беру.
Әңгімені кейіпкерлердің атынан айтып беру. 1, 2, 3-ші жақтағы кейіпкерлердің сөздерін қолдану.
Екі не бірнеше адамның арасындағы әңгіме ретінде – диалог құру.
Оқушыларды грамматикадан сапалы, берік біліммен қаруландыру мақсаты білім бекіту жұмыстары арқылы жүзеге асады. Білім бекіту жұмысы ауызша, жазбаша жаттығулар жүйесі бойынша жүргізіледі. Жаттығулар арасында грамматикалық талдау жұмысының маңызы ерекше. Ол тілдік фактілерді жетік білуге, ережелерді дұрыс қолдану дағдысына үйретеді. Грамматикалық талдау жеке ереже бойынша ішінара түрде де, не өтілген барлық ережелерді қамтып жалпы түрде де жасалады. Талдау ауызша және жазбаша түрде де жүргізіледі. Грамматикалық талдау морфологиялық, синтаксистік болып бөлінеді, сондай-ақ фонетикалық талдау да болады. Тіліміздегі дыбыстарды ажыратады, әрі олардың таңбалану ерекшелігі мен жазылу емлесін қарастырады. Морфологиялық талдауда сөз, оның құрылысы, сөз таптары, олардың формалық белгілері ажыратылады. Синтаксистік талдау сөйлем, оның түрлері мен мүшелері, сөздердің өзара байланысы мен мағыналық түрлерін айырады. Бұл талдаулардың қай-қайсысы да тиісті сыныптың бағдарламасында, оқушының білім көлеміне, дағды деңгейіне сәйкестендіріліп жүргізіледі.
Тіл арқылы қатынас жасау процесінде сөздер, әдетте, жеке дара күйінде емес, бір-бірімен тіркесіп қолданылады.
Сөзді қатысым құбылысына сәйкес қарастырғанда, негізінен, оның сөйлеу мен сөйлесуге байланысты ерекшеліктеріне назар аударуға тура келеді. Мұнда ол адамдардың тілдік қарым-қатынасында жүзеге асатын, пікірлесуге негіз болатын, өзара түсінісуге мүмкіндік жасайтын қатысымдық элемент тұрғысынан сөз болады.
Біздің қарастыратынымыз мемлекеттік тілді орыс мектептерінде оқытуда оқушыларды қазақша дұрыс сөйлеуге, оқуға, сауатты жазуға, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға /айту, жазу, оқу, сөйлеу/ үйрету, ойлау қабілеттерін дамыту, ойын қазақша жеткізе алатындай болуы көзделеді.
Тілді оқытудың әдіс-тәсілдерін күнделікті еңбек барысында тәжірибелі мұғалімнің осы салаға сіңірген сапалы қызметінің нәтижесінде байып, кеңейеді, белгілі бір ғылыми жүйеге түседі. Сабақ кезінде стандарт талаптары, оқушының білім көлемі, аясы, мөлшері, білім беру сабақтастығы, берілген білімнің түпкі нәтижесі ескеріледі. Сабақ үнемі дәстүрлі өтпейді. Кейде қалыптан тыс сабақтарды өткізу тиімді. Сабақтың түрлері өте көп, оның барлығын қамту мүмкін емес.
Oқушылардың тілін дамыту мақсатында мақал-мәтелдер арқылы бірнеше жұмыс түрлерін қолданамын:
антоним сөздерден жасалған мақалдарды тауып жазу,
Мысалы: «Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат»
« Тамыр болдың айтыс жоқ, қолдан бердің қайтыс жоқ»
« Алғыға қарап пікір ет, артқыға қарап шүкір ет.»
« Кәріліктің алды- жігіттіктің соңы»
« Адам бір терінің ішінде – толады да, солады да»
антонимдердің қай сөз табынан жасалғанын айту,
Мысалы: жақсы –жаман (қандай? –сұраққа жауап береді) – сын есім
Айтыс-қайтыс (не?) - зат есім
Алғы-артқы - көмекші сөздер
Алды-соңы – көмекші сөздер
Толады- солады ( не істейді?) – етістік
қатыстық сын есімдері бар мақалдарды жазу,
Мысалы: « Ақсақ қой түстен кейін маңырайды»
« Жақсы кісінің ашуы, жібек орамал кепкенше»
« Әдепсіз бала - аяққа басылған шала»
« Бақыр қазан қайнаса, бәріміздің бағымыз»
құрамында көмекші есім кездесетін мақалдарды тауып жазу,
Мысалы: «Ел іші – алтын бесік»
«Ырыс алды – ынтымак»
«Тау мен тасты су бұзар,
Ер арасын қу бұзар»
тәуелдік жалғаулы сөзі бар мақалдарды жазу,
Мысалы. « Жолы болар жігіттің, жеңгесі шығар алдынан»
«жеңгесі» - оның жеңгесі – тәуелдік жалғау,жекеше
түрінде, 3-жақ
« Жаманға айтқан ақылың, далаға атқан оқпен тең»
«ақылың» - сенің ақылың – т.ж. 2- жақ, жекеше түрінде,
берілген мақалдардағы есімшелерді тауып және мақалдардың мазмұнын ашу,
Мысалы: «Бүлінген елден, бүлдіргі алма»
«Көпті жамандаған – көмусіз калар»
«Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер»
мақал-мәтелдің қалған бөлігін тауып жазу және сөздерге морфологиялық талдау жасау,
Мысалы: «Сабыр түбі ...»
«Балалы үйдің ...»
«Ағайыныңды іске шакырма, ...»
мақал құрамындағы бір сөзді ғана атап, сол сөзі бар мақалды табу,
Мысал: « Тіл ...» «Тіл – қылыштан өткір»
« Өнер алды ...» «Өнер алды – қызыл тіл»
мақал-мәтелдердің орыс тіліндегі баламасын тауып айтып, жаттатқызу
Мысалы: «Ердің атын еңбек шығарады» -
Человека прославляет труд,
« Біреуге ор қазба, өзің түсерсің» -
Не рой другому яму, сам упадешь
«Өлгенше үйрен» -
Век живи, век учись -
Сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін ең жие қолданылатын көрсеткіш – септік жалғау, берілген мақал-мәтелдерді оқып, асты сызылған сөздердің қай септікте тұрғанын талдау жұмысын жасаймыз:
( Не? ) Оқу – білім бұлағы,
(Не? ) Білім – өмір шырағы.
( Кімнің?) Білімдінің алды жарық,
( Кімнің?) Білімсіздің күні ғаріп.
( Кімге?) Өнерліге өлім жоқ,
( Кімге?) Жалқауға жарық жоқ.
(Нені?) Өнерді үйрен де жирен.
( Қайда?) Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың.
( Кімнен?) Ұстаздан шәкірт озар.
Оқу ( немен?) инемен құдық қазғандай –
секілді тапсырмалар жүргізіледі.
Көрсетілген мақал мәтелдердің түрлі ойын элементтері арқылы берілгенін байқағандай, осындай элементтерді пайдалана отырып, оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытуға мұғалім үшін өте тиімді - деп ойлаймын. Мұндай тапсырмаларды қызыға орындап, әрі грамматикалық мағынаның ерекшеліктері туралы білімдерін бекітуге, әрі мақал-мәтел арқылы сөздік қорларын толықтыруға ықпалды. Кез келген сөзді бір-бірімен байланыстыра, тіркестіре салуға болмайтындығын жете түсіндірген жөн. Мұндай жағдайда оқушылар мақалдарды құрғақ жаттап қана қоймай, оның мазмұнын, мағынасын ашуға, түсінуге талпынады. Әдетте, мақалдар жаттап алу үшін ғана бермеймін, әрбір мақалдың тура мағынасы мен ауыспалы мағынасын қатар түсіндіріп отырамын. Мұндай жағдайда оқушылар мақалдарды құрғақ жаттап қана қоймай, оның мазмұнын, мағынасын ашуға, түсінуге талаптанады. Тіл дамыту үшін сөздік жұмыстарына да көп көңіл қоя білу керек.
Тіл дамыту жұмысында ауызекі сөйлеу мен жазба тілінің бір-бірімен байланыста. Адам бір-бірімен сөйлеу тілі арқылы тікелей қарым қатынас жасайды. Сөйлеу тілі арқылы адам екінші бір адамның айтқан сөзін естейді, тындайды әрі онымен пікір алысып сөйлеседі. Адам осындай сөйлеу барысында тілдің түрлі көркемдік тілдік құралдарын пайдаланылады. Мысалы, мақал-мәтел, теңеу, салыстыру, әсірелеу, сөзге екпін түсіріп айту, ымдау тағы да басқа әрекеттер арқылы сөйлеу үрдісінде екінші бір адамға ойын жеткізеді. Сондай-ақ ауызекі сөйлеу тілінде адам ойын жай сөйлемдермен айтуға бейім келеді, мысалы, сөйлемнің айқындауыш, оңашаланған мүшелерін, құрамдас сөйлем түрлерін қолдана бермейді. Тіл дамыту жұмыстары грамматикалық зандықтармен байланысты жүргізілуі тиіс.
Морфологияны оқытуда оқушылар тілін дамыту жұмыстарында сөз мағыналары, сөз тіркесі, сөйлем, мәтін туралы тіл білімінің дәлелденген тұжырымдары басты рөл атқарады. Осыған орай морфологиялық тұлғаларды оқушы тілін дамыту мақсатына сай сөйлеу тәжірибесінде қолдануға септігі тиер білім мазмұнын нақтылау көзделеді. Оқушылар тілін морфологияны оқыту арқылы дамытуда олардың сөз мағыналарын жетік біліп , сөйлеу кезінде дұрыс пайдалануға дағдыландыру, сөздік қорларын байыту – ең басты жұмыс. Сондықтан морфологияны оқыту арқылы тіл дамытуда лексикология ғылымының жетістіктері басшылыққа алынды.
Морфологияны оқыту арқылы тіл дамыту жұмыстарын жүргізгенде жаттығу материалдарында мақал-мәтелдер, кеңінен қолданылады. Мысалы, сөздің грамматикалық мағынасына қатысты практикалық сабақта мақал-мәтелдерді пайдалану арқылы сөздердің лексикалық және грамматикалық мағыналарын тапқызу оқушының грамматикалық мағынаны түсінуіне әрі сөз байлығын арттыруға мүмкіндік береді. Немесе, берілген сөздерді ( мысалы, ерлік, тәрбие, жүрек, ел, батыр т.б. грамматикалық көрсеткіштер арқылы түрлендіріп, сол сөздер туралы мақалдарды тауып жазғызу да оқушының морфологиялық тұлғаларды ажырата отырып, сөздік қорының жетілуіне әсер етеді.
Мақалдармен жұмыстың бірнеше түрі бар:
Мақалды үстеу.
Мақал мазмұны бойынша жұмыс.
Мақалды сөйлеу әрекетінде қолдану.
Үстеу кезеңінде тақтаға мақалды жазамыз. Алдымен мұғалім оқиды. Сонан соң оқушылар қайталайды. Түсіндіру кезінде алдымен кейбір сөздерінің мазмұнын синониммен түсіндіруге болады. Мақалдың мағынасын ашу кейде қиындық туғызады. Бұл мұғаліммен сөйлесуге жағдайын ұсыну арқылы түсіндіруді қажет етеді. Мысалы: мақалдың құрамында жиі кездесетін «ырыс, несібе, құт» сөздерінің мағынасын ұлттық сипатта түсіндіру қажет. Өйткені, бұл сөздердің аудармасы мағынасын дәл ашып бере алмайды. Мысалы:
Батыр туса, ел ырысы, жаңбыр жауса, жер ырысы.
Байлық-мұрат емес, кедейлік ұят емес.
Отан оттан да ыстық.
Ауызекі сөйлеу тілін жақсы меңгерген, оған жаттыққан оқушы ойын жазбаша да дұрыс, жүйелі бере алады. Сондықтан бұл екі үрдіс бір-бірімен бірлікте, байланыста қаралғанда, жүргізгенде ғана дұрыс нәтиже береді. Тіл дамытуға арналған жұмыстардың барлығы оқушылардың тіл байлығын, білім деңгейін, сана сезімін, сауаттылығын дамытуға көмегі зор.
Білім беру тұжырымдамасында өмір талабы ретінде екі тілде сөйлеуді одан әрі орнықтыру, өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытудың сапасын жақсарту міндеттері қойылады. Орыс тілінде жүргізілетін білім ошақтарында оқушыларға қазақ тілін оқыту мәселесі олардың қазақша сөйлей алатындай болып шығуына мүмкіндік беретіндей болуы тиіс. Сөз тіркестері мен мақал-мәтелдерді күнделікті өмірде пайдалана отырып, тиімді қолдана білудің маңызы зор – деп білемін. Сондықтан да оқушылар алған білімдерін өз қажеттілігіне ғана пайдаланып қоймай сонымен қатар, өзгелермен де бөліссе ұтымды амал болып табылар еді.
№40 гимназиясының қазақ тілі мұғалімдері үшін IMPACT бағдарламасы бойынша жасалған семинардың жоспары.
№4 Ақпан айында 2012 жыл.
Reading – Виды чтения. Работа по чтению аутентичных текстов. Развивать умение детей читать и говорить, развивать воображение и интерес к чтению, умение сравнивать и анализировать, делать выводы.
Предтекстовая работа. Основываясь на тему, картинки, заголовки или подтемы предсказать о чем может быть текст. Чтение для понимания главной идеи текста. Чтение для выяснения подробного содержания текста – деталей.
№4 - Intensive Reading. – Белсенді түрде оқуға үйрету.
Оқудың қандай түрлері бар?
Іштей оқу
Дауыстап оқу
Мәнерлеп оқу
Ләззат алып оқу
Белгілі бір мақсатпен оқу
Сұрақтың жауабын табу үшін оқу
Мәтіннің тақырыбын табу үшін оқу
Белгілі бір шектеулі уақыт аралығында оқу
Оқу бағдарламасында қандай мақсатқа жету көзделгеніне байланысты оқудың түрі таңдалады. Ләззат алып оқу көбінесе өз ана тілінде оқытуда немесе кейбір конференция, жарыстарда қолданылады. Бұл оқудың түрін қолданғанда ешбір қиын тапсырмалар берілмейді. өйткені бұл оқудың мақсаты тек әсер алу үшін ғана оқу. Ал мектепте әсіресе шет тілін оқытуда белсенді түрде оқу қолданылады. Оқудың бұл түрінде оқушылар оқу қабілетін дамыту үшін мәтінді бірнеше рет қайталап оқиды. Мәтіннің негізгі идеясын, тақырыбын, негізгі кейіпкерлерін, оқиғаның қай кезде не қай жерде өтіп жатқанын білу үшін, алдын ала болжалдау үшін, мәтін бойынша түрлі сұрақтарға жауап беру үшін оқу - белсенді түрде оқуға жатады. Ал әр тапсырманы белгілі бір уақыт ішінде оқып шығу – шектеулі уақыт аралығында оқуға жатады. Аса көп мектеп тәжірибесінде қолданылмайды.
Оқытудың қай саласын алсаңыз да белсенді түрде оқу әдістері пайдалы. Көбірек оқу әдістерін қолдансаңыз, көбірек жаңа сөздер, жаңа грамматикалық ережелерді, сөздердің жазылуын білесіз. Мәтінді дауыстап оқып, сұрақтарға жауап іздеп тауып, топта талқыланса, оқушылардың оқу қабілеті артады. Сондықтан мектеп бағдарламасында сабақтың белсенді түрде оқу жоспарларымен танысу өте пайдалы.
Сабақтың мақсаты оқушыларға оқу қабілетін арттыруға көмектесу. Қызығушылық тудыратын жаттығудан бастап оқушыларға оқу кабілетін жақсартуға көмектесетін жаттығулар беру керек. Жаңа сөздер 10-15тен аспау керек. Тақырып не сурет арқылы жаңа сөздерге сүйеніп болжам жасау әдісін қолдануға болады. Мәтіннің негізгі идеясын табу, мәтіннің алғашқы және соңғы үзінділерін оқып, мәтіннің не туралы екендігіне болжам жасау, әр үзіндінің алғашқы сөйлемдерін оқу арқылы сол үзіндінің не туралы екенін айту, алдын ала сұрақтарын беріп, содан кейін мәтінді оқып, сұраққа жауап беру, мәтінді толығымен оқыған соң, талқылап анализ жасау үшін әртүрлі жаттығулар жасату керек.
Мәтінмен жұмыс жасағанда қолданылатын жаттығулардың түрлері.
Мәтінді оқу алдындағы әдістер:
Тақырып не бірінші бөлімнің тақырыбы бойынша мәтінде жауабы бар шығар деген үш сұрақ жазу.
Тақырып не сурет арқылы мәтіннің не туралы екендігіне болжам жасау
Жаңа сөздер енгізіп, сол сөздерді қолданып болжалдау .
Негізгі кейіпкерлердің аттарын тақтаға жазып, олар туралы аздаған мәлімет беріңіз. Оқушыларыңыз сіз берген мәліметке сүйеніп өз оқиғаларын өрбітеді.
Бір тақырыпқа мәтін таңдаңыз. Тақырыпты тақтаға жазыңыз. Оқушылардан осы тақырып бойынша не білгілері келетінін сұрап, тақтаға жазыңыз. Мәтінді оқып болған соң қандай сұраққа жауап алғандарын сұраңыз.
Негізгі идеяны табудағы әдістер:
Болжамның дұрыстығын растау үшін мәтінді оқу.
Бірнеше сөйлем құрастырып, олардың қайсысы мәтінде кездесетінін айту.
Үш тақырыпты тақтаға жазып, қайсысының сәйкес келетінін айту.
Бірнеше суретті көрсетіп, мәтінді оқып шығып, қай суреттің мәтінге сәйкес келетінін айту.
Мәтінге көз жүгіртіп шығып, тақырып таңдау.
Мәтінді оқып, әр бөліміне тақырып, сурет, т.б. сәйкестендіру.
Мәтінге көз жүгіртіп шығып, суреттерді не бөлімдерді рет-ретімен қою.
Мәтінді толығымен оқымай тұрып сұраққа жауап беру.
Жалпы сұраққа жауап беру үшін не дұрыс не бұрыс екенін айту үшін тез қарап шығу.
Мәтінді бірнеше бөлікке бөліп әркімге бөліп беру керек. Оқып болған соң әр бала өз бөлігін қысқаша баяндайды. Мәтінді рет ретімен қалпына келтіреді.
Мәтінді бүге-шігесіне (детально) дейін түсіну үшін арналған жаттығулар.
Дұрыс не бұрыс сұрақтар
Көп жауапты сұрақтар
Сұрақ пен жауапты сәйкестендіру
Таблицаны толтыру
Сөздерді, сөйлемдерді, суреттерді реттеу
Сұраққа жауап
Артықшылығы не кемшіліктері
Мәтіннің бөлімдерін реттеу
Мәтінді оқып біткеннен кейінгі жаттығулар
Мәтінді рольдерімен ойнау
Тақырыпты талқылау
Авторға не кітап баспасына хат жолдау
Мәтіндегі сөздерді қолданып жоспар не ұсыныс жасау.
Мәтін бойынша өз ойын білдіру
Оқиғаның соңғы жағын басқаша аяқтау
Достарыңызбен бөлісу: |